Бүл реформа нәтижесі жоғары болды. Сегізінші бесжылдықта(1966—1970 жж.) халық шаруашылығы жоспарлы экономикағакөшкен кезден бері алғаш рет ең жоғарғы көрсеткішке жетті.Сегізінші бесжылдықта өндіріс күші жоғары қарқынмен дамыды.Қазақстан Одақ бойынша көмір өндіруден, қорғасын қорытуданалға шықты. Мүнай өндіру, химия өнеркәсібінің маңызы артты.Кен орындары көптеп ашылып, жаңа өнеркәсіп аудандары ашылды. Бесжылдықтың соңына қарай 445 ipi өнеркәсіп орындары менцехтар ашылып, зауыттар мен фабрикалар қайта жабдықталды.Қазақстанда минералды түз, синтетикалық каучук, химияөндірістері кеңейді. Қаратау бассейніндегі фосфорит қоры, KCPO-дағы сары фосфор мен тыңайтқыш шығаратын ipi орталыққа ай-налды. Соколов-Сарыбай тау-кен комбинатының өнімі Орал металлургия зауытының жэне т.б. өнеркәсіп орындарының шикізаткөзіне айналды. Қарағанды металл зауытының Одақ бойыншамаңызы өсті. Ол жоғары сапалы шойын, мыс өндірді. Республика хром өндіруден бірінші орынға, темір жэне марганец өнімдерінөндіруден үшінші орынға көтерілді. Машина жасау өнімін өндіру1,6 рет, соның ішінде ауыл шаруашылығы машиналарын өндіру 2ece артты. Қазақстанда машина жэне машина жабдықтарының 300жаңа түрі шығарылды. Республикадағы трактор жасау саласыныңнегізі болған Павлодар трактор зауыты іске қосылды.
Жеңіл өнеркәсіп салалары да біршама дамыды. Қазақстан жеңілөнеркәсібі 1970 жылы Одақ бойынша өңдірілген барлық өнімнің16%-ін берді.
Осыларға қарамастан 60- жылдардың 2- жартысындағы эко-номикалық реформалар сәтсіз аяқталды. КОКП ОК-нің біріншіхатшысы Л.И.Брежнев басқарған басшылық өткеннен сабақ алма-ды. Осының салдарынан ауыл шаруашылығына, өндіріске қатыстықаулы-қарарлар бүрынғысынша әкімшіл-әміршіл сипатта қалаберді. Қабылданған қаулылар ic жүзінде кеңес атқару комитеттерімен шаруашылық үйымдарының атқаратын міндеттерін облыстық,аудандық жэне бастауыш партия үйымдарына жүктеп, өндіріс орындары, колхоздар мен совхоздарды өзіндік еркіндіктен айырды. Реформалар кредиттік-қаржылық жүйемен, материалдық-техникалықжабдықтаумен байланыстырылмады. Осылардың салдарынан біржағынан Қазақстанның экономикасының қуаты арта түссе, екіншіжағынан оның орталыққа тәуелділігі күшейе түсті.
15-тақырып КЕҢЕСТІК ӘКІМШІЛ-ӘМІРШІЛ ЖҮЙЕНІҢ ТОҚЫРАУЖЫЛДАРЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ДАМУЫ (1971—1990 жж.)
ЧШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШ'
Әлеуметтік-эконожікалъщ дамудагы mepic цүбылыстар
Қогамдыц-саясіі өмірдегі келеңсіз цүбылыстардың етек алуы
Қогамдыц-эконожікалыц өмірді цайта цүруга багыт
1. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар
XX ғ. 70-жылдарының басында 60- жылдардың ортасын- да басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бүрмаланып жэне көп үзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.
"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971—1985 жылдар аралығында Қазақ- стан экономикасы бүрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр эдіспен дамыды. Бүл жылдары өнеркэсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жүмсалды. 15 жыл ішінде өнеркэсіп өнімінің жалпы көлемі 2 ece, ал машина жасау, химия өнеркэсібі сияқты салалар- да 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан эрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жаб- дықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі aca ipi атом реакторы жүмыс істеді. Машина жасау жэне металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.
Бүл көрсеткіштер оныншы жэне он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ipi өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы
жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқындыдами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығыодақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволарреспубликаның шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, aca зорпайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақүрылымдыдамытуға қаржы жүмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындарарқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да,республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 процент-тен аз қаржы аударды. Міне, осындай жэне тағы да басқа себептер-ге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегіжекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тап-сырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орыналды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тэртібінбүзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктеріөндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен,республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж.— 1,0млрд., 1983 ж.— 1,3 млрд., 1984 ж.— 1,65 млрд. сомға жоспарлыөнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапа-сын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейінқалу күшейе түсті.
Бүл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіптенегізгі мақсатқа айналды. Күрделі қүрылыста да жүмысты атқарудыңүзақ мерзімге созылуы салдарынан үлттық байлықтың едәуір бөлігіістен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндірісорындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың бас-шылығы партияның кезекті съездерінде ipi өнеркэсіп орнының,шахтаның, мүнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардыңқатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жүмсаған кәсіпорын жэнеоның басшыларының көрсеткіші жоғары бағаланды. Республикаілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлықсаласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып,шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. IX бесжылдықтажоспардың күрт төмендетілгеніне қарамастан өнеркэсіп көлемі12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық — 25%-ке, ал онбірінші — 3,6%-ке орындалған жоқ. Соның салдарынан қаралыпотырған жылдарда үлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқандеңгейге дейін төмендеді. Мысалы, республика үлттық табысын 60- 70%-ке өсіру міндеті қойылса, ол ic жүзінде 36%-ке ғана орындал- ды. Республиканың көптеген шаруашылық қызметкерлері үлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жүмыс уақытын көбірек жүмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің "жалпы саны" өскенімен, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да қуаттарды едәуір көп жүмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапо- ния өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30- 40% кем пайдаланды. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе осы себептен еді.
Өндірісті көлемі жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы үсті-үстіне жаңа шығындар жүмсау әдісімен эрекет жасады, отын, энергетика салаларын үлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мүнайдың жэне онымен қосылып шығатын газдың тек қана 8—10% ғана пайдаланылды. Aca ipi кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт үстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, қайталап өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды.
Өндірістің теңестірілмеуі, экімшілік арқылы басқарылуы жағ- дайында жылдық, тоқсандық жэне айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981—1985 жылдары Қазақстанда эртүрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі қүрылыстарда бітпеген объектілер саны өсті, жоспарлы қүрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген қүрылыстар салынды, қосып жазу, қүрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда қүрылыста бригадалық- мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Оның негізінде жү- мысшылардың өндірісте қорларды пайдалануда тэртіп орнату, еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғүрлым көбірек дербестік алу жолындағы үмтылысы жатқан еді. Бригадалық мердігерлікті сөз жүзінде бэрі қолдады жэне насихаттады, ал ic жүзінде мердігерлік эдіс көптеген нүсқаулар арқылы жоққа шығарылды.
Бүл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу жэне ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен үсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981—1985 жылдары жаңашыл үсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестіңжетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады. Көптегенкэсіпорындарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелеріғана автоматтандырылды немесе кешенді механикаландырылды.80- жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жүмысшылардың үштенбірі, қүрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды,олардың творчестволық белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындардасоциалистік жарысты үйымдастыру жасанды сипат алды. Ресмимэлімет бойынша бүл жылдары жарысқа жүмысшылардың 90%қатысқанымен, мүның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне,өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болғанжоқ. Өндірісте немқүрайдылық, салақтық, ынта-жігерсіздік тағыбасқа да келеңсіз көріністер үйреншікті әдетке айналды.
Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауылшаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау эрі жалғасты-рылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның элеуметтікмәселелерін шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауылшаруашылықөнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді.Осы бағытта тек 1971—1978 жж. ауылшаруашылық саласына 58,2млрд. сом бөлінді. Мүның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгіегін шаруашылығы жүмыстары — жер жырту, түқым себу, дэндідақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жүмыстар75—90% техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы про-блемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолытиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда aca маңызды орын алатынжердің қүнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығыөнімдерін сақтайтын жэне өңдейтін кэсіпорындар жеткіліктідэрежеде салынбады. Сондай-ақ село еңбеккерлерінің элеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп бүл ca-лада күткен бетбүрыс болмады, нәтижесінде ауылшаруашылықөнімдерін өндіру түрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азай-ды, малшаруашылық өнімдерін өндіру төмендеді.