Алайда, бүл жүргізілген шаралар колхоздарды нығайта алмады. Ауылшаруашылық өндірісінің өнімділігін арттырып, мал шаруашылығын өркендете алмады. Керісінше ауылшаруашылық артельдерінің жер пайдалану тэртібін бүзу орын алды. Колхозшылар тарапынан колхоз меншігіндегі жерлерден үй маңындағы жерлерді кеңейту кең өрістеді. Үй маңындағы жерлерді кеңейту көптеген колхоз мүшелерінің колхоз ісіне деген селқостығын күшейтті. Осыған байланысты Кеңес үкіметі колхоз жерлерін тиімді иелену мәселесін көтеруге мэжбүр болды. Колхоздарды одан эрі нығайту шарасының бір бөлшегі ретінде ауылшаруашылығы артельдерінің тэртібін бүзушыларға қарсы күресті бастады. Үй маңындағы жерлерді өлшеп, артық жерлерді колхозға қайтарды.
Большевиктер шаруашылыққа тікелей араласуды тоқтатпады. Мал шаруашылығының артта қалуын тікелей араласу жолымен шешуді көздеді. 1939 жылы 8 шілдеде БК(б)П Орталық комитеті "Колхоздарда қоғамдық малды дамыту шаралары туралы" қаулы қабылдайды. Осы қаулыда колхоздарда екі-үш тауарлы фермалар (оның ішінде біреуі ipi қара мал, екіншісі қой немесе басқа түліктен) қүру белгіленеді. Осыған орай колхоздар мал санын арттыруға ын- таланады деген есеппен жаңа ет өткізу жүйесін белгілейді. Алайда, бүл негізінен колхоздарды күштеп малдың үстауға тиімсіз түрлерін дамытуға итермелеген шаралар болды. Колхоздардың еріктілігі шектелді, экімшілік басқару жүйесі одан эрі күш алды.
Сонымен, Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистікжолмен қайта қүру жолында жүргізген шаралары тиімді нәтижебермеді. Керісінше, бүл реформалар шаруалардың еңбекке деген ын-тасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығынсоциалистік жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи эртүрліжаңа шаралар жүргізіп отырды.
4. Қоғамдық-саяси өмір
Өлкенің қоғамдық-саяси өміріне бағыт-бағдар берген біріншібүкілқазақтық партия конференциясы 1921 ж. маусымда болды.Ол елдегі экономикалық жағдаймен қатар қоғамдық-саяси өмірдіңмэселелерін қарастырып, ауылда социалистік қүрлысты жүзегеасыруды міндеттеді. Осы міндетті жүзеге асыру үшін ең алдыменкеңестердіқүрумәселесінқолғаалды. 1921 жылыҚазақстанОрталықАтқару Комитеті кеңестерге сайлау ережесін бекітті. Осы ережебойынша селолық, ауылдық жэне қалалық кеңес депутаттарыныңмерзімі 6 ай болды. Губерниялық, уездік жэне болыстық атқарукомитеттері 6 айға, ал ҚОАК-ті — 1 жылға сайланды. Кеңестердегіхалық өкілдерінің нормаларын көбейтті. 150 түрғындары бар ауыл-дарда кеңестер қүрылды, яғни 50 түрғынға бір депутат сәйкес келді.Бүрын кеңестер 300 түрғындары бар ауылдарда қүрылуға тиіс еді.
Республикадағы Кеңес үкіметін қүру үрдісі өте қиын жағдайдажүрді. Большевиктер үшін капиталистік елдер қоршауында түрыпсоциализмді экономикасы артта қалған елде жүзеге асыру өтекүрделі болды. Сонымен қатар социализм идеясы қазақ қоғамынажат еді. Соған қарамай Кеңес үкіметі түтас Ресей аумағындағыхалықтарды біріктіруге күш салды. Ресейдегі халықтарды біріктірумәселесі партияның Орталық комитетінде талқыланды. Бүл мәселебойынша екі пікір болды. Сталин «автономизация» идеясынүсынды, яғни барлық үлттарды, барлық кеңестік республикалардыРКФСР қүрамына автономия қүқында ендіру. Ленин кеңестік респу-бликалар одағын қүруды үсынды. 1922 жылы Орталық комитеттіңқазан пленумында Украина, Белоруссия, Закавказ республикала-ры жэне РКФСР арасында KCPO қүру жонінде келісім жасау қажетдеп қаулы қабылдады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде KCPOКеңестерінің бірінші съезі болды. Съезд KCPO қүрылғандығы туралы декларацияны жэне одақтық келісімді қабылдады. Съезд еңжоғарғы заң шығарушы орган KCPO OAK сайлады. Қазақстан KCPOқүрамына РКФСР қүрамындағы автономиялық республика болып енді.
