ТӘуелсіздігіміздің 25 жылдығына тартуым!!! Оспанова дана ерікқызы


-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі



бет7/9
Дата25.08.2017
өлшемі2,33 Mb.
#26239
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.


Мұғалімнің сөзі: 9-кезең «Ой қорыту сәті» ( Инсерт кестесімен жұмыс) деп аталады.


кестетаратамын, сіздер 1 минут ішінде толтыруларыңыз қажет.


Не үйрендім?

Не үйренгім

келеді?


Мұғалімге

сұрақ, тілек,

ұсыныс














  • Қазылар алқасына жарыстың жеңімпазын анықтау үшін қорытынды сөз беріледі.


Жеңімпаз топты қазылар алқасы жариялап, Дипломмен марапаттайды.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Тарих қана, халық қана туатын,

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа,

Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!

Көкірегін намыс кернеп, кек қарып,

Жанарынан жасын құлап, шоқ жанып.

Абай өтті мың адамның міндетін

Мыңқ етпестен жалғыз өзі атқарып.

Жарасқан Әбдірашев.
Абай атамыздың қанатты сөздері, ұрпақтарына қалдырған бай шығармашылық мұрасы – бүгінгі тәуелсіз елдің тірегі – жас жеткіншектерге тағылымы зор үлгі-өнеге.
Кемеңгер ойшыл, данышпан Абайдың артында қалдырған мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жетер, мәңгілікпен ұласар асыл қазына.
Абай бақпен асқан патшадан, мимен асқан қараны, сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан баланы, атаның баласы болмай, адамның баласы болғанды артық қойып, досы жоқпен сырласып, досы көппен сыйласып, қайғысыздан сақ болып, қайғылыға жақ болып, халқын өнердің өріне сүйреген ұлтының ұлы перзенті!
Ақын еді ол жұртты аузына қаратқан,

Әрбір сөзі құйылғандай болаттан.

Ақын еді ол жұлдыз болып жарқырап,

Қазағының ой-санасын оятқан.


Ақын еді ол елдің мұңын жыр еткен,

Ақын еді ол күйінішпен күні өткен.

Ақын еді ол мыңмен жалғыз алысқан,

Халқын алып шығу үшін түнектен!


Осымен әдеби-шығармашылық сағатымыз аяқталды, зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Ел іргесі тыныш, бауырымыз бүтін болсын!
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
Ашық-тәрбие сағатының жоспары
1-оқушы:

Ең әуелі керек нәрсе иман!»-деген,

«Ақырет істеріне илан!»-деген!

«Құдай кешірер!»-дегенмен іс бітпейді,

«Иман шартын білмесе, ибан»-деген.
Бес нәрсе бізге бұйрық бір Аллаһтан,

Ықыласпен қылу керек білген адам.

Кетпейді күн туғанда көзі жастан,

Дүниеде бейпіл босқа күлген адам.



Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

2-оқушы:

Дүниенің опасызын біліп тұрып,

Қылмаймыз Хақ бұйрығын мойын салып.

Бір күні ажал жақын жеткен күні,

Мал-пұлың жаныңызды қалмайды алып.
Еркек, әйел, әммемізге иман парыз,

Жаратқан бір Алланы есіне алып.

Бір Алла иманыңды нәсіп қылса,

Ішерсің хаузы кәусар суың қанып.



Қаблиса жырау
Мұғалім сөзі: - Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар!
Алла атымен бастадым сөз әлібін,

Жарылқаған, жаратқан бір Тәңірім!
-деп Жүсіп Хас Қажыб Баласағұни (1020ж.) айтқандай Алланың атымен бастаймыз: Биссмилляхир-рахманир-рахим!
Бүгінгі ашық-тәрбие сағатымыздың тақырыбы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
«Ең әуелі керек нәрсе иман!» - деген өлең жолдарымен аталды.
Эпиграф: Кімде-кім ниетін – имандылыққа, тазалыққа, тілін – шыншылдыққа, мінезін – туралыққа, құлағын – тыңдаушыға, көзін – өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек, ол бақытты. Хадис.

Балалар «Фирдаус» және«Райян»болып екі топқа бөлініп, жарысқа түседі.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе


жарысқа төрешілік ететін қазылар алқасымен таныстырып өтейін деп, әділ-қазылар алқасымен таныстырады.
Менің екі көмекшім болады. Олар: Гүлжан және Ажар.

Көрнекіліктер:

Үш-ақ нәрсе адамныңқасиеті:

Ыстыққайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.Абай
Сау дене, азат ақыл, адал көңіл.

Үшеуімен бақытты болады өмір. Ғабиден Мұстафин.
Жарыстың кезеңдері:

  • Ең алдымен, ойсергіту мақсатында Ой сергек:

Өмір – теңіз,

Жүзем онда демеңіз

І згіліктен жасалмаса кемеңіз. (Рудаки)
Ізгілік сөзінің синонимдік қатарын құрыңдар.
Таныстыру: Әр топ тобының атымен, ұранымен, топ басшысымен, топ мүшелерімен таныстыруы керек.
Олай болса, жарысқа түсуші топ мүшелеріне сөз беріледі.
Мұғалім сөзі:

Филология ғылымдарының докторы, Д.А. Қонаев атындағы университеттің профессоры Сәрсенбі Дәуітұлы ағамыз: «Халқымыздың өз алдына егемендік алғаны елімізге құт-береке әкелді. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асты. Ұлттың негізін құрайтын тіл, дін, дәстүр, тарихи жадымызды жоюды, жерімізді алуды мақсат тұтқан отаршыл империя ойран болып келмеске кетті. Енді азаттықпен бірге тіл, мәдениет, әсіресе, отар кезінде ең көп зардап шегіп қудаланған имандылығымыз қайта оралуда.»-дейді.
Мұғалім сөзі: - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» деген кітабында: «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі – сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр»,-деп атап көрсеткен болатын.

Яғни, Елбасының атап кеткеніндей қоғамның ең жоғары құндылығы – адам болса, сол адам өзінің бойында сауаттылықты сақтауды, азаматтық қағидаларды арттыруды, имандылық құндылықты игеруді қалайды. Өйткені, сөзі мен ойына берік жан, яғни иманды азамат адам мен қоғамның, ұлт пен өркениеттің дәнекері, рухани құндылықтың иегері болып табылады.

Ислам – бұл біздің болмысымыз.

Бұған дәлел,

Ұлылық Сен, серігі жоқ Жалғызсың,

Жаратушым, жоқ Өзіңмен түсер тең!-деп Жүсіп Баласағұнның жырлауы.

Мұғалім сөзі: кім маған мысал келтіріп бере алады?

Жауап: Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,

Бір күні ажал келіп жаныңды алар-деп Шал ақын жырлаған.
Мұғалім сөзі: Хакім Абай не деген бұл турасында?
Жауап: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»,-десе,
Мұғалім сөзі: Қазақтың қайтсем өзге елмен терезесін тең қыламын деп күні-түні ұйықтамай, Алла ризашылығы үшін ел қамын жеген азаматтар аз болмаған. Солардың бірі – ең алғаш мектеп ашып, оқулық жазған, «қойға шапқан аш қасқырдай» қазақтың көкірек көзін оятуға әрекеттенген адам кім болған?
Жауап: Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин.
Осының бәрі елі Тәуелсіз болу үшін, туған жерге, халқына деген аса үлкен құрметтен, сүйіспеншіліктен, не істесе де Алла көріп тұрғандығын білгендіктен:
Оқу білген таниды,

Бір Жаратқан Құдайды.» - деп тебірене отырып болашақ ұрпаққа жыр жолдарын қалдырған.

Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Алла разы болсын, ол кісілерге.


Мұғалім сөзі: Бала тәрбиесіне, оның білім алуына салғырт қарау – баланың тағдырына ғана емес, қоғамымыздың өркендеуіне де жауапсыздықпен қарау деген сөз.
Халық даналығы бұл турасында былай дейді: Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан былай қарай ақылшы дос сана.
Дін – бұл ілім, ғылым. Ислам – ғылымға негізделген әділет діні. Ал білім, ғылым үйрену - әрбір мұсылман баласының парызы.

Сұрақ: Білім іздеу туралы, ғылымға ұмтылу туралы қандай хадис білесіздер?
Жауап: «Кімде-кім білім іздеп үйінен шықса, періштелер оның жолына қанаттарын жайып, оның бұл ісіне қанағаттанғандықтарын білдіреді.»

Хадисті ат-Тирмизи жеткізген.
Мұғалім сөзі: - Ислам діні адамның мінез-құлқына арнайы мән беріп, екі жол көрсетті.
Бірі, «осылай бар» дейтін көркем пиғыл.Аят пен хадистежақсы құлықтарға – имандылық, таза мінез, адал ниет, қайырлы іс, борыш, парыз, білім, ғылым, сауап-обал, құлшылық, шыншылдық, әділет, ниет, насихат жатады.
Екіншісі – «бұл жолға түспе», бұзықтықтан сақтан деген өсиет.Аят пен хадисте бұзықтыққа ұрындыратын жаман мінездерге – имансыздық, бұзық пиғыл, тәкәппарлық, ысырапшылдық, өтірікші, мансапқорлық, екіжүзді қараниетті, қызғаншақ-күншілдік, сараң ашкөздікті жатқызады. Бұзық пиғыл дегеніміз – жалған айтатын, уәдесінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын екіжүзді сұрқия.
Мұғалім сөзі: Ал, балалар, мұсылман деген сөз қандай мағына береді?
Жауап: Мүміндеген мағынаны береді.Ислам дініне мойын ұсынған адамдымұсылман дейді.
Сұрақ: Балалар! Исламның бес парызына не жатады?
Жауап:Иман келтіру, намаз, ораза, зекет, қажылық
Сұрақ: Иман келтіру, иманды болу үшін не істеу керек?
Жауап:«Әшһәду әл лә иләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уа расулулуһ»-деп айту керек.

Сұрақ: Балалар! «Әшһәду әл лә иләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уа расулулуһ» қандай мағына береді?

Жауап:«Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір Тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін» деген мағына береді.
Сұрақ: Балалар! Бұл кәлиманы тілімен айтса жеткілікті ме?

Жауап:Тілімен «Әшһәду әл лә иләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уа расулулуһ»-деп айтып, жүрегімен растау және осы кәлима талап ететін
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 25 жылдығына тартуым!!!

Оспан Дана Ерікқызы
құлшылықтарды орындау. Сондықтан иман сөз бен амалдан (іс-әрекеттен) құралады.
Сұрақ: Иман қалай күшейіп, қалай әлсірейді?
Жауап: Құлшылық етумен иман күшейсе, күнә істеумен әлсірейді.
Мұғалім сөзі: 1-кезең «Кім жылдам?» Уақыты: 5 минут.
Бұл кезеңде сіздерден шапшаңдық, ұтқырлық талап етіледі. Дұрыс жауапқа дөңгелекше беріледі. Бір дөңгелекше бір ұпайға тең. Екі топқа ортақ 15 сұрақ қойылады.


  1. Дүние жүзінде көп тараған сұйық? (су)

  2. «Алтын адам» табылған жер? (Алматы облысы, Есік қаласы)

  3. Қасиетті қалалар? (Мекке мен Мәдинә)

  4. 1986-жылғы қандай тарихи оқиға? (Желтоқсан оқиғасы)

  5. Жіп иіретін құрал? (Ұршық)

  6. Кімдер бір-біріне бөле болады? (әпкелі-сіңлілінің балалары)

  7. Әйелдер арасынан дүние жүзінде тұңғыш рет профессор атағына кім ие болды? (орыстың атақты математигі - С. Ковалевская)

  8. Ең алғаш құранды қазақшаға аударған адам? (Халифа Алтай)

  9. Иман келтіру, намаз, ораза, зекет, қажылық? (Исламның бес парызы)

  10. Жайықтың ортасында не тұр? (Й)

  11. Көмір, мұнай, газ, руда. (Пайдалы қазбалар)

  12. Аптаның бес күнін атын атамай, қалай рет-ретімен санап шығуға болады? Бұған сіздерге үстеулер көмектеседі. (Алдыңгүні, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні)

  13. Әдептілік, ар-ұят – имандылықтың белгісі,

Тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі? (Мақал)

  1. «Әй, осы жалқаулық, селқостық талайларды құл етті.» Қай шығармадан алынған? Авторы кім? (Кәкімжан Қазабаевтың жары Орынша Қарабалина апайымыздың «Тағдыр» атты кітабынан алынған)

  2. Қызыл, сары, жасыл, көгілдір, көк. (Кемпірқосақ түстері)


1-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
Мұғалім сөзі: 2-кезең « Асыл дін және ұлт зиялылары»
Бұл кезеңде екі топ бір-біріне өлең жолдарынан үзінді, нақыл сөздер оқиды. Қарсы топ авторын табады, өзінің нұсқасын айтып кезеңді жалғастырады. Уақыты: 10 минут.
Берілген ұлт зиялыларының сөздерінен кейін қандай ойға келдіңіз?

  1. Ал, қазақ,

мешел болып қалам демесең,

Тағылымды бесігіңді түзе.

Мұхтар әуезов.


  1. Дін үшін һәм халық үшін

Еңбек еткен,

Қор болмас жүрсе-дағы

Қай орында.

Міржақып Дулатов.



  1. Қара қазақ баласын

Тірлігімде налытпан.

Махамбет (Мұхаммед).



  1. Баққан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Ибраһим.


10. Дінсіз білім – көр, білімсіз дін – ақсақ.

А. Эйнштейн.


11. Дененің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл сауыты,

Махаббат қылса Тәңірі үшін.

Ибраһим.
12. Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі тексермей кеткен кісі тәуір жігіт түгілі, әуелі адам ба өзі?!

Ибраһимнің 14-сөзінен үзінді.




  1. «... дін сезімдері күшті адам Тәңірінің барлығына, құдіретіне сеніп, оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам өмір бойы ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек.»

Мағжан Жұмабаев.

  1. Ойлы адамға нақыл сөз қатты ұнайды. Құтып.

  2. Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға – ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі Хаққа қол емес. Ибраһим.

16. Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды. Д.И. Менделеев.



16. - Аға!-деді баласы. – Осы елдің ақылы қайда кеткен?! Қыстан, жұттан зәресі қалмай қорқады. Әгәр, Сүйгембайша, орыс поселкелерінше қам істесе қыс не қылады?

  • Түк те қыла алмас еді-ау. Қырсыққой бәрін қылатын.

  • Қандай қырсық?

  • Жалқаулық. Көп адам жалқаулықты сүйеді. Ол оның еңқауіпті дұшпаны, соны біле тұра сүйеді.

  • Мен ешуақытта сүймес едім!

  • Омин! Онда ешуақытта қор болмайсың.

Ғ. Мұстафин «Көз көрген», 99-бет.

17. Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!
Оқу білген таниды

Бір Жаратқан Құдайды,

Танымаған Құдайды

Неғылғанда ұнайды... Ы. Алтынсарин.
18. Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ

Ең болмаса кеттіңғой мал баға алмай. Ибраһим Құнанбайұлы.
19. «Жас мұраты –білім, тәлім-талабы,

Өнер-оқу – жастыңқару-жарағы» Ілияс Жансүгірұлы.
20. Ғылым тап жас күніңде буын қатпай,

Басында байқамассың дәмін татпай.

Менің көрген жайымды сендер білсең,

Ғылым үшін жүрер ең тыным таппай.

Шәһкәрім.

21. Жүрегіңмен сезбесең,

Әлемнің сырын ұқпайсың.

Көзіңмен көрем дегенмен

Барлығын байқап шықпайсың...

Әбілхасан Рудаки.

22. -Жоқ, жамандық аштықтан да емес, махаббаттан да емес, біздің көріп жүрген азабымыздың бәрі – жамандықтың бәрі – біздің тәнімізден: аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық бәрі тәнге байлаулы. Аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық бәрі – тәннен өсіп-өнеді, олар тәннің асырап өсірген балапаны.

Сондықтан тәнді таза ұстау керек, деп ақ жүрек ақсақал әңгімені байлады.

Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ», Дүниеде жамандық неден? 87-бет.
23. ... Жанды тәнге бас ұрғыздық, еш нәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік...

Абайдың жетінші қара сөзінен үзінді.

24. ... Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады...

... Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық, өтірікшілік, осыған ұқсаған әрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып, ақылдан шығарып жіберетұғын нәрселер осы екеуінен болады. Бұларды түбегейлеткенде жақсы нәрселерді түбегейлетіп, жаман нәрселерден, яғни жоғары айтылмыш секілді адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен бойды ерте тыйып алуға керек...

Абайдыңқырықүшінші қара сөзінен үзінді.
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,

Еңбек қылмас еріншек адам болмас. Ибраһим Құнанбайұлы.
Жас жүрек, қайда сенің ыстыққаның,

Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін.

Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Уақытты босқа өткізу – ең ауыр шығын. Ж. Бюффон.
Ұяттың иман қабы дер,

Имандыда ұят бар.

Көпшілікке жаққан жан,

Басына жаққан шырақ бар.

Фәни тұрмақ бақида

Мінетұғын пырақ бар.

Ешкімнің хақын жемеңдер,

Артында оның сұрақ бар. Қаблиса жырау
Жігіттер, жаман сөзді кәсіп етпе,

Құрбыңды өзің теңді басып өтпе.

Басыңа бір уақытта жұмыс түссе,

Дұшпан түгіл, досың да қашар шетке.

Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы)
Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,

Бір күні ажал келіп жаныңды алар,

Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң,

Мал-мүлкің, қатын-балаң бәрі қалар.

Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы)

Нәпсің бір көкжал бөрідей,

Иманың бағлан қозыдай,

Егер тыю салмасаң,

Иманыңды жеп кетер.

Шал ақын
Жаратты Ол: жасыл көк, ай, күн, түнді,

Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.

Қалады да, жаратты бар болмысты,

«Бол!» -деді де, бірден бәрін болғызды.
Ұлылық Сен, серігі жоқ Жалғызсың,

Жаратушым, жоқӨзіңмен түсер тең!

Саған өзге кіріге алмас Дарасың,

Әуелгі де соңғы да Өзің, Сарасың.

Жүсіп Хас Қажыб Баласағұни
Істің болар қайыры

Бастасаңыз Аллалап,

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап. Ыбырай Алтынсарин
Көк үсті мен жер қойнының арасы,

Мұқтаж Саған, жоқөзгеше шарасы.

Хаққа бүтін сенсең, тілді табындыр,

Көңілің сенсе ақылыңды бағындыр!

Жүсіп Хас Қажыб Баласағұни (1020ж.)
2-кезеңнің нәтижесін шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.


  • Ой сергек

Берілген төрт сөздің ішінде үшеуінің мағынасы бір. Артық сөзді тауып, анаграмманы шешіңіздер.

АҚЗАҒ қағаз

СҮЛЕТ үстел -

МАЛҚА қалам

АПҚАР парақ


Мұғалім сөзі: 3-кезең «Білмесек Иман, Ислам үйренелік»

(Болады пәс көңілің шамдай жарық.) Қаблиса жырау
Аят, хадис айтудан жарыс. Екі топ бір-бірімен кім көп аят, хадис айтады екен деп жарысқа түседі.
Бәдәуилер: «Иман келтірдік» деді. (Мұхаммед с. Ғ. У.) оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді» де.

49-Хұжрат сүресі, 14-аят.

...Бірақ кім Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар.

2-Бақара сүресі, 177-аят.

Әй мүміндер! Аллаға, Пайғамбарына және оған түсірген Құранға сондай-ақ одан бұрынғы түсірген кітапқа иман келтіріңдер. Ал кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ахирет күніне қарсы шықса, сонда тым ұзақ адасты.

4-Ниса сүресі, 136-аят.

Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды. (99) Шынында оныңүстемдігі, оны дос тұтып Аллаға шерік қатушыларға ғана жүреді. (100)

16-Нахыл сүресі, 99-100-аяттар.

Алланыңқасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші.

3-Әлі Ғымран, 19-аят.

Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ахиретте зиянға ұшыраушылардан болады.

3-Әлі Ғымран, 85-аят.

...Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тәмамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым...

5-Мәида, 3-аят.
Ислам дініне шақырылғанда, Аллаға қарсы өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла, залым қауымды тура жолға салмайды.

61-Саф, 7-аят.

Алла (Т.) әлде кімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол, Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар құрысын! Міне олар, ашық адасуда.

39-Зүмәр, 22-аят.

Имандылық пен оны растайтын амал ажырамас ағайын және бір қауашақтың дәндері тәрізді. Аллаһ Тағала оның бірі болмаса, екіншісін қабыл етпейді.



Хадисті Мухаммад ибн Әлиден Ибн Шаһин жеткізген.
Бойында мына үш қасиет болған адам иманның шырын дәмін сезеді: Алла мен Оның елшісін барлық нәрседен артық жақсы көру, біреуді тек Аллаһ Тағала разылығы үшін жақсы көру және тозаққа тасталуды қандай қаламаса, күпірлікке (яғни кәпірлікке) қайтуды да сондай қаламау.

Хадисті Имам Бұхари және Имам Муслим жеткізген.
«Олар: О, Алланың елшісі! Кімнің Исламы абзал?» - деп сұрағанда, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Тіліне және қолынан (басқа) мұсылмандар аман болған мұсылман»,-деп жауап берді. Хадисті Бұхари жеткізген.
Бір кісі Аллаһ елшісінен (с.ғ.с.): Исламның қай көрінісі жақсы?-деп сұрағанда, ол: «Адамдарға тамақ жегізуің және танығаныңа да, танымағаныңа да сәлем беруің»,-деп айтқан.

Хадисті Имам Бұхари риуаят етті.
Иман дегеніміз: АллаТағаланың барлығы мен жалғыздығына, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына (с.ғ.у.) және қиямет күніне сенуің. Әрі жақсылық пен жамандықтың белгіленуі Алла Тағаладан деп білуің.

Хадисті Имам Әбу Дәуід, имам ат-Тирмизи және имам Муслим риуаят етті.
«Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, Пайғамбарларына, ақырет күніне иман келтіруің және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің.»

Хадисті Бұхари және Муслим.


Ислам бес тірекке негізделген: Алладан басқа ешбір Тәңір жоқтығына және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылық жасау және рамазан айында ораза тұту.

Хадисті Бұхари жеткізген.
Сендерден ешқайсың өзіне жақсы көргенді бауырына да жақсы көрмейіңше мүмін бола алмайды.

Хадисті Бұхари жеткізген.

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет