Жоспар: Жоспар



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі1,38 Mb.
#89353
  1   2   3   4   5   6   7

Жоспар:

  • Жоспар:
  • 1.Экономикалық өсу түрлері және себептері.
  • 2.Дамудың циклдығы - экономикалық заңдылық.
  • 1.Экономикалық өсу түрлері және себептері.
  • Экономикалық теорияда маңызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
  • Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
  • 1.Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
  • 2.Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
  • 3.Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
  • 4.Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
  • Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
  • 1.Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
  • 2.Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
  • Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет