ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
ОСПАНОВА ДАНА ЕРІКҚЫЗЫ
Қазіргі қазақ тілін жаңа педагогикалық технологиямен оқыту
Баланың шығармашылық қабілетін
дамытуға арналған
жаттығу жинағы, ашық-тәрбие сағаттары жоспары
Оқу-әдістемелік құрал
Алматы, 2016
Алдымызда келе жатқан айтулы мерекенің бірі ел ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 жылдығына алдарыңыздағы оқу-әдістемелік құралды тарту етіп отырмын!!! Өз тәжірибемнен жинақтаған шағын ғана кітапшамды қабыл алыңыздар. Өзімді таныстырып өтейін... Аты-жөнім - Оспан Дана Ерікқызы... Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жанама аулында дүниеге келгенмін. Абай атындағы АлМУ-дің әдістеме саласы бойынша магистратурасын үздік дипломға аяқтап, ең алғашқы мұғалімдік қызметімді Алматы қаласындағы Республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын 2-мектептен бастаған едім. Аталмыш мектепте төрт жыл жұмыс істедім. Абай атындағы Алматы мемлекеттік универсиетінде оқи жүріп, ол жерде іс-тәжірибеден өту мақсатында екі жылдай сабақ бердім.... Одан кейін Талдықорған қаласындағы Бизнес, құқық және жаңа технологиялар колледжінде 4 жылдай ұстаздық қызмет атқарып, «Жыл мұғалімі» атандым.... Соңғы бес, алты жылда журналист, Тұрғынүйжинақбанкте агент-кеңесші, «Дәстүр-той» қыз ұзату шоу-агенттігінің ұйымдастырушысы, «Мэри Кейде» кеңесші болдым.
Оқу-әдістемелік құралдың аты - "Баланың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаттығу жинағы, ашық-тәрбие сағаттары жоспары"
https://wordpress.com/posts/danaospan.wordpress.com Бұл әдістемелік құралды он екі жыл бұрын, үлкен балама аяғым ауыр кезде жазған едім.... 2-мектепте еңбек етіп жүрген кезден бері жинаған материалдарды бір жүйеге келтіріп, ӘДІСКЕРЛІК қырымды іске қосып, жаттығу, тапсырмалар, ашық-тәрбие сағаттарының қалыптан тыс түрін жасадым.... Бұған дейін ғылыми жетекшім – педагогика ғылымдарының профессоры ҚҰРМАНОВА НЕСІБЕЛІ ЖӘКЕНҚЫЗЫМЕН бірігіп шығарған «Жай сөйлемді оқыту барысында дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» атты оқу-әдістемелік құрал шығарған болатынбыз. Сол құралдың жалғасы ретінде алдарыңыздағы кітапшаны сіздерге ұсынып отырмын! АЛЛАҒА шүкір....!!!
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!
Оспан Дана Ерікқызы
"Баланың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаттығу жинағы, ашық-тәрбие сағаттары жоспары» атты ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда қазақ тілін оқыту әдістемесінде әлі де терең қарастырылмай, ақсап келе жатқан мәселе: оқушылардың тілдік сезімі мен ойын дамыту мақсатындағы жаттығулар жүйесі берілген.
Жаттығулар былайша жүйеленді:
Грамматикалық-тілдік жаттығулар;
Тіл дамыту жаттығулары;
Рефлексиялық жаттығулар;
Танымдық жаттығулар;
Логикалық жаттығулар;
Шешендікке баулу.
Және сол жаттығуларды сабақта қолдануда үлгі ретінде бірнеше әртүрлі қалыптағы сабақтың жоспары берілген. Олар:
Интеллектуалдық–танымдық сабақтың жоспары.Тақырыбы: «Отанды сүю - иманнан!»
Әдеби-шығармашылық сабақтың жоспары. Тақырыбы: «Қазақтың бас ақыны»
Ашық-тәрбие сағатының жоспары. Тақырыбы:«Еңәуелі керек нәрсе иман!»
Интеллектуалдық–танымдық ойыны. Тақырыбы: «Білім – өмір шырағы».
Қазақ тілін оқыту әдістемелік жүйесі осы ғасырға дейін өзгермеген десек болады. Қазіргі әдістемелік жүйеге осындай оқу-әдістемелік құралдың қажеттілігін заман өзі көрсетіп отыр.
Оқу-әдістемелік құралда Қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаттығулар берілді. Қолданылған мәтіндер автордың бірнеше жылғы іс-тәжірибесінің нәтижесі. Құралда ақын-жазушылардың адамгершілік, ізгілік, Отансүйгіштік, елжандылық туралы айтқан сөздері алынды. Олардың дені Әл-Фараби, Ә. Рудаки және Қазақтың ақиық ақын-жазушылары, атап айтатын болсақ, Абай Құнанбайұлы, А. Байтұрсынұлы, Ы. Алтынсарин, т.б. ғалым-ғұламалардың құнды, асыл сөздері мен ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдерден құралды.
Бұл құрал бала, ата-ана, мұғалім, тәрбиешінің, студенттің, жалпы көпшіліктің жұмыс үстелінен табылып, әрбір үйдің кітапхана қорынан орын алатынына сеніміміз мол.
Тысы: Сыйлықты қабыл алыңыздар)... Интернеттегі блогыма, әлеуметтік желідегі парқшама пікір (комент) жазуды, лайык басуды ұмытпаңыздар, аха)... Тек, АВТОРЫ - ДАНА ОСПАН деп әрдайым айтып, қолданғанда жазып жүріңіздер, ок ме) Дегенмен, авторлық құқық деген бар ғой....
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!
Оспан Дана Ерікқызы
Істің болар қайыры,
Бастасаңыз Аллалап!
Ыбырай Алтынсарин
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ұқсаңшы, сыртын қойып, сөздің ішін!
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек.
Ахмет Байтұрсынұлы
Тіл дамыту жаттығулары
1-жаттығу.
Жақты, жақсыз сөйлемдерді қатыстыра отырып қандай да бір жағдаймен кешірім сұрау мәніндегі мәтін-диалогтың фрагментін құр.
Жақты, жақсыз сөйлемдерді негізгі белгілеріне талда.
мұғаліміңізден;
ініңізден;
досыңыздан.
2-жаттығу.
Бала би қартайған шағында халқын жинап:
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Көктен биік не?
Оттан ыстық не?-деп төрт сұрақ берген екен.
Ешкім шеше алмапты.
Бала бидің сұрағына сендер қалай деп жауап берер едіңдер? Ойланып көріңдер.
Берілген мәтіннен қандай тәлім алдыңдар?
Бала бидің пікіріне қосыласыңдар ма?
Қарамен берілген сөйлемді жай сөйлем түріне, сөйлем мүшесіне қарай талдап, мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар.
Жауабы:
Сонда Бала би өзі айтқан сұрағын өзі былай деп шешкен екен:
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім.
Судан терең дегенім – оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім – фәни жалғанда адамныңөмірі,
Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!
Оспан Дана Ерікқызы
3-жаттығу.
Өлеңнің алғашқы тармағымен үндесетін Абайдың қандай нақыл сөзін білесіздер?
Сөйлем мүшесіне талдаңдар.
Ғылым тап жас күніңде буын қатпай,
Басында байқамассың дәмін татпай.
Менің көрген жайымды сендер білсең,
Ғылым үшін жүрер ең тыным таппай.
Шәһкәрім.
4-жаттығу.
Толымды, толымсыз сөйлемдерді тауып, көшіріп жазыңдар.
Дүниеден безіп, тасқа шығып кеткен бір ақ жүрек шал қалың ну орманды мекендейді. Ормандағы аң мұнан қорықпайды. Аңмен сөйлесіп ұғысатын болады.
Бір ағаштың түбінде ақ жүрек жатыр еді. Сол жерге түнемек болып қарға,кептер, бұғы, жылан жиылды. Олар «Дүниеде жамандық неден болады?»-деп, кеңес құрды.
Дүниеде жамандық түбі – аштық, тамаққа әбден тойсаң, бір бұтақтан бір бұтаққа қонасың. «Қарқ-қарқ!»-деп, өлеңді соғасың, тұла бойың лықылдап толған қызық, қуаныш, не көрсең соған қуанасың, ал енді, бірер күн аш болсаң, көзіңе көрінгеннің бәрін иттің етінен жек көресің, Құдайдың күніне де қарағың келмейді, қайда барарыңды білмейсің,бір жаққа жоғалып кеткің келеді де тұрады. Бірден ұшып бір жерге қонасың, сенде дамыл жоқ. Ұшып көрсең, есің шығып, бұрынғыдан да жаманболасың. Не екенін аңдамай киіп кеп кетесің, сені таспен, таяқпен жіберіп ұрады. Ит, қасқыр сүйрелеп жүрген жемтіктен айырмайсың, тамақүшін аштан қанша қарға өледі. Жамандықтың бәрі аштықтан,-деп шешен қарға соқты.
Дүниеде жамандық аштықтан емес, жамандық түбі – махаббат. Біз жалғыз-жалғыз өмір сүрсек, уайым-қайғы жоқ болар еді. Жалғыз басқа кедейлік, кемшілік жоқ. Біз жұптап жүреміз, жұптап өмір сүреміз. Жарыңды өзіңнен артық көресің, жарыңды ойлап сенде тыныштық жоқ.
Тоқ па, аш па, суыққа тоңды ма?-деп, сорлайсың да жүресің. Бір жаққа бөлек ұшып жырақ кетсе, не болды деп, ойлап әуре сарсаң боласың; қаршыға көзін шұқып жатыр ма, балалар ұстап алды ма деп, іздеп өзіңұша жөнелесің, сөйтіп қайғып жүріп, не қаршығаға, не тұзаққа өзің кез келесің. Жарың жоғалса, жарыңөлсе, дүние түкке тұрмай кетеді. Енді дүниеде сүйікті ешнәрсе болмайды.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!
Оспан Дана Ерікқызы
Түк жемей, түк ішпей іздейсің де, жылайсың. Қанша көк кетер осыдан өледі, жамандықтың бәрі аштықтан емес, махаббаттан,-деп көк кептер сөйледі.
Жоқ, жамандық аштықтан да, махаббаттан да емес. Жамандық түбі – жаман мінез.
Біз тату жүрсек, қастық ойламасақ, кекшіл болмасақ, жақсы болар еді. Бір нәрсе өзің ойлағандай болмаса ашуланасың, дүние көзіңе түк құрлы көрінбейді. Көзіңе не түссе, бәрін жек көресің. Ойлағаның біреуден кек алмақ. Біреуді шақпақ болып ысқырып, іздеп, иіріліп жүргенде, ашуланып өзіді-өзің жегің келіп тұрады. Өлгенге шейін ашуланасың. Дүниеде жамандықтың бәрі – қара жүректіктен деп,- жамандықтың иесі жылан соқты.
Жоқ, дүниеде жамандық аштықтан да емес, махаббаттан да емес, жаман мінезден де емес,- қорқақтықтан. Қорықпайтын болса, дүниеде жақсылық жауғандай болар еді. Аяғымыз жүргенде желмен таласады. Қуат көп, мықты жаудан қашып құтыласың. Бірақ, қорықпасқа болмайды. Сырт етіп бір бұтақ сынып кетсе, бір жапырақ сылдырласа, қорқып селкілдеп кетесің. Жүрегің тас төбеңе шығады, қаша жөнелесің. Қоян жүгіріп келе жатса, құс талпынса, буыұтақ сынса, жау келіп қалды ғой деп, тұра жөнелесің, дәл жаудыңөзіне жүгіріп кез келесің...
О болмаса иттен қашып жүгіріп, аңшыға соқтығасың. Қорқып жүгіріп жөнелесің. Қайда қашып бара жатқаныңды білмейсің, құзға шығып кетіп, құлап өлесің... Ұйықтағанда да бір көзіңмен ғана ұйықтайсың, тыңдап жатасың. Бәрі қорыққанның азабы... тыныштық бізде жоқ. Жамандыққорқақтықтан деп, момын бұғы сөйлейді.
Жоқ, жамандық аштықтан да емес, махаббаттан да емес, біздің көріп жүрген азабымыздың бәрі жамандықтың бәрі – біздің тәнімізден: аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық бәрі тәнге байлаулы. Аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық бәрі – тәннен өсіп-өнеді, олар тәннің асырап өсірген балапаны.
Сондықтан тәнді таза ұстау керек, деп ақ жүрек ақсақал әңгімені байлады.
Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ», 87-бет.
5-жаттығу.
Берілген жоспар бойынша мәтін құрастырыңдар.
Дәлелдеу.
Болжам.
Түйіндеу.
Ой қорыту.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!
Оспан Дана Ерікқызы
6-жаттығу.
Толымды, толымсыз сөйлемдерді айтылуға тиісті мүшелерінің түсіріліп, түсірілмей жасалуы жағынан анықта.
Атаулы сөйлемніңөзіндік ерекшеліктеріне талдау жаса.
Былай шыға бере баласы сұраққойды әкесіне:
Осы «Мұжықтың» өзі мұсылман ба?
Отта шіркін!
Мұсылман болса сізбен бірге намаз неге оқымайды?
Мұсылмандық тек намазда ма. Намаз оқып, ораза тұтқанның бәрі бейішке бөгетсіз кіре бермейді. Кеп көңілде. Қылықта. Қылығың жақпаса, сыртың келгенімен ішің келмесе Құдайды, халықты алдай алмайсың.
Кептің бәрі көңілде, қылықта болғанда толып жатқан мұсылмандыққағидалар неге керек?
Қара, жаман неменің шалуын!-деп Мұстапа күлімсіреді. Толымды жауап қайыруға ойланып қалған сияқты еді. Ойы бөлініп кетті.
Ғ. Мұстафин «Көз көрген», 97-бет
7-жаттығу.
Қаз дауысты Қазыбектің жауабын нақ, дәл берілген жауап деп табасыз ба?
Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?
Алғашқы сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
Қазыбек пен Бұқар жырау
Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші,-деген екен.
Сонда Қазыбектің берген жауабы:
Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман;
Екі дегеніңіз – егесіп өткен ел жаман;
Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман;
Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман;
Бес дегеніңіз – белсеніп шапқан жау жаман;
Алты дегеніңіз – өз аймағын билей алмаған адам жаман;
Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман;
Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман;
Тоғыз дегеніңіз – толғаныңыз;
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Оспан Дана Ерікқызы
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Оспан Дана Ерікқызы
Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз, - болған екен.
Қарт жырау бас бидің жауабына риза болып қалыпты.
8-жаттығу.
Төменде берілген мәтінді оқып шығыңдар.
Мәтіннің мазмұнынан қандай ой түйіндеуге болады?
Сіз өміріңізде осындай жағдайға кездестіңіз бе?
Асты сызылған сөйлемді жай сөйлемнің мағыналық-құрылымдық түріне қарай талдаңыз.
Адам мен құс
Бірде адам ұзақ тұзақ құрып, құс ұстап алады. Құс адамға:
Менің саған қандай қажетім бар? Етімді жеп бәрібір тоймайсың одан да мені қоя бер, саған үш ақыл берейін,-дейді жалынып.
Адам бұл сөзге құлақ асады да, құсты босатады.
Ең алдымен ақылым – деді құс – жалған нәрсеге ешқашанда иланба. Екінші, біреуге жақсылық істесең, өкінбе.
Құс одан әрі әңгімесін былай жалғастырды:
Менің тамағымда тауықтың жұмыртқасындай бір кесек алтын бар еді. Мені сойып жегеніңде соны алып, байып кетер едің.
Қап, не деген ақымақ едім? – деп адам өкініп, ашуға булығып, айқайлап та жіберді. Ал құс ұшуға дайындалып, қанатын қомдай бастады.
Әй, құс, айтатын үшінші ақылың қайда? – деп дауыстайды адам.
Сен алғашқы екі ақылымды ұққан жоқсың. Титтей құстың тамағында тауықтың жұмыртқасындай бір кесек алтын қайдан болады? «Жалған нәрсеге иланба, жақсылық істесең, өкінбе». Міне, менің саған берер үшінші ақылым, - деп құс ұша жөнеліпті.
9-жаттығу.
Берілген жағдайлар бойынша мәтін-диалог құрыңдар, сол жағдайда ойнаңдар.
Құрастырылған сөйлемдерден негізгі сөздерді көрсетіңдер.
Сіздің адресат – әжеңіз, ол кісіден кешірім сұраңыз.
Сіздің адресат – досыңыз, оған сіздің халіңізді сұрап келгені үшін рахмет айтыңыз.
Сіздің адресат – жаныңыздан өтіп бара жатқан адам, одан Орталық музей қай көшеде орналасқандығын сұрап біліңіз.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!
Достарыңызбен бөлісу: |