Сабақ тақырыбы Қатынас ыдыстар



Дата20.06.2018
өлшемі62,28 Kb.
түріСабақ




Мектеп: №22 орта мектеп

Күні:23.01.18ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Байдекешова Нурбиби Кайыржановна

Сынып: 7 «ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Қатынас ыдыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.2 – қатынас ыдыстардың қолданылуына мысалдардар келтіру арқылы қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік беру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:Қатынас ыдыстар түрлерін, қатынас ыдыстардың тұрмыспен техникада,су құбырында қолданылуын біледі.

Көпшілік оқушылар:Әртекті сұйықтарды қатынас ыдыстарға құйғанда олардың деңгейлерінің өзара орналасуын біледі

Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Қатынас ыдыстарға мысалдар келтіреді

Әртекті сұйықтардың қатынас ыдыстарда орналасуын, формуласын біледі,сапалық-сандық есептер шығарады

Қатынас ыдыстардың қасиеттерін практикада қолдана алады


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу,түсіну, қолдану,талдау,жинақтау,бағалау

Тілдік мақсаттар


Қатынас ыдыстарға келтірілген мысалдарды ауызша және жазбаша түрде сипаттай және жүйелей алады. 

Терминдер:  шыны түтік, қатынас ыдыстар, шәйнек

Құндылықтарды

дарыту

Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын шағын топта орындау арқылы өзара қарым-қатынас жасау қабілетін дамытып, өндіріс пен білімнің қолданылу аясын кеңейту.

Пәнаралық

байланыстар

Химия, математика, технология

Алдыңғы білім


Сұйықтармен газдарда болатын қысымды біледі

Қысымның формуласын қолдана отырып, есептер шығара алады



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

1.Ұйымдастыру

2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3. Пазл әдісі арқылы топтың атын таңдау

( Қатынас ыдыстардың суреттерін құрастыру)



  • Сурет бойынша топтасыңыз

Мозайкалар



Үй жұмысын тексеру:

4 мин

4. Еске түсіру стратегиясы

  1. Қысым дегеніміз не?

Жауабы: Қысым дегеніміз белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама

  1. Қысымның формуласы

Жауабы: р= F/S;

  1. Қысымның өлшем бірлігі:

Жауабы: Н/м 2; Па

  1. қатты денелер, газ және сұйықтар арқылы қысым қалай беріледі?

Жауабы: қатты денелерде қысым бір бағытта беріледі. Сұйық пен газдарда қысым барлық жаққа, бірдей қашықтыққа бірдей беріледі.

  1. Қолмен іс тіккенде неліктен бармаққа оймақ киеді?

Жауабы: ине үшкір, ауданы аз саусаққа кіреді

  1. Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға,ал ең төменгі саңылаудан алысқа шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Тәжірибе

Жауабы: Сұйық қабаты неғұрлым төмен болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады. Сондықтан ең төменгі саңылаудан су алысқа шашырап шығады.

  1. Қатты дене үшін қысым қалай анықталады? Қысымды қалай азайтуға

болады?

Жауабы: Қатты денеде қысым бір бағытта болады. Яғни күш қайда бағытталса, қысым да сонда бағытталады. Ауданын арттыру арқылы азайтуға болады.

1кПа- қанша Паскаль бар?



Жауабы: 1000 Па

  1. Әртүрлі массасы бірдей екі ыдысқа су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?

Жауабы:Бірдей болмайды, себебі қысым күші сұйық бағанының биіктігіне  және тығыздығына тәуелді болады



Зертттеуге

бағытталған оқу
Түсіну

Қолдану
6мин

Талдау

Жинақтау

7мин

«Білгенге маржан»

жұптық жұмыс
10мин

Жеке жұмыстар

2мин

Бағалау

Оқулықпен жұмыс

3мин


Мағынаны аш

1.топ: Қатынас ыдыстар дегеніміз не екенін түсіндіріңдер. Тегі бірдей сұйықтың қысымы мен биіктігі (мәтінмен жұмыс) \

2.топ: Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына тәуелділігін тәжірбие арқылы көрсетіп, түсіндіру (тәжірибе)

3.топ: «Галарея» әдісі бойынша (оқушылар әртүрлі қатынас ыдыстардың суретін салып, солар бойынша түсінік айтады) қатынас ыдыстарды түсіндіру

Топтың жұмысы смайликтер арқылы бағаланады.


Ойымызды жинақтау

тәжірибе

Егер қатынас ыдыстардың әр тармағына әртекті сұйық құйылса, онда сұйықтар тепе теңдікке келгенде олардың деңгейлері бірдей болмайды. Мысалы үшін мынадай тәжірибе қарастырайық. Қатынас ыдыстардың тармақтарының біріне глицерин, ал екіншісіне су құяйық. Сонда глицериннің һ2 бағаны судың һ1 бағанын теңгеретінін байқаймызх, яғни һ1 һ2. Өйткені сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанының биіктігі мен оның тығыздығына тура пропортционал p= ρgh болатынын білеміз

Демек, екі тармақтағы қысымдар тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады һ1 һ2. Яғни тармақтардағы қысымдардың теңдігінен, сұйықтардың тепе теңдік шартын ескерсек бұдан

һ1/ һ2= ρ2/ ρ1


Қатынас ыдыстардағы сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропортционал

Электронды оқулық
(карточкамен жұмыс)

  1. Кофе құйғыштарының қайсысына көп сұйық құйылады? Дұрыс тұжырымды көрсет.

2. Шыны қатынас ыдысының біреуіне су, екіншісіне спирт құйылған. Қай түтігіне спирт құйылған? Дұрыс тұжырымды көрсет.


3. Егер шүмекті ашса бір ыдыстан екінші ыдысқа су құйылады ма? Дұрыс тұжырымды көрсет.



А) Құйылмайды.
Ә) Су бірінші ыдыстан екінші ыдысқа құйылады.
Б) Су екінші ыдыстан бірінші ыдысқа құйылады.
Қатынас ыдыстарды ата?

Қатынас ыдыстардың қасиеттері қандай қондырғыларда пайдаланылады?Мысал

Су құбырының жұмыс істеу принципі неге негізделген?

2 тапсырма Ойлан тап!

1)1км тереңдіктегі судың қысымын есепте.

2) 2км тереңдіктегі судың қысымын есепте.

3) 5км тереңдіктегі судың қысымын есепте.

Дискриптор бағалау парағы есепке арналады 2мин

Бағалау критерийі

Дескриптор


Балл

Қысым формуласын пайдаланып есептер шығарады

Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді


1

Кестені пайдаланып, сұйықтың тығыздығының мәнін табады

1

Сұйық бағанының биіктігіне, тығыздығына тәуелділігі арқылы қысымды есептейді

1

Жалпы балл

3

Тақырып бойынша жаңа сөздер

Үш тілде атауы

Дәптерге жазу

қазақша

орысша

ағылшынша

қатынас ыдыс

сообщающиеся сосуды

communicating vessels

шыны түтік

стеклянная трубка

glass tube

шәйнек

чайник

Kettle




Оқулық,


Слайдтар

http://bilimland.kz/k


Қатынас ыдыстар

су, глицерин, спирт

Карточкалар


Сабақтың соңы 1мин


Кері байланыс

2мин

Үйге тапсырма: Бұрқақты қалай жасауға болатынын ойлап көріңдер. Оның сызба-нұсқасын сызыңдар және мұндай қондырғының қалай жұмыс істейтінін түсіндір.
«Ашық микрофон» әдісі арқылы рефлексия жасау


Саралау

Бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырма бойынша (деңгейліктапсырмалар),

қарым-қатынас формалары бойынша, мазмұн бойынша



Смайликтер




Физика кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін ұмытпау




Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Облыс: Ақтөбе облысы

Қала: Ақтөбе қаласы

Мектеп: № 22 орта мектебі

Пәні: физика пәні мұғалімі

Мұғалім: Байдекешова Нурбиби Кайыржановна
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет