Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет31/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60

Жоғарыда атап көрсеткендей 1918 жылдың көктемінде кеңестік билік тарапынан түсінушілік пен қолдау табудан күдер үзген Ала­шорда, енді большевиктерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуге үйғарып, Сібір Уақытша үкіметі (Омбы) мен Бүкілресейлік Қүрыл- тай жиналысы мүшелерінің (Комуч) Самар комитеті қолдауына сүйеніп, Алаш автономиясын жүзеге асыруға кірісті. Сөйтіп, аза­мат соғысының бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен одақтасып, қызылдарға қарсы соғысты. 1918 ж. шілде мен тамы- зында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков пен эскери бөлім меңгерушісі ка­питан Қ.Тоқтамысов Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметтері әскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш орданың қарулы күштерін қүру жөнінде келіссөздер жүргізді. Алашорда Батыс бөлімінің басшылары Халел мен Жаһанша Досмүхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен пулемет алды жэне таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядтарын үйымдастыруға уэде береді. Торғай тобына 300 берданка мылтығы, 20000 патрон, әскери киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен екі атты полк: біріншісі — Қостанайда, екіншісі — Ырғызда қүрыла ба­стады. 1918 жылы тамызда Семей қаласында қүрамында 38 офицері мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер полкі үйымдас- тырылды. Ақ гвардияшылардың көмегімен асығыс үйретілген Алаш отрядтары көп үзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға қатысты.

1918 ж. жазында азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Ақ гвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай ең басты пәрменді күш — Сібір мен Оралда шоғырланған Чехословакия корпусының офицерлері бүлік шығаруына байланысты әскери қақтығыстар күшейе түсті. Бүл кор­пус революцияға дейін Австро-венгрияның түтқын солдаттарынан — чехтар мен словактар қатарынан қүрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды.

Мамыр айының аяғында B.B. Куйбышев В.И.Лениннен Орынбордағы Дутов авантюрасының тамырын жою туралы көмек сүрады, олай болмаған күнде Торғай мекенінің 12 мың түрғыны аштан қырылатындығы туралы ескерткен еді. Осыған орай облысқа әскери көмек көрсетіліп, Қызыл Армияның бөлімдері қүрылды, кейін бүл бөлім Ақтөбе майданының қүрамына енгізілді. Ақ гвардиялықтар негізінен Орынбор жэне Илецкі аудандарында Дутовтың басшылығымен әрекет етіп, олар Ташкент пен Самара- ны Орталықтан бөліп тастады. 1918 ж. 2 шілдеде Дутов басқарған әскер Орынборды екінші рет басып алды да, Түркістанды орталық Ресейден бөліп тастады. Қызыл Армия бөлімі (10 мың адамға жуық) Орынбор қаласын тастап 2 топқа бөлінді. В.Г. Блюхер жэне H. Ka- ширин отрядтары солтүстікке кетіп, Шығыс майданның негізін қүрды. Басқа бөлімдер Ақтөбе жэне Орск қалаларына шегініп, 1918 жылы шілде айында Г.В. Зиновьевтің басшылығындағы бір армияға бірікті. Қызыл Армия күштері қанды қақтығыстар жүргізіп Орскіні үстап түрды.

1918 ж. күзінде, яғни қазан айында Каспийге ағылшындардың келуіне байланысты Ақтөбе майданында қиын жағдай қалыптасты. Жоспар бойынша, ағылшындарға Қазақстан мен Орта Азия­ны ішкі контрреволюциялық күштер арқылы бір уақытта ба­сып алу үсынылды. "Орынбор тетігі" яғни стратегиялық негізгі темір жол қиылысы большевиктер өкіметін кәдімгідей ойландыр- ды, сондықтан В.И.Лениннің нүсқауымен 1918 ж. Ә.Жангелдин басқарған 600 адамнан түратын Балтық матростарының отряды қосылған әскери экспедиция орталықтан бөлініп қалып, көптеген қиыншылықтарды көре жүріп, 7 ай көлемінде Ақтөбе майданы- на қару-жарақ пен оқ-дэрі жеткізді. Мәскеуден Ақтөбе майданына ақша қаражаты мен оқ-дэрі, қару-жарақ тасымалдау үшін қүрылған әскери экспедиция қүрамына Австро-Венгрия мен Германияның бүрынғы түтқындарынан қүралған 150 шетел интернационалдары да өз еркімен кірді. Сөйтіп, негізгі күш Орынборға жүмылдырылды, себебі қаланы қалайда басып алу Түркістанды Дутовтан қорғау мүмкіндігін туғызды.

Орынборды алу операциясына Ақтөбе майданының әскерлері мен Шығыс майданының әскерлері қатысты. 1918 ж. 29 желтоқсанда aya райының қиындығына қарамастан шабуыл басталды, Дутов ақ гвар- дияшылары екі майданның әскерлерінің қысымынан жеңіліп, толық талқандалды. 1919 ж. 22- қаңтарында Орынбор қаласы алынып, Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. Осымен Ақтөбе майданының тарихтағы 1- кезеңі аяқталды (1918 шілде — 1919 қаңтар).

1918 ж. күзінде ақ гвардияшылар Жетісудағы Саратов, Покров- ское, Покатимовское жерлеріне белсенді шабуылдап, Қызыл Армия қарулы күштерінің қарсылығына қарамастан Сергиополь, Үржар, Сарқант жэне т.б. жерлерге бекінді. Сөйтіп, Солтүстік Жетісу майданы қүрылды. 1918 ж. аяғында Жетісу майданында 10 мың қызылармияшылармен біріктірілген Черкасск партизан күштері op- наласты.

  1. ж. наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласында Кеңес билігіне шабуылдап, облыстық атқару комитетінің мүшелерін қамап, соңынан оларды өлтірді. Алашорданың Батыс бөлімімен бірлесіп эрекет еткен Дутов бөлімдері Орал-Гурьев ауданында гене­рал Толстов басқарған ақтардың негізгі күштерімен бірікті. 1918 ж. күзінде Орал ақтарымен күресу үшін "Ерекше армия (кейінгі шығыс майданының төртінші армиясы) қүрылды. Жыл бойы Шығыс майданындағы Колчак әскерлерінің шешуші жеңісіне дейін Орал аймағы қолдан-қолға өтті. Орал облысында "Бірінші ерекше атты әскер" бригадасы қүрылып, кейін Қызыл армияның 4-армиясының қүрамына кірді. 4- Армияның қолбасшысы болып М.В.Фрунзе тағайындалды. Оралды босату операциясына В.И.Чапаев басқарған 2- Николаев дивизиясы жэне 4- армияның бөлімдері қатысты. 1919 ж. 24- қаңтарда қала босатылды. Сөйтіп большевиктер үшін азамат соғысының алғашқы кезеңі сэтті аяқталды.

  2. ж. көктемде Колчактың шабуылдауына байланысты Шығыс майданында жағдай бүрынғыдан да қиындай түсті. Колчак армия­сы Орынбор мен Оралды алғаннан кейін Оңтүстік майдандағы Де- никинге қосылу қажет болды. Сондықтан бүл аудандағы әскери қимылдар М.В.Фрунзе басқарған Шығыс майданының Оңтүстік әскери бөліміне тапсырылды. Шығыс майдандағы туған шиеленіс Батыс Қазақстандағы жағдайды да қиындатып жіберді. Осылай- ша Орынбор шығыстан, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 100-120 шақырымда Колчак армиясымен қоршауға алынып, қаладағы 1- Дутовтың орынбор казак корпусы жэне 2- корпусы шабуыл- дап, әскери қимылдар қайта басталып, 1919 ж. сәуірдің бас кезінде Ақтөбеге шабуыл жасауға кірісті. Ақтөбедегі жүмысшы отрядтары әскер күшін жабдықтай алмауынан 1919 ж. сәуірде қала тасталынып, қызыл гвардияшылар Қандыағаш станциясына шегініп, жергілікті түрғындардан жаңа әскери күш жинақталып, оңтүстік Ақтөбе май­даны қүрылды. Ақтөбе майданы Түркістанның болашағы үшін стратегиялық негізгі нүкте болды.

Партиялық үйымдар "Бэріміз Колчакқа қарсы күреске" деген үранмен жүмысшылар, шаруалар, теміржолшыларды мобилизация- лап, соғысқа аттандырды. Ақтөбе майданына Түркістан майданынан жүздеген үлт өкілдері бар армия келіп қосылды. Майдан Түркістан АКСР-іне бағындырылды. Майдан қүрамына Колузаевтың отряды (1105 адам), Қостанай партизан отряды (750 адам) қосылды. Май- данды басқарған Колузаевтың Ембі ауданы жэне Темірде жүргізген әскери қимылдары сәтсіз өтті. Сондықтан да Түркістан АКСР-нің революциялық-әскери советі Колузаевты майдан қолбасшысы қызметінен алды. Ақтөбе майданы әскерлерінің қолбасшысы болып А.ИАстраханцевті, ал комиссары етіп И.Ф.Казаринды тағайындады. П.Кобозев басқарған ТүрЦИК комиссиясы мен Жиляев арасындағы әскери келіспеушілік нэтижесі майдандағы жағдайды қиындата түсті. 1919 ж. шілде аяғында шабуылға шыққан ақ гвардияшылар кеңес әскерлерін ескі Арал теңізіне шегіндірді. Бүл кезде Шығыс майданының әскери бөлімдері Түркістанға комекке келді.

М.В.Фрунзенің үсынысымен оңтүстік эскери топ Түркістан май­даны болып бөлінді, олардың алдында: Орал мен Орынборды бо- сату жэне Түркістанға экспедиция жіберу мақсаты түрды. 1919 ж. 30 тамызы мен 1 қыркүйекте қарсыластар Ақтөбе майданына ша­буыл бастады. 1919 ж. қыркүйегінде Түркістан, Ақтөбе майданда- ры Мүғалжар станциясында бірікті. Оңтүстік Колчак армиясының негізгі күші талқандалып, Түркістанға жол ашылды.

Қазақстанның ақ гвардияшылар басып алған жерлерінде, олардың жіберген қателіктерінің салдарынан, партизан қозғалыстары мен халық көтерілістері де кеңінен өріс алды. Партизан қозғалысының ipi ошағы — Қостанай уезі болды. Партизан қозғалыстары Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында, Павлодар, Өскемен, Бүқтырма мен Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Катон-Қарағай, Шыңғыстау, Ше- монайха болыстарында кең қанат жайды. Партизан отрядтарының негізін қүраған шаруалар Қазақстанның барлық уездеріндегі большевиктік үйымдарды қүруда да ерекше рөл атқарды. 1919 ж. көктемінде Шығыс жэне Ақтөбе майданының жақындауына байла­нысты партизандар қозғалысының белсенділігі күшейді. Шаруалар жергілікті ақ гвардияшыларды қамауға алып, әскери революциялық комитеттер сайлап, көптеген жаңа отрядтар жинақтады. Мәселен, Бурабай поселкесінде 1270 адамдық отряд қүрылды. Шаруалар көтерілісін әскери-революциялық штаб басқарып, сэуірде Қостанай қаласы алынды. Қостанайға ақ гвардияшылардың ipi әскери күштері мен 32- Донецк полкі аттандырылды. Кескілескен үрыстардың нәтижесіне партизан отрядтарының әскери дайындығының нашар- лығы эсер етсе, оның үстіне қостанайлықтардың Ақтөбе майда- нына қосылуына "Алаш Орда" кедергі жасады. Партизан отряды Торғайға қарай аттанып, Торғай атты әскер отрядымен бірігуге тырысты, себебі Ақтөбе қаласын Дутовшылардан қорғау үшін қосымша әскери күш қажет еді. 1919 ж. А.Иманов Торғайдағы гар- низондар мен әскери үйымдарды көшіру туралы бүйрық берді. Осы уақытта Қостанайлық партизандар штабы бастығының көмекшісі Л.Таранның отряды қалаға жақындайды. А.Иманов жэне Л.Таранды жолдастарымен Алашордашылар түтқындап, бір айдан кейін жа- залады. Tipi қалған Қостанай партизандары Ақтөбе майданының қүрамына енгізілді. Нәтижесінде Қостанайлық партизан отряды Ақтөбе майданының үлгілі 4-Долбушев жаяу әскер полкіне айнал- ды.

Сондай-ақ, Азамат соғысы тарихындағы партизан қозғалысының ipi ошақтарының бірі — Черкасск қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдың "Tay қырандары" отрядтарының қозғалысы Қазақстан- дағы Азамат соғысы тарихынан өшпес орын алды. 1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйреуі ба­тыс, солтүстік, солтүстік-шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі аумағы Дутов пен Анненковтың армияларының қалдықтарынан босатылып, 22 наурызда кеңес әскерлері Қапалды, 28 наурызда Арасан станция- сын азат етті. 22 наурызда Үржар станциясын, 27 наурызда Бақты станциясын, 25 наурызда атаман Анненковтың ставкасы түрған Үшаралды, 29 наурызда Қапал гарнизонын тізе бүктіріп, атаман Анненков жэне Дутов бастаған ақ гвардияшылардың қалдықтарын Синьцзянға қарай қуды. 1920 ж. 29 наурызында ең соңғы май­дан Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі қайтадан қалпына келтірілді.

Сонымен, 1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдар ақтарды талқандап, жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы қызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне қарсы күштер үйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаған жерлерде бүқара халыққа қарсы бағытталған шаралар жүзеге асырылып, оған керісінше Кеңес өкіметі тарапынан үлттардың өзін-өзі билеу қүқығының сөз жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалар- мен одақ қүруы жэне 1919 жылы шілдеде Казревком қүрылғанда қазақтардың жерге мүқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып, Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі қойылды. Түбірлі революцияық сипатта болмағанмен бүл шаралар большевиктерге азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 жылдың көктемінен бастап, А.Байтүрсынов бастаған алашорда- шылар қызылдар жағына шықты. Себебі, олардың Колчактық орыс шовинистік көзқарастарынан үміттері үзілді. Ақтар билеушілері қазақ халқына үлттық автономия бергісі келмеді, тіпті, өздерінің қолдап жүрген Алашорда үкіметін де мойындамады. Сібірдегі уақытша Бүкілресейлік үкімет 1918 жылы 22 қазан — 4 қарашадағы грамотасымен Алашорда Халық Кеңесі үкіметін таратып жіберді. Сонымен қатар, Сібір үкіметі Алаш автономиясын қазақтың аумақтық мемлекеттігі деп танудан бас тартты. Оған қоса, 1919 жылы жазға қарай ақтар Сібірде жеңіліске үшырады.

Алаш көсемдері қазақ мемлекеттілігін қүрудың жаңа жолда- рын іздеуге мэжбүр болды. Қазақ зиялылары ендігі жерде Кеңес үкіметімен ымыраға келу жолдарын қарастырды. 1919 ж. басын­да Алашордалықтар Кеңес үкіметімен арадағы келіссөздерін қайта жандандыра бастады. Келіссөздер Алашорда атынан емес, А.Байтүрсынов басқарған Торғайлық тобының атынан жүргізілді. А.Байтүрсынов ең әуелі Ә. Жангелдинмен, одан кейін Мэскеуде Ста- линмен келіссоздерді жалғастырды. 1919 ж. наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алашордаға амнистия (кешірім) жа­риялады. Алашорда басшыларының бірі А.Байтүрсынов, оның жақтастарының үлкен тобы Кеңес үкіметінің жағына шықты. Желтоқсан айында Ә.Бөкейханов бастаған Алашорданың Шығыс бөлімі толығымен Кеңес үкіметін мойындады.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет