Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың ӘРТҮрлі түзеу мекемелерінде жазасын өтеу жағдайлары



бет1/5
Дата20.04.2022
өлшемі73,81 Kb.
#140011
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Драфт версия дипломной работы


БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Кіріспе

1. Қылмыс негізінде орындалатын бас бостандығынан айырудың жалпы ұғымдары және оның алатын орны
1.1 Бас бостандығынан айырудың ұғымы, түрлері мен теориялық аспектісі және оның жазаны өтеу шарасы
1.2 Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды және заңсыз бас бостандығынан айыру түрлерінің сипаттамасы
1.3 Қылмыстық жаза түрі ретінде бас бостандығынан айырудың тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері
1.4
1.5

2. Түзеу мекемелерінде сотталғандардың жазаны өтеу жағдайлары


2.1 Жалпы, қатаң және ерекше режимдегі түзеу мекемелеріндегі режим түсінігі
2.2 Түзету мекемелерінде бас бостандығынана айырылғандардың жазаны орындаудағы матеириалдық – тұрмыстақ жағдайлары
2.3 Түзеу мекемелеріндегі жазаны өтеу түрлері мен әр түрлі режимдегі колониялық жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайы
2.4 Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу ерекшеліктері мен оның реті
2.5 Сотталғандарға түзеу мекемелерiнiң түрін белгілеу. Түзеу мекемелерінің түрін өзгерту тәртібі мен шарттары
2.6

Қорытынды


Әдебиеттер тізімі

Кіріспе




  1. Қылмыстың орындалуы мен бас бостандығынан айырудың маңыздылығы, алатын орны

1.1 Бас бостандығынан айырудың ұғымы, теориялық аспектісі және оның жазаны өтеу шарасы

Сотталған адамды бас бостандығынан айыру дегеніміз – оны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу арқылы жазасын өтету. Нақтырақ айтқанда, қылмыс жасаған адамның жазасын өтету үшін оны түрмеде, колонияда қамауда ұстау. Ал бостандығын шектеу – сотталған адамның бүкіл жазаны өтеу мерзімінде өзінің тұрғылықты жері бойынша пробация органының бақылауында болып, қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеуі. Яғни сотталған тұлға бас бостандығынан айырылу мерзімін ҚР Заңдарында көрсетілген тәртіпке сәйкес өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша жазасын өтейді.


Сот үкімімен бостандық шектелгенде қандай шектеулер болады? Бас бостандығы шектелген тұлға жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта өтеледі. Сонымен бірге бас бостандығы шектелген адам жазаны өтеу кезінде пробация органдарының бақылауына алынып, айына кемінде бір рет барып белгіленуі керек. Сол мерзім ішінде пробация органының қызметкерлері жазасын өтеушіні бақылау мақсатында тұрғылықты мекенжайы бойынша шектеу шараларының сақталуын тексере алады. Бұдан бөлек сот қосымша шектеулер қоя алады.
Жазаны өтеп жатқан адам инспекция рұқсатынсыз жұмыс, оқу және тұрғын орындарын ауыстырмауға, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінде болуға, инспекция бекіткен мерзімде тәрбие іс-шараларын жүргізуге қатысу және тіркелу үшін инспекцияға келуге, жиырма төрт сағат ішінде жұмыс немесе оқу кестесінің өзгергені туралы инспекцияны хабардар етуге, өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып жүруге міндеттеледі.
Бостандығы шектелген тұлға айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін. Сот айыппұл мөлшерін қылмыстың дәрежесіне қарай белгілейді.
Егер бостандығы шектелген адам жазаны өтеуден қасақана жалтаратын болса, қалған мерзімінде сот үкімімен бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазіргі қазақстандық қоғамда бас бостандығынан айырудың қоғамдық қауіптілігі өте жоғары. Ол, бас бостандығынан айырудың адамның жеке бостандығына қол сұғатын, зорлық қылмысы болып табылатындығымен анықталады. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің сайтының статистикалық мəліметтеріне сəйкес қарастырылып отырған қылмыстың қарқындылығы байқалады.
Кез-келген елдің қылмыстық құқығы өз ерекшеліктеріне ие. Көшпелі қазақ қоғамының жағдайында құқықты жасаудың бірден бір тəсілі ретінде əдет-ғұрып саналған.
1917 жылға дейін Қазақстан аумағында қазақтардың əдет-ғұрыптық қылмыстық құқық нормалары, шариат-мұсылмандық құқығы жəне жалпы империялық қылмыстық заңдар, соның ішінде 1885 жылғы жазалар туралы Ережелер əрекет еткен. Қазіргі танда Қазақстанда өзіндік дербес заңдар - 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі мен Қылмыстық- процестік Кодексі əрекет етеді.
Қазақстанның Ресей империясына кіруіне байланысты, біз Ресей заңнамасының біздің еліміздің құқықтық өмірінің дамуына əсер ету фактісін мойындаймыз. Қылмыстық-құқықтық институттардың бірігуімен қатар жаңа институттар мен жаңа құқықтық ұғымдар пайда бола бастады. Ұлттық заңнаманың ұқсамаушылығы ұлттық дəстүрдегі, экономиканың даму деңгейіндегі жəне идеологиялық мəселелерге көзқарастардағы айырмашылықтардан, сонымен қатар қалыптасқан ұлттық құқықтық мектептер мен өзекті ғылыми бағыттардың əсер етуінен туындайды.
Сондықтан да, адамды заңсыз бас бостандығынан айырғандығы үшін қылмыстық жауаптылық жөніндегі қазақстандық заңнаманың қалыптасуы туралы мəселені қарастырған кезде біздің ойымызша, ұлттық жəне ресейлік қылмыстық құқығының өзара байланыстылығының мəселелерін қарастыру орынды болар еді. Қазақстанның Ресеймен ұзақ уақыт бойы бірыңғай құқықтық кеңістікте болуына байланысты, адамды бостандығынан заңсыз айырғандығы үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыратын ресейлік заңнаманың қалыптасуы туралы мəселеге тоқталудың қажеттілігі туындайды.
1917 жылға дейінгі Қазақстан аумағында əрекет еткен əдет-ғұрыптық қылмыстық құқық нормаларында, адамды бостандығынан заңсыз айыруды қылмыстық əрекет деп тану туралы айтылмағандығын атап өткен жөн.
Тұлғаның жеке бас бостандығына қол сұғушылық қылмыстарының анықтамаларына қатысты 1917 жылға дейінғі ресейлік заңнама қызығушылық тудыруда. Бұл жерде 1885 жылғы редакциясындағы жазалар туралы Ережелер жөнінде сөз болып отыр. Өйткені, 1903 жылғы Ережелер сол күйі күшіне енген жоқ.
Анағұрлым маңызды болып табылатын қылмыс түрлері де кездеседі, олар «қорқыту» деген жалпы атпен танылады: ол ретінде сараланған қорқыту (1545-1547 б.б) жəне аралық соттармен бекітілетін жазалар туралы Жарғының 139-141-баптарында (бұл жерде 1885 жылғы редакциясындағы аралық соттармен тағайындалатын жазалар туралы Жарғы жөнінде сөз болып отыр) көзделген жай қорқыту танылады.
Бірақ, біздің зерттеуіміз тарапынан анағұрлым маңызды болып жеке бас бостандығына қарсы қылмыстарға өзгенің тұрғын үйіне қол сұғылмаушылықты бұзуды жатқызу фактісі болып саналады. Жазалар туралы ережелерде осындай қылмыстық əрекетті жазалаушы баптар (ондай бап 1857 жылғы жазалар туралы Ережеде болды, ол бап өзгенің тұрғын жайына баса көктеп кіргендігі үшін жауаптылықты қарастырған болатын), болған жоқ, бірақ, бұл қылмыстағы кінəлілер, аралық соттармен тағайындалатын жазалар туралы Жарғының 142 бабына сəйкес жауаптылыққа тартылды.
Ең алдымен мұндай қылмыс түрінің маңызды бөлігі тек қана арнайы бөлім шеңберінен тыс орналаспаған, ол сонымен қатар басқа да нормативті қайнар көздерде кездесетіндігін; екіншіден, осы қылмыс тобында қазіргі уақытта адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстарға (отбасылық тыныштықты бұзу) жатқызу қиынға соғатын əрекеттер бірден көзге түсетіндігін айта кеткен жөн. Мұндай ереже жеке бостандық деп аталатын терминнің қалыптасуымен түсіндірілді. Жеке бостандық бір жерден екінші бір жерге қозғалу бостандығына құқығы жəне əрекет жəне əрекетсіздікке өзіндік анықтаушылық құқығы. Соңғы тұжырым қорқыту мен мəжбүрлеудің құрамдарын жеке бас бостандығына қарсы қылмыстардың қатарына енгізуге негіз болып табылады. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзуда көрінетін əрекет, ол тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты шын мəніндегі бостандыққа қол сұғылмаушылыққа теңестіруге байланысты, жеке бостандыққа қарсы жасалған қол сұғушылық ретінде танылады [3].
Кеңестік кезендегі қылмыстық заңнаманың, Ресей империясының заңнамасынан елеулі айырмашылығы бар. Бірақ, мемлекеттік, діни, сауда жəне басқа да тұлғаға қол сұғушылық, соның ішінде жеке бас бостандығына қарсы қылмыстармен салыстырғанда анағүрлым аз мөлшерде өзгеріске ұшырады.
РКФСР-ның алғашқы қылмыстық кодекстері оларды тəжірибеде қолдануға қиындық туғызатын Ерекше бөлімнің құрылымының артықшылығымен, қылмыстың белгілі құрамдарының берілуінің анықтылығы мен нақтылығымен ерекшеленген жоқ.
1992 жылғы РКФСР ҚК-де жеке бас бостандығына тікелей қол сұғатын қылмыстың үш құрамы болды: 159, 160, 161-баптар. Осыған орай 160-бап 159-баптың саралаушы құрамы болып табылып, бостандығынан айырылған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті тəсіл арқылы бостандықты шектегендігі үшін жазалады.
1926 жылғы РКФСР-дің қылмыстық кодексінің 147-бабында қарастырылған «біреуді бас бостандығынан заңсыз күштеп айыру» мəселесі 1959 жылы Қазақ КСР ҚК-нің 115-бабында қарастырылып отырған қылмыстың жай жəне сараланған құрамымен толықтай сай келеді.
Оның 1-бөлігінде жай құрам қарастырылған: «біреуді бас бостандығынан заңсыз күштеп айыру», ал, 2-бөлігінде қылмыстың сараланған құрамы қарастырылады: «бас бостандығынан айырғанда жəбірленушінің өміріне, денсаулығына қауіпті немесе оның жанын қинап азап шектіретін тəсіл қолданылса». Ресейдің де заң шығарушылары да осылай əрекет етті. 1960 жылғы РКФСР ҚК- нің 126-бабында қылмыстың жай жəне сараланған құрамы да осы тұрғыда қарастырылды.
Əрекет кінəлінің жəбірленушіні еркін жүріп тұру бостандығынан заңсыз айырғанда, сондай-ақ, оның өз қалауы бойынша орнын ауыстыру мүмкіндігінен айырғанда жүзеге асырылады.
Н.А Беляев пен М.Д Шаргородскийдің редакциясындағы Кеңестік қылмыстық құқықтың курсында көзделгендей, жаза тағайындалатын бостандықтан айыру əрекеті: 1) заңсыз болуы керек, оған қылмыскерді қылмыс жасау кезінде ұстау, өзін-өзі өлтіруге қастандық жасаған адамды оңашалау, эпидемиялық ауру түрінде карантин жариялау жəне т.б жатпайды; жалпы аса қажеттілік пен қажетті қорғану бостандықты шектеудің жазаланатындығын болғызбайды; 2) шын мəнінде немесе психикалық күш көрсету арқылы жəбірленушінің еркіне қарсы əрекеттің болуы[4].

1.2 Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды және заңсыз бас бостандығынан айыру түрлерінің сипаттамасы


Адамды бостандығынан оны ұрлаумен байланыссыз бас бостандығынан айыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 126-бабына сəйкес қылмыстық жазаға тартылатын əрекет болып табылады. Бірақ, аталған қылмыстық-құқықтық нормада да, Қазақстанның қылмыстық заңнамасында да жалпы адам ұрлаудың анықтамасы кездеспейді. Адам ұрлаудың белгілі бір нормативті ұғымының болмауы құқық қолданушыдан əр кезде қандай да бір əрекет адамды заңсыз бас бостандығынан айыру немесе ұрлау болып табылатындығын дербес бекітуді талап етеді.


Кез-келген құқыққа қайшы əрекеттің нормативтік анықтамасының қажеттілігі ерекше аргументацияны талап етпейді. Тек ең маңызды деген жағдайларына тоқталып кетелік.
Біріншіден, құқыққа қайшы əрекет түсінігі - бұл осы əрекеттің объективті жағының мəні болып табылады; екіншіден, құқыққа қайшы əрекеттің мəнінің нормативті-құқықтық анықтамасы тек құқық қолданушыларға ғана емес, сондай-ақ, басқа да азаматтарға да өз əрекеттерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, нақты құқыққа қайшы өрекеттің нормативтік-анықтамалық түсінігінің болуы саралау барысында құрамы жағынан ұқсас қылмыстардан ажырату кезінде, нақты құқықтық бағдар береді. Қылмыстық заңнамада адам ұрлау мен адамды заңсыз бас бостандығынан айырудың түсінігінің болмауы, ең алдымен құқық қолданушыдан қылмыстық заңнамада бар ұқсас анықтамалық сипаттамаларды қолдануды талап етеді.
Ұрлау - яғни, жасырын түрде алып кету, ұрлау. Сəйкесінше, адам ұрлау - бұл адамды жасырын түрде алып кету, ұрлауды білдіреді. Жасырын түрде - басқаларға көрсетпей жасырын түрде алып кету.
Маңызды нақтылауды өткен ғасырда И.В Платонов жасаған. Оның пікірі бойынша жылжымайтын мүлікті ұрлап алып кетуге болмайды, өйткені ұрлап алып кету деген қозғалатын мүлікті иелену деген мағынаны білдіреді.
Жылжымайтын мүлікке қатысты қылмыс құжаттарды өзгерту жолымен немесе өзге адамның иелігіндегі аумаққа баса көктеп кіру жолымен ғана мүмкін [5].
Сондықтан да, ұрлау яғни, затты иелену, алу, біздің жағдайымызда адамды өзінің толық иелігіне алуды білдіреді. Демек, қозғалмалы зат болып табылатын адам ұрлануы мүмкін. Бірақ, Н.В Бойко ересек адам (баланың ата-анасынан немесе оны ауыстыратын өзге тұлғалардан ұрланатыны түсінікті) кімнен ұрланатынын түсіну қиын деп санайды[6].
Бірақ, адам бір өзі өмір сүрмейді. Ол қоғамда өмір сүреді жəне оны қоршаған адамдардың белгілі бір міндеттерімен байланысты. Сондықтан да адам ұрлау (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) кезінде тек жалғыз ол ғана зардап шекпейді, сондай-ақ оның туыстары, оған жақын адамдар зардап шегеді. Міне, ол сол адамдардан ұрланады жəне сол тұлғалардан сатып алу ретінде ақша жəне құндылықтар талап етеді.
Адам ұрланған кезінде ең алдымен оның бостандығына нұқсан келтіріледі. Еркін жүріп-тұру құқығы, əрбір адам ерекше қастерлейтін құқықтар қатарына жатқызылады. Ол өзінің тұлғасын еркін басқаратын əрбір адамның қасиетті құқығы - жеке бас бостандығының қарапайым жəне анағүрлым табиғи көрінісін білдіреді.
Осы жерде осы құқықтың жекелеген тұлғалар үшін де, жалпы қазақстандық қоғам үшін де маңыздылығын айту қажет пе? Тұлғаның жеке бас бостандығына қол сұғылмаушылық жалпы жəне мəңгі қажеттілік болып табылады.
Осы əрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық бекітілуінде көрініс табатын адамдардың жеке бас бостандығын заңсыз айыру мен адамды ұрлаумен күресте қылмыстық саясаттың жүзеге асуының бағыты ретіндегі құқық шығармашылық елеулі кемшіліктерге ие.
Олардың бірі - ол адам ұрлаудың түсінігінің заңдық бекітілуінің болмауы болса, ал екіншісі, бас бостандығынан заңсыз айыру түсінігінің заңдық бекітілуінің болмауы. Тəжірибеде осы кемшіліктердің орын алуы бас бостандығынан заңсыз айыру, адам ұрлау жəне адамды кепілге алу секілді қылмыстарын ажырату кезінде қиындықтар туғызады.
Бас бостандығынан заңсыз айыру мен адам ұрлау туралы нормалардың арасында ортақ тұстары көп. Олардың екеуі де «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық» туралы айтылған 1- тарауда бар жəне өздерінің объектісі ретінде жеке адамның қауіпсіздігін көздейді. Тікелей объект ретінде мемлекет тарапынан қорғалатын адамның өзінің жүріп-тұру орнын өз қалауы бойынша тандау құқығы табылады. Бірақ, адам ұрлаудың объектісіне қосымша ретінде адам өмірі мен денсаулығы кіреді. Сонымен қатар, бұл қылмыстардың айырмашылығы қылмыс құрамының объективті жағы бойынша ажыратылады. Адамды бас бостандығынан заңсыз айырған кезде оның еркін жүріп-тұруына кедергі келтіре отырып, адамдардан жəне үйреніп қалған жағдайдан аластайды немесе ол өз пəтерінде қалады, бірақ одан шығып, еркін жүріп-тұруға мүмкіндігі болмайды. Осыған орай, бас бостандығынан заңсыз айырудың фактісінің өзі көбіне жарияланбайды.
Сонымен қатар, егер адам ұрлау мен бас бостандығынан заңсыз айыру терминдерін қарастыратын болсақ онда, олар бір біріне ұқсамайды. Мысалы, əрбір заңсыз ұрланған адам - бостандығынан айырылады, бірақ, əрбір бас бостандығынан заңсыз айырылған адам - ұрланбайды. Яғни, бұл жерде жеке болып заңсыз адам ұрлау, ал, жалпы болып заңсыз бас бостандығынан айыру табылатын жекенің жалпыға қатынасы туралы сөз болып отыр.
Жоғарыда аталғандай, яғни, жасырын түрде алып кету, ұрлау болып табылады. Айыру болып қандай да бір адамды белгілі бір нəрсесінен айыру табылады.
С.И Ожегов бойынша, айыру ретінде біреуден бір нəрсені алып қою танылады[7]. Бостандық - шектеудің, ығыстырылудың орын алмауы, өз еркімен əрекет етуі.
Адам ұрлаудың бас бостандығынан заңсыз айырудан негізгі айырмашылығы ретінде жəбірленушіні ұстау орнының жасырын сипаты табылады. Жəбірленуші міндетті түрде тұрақты орнынан алыстайды жəне жақын туыстарына белгісіз жерге орнал астырылады.
Ұрлау барлық уақытта белсенді əрекеттердің жасалу жолымен жүзеге асырылады. Бас бостандығынан заңсыз айыру тек əрекет арқылы ғана емес, сондай-ақ əрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, өз еркімен қозғала алмайтын адамды мүгедектік арбасынан айыру немесе жəбірленуші оның алдын ала келісімімен бөлмеде қамалуы жағдайында бас бостандығынан заңсыз айыру, оны босату бойынша əрекеттерді жаеаудан бас тартқан кезінде көрініс табуы мүмкін.
Адам ұрлаудың объективті жағы барлық уақытта үш əрекеттен тұрады: жəбірленушіні кепілге алу, оның орнынан ауыстыру жəне одан əрі ұстау. Біздің пікіріміз бойынша, адам ұрлау - бұл тірі адамды алдау арқылы немесе жасырын немесе ашық түрде кепілге алуымен, оны табиги микроəлеуметтік ортадан алып кетумен, оны тұрақты немесе уақытша болу орнынан, оның еркінен тыс қозғалтумен байланысты тұлғалардың (тұлғаның) заңсыз қасақана əрекеті. Бас бостандығынан заңсыз айыру «ұстау» деген бір əрекеттен тұрады.
Заңсыз бас бостандығынан айыру орны ретінде кез-келген кеңістік, соның ішінде жəбірленушінің тұрақты тұратын орны, жұмыс орны, оқитын жері болуы мүмкін. Кейде адамды белгілі бір жерге алдын- ала шақырып, содан соң, оны бостандығынан айырады. Ұрланған адамды барлық уақытта жасырын түрде үстаған жағдайда оның болған орны белгісіз болады.
Адамды заңсыз бас бостандығынан айыру секілді мұндай қылмыстың аяқталу сəті ретінде Н.В. Бойко жəбірленушіге белгілі бір орыннан шығуға мүмкіндік бермейтін əрекеттер жасалған уақытын санайды. Егер бас бостандығынан айыру қандай да бір басқа жерге апаруында болса, онда оның аяқталу сəті тек жəбірленушіні сол орынға апару мен оны сол жерде ұстаған уақытынан бастап есептеледі[6,113].
Біздің пікірімізше, бұл қылмысты аяқталды деп жəбірленушіні ол болғысы келмейтін белгілі бір жерді тастап кетуге мүмкіндігін айыру сəтінен бастап санаған жөн секілді. Жəбірленушіні зорлықпен ұстауға арналған орынға ауыстыру үшін, оны табиғи микроəлеуметтік ортадан (мысалы, үйінен, пəтерінен, саяжайынан, көшеден) адамды алып кету сəті адам ұрлаудың аяқталу сəті болып табылады.
Заңсыз бас бостандығынан айыру кезінде жəбірленуші болып кез- келген тұлға, сондай-ақ оның жақын туыстары танылуы мүмкін. Мысалы, əйелі өзінің күйеуін қызғаныштан, ол басқа əйелге кетпесін деп, батареяға байлап қоюы. Адам ұрлау кезінде жақын туыстары жəбірленуші болып табылмайды, өйткені міндетті түрде біреуден ұрлануы тиіс.
Аталған əрекеттер субъективті жағы бойынша да ажыратылады. Бас бостандығынан заңсыз айыру кезінде жəбірленушінің денсаулығына зиян келтіру қасақаналықпен қамтылмайды. Адам ұрлаған кезде, жəбірленушіге оны сатып алудан бас тартқан жағдайда денсаулығына зиян келтіру немесе оны өлтіру ұрлаған тұлғалардың ниетіне кіреді. Міне, осыдан барып сатып алу құны көтеріледі.
Аталғандар біздің адам ұрлау мен адамды бас бостандығынан айыру бір нəрсе еместігі, қылмыстың əр түрлі құрамдары екендігі туралы пікірімізді қуаттайды. Сондықтан да Н.В. Бойконың заңсыз бас бостандығынан айырудың бір түрі ретінде адам ұрлау бабын енгізу туралы пікірін дұрыс деп санау орынсыз, өйткені, заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа түрлерінің болу мүмкіндігін жоққа шығаруы мүмкін[6,178].
Р.Р Жансараева атап көрсеткендей, бас бостандығынан заңсыз айыру бұл - адамды өз қалауы бойынша орнын таңдауға, басқа адамдармен сөйлесуге, кеңістік пен уақытта жүріп-түруға кедергі келтіру.
С.М Рахметов пен Н.Н Турецкийдің пікірінше, əрекет адамды қандайда бір орында, соның ішінде өз пəтерінде, оны немесе оның туыстарын қорқыта отырып зорлықпен ұстауынан көрінеді[8].
С.В Бородиннің пікірінше, заңсыз бас бостандығынан айыру жəбірленушіні шектеусіз кеңістікте өзінің қалауы бойынша жүріп-тұру мүмкіндігін нақтылы шектеуінде болады [9].
ҚР ҚК-нің 126-бабындағы бас бостандығынан заңсыз айыру адамды оның еркіне қарсы ұстау мен оны мəжбүрлі түрде ұстауды білдіреді. Мəжбүрлі түрде ұстау оны сыртқы ортамен байланысын (мысалы, телефон арқылы, компьютер, пошта арқылы) қолдану мүмкіндігінен айыруды емес, адамды шектеулі кеңістікте ұстап отырумен түсіндіріледі.
Бас бостандығынан заңсыз айырудың түсінігіне жеке адамның еркін жүріп-тұру бостандығынан басқа, кез-келген құқықтары мен бостандықтарын шектеуді енгізу қарастырылып отырған қылмыстық-құқықтық норманы, кең көлемде талқылауға септігін тигізеді. Осыған орай адамды ұстаудың амал-тəсілдері əр түрлі болуы мүмкін.
Қылмыстық құқық саласындағы мамандар (теоретиктер болсын, практиктер болсын) арасында бас бостандығынан заңсыз айыру зорлық əрекеті болып табылатындығы жөнінде пікір қалыптасқан. Сонымен қатар, 1959 жылғы Қазақ КСР ҚК-нің 115-бабында біреуді бас бостандығынан заңсыз күштеп айыруды зорлық қылмысы ретінде қарастырылған норма аталған. Осыған орай, күш қолдану нақты түрде емес, сондай-ақ психикалық болуы мүмкін.
Заңсыз бас бостандығынан айырудың құрамы болу үшін жəбірленушінің оны белгілі бір кеңістікте жүріп-тұру мүмкіндігін, оның еркіне қарсы айыру фактісін түсінуі керек.
Сондықтан да, егер, бөлме қылмыскермен жабылып, кейін басқа тұлғамен ашылса онда қол сұғушылық объектісіне ешқандай зиян келтірілген жоқ, ал, адамды заңсыз бас бостандығынан айыруға бағытталған тұлғаның əрекетері заңсыз бас бостандықтан айыруға қастандық жасалды деп саралануы мүмкін. Егер қылмыскер ұйықтап жатқан жəбірленуші ұйқысынан оянбағанын біле тұра, өзі жапқан бөлмені ашса, онда оның əрекетінің құрамында қылмыс жасаудан ерікті бас тарту орын алады.
Аяқталған оқталу жасалғанына қарамастан, объектіге нақты зиян келген жоқ. Бірақ, егер ұйықтап жатқан кезде қамалған жəбірленуші ұйқысынан оянып өзінің қамалғанын түсінген жағдайда, қылмыскердің əрекеті ҚР ҚК-нің 126-бабында көзделген аяқталған қылмыс құрамын білдіреді.
Заңсыз бас бостандығынан айыру болып сондай-ақ, адасқан бөтен баланы оның еркіне қарсы ұстау да танылады. Аталған жағдайлар есі ауысқандарды, жасөспірімдерді, мас адамдарды, ес-түссіз жағдайдағы адамдардың бостандығын шектеуге де қолданылады.
Сонымен қатар, егер есі ауысқан адамдар мен қатты мас болуы жағдайындағы адамдардың бостандығын аса қажеттілік жағдайында шектеу занды əрекет болып табылады. Сондай-ақ өздерінің кəмелетке толмаған балаларына қатысты мəжбүрлі-тəрбиелеу шараларын жүзеге асырушы ата- аналардың қылмыстық жауаптылығы болмайды. Бас бостандығынан заңсыз айыру ретінде адамды оның келісімімен бостандығынан айыру, сондай-ақ аса қажеттілік пен қажетті қорғану мен қылмыскерді ұстау кезіндегі бостандығынан айыру танылмайды.
Бас бостандығынан заңсыз айыру кез-келген жерде жүзеге асырылуы мүмкін. Заңсыз бас бостандығынан айырудың құрамы үшін ең бастысы - бұл қылмыскермен жүріп-тұруды қандай да бір затқа байлап қою арқылы жəбірленушінің қозғалу мүмкіндігінен айыру болып табылатын жасанды немесе табиғи кедергілердің жасалуы.
Қарастырылған қылмыстың жасалуы бас бостандығынан айыру орындарында да болуы мүмкін. ҚР ҚК-нің 126-бабымен бас бостандығынан заңсыз айыру жағдайларын саралаған кезде бостандығынан айыру орындарында, олар қылмыскер қол сұғатын орын таңдау бостандығын белгілі бір деңгейде иеленеді.
Бас бостандығынан заңсыз айыру - созылмалы қылмыс болып табылады. Осыған орай, басқа қылмысты жасау кезінде бас бостандығынан заңсыз айыруды қолданған тұлғалардың əрекеттерін саралаудың проблемалық мəселесі де туындайды. Егер бостандығынан айыру басқа қылмыс түрін жасаудың құралы, тəсілі ретінде танылатын болса, онда ол жеке қылмыс құрамы ретінде сараланбайды. Егер де бас бостандығынан заңсыз айыру басқа қылмысты жасауға итермелесе, онда қылмыстың жиынтығы орын алады.
Мысалы, қылмыскер пəтер иелерін қарақшылық жасау кезінде байлап қоюы. Жəбірленушіні байлап қоюы кезінде уақытша бас бостандығынан заңсыз айыру күш қолданудың бөлігі ғана болып, ҚР ҚК-нің 126-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Бірақ, егер қылмыскер жəбірленушіні қарақшылық жасап болған соң, сол байланған күйінде қалдыратын болса, онда əрекет ҚК-нің 126-бабының белгілерін құрайды.
Егер де күш қолдану əрекеттерін жасау уақыты аралығында жəбірленуші байланған күйі орманда қалып қойған жағдайда топ болып зорлауды жүзеге асырған тұлғалардың əрекетін саралау туралы мəселесі де, жоғарыда аталғандай шешілуі керек. Егер де, зорлау адамдар тобымен үздіксіз немесе бір адаммен жəбірленушіні мəжбүрлі түрде алып кету арқылы жасалса, онда бас бостандығынан заңсыз айырудың белгілері болмайды. Өйткені жəбірленушіні ұстау қылмыскерлерге тек зорлау үшін ғана қажет болды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, адамды бас бостандыгынан заңсыз айыру - бұл адамға өз орнын таңдауға қатысты өз қалауын жүзеге асыруға кедергі келтірумен байланысты заңсыз қасақана əрекет деп қорытынды жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет