Тақырыбы: № 13-14 практикалық сабақ. Ақпараттық – анықтамалық құжаттар. Жеделхат. Телефонхат
Пәні: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Күні: 01.04.2020ж Тобы: БК-405
Сабақтың типі: практикалық
Жеделхат – телеграф арқылы берілетін жедел сипатты құжат.
Жеделхаттың факс пен интернеттен мынадай артықшылығы бар:
*мекеменің кез келген қызметкері жеделхат мәтінің құрастырып жібере алады.
*виза қою, келісу, редакциялау сияқты формальды нәрселердің қажеттігі болмайды.
*жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан әркез жіберуші мен алушы туралы мәліметті қамтиды.
*қажетті жағдайда жеделхат мәтінімен онда берілген мәліметті растауға болады.
*жеделхаттар қалай тез жіберілсе, солай тез жеткізіледі.
Жеделхатты дұрыс жазу үшін мыналар есте болғаны жөн:
*жеделхат мәтіні қысқа, дәл, анық, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да төмен болатыны есте болғаны жөн.
*жеделхат мәтінінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды.
*кейбір сөздерді қысқартып жазуға болады, керісінше шатасып кетпес үшін цифрлар жазбаша беріледі.
*жеделхат мәтіні анық оқылатындай болып жазылукерек және ешбір түзетулер болмағаны жөн.
Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жедел хаттар «өкіметтік», «жедел» және «жай» болып үшке бөлінеді. Жедел белгісімен жіберілетіндерге өкіметтік және жедел жеткізілу үшін арнайы жоғарғы тарифпен төленген жедел хаттар жатады.
Қызметтік жеделхат мәтіні 2 дана етіп дайындалады. Арлығы 1,5 интервал.
Әрбір мекемеде жедел хаттарды тіркейтін арнайы журнал болуы керек. Журнал екі бөліктен тұрады.
Жеделхат мына деректемелермен толтырылады: құжат аты, алушының мекен-жайы, аты –жөні, мәтін, жіберушінің мекен-жайы, аты –жөні;
Телефонхат – телефон арқылы телефонограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат. Телефон хатпен жұмыс жасайтын қызыметкер епті, мәтінді тез жазып алуға қабілетті, дауысы анық, есту қабілеті жақсы, дикциясы да жақсы болуы керек. Мекемеде жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын журнал болуы керек.
Телефонхат мына деректемелермен толтырылады:
құжат аты, адресаттың толық аты-жөні, мәтін, жіберушінің аты-жөні, ақпаратты телефон арқылы жеткізуші адамның аты-жөні, телефон хат жіберілген телефонның номері, телефонхат жіберіліп болған уақыт, күні, қабылдап алушының аты-жөні.
Жеделхат үлгісі
Жеделхат
Алматы қаласы,
Абай көшесі-22
Директорға.
Сынақтың екінші кезеңі сәтті аяқталды. Зерттеу жұмысын жалғастыру шарттарын күтемін. Материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіз.
Атырау қаласы,
Пушкин көшесі-7
А.С.Байжанов
Жеделхат
Ұлы Британия, Лондон
Оксфорт көшесі 128
Қазақстандық спортшы Серік Сәпиевке!
Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында бокстан алтын медальға ие болуың құтты болсын!
Жеңісің арқылы сен отандастарыңа зор қуаныш сыйлап, елімізге деген ерекше мақтаныш сезімін туғыздың. Мұндай тамаша жеңістер спорт шыңдарының күн сайынғы қажырлы әрі жанкешті еңбекпен ғана игерілетінін жас қазақстандықтарға сөзбен емес, іспен дәлелдеудің жақсы үлгісі болып табылады.
Мықты денсаулық пен бақыт, әрбір ісіңе сәттіліктер тілеймін!
Қазақстан республикасы
ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев
Телефонхат үлгісі
Телефонхат №24
12.07.2000ж
Шығармашылық ұйымдардың жетекшілеріне.
14 маусым күні сағат 11 –де Республика сарайында Республикадағы шығармашылық ұйымдар жетекшілерінің Халықаралық конкурсқа кандидатуралар дайындау жөнінде бас қосуы болады.
Республикалық шығармашылық
ұйымдар бірлестігі ақпарат
бөлімінің бастығы:Н.А.Абрамов
Жіберген хатшы:Г.Бисенбаева
12.07.2000 ж. сағат 10де қабылдап алған Г.Әшімова
Тапсырма: Жағдаяттар бойынша жеделхат жазыңыз
І нұсқа Топ жетекшісінің атынан ата-аналарыңызды жиналысқа шақыру туралы жеделхат жазыңыз.
ІІ нұсқа Анаңды туған күнімен құттықтап жеделхат жазыңыз.
ІІІ нұсқа Облыстық мәдениет басқармасының атынан Димаш Құдайбергенді «I am singer» халықаралық талант шоу байқауында жеткен жетістігімен құттықтап жеделхат жазыңыз.
Телефонхат құрылымын талапқа сай жазыңыз
І нұсқа
Телефонхат №20
Қалалық энергетика бөлімінің бастығы Т.Ж.Жандосов
15желтоқсан күні сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін белгілі график бойынша жарық сөндіріле бастайды. Осы мәліметті және графикті қоса тұрғындарға жеткізулеріңізді сұраймыз.
Тұрғын үй кооперативтерінің төрағаларына
08.12.2013ж
Жіберген хатшы М.Ш.Мамырова, тел:25-13-13
08.12.2013ж. сағат 11.15-те қабылдап алған хатшы Б.Т.Алиева
ІІ нұсқа
Ақтөбе қалалық радиохабарларын тарату басқармасына – радиоторап директоры Алдабердиевке.
№ 12 Телефонхат
Қала әкімінің көмекшісі А.Әкімжанов
Жіберген хатшы С.Оспанова, тел:24-12-48
28.04.2000ж.Сағат 10.00-де қабылдап алған хатшы А.Рахатова
2000.04.28.
3 мамыр күні қала әкімшілігі ғимаратының кіші залында, әкімнің орынбасары Жеңістің 55 жылдық меркесін өткізуді ұйымдастыруға байланысты кеңес өткізеді. Осыған орай, мереке өткізілетін жерден радиохабарларын таратуды ұйымдастыруға байланысты мәселелерді шешетін өз өкіліңізді жіберуіңізді сұраймыз.
Кеңес сағат 15.00-де басталады. Ғимаратқа кіру үшін жеке басын растайтын құжат ала келу керек. Өз өкіліңіздің фамилиясын мына телефон арқылы – 4-42-03, бүгін сағат 18.00-ге дейін хабарлаңыз.
ІІІ нұсқа 15 мамыр сағат 15.00-де Облыстық білім департаменті басшысының атынан мектеп басшыларына ҰБТ-ге қатысты мәселелер туралы жиналыс болатының мәлімдеп, телефонхат жазыңыз.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Л.Дүйсембекова «Іс қағаздарын қазақша жүргізу» Алматы «Ана тілі» ЖШС 2005ж
2. В.Қ.Шаматова 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығына Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні бойынша
3. Г.О.Байжанова, Г.А.Маймақова «Іс жүргізу» Астана «Фолиант» 2007ж.
Достарыңызбен бөлісу: |