Алайда, республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі толғағы жеткен мэселелерді шеше алатын, жергілікті халыққа түсінікті жэне де жақын кеңестік мемлекеттік аппарат қүру өте қиын болды. Жаңа кеңестік экімшілік аппаратына жүмысқа тартуға жарайтын, жергілікті халық арасынан шыққан, даярлығы бар адамдар өте аз болды. Әкімшілік орындарындағы еуропалық үлт өкілдерінің көбісі шовинистік пиғылдағы қызметкерлер болды. Олар жаңа биліктің жергілікті халықтың талап-тілегіне, мүң-мүқтажына сай жүмыс істеуін қамтамасыз етпеді.
Кеңес үкіметі экімшілік басқару орындарын жергіліктендіру — қазақтандыру саясатын жүзеге асыруды қолға алды. Алғашқы кезде Кеңес үкіметі амалсыздан Алаш зиялыларын өлкедегі кеңестік қызметтерге пайдалануға мэжбүр болды. Себебі, қазақ зиялы қауымының басым бөлігі алашордалықтар болды. Сондықтан да большевиктердің бүрынғы партиялылығы мен саяси белсенділігін есепке ала отырып, көптеген зиялыларды жүмысқа тартуына тура келді.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында жергіліктендіру шарала- ры кеңес жэне партия аппараттарында қазақтардың үлесін көбейту түрінде көрініс берді. Алайда, Қазақстанға Ф. Голощекиннің басшы болып келуіне байланысты оның сипаты өзгерді. Ол жергіліктен- діруді бүрын едәуір ауқым алып келген қазақ үлтының өкілділігі туралы мәселенің орнына қазақ бүқарасының өзін кеңестендіру мэселесіне айналдырды. Яғни, Қазақстанның жаңа басшысы қазақтандыру саясатын үлттық мәнінен біржолата айырып, оны таптық арнадағы кеңестендіру шараларына қосып жіберді.
Қазақ АКСР-нің ОАК-ті қазақ жэне орыс тілдерін пайдалану тэртібі туралы декрет қабылдады. Декретте кеңес үкіметінің заң қүжаттарын екі тілде жариялау, жоғарыдан төменге дейін екі тілде қатынас жасау міндеттері белгіленді. Осыған орай Қазақстан өкіметі барлық халық комиссарлары мен ҚОАК-нің мүшелеріне қазақ тілін жедел игеруге кірісуді үсынды. 1923 жылы 22 қарашада "Ic қағаздарын қазақ тілінде жүргізу туралы" жаңа декрет қабылданып, барлық облыстар мен кейбір уездерде 1924 жылдың 1 қаңтарынан іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді үсынды. Бүл науқан көптеген жерлерде қазақтардың орыс тілінен мүлде хабарсыздығынан, ал партия жэне кеңес қызметіндегі еуропалық үлт өкілдерінің қазақтардан мүлде оқшауланып қалғандығынан, Кеңес үкіметінің амалсыздан жүргізген шарасы еді. ҚОАК-ті мен Халық Комиссарлар Кеңесініңқаулысымен ic қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге көшірудің соңғымерзімі 1927 жылдың 1 қазаны болып белгіленді.
Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке түрғын-дарының сауатын ашу мэселесін көтерді. Әсіресе, ол үкіметтің 1929жылы "Сауатсыздықты жою жөніндегі жүмыс туралы" қаулысынанкейін кең өрістеді. Алайда, сауатсыздықты жою шаралары қаржытапшылығы, мүғалімдердің, оқулықтар мен оқу қүралдарыныңжетіспеуі сияқты үлкен қиыншылықтарға тап болды.
Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ici қолғаалынды. 1928/29 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық,29 екінші сатыдағы мектептер жүмыс істеді. Білім беру саласын-да үлттық мектептер жүйесі қалыптаса бастады. 1927 жылы қазақмектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішіндемектеп үйі барлар саны 40-қа әзер жетті. VI партия конферен-циясында мектептердің көбі тек қағаз жүзінде екені, ауылдағымектептердің үйі жоқ, үйі болса орындықтары жоқ, орындықтарыболса оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту жүмыстары жүргізілді. 1935жылы мектеп жасындағы балалардың 91% оқуға тартылды. 1935/36оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді.
Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесіменде айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы —Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялықлабораториясы, 1924 жылы — өлкелік өсімдікті қорғау станциясы,1925 жылы — санитарлық-бактериологиялық институты ашыл-ды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары,15 тэжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б. ғылымиорталықтар жүмыс істеді. Осы кезде KCPO FA-ның қазақстандықбазасы қүрылып, 1938 жылы KCPO ҒА-ның филиалына айналды.Геология жэне биология ғылымдарының нэтижелері бүкілодақтықкөлемде танымал болды.
20—30 жылдары ЖАймауытов, А.Байтүрсынов, М.Жүмабаев,Ш.Қүдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. АқынМ.Жүмабаевты замандастары өте жоғары бағалаған. Оның поэзия-сы өзінің нәзіктігімен, жаңашылдығымен, адам жанының тазалығымен сүлулығын терең меңгергендігімен ерекшеленді. М.Жүмабаевөзінің шығармаларында жалпы адамзаттық қүндылықтарды, өзініңжеріне, еліне деген сүйіспеншілікті жырлады.
Кеңес үкіметі үлттық эдебиеттің орнына кеңестік эдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мүқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов жэне т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.
1926 жылы кэсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театры ашылды. Оны Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқүлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков сияқты, кейін қазақ театр өнерінің майталмандары болғандар үйымдастырды. Әнші Ә.Қашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқты Еуропаның ipi қалаларының концерт залдарында өз өнерін көрсетті. Соғыс қарсаңында республикада қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, қазақ мемлекеттік опера жэне балет театры, үлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, республикалық қуыршақ театры жүмыс істеді.
Алайда, Кеңес үкіметі таптық мүддені үлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық жэне пролетарлық. Сондықтан да қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлі мәдени мүралары, ескі феодалдық қүрылыстың қалдықтары деп, үлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халықтың тарихи ca- насын жоюға бағытталған шараның бірі 20- жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауы- стыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір үрпақтың ғана ғүмырында қазақтар өзінің төл жазуымен дүниеге келген үлттық рухани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бүл жүргізілген шаралардың бэрі де большевиктік тэртіптің күшейгенін, экімшіл-эміршіл жүйенің толық орныққанын көрсетеді.
Большевиктер партиясы демократиялық мемлекет қүрамыз, үлт мәселесін үлттардың өзін-өзі билеу принциптерімен шешеміз деп көлгірсігенімен, шын мэнінде, олар партияның ықпалын артты- pa отырып, бір орталыққа бағынған мемлекет қүрды. Большевиктер қүрған қазақ автономиясы дербес автономиялық республика атанғанымен, Ресейдің бөлінбес бөлшегі болды. Өлкені басқару мэселесі жергілікті үлт өкілдерінің қолына толық берілмеді. Шын мэнінде, бүл Қазақстанды кеңестік саяси отарлау еді.
Большевиктердің үлттық аймақтарда жүргізіп отырған саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған M. Шоқай болды. Ол XX ғасырдағы қазақ саяси эмиграциясының тарихын бастау- шы болды. Эмиграция сөзінің мағынасы экономикалық, саяси жэнедіни себептерге байланысты өз еркімен немесе еріксіз басқа мемле-кетке қоиыс аударуды көрсетеді. Түркістаи саяси эмиграциясы тарихи көрініс ретінде 1917 жылғы Ресейдегі революциялық сілкіиістериэтижесіиде иайда болды. Қоқан автономиясы қуылғаи соң M.Шоқай Францияға қоныс аударады. Онда ол Париждің "Дни", "Последние новости" газеттерінде Түркістандағы ішкі саяси жағдайғаталдау жасаған мақалаларын жариялайды. 1929—39 жылдары ол"Яш Туркестан" журналын (117 нөмірі жарық көрді) шығарып, оныңбеттерінде кеңестік Түркістан мен дүние жүзіндегі оқиғаларға кеңсыни талдау жасайды.
Большевиктердің елде кеңес үкіметін орнату жолдары мен әлеу-меттіксаладағысоциалистікқайтақүрусаясатықазақзиялыларыныңқарсылығын туғызды. Алайда, осы социалистік қайта қүру саясатынжүзеге асыру үшін белгіленген реформаларды пікір-талас негізіндеталқылап, олардың дүрыс-бүрыстығын анықтаудың орнына партиябасшылары, өз көзқарастарын білдірген қазақ партия жэне кеңесқайраткерлерін айыптады. Өлкедегі жалпы большевиктік айыптаужэне қуғындау саясатының ең алғашқысы түрікшілдікті айыптау болды. 1920 жылдың 20—26 қаңтарында Ташкент қаласындаТүркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Ондамүсылмандар бюросының төрағасы Т.Рысқүлов "¥лт мэселесі жэнеүлттық коммунистік секциялар" туралы баяндама жасады. ОндаТүркістан республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы барүлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік саяси үйым қүруқажеттілігі туралы айтылды. Конференция T. Рысқүлов үсынысыменжаңа саяси үйымды "Түрік халықтарының коммунистік партиясы"деп атауға шешім қабылдады. T. Рысқүловтың түрікшілдік идеяныжүзеге асырудағы ең батыл қадамы Мүсбюроның төтенше III конфе-ренциясында (1920 жылы 25 қаңтар) "Түркістан автономиялылығытуралы" тезистерін қабылдау болды. T. Рысқүловтың Түрік респу-бликасын қүру туралы идеясы келешектегі түрік мемлекеттерініңконфедерациясын қүруға апаратын жол еді. 1917 жылы Түркістан(Қоқан) автономиясын үйымдастырған Мүстафа Шоқайдың арма-ны да осындай конфедерациялық мемлекет қүру еді. Алайда, большевиктер Т.Рысқүловтың "Түрік республикасын қүру" туралы иде-ясына қарсы шығып, үлтшыл деп айыптады.