Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет26/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60

Патша үкіметі 1907 жылдың 3 маусымында шығарған заңымен екінші Мемлекеттік Думаны да таратып жіберді. Бүл қүжат, соны­мен бірге, сайлау Заңына өзгерістер енгізді. Патша үкіметі Қазақстан мен Түркістанда пәрменді отарлау саясатын жүргізе отырып, Ду- мада бүл аймақтардан депутаттардың болмағанын өзіне қолайлы деп тапты. Сонымен, қазақ депутаттары қатынасқан бірінші жэне екінші Думалар қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындай ешқандай заңдар қабылдаған жоқ. «3 маусым Заңының» өмірге келуімен бірге, қазақ зиялыларының Думаға артқан үміті де біржола сөнген еді. Дегенмен, «3 маусым Заңы» қазақ зиялыларын Дума арқылы жүргізуді көздеген саяси күрестен біржола ығыстыра алған жоқ. Олар Думадан тыс қала отырып, қүрамы жағынан алғашқы екі Думадан анағүрлым консервативті, үлыдержавалық бағыттағы үшінші Дума шеңберінде де мүсылман фракциясы, сібірлік депутаттар, солшыл кадеттер жэне басқа да одақтастары арқылы патшалықтың қазақ жеріндегі отарлау саясатына, «З-маусым Заңына» қарсы әрекеттерін тоқтатпады. Ал, жалпы алғанда, сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бүрын таратылған патша үкіметінің бірінші жэне екінші Дума жүмысына жэне оларға қатысты саяси шараларға қатысуы, әрине, олар үшін үлкен өмір мектебіне ай- налып, белгілі деңгейде өзіндік із қалдырды. Олар, біріншіден, им­перия жағдайында Дума сияқты «өкілетті» орынның, ең алдымен, орыс помещиктерінің мүддесіне, империялық мүдделерге қызмет жасайтындығына көздерін жеткізді. Ал, екіншіден, қазақ зиялы- лары Думаға қатысты шараларға араласа отырып, негізгі мақсатқа жету үшін жалпы халықтың саяси белсенділігін арттыру мен батыл қимыл-әрекеттердің қажет екендігіне де көздері жетті. Сондықтан да бүл ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін, ендігі жерде қазақ зиялыла- ры саяси күрестің басты қүралдары ретінде «Айқап» сияқты жур­нал мен «Қазақ» сияқты бүқаралық газет шығарып, өздерінің ғасыр басындағы белсенді басталған қоғамдық-саяси қызметін одан эрі жалғастыра түсті.

«Айқап» журналы қазақ елінде 1911—1915 жылдары шығып түрды. Оның шығарушысы жэне редакторы Мүхамеджан Ce- ралин (1871—1929) болды. Журнал Қазақстандағы сол кезеңнің идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді. Оған Б.Қаратаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ж.Сейдалин жэне басқалар қатысып түрды. Журнал беттерінде негізгі мәселелер қатарында оқу-ағарту ici мен аграрлық мәселе, яғни жер қатынастары, көшпенділердің дәстүрлі мал шаруашылығы жэне олардың отырықшылыққа көшуі туралы мақалалар көптеп жа- зылды. Сондай-ақ, журналда патша өкіметінің отаршылдық саяса­ты әшкереленіп отырды.

Сонымен қатар, Орынбор қаласында 1913—1918 жылдары А.Байтүрсыновтың басшылығымен шығып түрған ресми «Қазақ» газеті болды. Ол либерал-демократиялық бағыт идеяларын үстан- ды. Газет редакциясында сол кездегі қазақ конституциялық- демократиялық партиясының жэне қазақ халқының жалпы үлттық қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов жэне басқалар қызмет істеді. Олар ең күрделі аграрлық мәселеде жерге Ресей патшалығының тарапынан мемлекеттік меншіктің күшін жою жэне оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды.

Түтас алғанда, қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жэне қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы эртүрлі көзқарастарда болғанына қарамастан, XX ғасырдың алғашқы ширегінде шығып түрған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде үлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін ақиқат жолымен жан- жақты көрсете білді.

2. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.



Қазақтардың 1916 жылғы үлт-азаттық көтерілісі

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі түста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасы- ның дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ipi мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік элеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Согыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының қүлды- рауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол қүнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Согыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі үлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай — 8,4%-ға, тары — 22,1%-ға, картоп — 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс жэне батыс об­лыстары бойынша дэнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін эр десятинадан алынатын 38,7 пүттан 29,8 пұтка дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының си- патты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бүл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің жэне түқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жүмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналы- сып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мүндай көріністер байқалып түрды.

Ep азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да қүлдырауына әкеліп соқты. Оған сан жэне сапа жағынан үлкен зардап келтірді. ¥сақ мал көбірек, ал ipi мал азырақ өсіріле баста­ды. Байырғы халықтың басым көпшілігі түратын жерлерде жылқы, түйе, ipi қара мал саны кеміді. Мәселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,3 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болып, үлес салмағы жөнінен 48,5%-ға кеміп кетті. Маңғыстау уезінде, Сыр­дария мен Жетісу облыстарында да осындай көріністер байқалды. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті. 1913-1917 жылға дейін қазақ халқынан жалпы көлемі 764,4 мың де­сятина жайылымдық алқаптың жылқы — ipi қара жайылатын 190 жайылымы тартылып алынды жэне жалға алуға даярланды.

Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының ар­мия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп түратын реквизиция да әсер етті. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300 мың пүт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе әкетілді. 1914 жылдың ішінде Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы мен мал өнімдері тасылып әкетілді. Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялау жэне жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізуге кері әсер етті. Жылқы малы, әсіресе солтүстік облыстарда азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін мол мөлшерде азық- түлік даярлау, мал жэне ет өнімдері бағасының өсуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты бүл кезеңде өлкеде анағүрлым арзан ет беретін сала — шошқа шаруашылығы жедел дами бастады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жүмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен жэне Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті. Бүл кеніштерден 1914 жылы — 246 пүт, ал 1916 жылы — 1551 пүт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 ece үлғайды. Салықтардың жоғарылығынан, қатынас жолдарының қашықтығынан, қүрал- жабдықтардың жетіспеуі салдарынан жэне басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды. Түсті металдарға деген қажеттіліктердің артуы жэне олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе, Риддер жэне Соколь­ский кеніштерінің дамуына түрткі болды. Түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 25,3 ece өсе түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын, негізінен "Спасск мыс рудалары" акционерлік қоғамы мен "Атбасар мыс кендері" акционерлік қоғамы өндірді. Бірақа, мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Жер қойнауын жыртқыштықпен пайдалану "Спасск мыс кені" акционерлік қоғамының Успен кенішіндегі барлық бай кенді (қүрамындағы мыс 25%) алып қоюына әкеп соқты. Соғыс жылда­рында Сарысу байыту фабрикасы салынды. Ол революцияға дейін қүрамында 25—30% мыс бар 128 мың пүт шикізат өндірді.

Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргізілді. Соғыс жылдарында Екібастүз кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастүз қорғасын-мырыш зауытын, Ертістегі жекеше кеме қатынасын, Оралдағы Боголовск жэне Қышым зауыттарын көмірмен жабдықтап отырды.

Өңдеуші өнеркәсіп соғыс мүқтаждығына ет-сүт өнімдерін, былғары тауарлар жэне басқа да түтыну заттарын беріп отыр­ды. Әсіресе, былғары тауарларын өндіру өсті, бүл кезеңде өлкеде 139 былғары кәсіпорны жүмыс істеді. Олар негізінен Семей жэне Ақмола облыстарында орналасты жэне бүкіл ауыл шаруашылық өнімінің 64,3% -ын өңдеді. Шынына келгенде, былғары, тері жэне ішек-қарын өндірісінің майдагерлік кәсіпорындары одан эрі үқсату үшін Ресейдің ipi өнеркэсіп орталықтары — Пермь, Вятка, Рига қалаларына өнім жеткізіп берді. Соғыс жылдарында интенданттық армия тарапынан былғары аяқ киімге жэне тері тондарға сүраным ерекше өсті. Соғыс жылдарында жүн өніміне сүраныс үлғайып, өлкеде шүға өндіретін түңғыш Қарғалы фабрикасы эскери тапсы- рыс орындап, шинельге арнап шүға дайындай бастады, сол сияқты соғыс сүранымына ет өнімін дайындауда Петропавлда ет-консерві комбинаты ашылса, Оралда мал соятын арнайы орын ашылды. Өлкеге дайын өнім, киім-кешек пен аяқ киім әкелудің қысқаруына байланысты соғыс жылдарында осы қажетті бүйымдарды тігетін шеберлердің саны көбейді. Мәселен, 1916 жылы Верный қаласында 140 адам жүмыс істеген ipi шеберхана болды.

Өнеркэсіп орындарындағы жүмысшылардың, қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады. Кәсіпорындарда жас балалардың, жасөспірімдердің, эйелдер мен соғыс түтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Жүмысшылар тэулігіне 10—12 сағат, ал кейде 16 сағаттан жүмыс істеді. Жүмысшылардың нақты жалақысы үнемі төмендей берді. Мәселен, Спасск зауытында 1914 жылы күндік жүмыс үшін — 1 сом 04 тиын, 1915 жылы — 94 тиын төленді. Мүндай жағдай өнеркәсіп орындарында барлығында дерлік болып жатты.

Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашар- лауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастүз шахталарында, Орынбор, Ташкент жэне Транссібір теміржолдары жүмысшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Тіпті, соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көтеруінің бірі "әйелдер бүлігі" дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсылық деп қарады.

Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. Мәселен, 1916 жылы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбүлақ селосында 30 адам болатын солдат әйелдерінің то- быры көпестер — Незвановтың, Пряткиннің дүкендерін қиратады. Халық бүқарасының мүндай бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа да аймақтарында орын алды. 1916 жылдың орта шеніне қарай жүмысшылардың үкіметке ашынуы үдей түсті. Нәтижесінде бүл жағдайлар қазақтардың үлт-азаттық қозғалысына зор ықпал жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет