Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет36/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60

Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта қүру тэжірибесінде тәркілеу саясатымен шектелмеді. Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде кооперативтендіру арқылысоциалистікірі ауылшаруашылықүжымына біріктіру туралы 1927 жылы желтоқсанда өткен партияның XV съезінің шешімдерін жүзеге асыруға кірісті. Алайда үкімет біртіндеп қүрылып жатқан колхоздарға материалдық жағынан көмекті күшейту шарасының орнына, керісінше нүсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек алуына жол ашты. Орталық билік колхоз қүрылысындағы біртіндеп өзбетінше жүріп жатқан қозғалысты жоспарлы іс-әрекетке үластырды. Үкімет органдарының жоспарлаған межелерін партия үйымдары да қайта талқылады, соның нәтижесінде жоспардың өзі бірнеше рет өзгерістерге үшырады. Ал енді бес жылдық жоспарды белгілеу кезінде мемлекеттік жоспарлау комитеті бүл жоспардағы санды тағы үлғайтты.

Жергілікті жерлерде жоғары басшылық белгілеген межеден асып түсу үшін күрес басталды. Оның күшеюіне Қазан революциясының 12 жылдық мерекесіне орай «Правда» газетінде жарияланған Сталиннің "¥лы бетбүрыс жылы" деген мақаласы түрткі болды. Сталин "шаруалар жаппай мақтау түтып келген жеке меншік туын лақтырып тастап, үжымдастыру рельсіне көшуде" деген пікір айт- ты. Ал 1929 жылы 10—17 қарашада өткен БК(б)П Орталық Комите- тінің пленумында Молотов та келесі жылы тек "үжымдастырылған облыстар ғана емес, үжымдастырылған республикалар туралы да айтуға болады" деген көзқарасты білдірді.

1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «¥жымда- стыру қарқыны жэне мемлекеттің колхоз қүрылысына көмек ша- ралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда Орталық комитет жап- пай үжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы үжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. Оларға Орта жэне төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандарда ша­руа қожалықтарын социалистік жолмен қайта қүруды 1931 жылдың көктемінде аяқтау белгіленді; екінші топқа елдің Украина, Орталық қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазақстанның астықты ау­дандары жатты. Бүл аудандарда үжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға үзартылды, яғни шаруа қожалықтарын үжымдастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді. Бүл жерлерде шаруа қожалықтарын үжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни бірінші бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды. Көшпелі қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды.

Алайда, Қазақстанда үжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда баяу жүргізілуі тиіс деген пікірге Ф.И.Голощекин мүлде қосылмады. Ол Қазақстанның кенже дамыған аймақ екеніне қарамай, үжымдастырудың жоғары қарқынын мақтаныш етті. Го­лощекин Жер халық комиссариатының комиссары Яковлевке (ол Бүкілодақтық ауылшаруашылық үжымдары кеңесінің төрағасы) жэне РКФСР XKK төрағасының орынбасары T. Рысқүловқа жіберген жеделхатында 1929—1930 жылдарыреспубликадаүжымдастыруды күшейту үшін жоспардың қайта қаралғанын, сөйтіп 1930 жылдың күзіне қарай үжымдастырумен 350 мың шаруашылықтың қамты- латынын көрсетті. Осыған байланысты бүкіл республикадағы үжымдастыру жоспары қайта қаралды.

Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана үжымдастырылса, 1930 жылы 50 проценті, 1931 жылдың қазанында 65 проценті үжымдастырылды, яғни үжымдастыру қарқыны жеделдетілді. 1931 жылы республикадағы 122 ауданның 78 ауданында үжымдастырумен 70-тен 100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылды.

Шаруа қожалықтарын үжымдастырудың жеделдетілген қар- қыны күштеп жүзеге асырылды. ¥жымдастыруды жүзеге асыру ба­рысында еріктілік, қоғамдастыру принциптері толық бүрмаланды. ¥жымдастыруға байланысты жүргізілген шараларда кімнің осы шараға қарсы екенін айқындау бірінші орынға қойылды. Кімде-кім қарсы болса, ол тіптен кедей шаруа болса да, тап жауы қатарына жатқызылды. ¥жымдастырылған шаруашылықтарға жүмыс күші болып саналатын малды ғана қоғамдастырудың орнына, барлық малды түгелдей алу шаралары жүргізілді. Күштеу, зорлық- зомбылық көрсету арқылы үжымдастыру шаралары тездетілді. Күштеп үжымдастырушылар қазақ қоғамындағы дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігін мүлде еске алмады. "Асыра сілтеу болмасын, аша түяқ қалмасын", "Қайдан тапсаң онан тап, қаптың түбін қақ", "Социализмде сотқа тартылмаған адам болмайды" де­ген үр да жық үрандар елдің түбіне жетті.

Алайда үжымдастыруды жүзеге асыру барысында жіберілген зорлық-зомбылықтар Орталық Комитеттің 1930 жылы 14 науры- зында қабылданған "Колхоз қозғалысындағы партия бағытын бүрмалаушылықпен күрес туралы" қаулысында партия бағытын бүрмалау деп қана бағаланды. Большевиктік орталық билік ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан шаралардың бэрін дүрыс деп есептеп, кемшіліктердіжіберіп отырғандарменкүресуқажетдеді. Ол кемшіліктердің жалпы жүргізіп отырылған саясаттың қателігінен екендігі, яғни үкіметтің шешімдері мен солақай нүсқаулары нәтижесінде болып жатқаны мойындалмады.

Күштеп үжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қарқынмен жүргізілді. KCPO OAK мен ХКК-нің 1930 жылы 1 ақпанда қабылдаған "Жаппай үжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта қүруды нығайту жэне кулактармен күрес шаралары туралы" қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор ба- сталды. Шаруа қожалықтарынан бай-кулактарды бөліп алып, олар­ды тап ретінде жою жүзеге асырылды. Бай-кулактарды үш топқа бөліп жазалады. Бірінші топқа контрреволюцияшыл белсенділер жатқызылды. Ондай топқа енген шаруалар бірден түтқындалып, олардың ici сотқа берілді. Екінші топқа ipi кулактар жатқызылды. Бүл топқа енген шаруаларды да бірден үстап, солтүстікке неме­се жаппай үжымдастыру аудандарынан алыс аудандарға жер ay- дарды. Ал, үшінші топқа кулактар отбасылары жатты. Оларды сол үжымдастыру аудандарындағы колхоздар бөлген жерлерге қоныстандырды.

Енді осы шаралардың жүзеге асырылуы барысында жазалануға белгіленген топтармен қатар сол үкім шығарылып, жазаға тартылғандар арасында орташалар, тіптен кедейлер де болған. 1928—1929 жылдарда бай-кулактар есебіне алынып жазаға тартылғандар, яғни қудаланғандар есебі 54 625 болды. 1931 жылы 5500 шаруа бай-кулак ретінде аластатылды. Ал енді 1928 жылғы тәркілеу кезіндегі қазақ қоғамындағы бай-феодалдар саны тек 696 ғана болғанын ескерсек, бүлардың да кімдер екені белгілі. Бүл сан- дарды нақты деп айту қиын, себебі жауапқа тартатын органдардың саны өте көп болды. Мысалы, 1932 жылы Юстиция Халық Комис­сары өзінің өте қүпия хатында барлық жауапқа тартылғандардың бар болғаны 37,3 проценті кулактар екенін, ал қалғаны қатардағы еңбекшілер екенін мойындаған.

Күштеи үжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудыр- ды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтай- дан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бүл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30-дан астам үлкенді-кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтері- лістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара көтерілістері жатады. 1929—1930 жылдар аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Ф. Голощекин Сталинге хабарлауға мэжбүр болды. 1929—1931 жж. өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бүл наразылықтардың негізгі себебін байлар мен дін басыларының Кеңес үкіметіне қарсы халықты үйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бүл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды.

Кеңес үкіметі сонымен қатар көшпелі жэне жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіріп, бүрын болмаған әлеуметтік тәжірибеге жол берді. Мүның бірден-бір себебі, астық мәселесін күрделендірген гипердинамикалық инду- стриалды даму жоспары болды. Өндірісте істейтін миллиондаған жүмысшылар мен қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету міндеті түрды. Ал Қазақстанда астықты аудандарды үлғайту мәселесі егін егуге қолайлы жерлерді жайылымға пайдаланып отырған көшпелі шаруашылықпен қарама-қайшы келді. Міне, осы кезде көшпелі жэне жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіру жүзеге асырылды жэне ол үжымдастырумен қатар жүрді. Отырықшылыққа көшетін қазақ- тарды үймен қамтамасыз ету мәселесі өте қажет жэне бірінші түрған міндет деп санамады. Керісінше олардың өз киіз үйлерін пайдалануға болады деп есептеді.

Большевиктер жүргізген күштеп үжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы бол­ды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске үшырады.

¥жымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдасты- рылған мал шығынға үшырады. Сонымен қатар, малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға жүмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің VI Пленумында 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4 млн. ғана мал қалғанын мойындауға мэжбүр болды.

¥жымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының ба­сына үлкен апат әкелді. Күшпен үжымдастырылған жэне мате- риалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске үшырап, нәтижесінде 1932—33 жылдары халық аштыққа үшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Аштықтан өлген адамдарды жинап, көмуге мүмкіндік болмаған. Аштықтың салдарынан адам етін жеу фактілері де өте көп болған. Осындай жантүршігерлік көріністер туралы мәліметтерді зерттеушілер тәуелсіздік алғаннан кейін ар­хив қойнауынан алып жариялады. Аштыққа үшыраған қазақтар босқын болып, елден шет аймақтарға үдере көшті. Қазақстаннан шет аймақтарға кеткен қазақ босқындарының ауыр да жанкешті түрмысы туралы да деректер жеткілікті. Зерттеушілер 1930—1932 жылдары шетелге кеткен қазақтар санын, қайтып келгендерді шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді.

Қазақтардың аштықтан қырылуы жэне шет аймақтарға үдере көшуі нәтижесінде халық саны күрт азайды, яғни демографиялық апатқа әкелді. Мысалы, 1937 жылдың басында халықшаруашылығы есебінің бастығы M. Саматовтың JI. Мирзоянға берген мәліметі бойынша 1930 жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында халық саны 2 есеге кеміген.

Қазақ халқының ауыр жағдайын Қызыл крест жэне Қызыл жар­ты ай қоғамының баяндама хаттарынан жэне Ресейдің басшы мем­лекет қайраткері ретінде жергілікті жерлерден Мәскеуге келіп түсіп жатқан басқа да мәліметтерден хабардар болған T. Рысқүлов, көп кешікпей-ақ Сталинге хат жазады. Аштыққа байланысты жоғарғы партия мен үкімет басшыларына жазылған хаттар қатарын 0. Исаевтің жэне "Бесеудің хаты" толықтырады.

Ауыл шаруашылығын күштеп үжымдастырудың осындай зардап­тары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте "Ауыл шаруашылығы туралы" қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы "кемшіліктерді түзеу" бағыты белгіленеді. Алайда қаулы өлкелік комитеттің жүргізген саясатын айыптама- ды, тіпті, ол қаулыда аштық туралы бір сөз жоқ. Қаулы егіншілік аудандарында жеке меншікте 2—3 бас сиыр, 10—20 бас қой, ал мал шаруашылығы аудандарында 100 бас қой, 8—10 бас ipi қара, 3—5 түйе, 8—10 жылқыға дейін үстауға рүқсат берді. Қазақстанда 624 ферма таратылды. Жойылған тауарлы фермалардан 216370 бас мал колхозшылардың өзіндік шаруашылықтарына пайдалануға берілді. Колхоздар мен совхоздардан 680 мың бас мал шаруалардың жеке меншігіне сатылды.

Екінші бесжылдық жоспарды орындау кезінде, яғни 1933-37 жылдары Кеңес үкіметі ауыл шаруашылығында үжымдастыруды аяқтау, ауыл шаруашылығын қайта қүру, колхоздарды үйымдық- шаруашылық жағынан нығайту міндеттерін белгіледі. Бүл шара- ларды жүзеге асыру үшін большевиктік партия республика ауыл шаруашылығын саяси нығайту қажет деп, колхоздар жанынан саяси бөлімдер қүрды. 1935 жылы үкімет колхоздарға жерді мэңгі пайдалануға берді. Осы жылы ТОЗ-дардан ауылшаруашылық артельдеріне көшіру басталды да, 1937 жылы бүл процесс толық аяқталды.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет