Мен,Қуанышбаев Аслан Амирханулы 2024 жылдың 18 наурызынан бастап,сол жылдың 21-ші маусымына дейін Ақтөбе қаласындағы №2 Мамандырылған Өрт Сөндіру Бөлімінде кәсіби тәжірибеден өттім



Дата18.09.2024
өлшемі15,3 Kb.
#204670
Байланысты:
Аслан Куанышбай


Азаматтық Қорғаныс Жоғары Көпсалалы Колледжінің 3-курс студенті ТЖ-31Д тобының білім алушысы Қуанышбаев Аслан Амирханулының атқарылған жұмыс есебі


Мен,Қуанышбаев Аслан Амирханулы 2024 жылдың 18 наурызынан бастап,сол жылдың 21-ші маусымына дейін Ақтөбе қаласындағы № 2 Мамандырылған Өрт Сөндіру Бөлімінде кәсіби тәжірибеден өттім.
18.03.2024 ж Ақтөбе қалалық № 1 Мамандырылған өрт сөндіру бөліміне келіп өзімді таныстырып, құжаттарымды рәсімдедім. Бөлім бастығы тәжірибені бастамас бұрын, кіріспе нұсқамада мекеменің ішкі тәртібімен таныстырды. Тәжірибеден өтуді бастар алдында тәжірибеге байланысты алғашқы нұсқамадан жеке қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулықтан өттім. 19.03.2024 күні толықтай тәжірибеге кірістім, ол жерде мақсатты нұсқамадан өтіп жаңа жұмыс күнін бастадым. Ол жерде бөліммен және ондағы қызметкерлермен таныстым.Сөйтіп ортаға үйрене бастадым. Тәжірибе кезінде бөлім бастығы мен жеке құрамдағы қызметкерлердің берген жұмыстарын орындау барысында , сол жұмысты орындау техникасын және оған қоса өрт сөндіру техникалық жарақтарымен толықтай танысып, жұмысқа араластым. Мамандығым бойынша өзіме керекті ақпаратпен танысуды бастадым және келесіде жоспар бойынша аппаратурамен жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасымен танысып, теориялық білім алу барысында білгенімді тәжірибе жүзінде шыңдап, құтқару жабдықтары туралы білімімді іс жүзінде тексердім. Жабдықтардан бөлек көптеген өрт сөндіру және де авариялық-құтқару жұмыстары кезінде қолданылатын техникаларымен жақынырақ таныстым. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару шараларын өткізу кезінде қандай сақтық шараларын қолдану керектігін үйрендім. Өрт болған жағдайда қай құралдарды пайдаланып,өрт сөндіру автокөлігіндегі барлық жабдықпен таныстым.
Осы 3 айлық тәжірибе кезінде мен өрт сөндіру бөліміндегі күн тәртібімен танысып ,жауынгерлік кезекшілік кезіндегі қандай журналдар толтырылатынын білдім, олар: Қызмет кітабы, ТОЖҚҚ буынын арнайы аппараттарды тіркеу журналы, Қауіпсіздік техникасының журналы.
Өрт сөндіру бөлімінде күнделікті белгіленген уақытта қарауылдың жеке құрамымен бірге ГТҚ және ӨСЖ нормативтерін орындап , өзімнің тәжірибелік білімімді жақсартып , жоғарыда айтылған өрт сөндіру жабдықтарымен жұмыс жасап көрдім.
21.06.2024 күні тәжірибенің соңғы күні болғасын бөлім бастығына осы уақытта білгенім бойынша есепті тапсырып , тәжірибе бойынша сынақтан өттім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет