«Массалар центрі, тепе-теңдік түрлері. Қатынас ыдыстар, Паскаль заңын қолдану.» тақырыбы бойынша тапсырмалар:
І. «Теориядан тәжірибеге» эксперименттік жұмыс. – үй жағдайында мүмкіндік болса жасап көріңізі, болмаса теориялық жолмен қорытынды жасаңыз.
Су мен күнбағыс майының қатынас ыдыстардағы бағанының айырмашылығын анықтау, түсіндіру;
Қатынас ыдыстардағы су мен керосин бағанының айырмашылығын анықтау, түсіндіру.
ІІ. Есептер шығару
№1. есеп:Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар? Теңіз суының тығыздығы:1030 кг/м3 .
№2 есеп. Теңіздің 10200 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын табыңдар. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3 ;
№3 есеп. Егер су бағанының биіктігі 8 см болса, керосин бағанының биіктігі неге тең? Судың тығыздығы 1000 кг/м3, керосиннің тығыздығы 800 кг/м3
№4 есеп: Егер су бағанының биіктігі 10 см болса, ацетон бағанының биіктігі неге тең? Судың тығыздығы 1000 кг/м3, ацетон тығыздығы 790 кг/м3
ІІІ. Тест сұрақтарына жауап беру
1. Қысым қандай бірліктермен өлшенеді?
А) Н. Б) Па. В) м2.
2.Тіреу ауданы қаншалықты ….. болса, осы тіреуге бір күштің түсіретін қысымы соншалықты … болады:
А)үлкен; кіші. Б) үлкен; үлкен. В) кіші; кіші.
3. дененің бетке түсіретін қысымы … тәуелді болады.
А)күш модуліне және сол күш әрекет ететін перпендикуляр беттің ауданына;
Б) күш модуліне және күш әрекет ететін беттің ауданына тәуелсіз;
В.күш әрекет ететін перпендикуляр беттің ауданына.
4. 10 кПа қысымды Па – мен өрнектеңдер.
А) 100000Па. Б)100Па. В) 10000Па.
5. Бетке түсірілген күштің сол беттің ауданына қатынасына тең физикалық шама …. деп аталады.
А) қысым күші . Б) қысым. В) Дененің салмағы
6. Салмағы 12 000 Н станоктың тіреу ауданы 2,5 м2 . Станоктың фундаментке түсіретін қысымын анықтаңдар.
А) 48Па. Б) 25000 Па. В) 4800 Па.
7. Егер кітапты қырымен қойатын болса, онда қысым қалай өзгереді?
А) өзгермейді. Б) кемиді. В) артады.
8. Деңгейлері бірдей су мен керосиннің ыдыс қабырғасына түсіретін қысымдары бірдей ме?
А) бірдей. Б) керосиеннің қысымы судың қысымынан артық. В) судың қысымы керосиннің қысымынан артық.
Достарыңызбен бөлісу: |