Азамат соғысы шет аймақтар халықтарының үлттық мемлекеттігі туралы идеясымен санаспауға болмайтынын большевиктерге тағы да корсетті. Кеңес үкіметі кеңестік негізде Қазақ Автономиясын кұру жөнінде дайындық жүмысын жүргізе бастады. РКФСР XKK-нің 1918 ж. 12 мамырдағы қаулысына сәйкес, ҚазАКСР-н қүруғадайындық жүмыстарын үйымдастыру үшін ¥лттар ici халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган — қырғыз (қазақ)бөлімі ашылды. Алайда, азамат соғысы басталып кеткендіктен бүлжүмыстар кейінге қалдырылды. Қазақ съезі шақырылып, Қазақреспубликасының автономиясы жарияланғанша өлкені эскери-экімшілік басқару үшін 1919 ж. 10- шілдеде РКСФР Халық Комис-сарлар Кеңесінің төрағасы В.И. Лениннің қол қоюымен "Қырғыз(қазақ) өлкесін басқаратын төңкеріс комитеті (Ревком) туралыуақытша ереже" жарияланды.
ЕреженіңЗ- бабына сэйкес, Қазақ автономиялыреспубликасыныңаумағы Түркістан республикасымен, Қырғыз съезі жэне ОрталықКеңес үкіметімен келісіліп анықталғанға дейін Қазревком қүзырына"..Астрахань губерниясымен Орал, Торғай, Ақмола жэне Семейоблыстарының территориялары қарайды" делінген.
Қазревкомның бірінші қүрамына: С.Пестковский (төраға),А.Байтүрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Түнғаншин, С.Мең-дешев, Б.Қаратаев кірді. Әртүрлі уақытта Қазақ ревкомыныңмүшесі болып: Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдиев, Ғ.Әлібеков,Б.Қаралдин еңбек етті. Әйтсе де Алашордалықтардың Кеңес үкі-метінің жағына шығуы оңай болмады. Алашордаға жасалғанкешірімге қарамастан оның басшыларына деген сенімсіздік үзақуақытқа сақталды. Ал Кеңес үкіметінің Қазақстандағы кейбірөкілдері Алашорда жетекшілеріне жау ретінде қарады. Мәселен,1920 ж. Қазақ партия бюросының есебінде былай деп жазылды:„Бүрынғы алашордалықтардан түратын қырғыз зиялыларының3/4-і буржуазиялық-шовинистер". Сондай-ақ, кешірім жасалғанғақарамастан Алашорда жетекшілері саяси түрғыда оқшаулануға тиісболды. Қазревкомның 1920 жылғы 5 наурыздағы "Алашорданыңбатыс бөлімін тарату туралы" қаулысында "¥лттық Алашордаүкіметінің батыс бөлімінің жауапты жетекшілері қырғыз өлкесіндеКеңес үкіметі толық негізде орныққанша халық бүқарасынаноқшауландырылсын..." — деп ашып айтылды. Одан эрі аталғанқаулыда былай делінді: "Қырғыз халқының Кеңес үкіметіне іш тар-татын бөлігі мен қоныс аударушылардың Алашорданың белсендіқызметкерлеріне өшпенділікпен қарайтындықтары ескеріле отырып, олар ревком мүшелігіне жэне басқа да жауапты кеңес қызметінеүсынылмайтын болсын". Ақырында жоғарыда көрсеткеніміздейҚазревкомның 1920 ж. 5 наурыздағы қаулысына сәйкес Алашордатаратылды.
Осылайша біртүтас тэуелсіз үлттық мемлекетті кұруға талпын- ған қазақ зиялыларының пэрменді эрекеті нэтижесіз аяқталды. Кеңес үкіметі мойындамаған Қазақ ¥лттық Автономиясы қазақ зиялыларының өркениетке, тэуелсіздікке қол созған әрекеттері ретінде тарихта ғана қалды.
Қазревком Қазақстанда әскери-азаматтық билікті қолға алып, кеңестердің бүкілқазақстандық 1- съезін шақыруды үйымдастыру, Қазақ автономиясы туралы ереже жобасын дайындап, съезд талқысына үсыну, РКФСР, Түркістан Кеңестік Республикасы жэне Қазақ өлкесі арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық түтастығын қамтамасыз ету міндеттерін өз қолына алды.
Алғашқы күннен Қазревком әрекет-қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты жэне басқа тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу, яғни "соғыс коммунизм" саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Бүл саясаттың мэні — өнеркәсіпті жаппай национализациялау, басшылықты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бэрін бөлу, азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау жүйесін, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды.
Осының ішінде еңбекші халық әсіресе, шаруалар үшін ең ауыры азық-түлік салғырты болды. 1919 жылы қаңтарда астықты дайындау мен бөлу монополиясына азық-түлік салғырты қосылды. Өлкенің адам жэне материал ресурстарын жүмылдыру экономикалық әдіске жатпайтын күштеу эдістерімен жүргізілді. Кеңес үкіметі қалахалқын жэне соғысып жатқан қызыл эскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін астық өнімдерін, мал-мүліктерін қаруланған азық-түлік отряд- тарын жіберіп, халықтан күшпен тартып алып отырды. Сонымен қатар, "әскери коммунизм" саясаты өлкеде жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосудан, біртүтас қазына қүрудан, үсақ жэне майда өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрінді.
1920 ж. тамызында Мәскеу қаласында қазақ әскери төңкеріс комитет! жэне Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, РКП(б) Түркістан өлкелік комитетінің партия жэне кеңестік үйымдардың өкілдері қатысқан Қазақ АКСР-н қүру туралы бірнеше мәжілістер өткізді. Соңғы мэжіліске В.И.Лениннің өзі төрағалық етті. Нэти- жесінде 1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары Ke- ңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарапқолдады. 1920ж. 26тамызындаЛенинменКалининқолқойғанБОАКжэне РКФСР ХКК-нің қүрамында, астанасы Орынбор қаласындаболатын "Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялы Республикасынкұру туралы" тарихи Декреті жарияланды. 1920 ж. 4—12 қазанындаОрынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің Қүрылтай съезі,Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасыеңбекшілері қүқықтарының Декларациясын қабылдады, ол Декларация РКФСР қүрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР-нің қүрылуын жүмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, ша-руалар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасыретінде бекітті. С.Меңдешевті бас етіп, Орталық Атқару Комитетін(OAK) жэне В.Радус-Зеньковичті бас етіп Халық комиссарларыКеңесін (XKK) сайлады.
1920 жылдың көктемінен Қазақстан жерінде азамат соғысыжылдарында өлкенің жаудан азат етілген аудандарында ақгвардиялық аппараттар жойылып, кеңестік мемлекеттік орган-дар үйымдастырылып жатты. Революциялық комитеттер азатетілген аумақтарда халық шаруашылығын қалпына келтіру, эко-номиканы көтеру, мемлекеттік қүрылысты нығайту жүмыстарынжүргізді. 1920 жылдың коктемінде партияның IX съезі болды,съезд бейбіт тыныс алудың мүмкіндіктеріне сүйене отырып,халық шаруашылығын қалпына келтірудің бірыңғай жоспарынжасап бекітті. 1920 жылғы қаңтар-наурызда өлкенің губернияла-ры мен уездерінде партия конференциялары отіп, оларда халықшаруашылығын қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Өлкеніңсоғыстан зардап шекпеген жері кемде-кем еді. Қиыншылықтармен ауыртпалықтарға қарамастан, Қазақстан еңбекшілері күйзелу-шілікке қарсы күресті. Басты шарттардың бірі — отын өндірудіарттыру жэне кәсіпорындарды жүмыс күшімен қамтамасыз ету,өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру болды. Өнеркәсіпкеотын беру үшін Орал-Ембі мүнай кәсіпшіліктері қалпына келтіріліп,Ембі-Атырау мүнай қүбыры бірнеше шақырымға тартылды. 1920жылғы наурыз-маусым айларында Ембі мүнай кәсіпшіліктеріненкөліктің барлық мүмкіндіктерімен жэне cy жолы арқылы 17452 пүтмүнай тасылды. Қарағанды мен Екібастүздың шахталары қалпынакелтіріліп, 1920 жылы Қарағанды мен Екібастүздың шахтерлары3 млн. пүттан астам көмір өндірді. Екібастүз зауытында, Риддеркенішінде қорғасын концентраттарының қорынан қорғасын қорытужүмысы жолға қойылды. Семей жэне Ақмола губернияларыныңкәсіпшіліктерінде жыл ішінде 8,5 млн. пұт түз өндірілді. Оралда, Қостанайда, Семейде, Ақмолада электр станциялары жүмыс істей бастады.
Жылдың аяғына қарай республикадағы 59 электр станциясының 45-і қалпына келтіріліп, пайдаланылуға берілді. Шаруалар ша- руашылығын шойын жэне мыс қүймамен, арбаға арналған металл бүйымдары мен ауылшаруашылық қүрал-саймандармен қамта- масыз ететін металл өңдейтін 6 зауыт іске қосылды.
Тамақ, жеңіл жэне қолөнер кәсіпорындары қалпына келтіріліп жатты. Губерния орталықтарының бэрінде диірмендер, былғары, тері, сабын қайнату, кірпіш зауыттары, аяқ-киім, ер-түрман шығаратын шеберханалардың жүмысы қайта басталды. Жергілікті өкімет органдары орасан зор зиян шеккен темір жол транспортын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді. 1920 жылдың жазына қарай негізгі магистральдарда көпірлер, жол шаруашылығы, байланыс желілері қалпына келтірілді. 1920 жылдың аяғына таман республика өнеркәсібінде 162 кәсіпорын жүмыс істеді. Қазақстанды қалпына келтіру дэуірінің басында 1500-ге тарта үсак мемлекеттік өнеркэсіп кэсіпорындары болса, бүлардан тек қана ондаған зауыт- фабрика, кеніш, шахта, мүнай кэсіпшілігі, көміркен орындары ғана жүмыс істеді. Өнеркэсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі өте-мөте төмен болды, шикізат пен отын жетіспеді. Азық-түлік өнеркәсіп тапшылығы қатты байқалды.
Қазақстанның кеңес органдары совхоздар, артельдер, жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктерін үйымдастыру жөніндегі жүмыс- тарды қиыншылықтарға қарамастан жалғастыра берді. 1920 жылдың күзіне қарай Қазақстанда Жетісу облысын қосқанда 1039 коллективтік шаруашылық болды. Сол жылдары алғашқы ауылшаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жылдың аяғында (Жетісу мен Оңтүстік облыстарды қоспағанда) 939 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель, 28 жерді бірлесіп өңдейтін серіктестік (ТОЗ), 348 түтыну қоғамы жүмыс істеді. Бірақ бүлардың бэрі әлсіз болып, оларда қүрал-сайман, күш- көлік, түқымдық астық, айналым қаржы жетіспеді.
Азамат соғысының қиын-қыстау жылдарында кеңес органдары жергілікті жерлерде мэдени қүрылысты да жүргізіп, саяси үгіт қатаң нысаналы сипатта болды. 1919 жылы сэуірде уездік жэне губерниялық Халық ағарту бөлімдерінің жанынан мэдени-ағарту үйымдары қүрылды. Оқу үйлері, кітапханалар, сауатсыздықты жою мектептері жүмыс істеді. Сол жылдары республикада 199 көпшілік кітапханасы, 196 клуб, 83 халық үйі, 1478 оқу үйі болды,үгіт қызыл керуендерін, ал темір жол бойында — үгіт вагондарынүйымдастырды.
Қорыта келгенде, Қазақстанда Кеңес үкіметі негізінен жэнекөпшілігінде күштеп орнатылды. Қазақ халқы Қазан төңкерісініңмэнін, Ленин бастаған большевиктер партиясының бағдарламасынтүсінген де жоқ, қабылдаған да жоқ. Әлеуметтік революцияғаҚазақстанда ешқандай негіз жоқ болатын. Орта Азия менҚазақстанның жергілікті халықтары үшін Қазан революциясыныңмән-мағынасы орыс үстемдігі жойылып, тартылып алынған жер-суымыз өзімізге қайтарылады деген үмітке ғана сайды.
12-тақырып ҚАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП НЫҒАЮ КЕЗЕҢІНДЕ (1921—1939 жж.)
*mmmmmmmmmmm^^
Қазацстан жаңа эконожікалыц саясат жылдарында
Қазацстандагы индустрияландыру саясаты және оның
цайшылыцтары
Қазацстанда ауыл шаруашылыгын үжътдастыру
Қогамдьщ-саяси өмір
1. Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында
1918—1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өн- діріс орындары жүмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мүнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды.
Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа үшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте үлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы қүлдырады. Согыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы үсақ мал болды.
Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі қүрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 ж. бүл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. пүт деңгейінде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық түқымдығына мүқтаждығы 22 млн. пүт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пүтты қүрады. Aya райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бүдан да қиын жағдайға душар етті. 1920—1921 жылдар аралығындағы жүттан кейінгі мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді.
Азамат соғысының аяқталуына жэне елдің әлеуметтік- экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан эріжалғастырды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі "Сібірдегіартық астықты алу туралы" декретінің күші Қазақстанның солтүстікаудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке сай1921 жылдың тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн.пүт (РКФСР көлемінде 423 млн.пүт) төтенше салғырт төлеужүктелсе,соның ішінде 35 млн. пүт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді.Тапсырманың 26 млн. пүты Семей облысына міндеттелінсе, текҚостанайдың өзінен 6 млн. пүт астық алынды. Артық өнімдерғана емес, азыққа қолданылып отырған астық жэне түқым қорыда тәркіленіп отырды. Астық салығы мал шаруашылығымен ғанаайналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олармалдарын сатып астық сатып алуға мэжбүр болды.