Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет34/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60

Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей аумағын түгел қамтыған "Жер кодексін" қабылдады. Осы кезден бастап жер туралы бүкіл мәселенің бэрі мемлекеттің идеологиялық қүндылықтарына негізделген қүқыққа ие болды. Бүл кодекс бойынша жермен түрғылықты халық қамтамасыз етілуі керек болды. Сонымен бірге автономияларға қосымша үсыныстар мен негіздемелер жасауға рүқсат етілді. Бүл кодекс отырықшы- егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі аудан- дар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы жермен толық қамтамасыз етілмеді.

Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі отарлық ca- ясатын жойғысы келгенімен, ic жүзінде жерді пайдалануды таптық түрғыдан шешті. Соның нәтижесінде жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударушылардың қүқығы теңестірілді. Оның үстіне пат­ша үкіметі кезінде жерге орналасқан басқа үлт өкілдері ол жер- ден айырылғысы келмей үлкен қарсылық көрсетті. Сонымен қатар олар өз иеліктеріндегі жердің межеленбеуін, яғни шекараларының айқындалмауын пайдаланып, жаңа жерлерді тартып алды.

Осы жағдайлар жер жэне жерге орналастыру мәселесін шешуді өте қиындатқанымен, жаңа экономикалық саясат шеңберінде азық- түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы 3—4 жыл ішінде қазақ ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара ба­стады. 1925 ж. егістік жердің көлемі 3 млн. гектар болса, 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті, яғни бүл 1913 жылдың (4,4 млн. га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн. пүт астық жиналса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 104 млн. пүтты қүрады. 1925 ж. мал саны 1922 ж. салыстырғанда екі ece өссе, 1925—1928 ж. аралығында жыл сайын 5%-ке артып отырды.

Қазақстанның өнеркәсібі саласында да едәуір өзгерістер бол­ды. Қазақстан халық шаруашылығы орталық кеңесі (BCHX) сегіз (Балық, Tepi, Илецктүз, Павлодартүз, Батысалтын, Ақжалалтын, Сексеул, Спирт) трестерді жэне сантонин зауыты мен Қарғалы шүға комбинатын біріктірді. Губерниялық кеңестің қүзырына жергілікті деңгейдегі өндірістер бағынды. Олардың көбі жалға берілді. Сонымен бірге Қазақстанның көптеген өндіріс орындарын одақтың қорғанысына қажетті, оның мүддесін дүниежүзілік ры- нокта қорғайды деген желеумен бүкілодақтық деңгейдегі трестерге біріктірді. КазАКСР-де одақтық деңгейдегі Ембімүнай, Алтайпо- лиметал, Атбасцветмет сияқты трестер қүрылды. Олар республи­ка бюджетіне белгілі мөлшерде ғана қаржы бөліп түрды. Ал қалған табыстардың бэрі орталықтың иелігінде болды. Мүндай жоғарғы дәрежеде өндірістерді орталықтандыру саясаты кейін де үстем бол- ды.

Сөйтіп, Кеңес үкіметінің елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақ- сатында жүргізілген шаралары кейін республика экономикасына орталықтың үстемдігінің мейілінше күш алуына әкелді. Өндіріс орындарын орталықтанған трестерге біріктіру, сонымен бірге өндіргіш күштерді региондарға орналастыруда кемшіліктерге жол ашты, яғни Қазақстан экономикасының үзақ мерзімге шикізаттық сипатын айқындады.

ЖЭС аясында Республиканың халық шаруашылығында болған өзгерістер елдің дағдарыстан шыққанын, экономикалық дамуда жаңа үрдістің кең етек жайғанын көрсетеді. Елдің шаруашылық жүйесі нарықтық экономика қатынасына біртіндеп енді. Өлкенің экономикасы көпукладты сипатқа ие бола бастады, яғни эртүрлі меншік түрлерінің қатар өмір сүру мүмкіндігі пайда болды. Меншіктің эртүрлі түрлерінің қалыптасуы, олардың арасындағы бәсекелестік пен үдайы өндірістегі бірін-бір толықтыруы халық шаруашылығының алға даму бағытын айқындады.

Большевиктер таптық мүддені қорғау принциптерінен ажырама- ca да, жаңа экономикалық саясат аясында мемлекеттің экономикаға араласуы шектелді. Мемлекет белгілі мөлшерде ғана көпукладты үдайы ондірісті кредит, салық жүйелері арқылы ғана реттеп от­ырды. Экономикалық омірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мүндай саясат оте орынды еді.

Алайда ipi өнеркәсіп саласын мемлекеттік монополизациялау нэтижесінде олар өз өнімдерін түтынушыларға (эсіресе аграрлық сектордағы жеке түтынушыларға) оте жоғары бағамен үсынды. Пар­тия жэне үкімет шешімдері ауыл шаруашылық кооперациясының ЖЭС жағдайындағы жаңа ролін анықтағанына қарамастан, оны бақылап отыруға мемлекет мүдделі болды, соның нәтижесінде мем­лекет ауылшаруашылық тауарларын сатып алу бағасын өзі белгіледі жэне ол өте төмен болды.

¥зақ әлеуметтік даму барысында қалыптасқан дәстүрлі тауар- лы шаруашылық мемлекет тарапынан ендірілген мүндай реттеуші бақылауға сәйкес келмеді. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған мүндай саясат үсақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер та­рапынан қарсылық тудырды. Олар өндірген өнімдерін төменгі бағамен сатудан бас тартты. Алайда бүл қарсылықты мемлекет өзі жүргізіп отырған саясаттың кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше ол қарсылықты тап жауларының іс-әрекеті деп бағалады. Мемлекет тарапынан жеке шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті. ¥сақ тауар өндірушілерді экімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру саясаты сауданы шектеуге, яғни ЖЭС-тің шектелуіне экелді.

Мүндай жағдай "соғыс коммунизм" саясаты түсындағы әкім- шілік басқару әдістерін жандандырды. Экономикалық даму жүйесіне экімшілік түрғыдан араласу большевиктердің негізгі жүмыс әдісіне айналды. Таңдау мүмкіндігі, еркіндік, шаруашылық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды. Экономи- каны жоспарлы түрде дамыту идеясы күш алды. Дағдарыстардың бэрі осы жоспарлаудағы кемшіліктерден деп есептелді. Жергілікті партия жэне кеңес органдары кооперацияны басқаруда экімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен экімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеология- ны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі жэне оның жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бүл ЖЭС аясында қалыптасқан көпукладты үдайы өндірістік жүйенің қатар даму барысын шектеді, яғни 20-жылдардың аяғында үсақ тауар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни ЖЭС тоқтатылды.

2. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты және оның қайшылықтары



Партияның 1925 жылы (18—31 желтоқсан) өткен XIV съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмүны жағынан ipi машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта қүруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Кеңестер одағының экономикалық тэуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді ин- дустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды. Партия мүндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық жэне өндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті.

Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік ин- дустрияландырудан ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тэн бо­лып келетін кәсіпорындардың шағындылығы мен оған жүмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына бай­ланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады.

Кеңестік тарихнамаға партияның 15- съезі елді индустриялан- дыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың үлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан үлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды.

Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мэселе сол кездің өзінде өте үлкен пікір- таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес жэне партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі өмір салты үлттық ерекшелік болып та­былады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы үлттық ерекшелігін жояды деп есептеді. Мүндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни "уклонистер" деп айыптады.

Келесі бір топтың өкілі C. Садуақасов өнеркэсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының қүлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмай- ды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркэсіптерді көптеп салып, оны ары қарай дамыту қажет. C. Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жүмсауға, яғни өлкені тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды.

Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есепте- гендер болды. Олардың пікірінше артта қалған көшпелі халық индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынына ілесе алмайды. Со­нымен қатар өндіріс орындарына жергілікті үлт өкілдерін көптеп тарту, яғни жергіліктендіру (коренизация) саясаты өндірісті өте- мөте қымбаттатады, қазақтар жүмыс істей алмайды, олар бэрібір даланы аңсайды деген көзқарас та болды. Мүндай пікір айтушы топ- ты большевиктер "үлыдержавалық шовинистер" деп айыптады.

Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру сая- сатының бағыттары жөнінде пікір айтушыларға эртүрлі айдар тақты. Ал өздері белгілеген елді "социалистік индустрияландыру" бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бөлшегіне айналуы керек болды. Орталық үсынған бүл көзқарасты осы кезде өлкенің партия үйымының басшылығына тағайындалған Ф. Голощекин де қолдады. Республи­ка өмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин өлкенің шаруашылық жүйесіндегі ерекшелікті мойындамады.

Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте күрделі жағдайда жүргізілді. Біріншіден, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы Рессейдің орталық аудандарымен салыстырғанда артта қалған еді. Екіншіден, өлкеде соғыстан қираған шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру шаралары созылып кетті. Яғни, ол уақыт жағынан бірінші бесжылдықпен сәйкес келді.

Осындай жағдайларға қарамай большевиктер Қазақстанды бүкілодақтық көлемдегі елді индустрияландыру бағытында жетекші орынға қойды. Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы Түркістан-Сібір темір жолы болды. Инду- стриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев-Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жол- дары салынды. Өлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, көмір жэне мүнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан эрі өркендету міндеттерін қойды. Осыған байланысты жаңа өндіріс орындарын салу жэне жүмыс істеп түрған өндіріс орындарын қайта қүру үшін тек 1933—34 жылдары 566,6 млн сом қаржы бөлінді. Оның бестен төрті ауыр индустрия- ны дамытуға жүмсалды. Олардың ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын жэне Балхаш мыс қорыту зауыттары, Ақтөбе химия комбинаты болды.

Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарлан- ды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мүндай күрделі қүрылыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда co- ған қарамастан Кеңес үкіметі бүл қүрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен да- мыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті метал өндіру саласын тез да- мыту барысы елде көмір өнімдеріне деген сүранысты үлғайтты. Ал сол кездегі елдегі көмір өндіріс орындары сүранысты қамтамасыз ете алмады. Осыған байланысты большевиктер төтенше жағдайда Қарағанды көмір өндірісінің бар мүмкіндіктерін жүмылдыруға ты- рысты.

Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл жэне Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын- мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жүмыс істеді. Бүлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдар- ды өндіруші өте ipi өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бэрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет