Англия мен Франция Германияга согыс жариялаганымен батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бүл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксембург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бель- гияны жеңгеннен кейін негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сүрауга мэжбүр болды.
Сонымен Батыс Еуропадагы эскери іс-қимылды аяқтаган фа- шистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одагын басып алуга дайындықты бастайды. Басып алган мемлекеттердің экономикалық, эскери ресурстарын өз мүддесіне пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одагына қарсы согысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмэнсіз сенді. Ал, Сталин жэне оның төңірегіндегілер 1939 жылгы келісімге сеніп, Германия тарапынан согыс қаупін күтпеді.
КСРО-га қарсы согыс жоспары "Барбаросса" деген атпен белгілі. "Барбаросса" жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарган Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогога багытталды. "Солтүстік" тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарган ең күшті "Орталық тобы" Мәскеуге багытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаган "Оңтүстік тобы" Украинаны басып алуга тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одагын жаулап алу жоспарында Қазақстанга үлкен мэн берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртүтас Герман этнотерриториялық кеңістігін қүру көзделді. Бүл аумақты славян халықтарынан тазарту жэне түрік-моңгол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияга қызмет ететін Қараганды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын қүру жоспарланды.
1941 жылдыц 22 маусымында фашистік Германия эскері Кецес Одагына түтқиылдан, согыс жарияламастан басып кірді. Кецес халқыныц ¥лы Отан согысы, ягни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету согысы басталды. Кецестік әскери күш бейбіт уақыт жоспа- рынасайорналасқандықтансогыс қимылдарыбасталганаумаққатар- тылуы барысында, жау согыстыц алгашқы бес айында мемлекеттіц 5% халқы түратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшініц 70% — 5,5 млн адамнан түратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мыц үшақ шогырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі ece, танктен үш ece, үшақтан3 ece, артиллериядан — 1,3 ece басым болды. Осыған қарамастаншекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқыүрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің қүрамында жаудың алғашқы соққысынаА.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқүлов, А.Наганов,Г.Жүматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов жэне басқақазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпенкөзге түсті.
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар жэне 4 атты әскердивизиясы, 7 атқыштар бригадасы жэне 50-ге жуық жеке полктермен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстанаумағында жасақталған әскери қүрылымдар соғыстың алғашқыкүндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Мэскеутүбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен қүрметке ие болды.Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі — Волоколамск тасжолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясыгенерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерліктанытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк,моторлы жэне екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Мәскеутүбіндегі шайқаста, эсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарғанбөлімше — 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп,асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8- гвардиялықдеген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Ри-ганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденіменмарапатталды. Бүл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер КеңесОдағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамсктүбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы,қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағыберілді.
Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышүлы Мәскеу түбіндегішайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бүзып шықты.Соғысты Б.Момышүлы полковник лауазымымен, 9- гвардиялықатқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.Белгілі орыс жазушысы А.Бектің "Волоколамское шоссе" повесіБ.Момышүлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтседе, Б.Момышүлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәре-жесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
И.В.Панфилов дивизиясы қүрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойы ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мэжбүр болды. Мәскеу түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев жэне т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бүл шайқасқа қазақстандық 238- дивизия, 19- атқыштар бригадасы да қатысты.
"Барбаросса" жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бүл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кав- казды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер қүпия дайындалып, оған "Блау" деген ат қойды. Фашистер бүл жерлерді жаулап алуға үлкен мэн берді. Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер аумақтарынан мүнай тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мүнайына үлкен үміт артты. Тағы бір себеп — фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порт- тарын басып алып, одақтастары — Англия, АҚШ-пен байланысын үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорганыс өнеркәсіптері коп шогырланган шикізат козіне бай орталық болды. Сондықтан фашистер бүл багыттагы согыс қимылдарының сэтті аяқталуына үлкен мэн берді.
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград багытына 42 дивизия, тамызда — 69, ал қыркүйекте — 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені, кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Мәскеу багытында күтіп, негізгі әскери күшті осы багытқа шогырландырды. Өйткені "Блау" бойынша, Кеңес барлаушыларын жалган жолга түсіріп, шабуыл Мэскеу багытында қайта жанданады деген ақпарат таратылган еді. Сталинград багытындагы шайқастарга төмендегідей қазақстандық эскери қүрылымдар қатысты: 292- атқыштар дивизиясы ретінде қайта қүрылган 74- Аралдық атқыштар бригадасы, 387- атқыштар дивизиясы, 27- атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75- атқыштар кейінгі 3- гвардиялық атқыштар бригадасы. 3- атқыштар бригадасы Сталинград түбіндегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін түтқынга алды. Сонымен бірге, бүл шайқасқа 81- атты әскер дивизиясы, 152- атқыштар бригадасы, 129- миномет полкі мен 196- жеке көпір қүрылысы батальоны қатысты.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауда- нында болган эуе шайқасында қарагандылық үшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген үшағып жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров,минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағыерліктері үшін ¥лы Отан соғысы батыры атағына ие болды. Сталин-градта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтарқүрметіне "Казахстанская" аталған көше бар. Бірнеше айға созылғанСталинград шайқасы 1943 жылдың басында жаудың жеңілуіменаяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екіншідүниежүзілік согыстагы түбегейлі бетбүрысқа шешуші үлес қосты. жылы фашистер Кеңестер Одагын басып алу мақсатындажаңа операция жоспарлады. Бүл операцияга "Цитадель" деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияныңәлсірегенін сезген бүрынгы одақтастары бастапқы міндеттеріненбас тартып, дүниежүзілік согыстан шыгу жолдарын іздеу үстіндеболды. Сондықтан Германия бүл операцияның сәтті аяқталуынабар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуга тырысты. "Цитадель"операциясына фашистер 900000 эскер қатыстыруды жоспарлады.Шайқасқа іріктелген фашистік дивизиялар: "Рейх", "¥лы Германия", "Фикинг", "Адольф Гитлер" жэне т.б., барлық танктердің 70%,барлық үшақтардың 65% тартылды. 5- шілдеде басталган Курскшайқасы шілденің аягында кеңестер әскерінің жеңісімен аяқталды.Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақстандық әскериқүрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастагы ерлігі үшін123 қазақстандық ¥лы Отан согысы Батыры атагына ие болды.
жылы Германияның жеңілетіні белгілі болганнан кейін,ендігі жерде согыс қимылдарын Кеңес Одагы бақылауга алды.Осы жылы Кеңес үкіметі "Берлин" операциясын бастайды. Бүлоперацияның мақсаты — неміс фашистерін Кеңестер Одагыаумагынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды.
"Достық көмек" идеологиясын жамылган Кеңестер Одагыболашақта азат еткен мемлекеттер саясатына араласуды, тіптікейбір мемлекеттерді өз бақылауында үстауды көздеді. Өйткені басты жауы — Германияны жеңгеннен кейін, Кеңестер Одагы әлем-дік билікке талпынып, социалистік мемлекеттер жүйесін қүрудыжоспарлады.
Шыгыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкенерлік көрсетті. Шыгыс Пруссия аумагын азат етуде көрсеткенерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одагының Батыры атагын алды. Олар — ВААндреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин,Т.КАбилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга жэне т.б.
Словакия аумағын жаудан азат етуге 4- Украина майданы қүрамында қазақстандық 8- атқыштар дивизиясы қатысты. Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының қүрамындағы 62- артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ty орденімен, 151- Карпат полкі 3- дәрежелі Кутузов орденімен, 310- атқыштар полкі 3- дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.
72- жэне 73- гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Австрия аумақтарын жаудан азат етуге қатысты. Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық МА.Пупков Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат етуші 105- гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель, Г.Сливных, ЖАминов қаһармандықтарымен көзге түсті.
Прага операциясына 118, 88, 314, 8- атқыштар, 72- гвардиялық атқыштар дивизиясы қатысып, бүл операцияда 992- алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бүл полк екінші дәрежелі Б.Хмельницкий жэне 3- дәрежелі Суворов ордендерімен үш мэрте марапатталды. 992- полк 7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бомба тастап, 3 үшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 көпірді жэне т.б. жойды. Прага операциясы барысында 52- армия қүрамындағы алматылық 556- эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Бүл эскадрилия түтқиылдан 4050 шабуыл жасап, 2350 мэрте жау аумағын бомбалаған. Қүрамындағы 14 адамның 10-ы үкімет тарапынан марапатталады.
Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық үшқыштар 2, 8, 5- эуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқа- стардағы ерлігі үшін СА.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. ¥шқыштар: Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский жэне Л.И.Беда 2 мэрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26- маусымында, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А.Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж қүрамындағы Б.Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды.
Берлин операциясына қазақстандық 118-, 313- атқыштар дивизиялары жэне 209- атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118- атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Согыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандықерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ep азаматтармен бірдейкөтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сүранып,әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды.Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сүраныпөтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал,Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті.Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттармен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскериқүрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қаруалып, майданға аттанған қазақ жүлдыздары — Әлия мен МэншүкҚазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгергенқазақ қызы — Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Расковабасқарған әйелдер авиациясының қүрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мэрте әуеге көтерілді. 2004- жылы Президенттіңжарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Ca-фарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалықрадиостанция бастығы болып, Ленинград майданында aca ерлігіменкөзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда қүрылған 34-жеке әйелдерротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып,бірнеше марапаттарға ие болды.