1.4 Қылмыстық жаза түрі ретінде бас бостандығынан айырудың тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады». Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.
Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.
Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің інішдегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.
Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.
Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.
Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:
• жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті;
• соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
• кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
• жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.
Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады.
Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық. Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.
Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.
Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.
Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі.
Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі).
Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б.
Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.
Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:
а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау;
ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар;
б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б.
Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады.
Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Көптеген ғасырлар бойы ақы – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.
Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері.
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.
Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.
Қылмысқа қатысу барысында қымыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, оладың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қымыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдығыдай жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, орта, бөлінбейді.
Тек қасақан жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Абайсыз қылмыстарда қылмысқа қатысу бомайды. Егер бірнеше адам абайсызда қоғамға қауіпті жағдай туғызса, оның әрқайсысы жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс.
Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, айдап саушы және көмектесуші деп бөледі.
Орындаушы – бұл нақты қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмыстық орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл – есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.
Ұйымдастырушы – қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындауына басшылық еткен адам.
Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы – бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Жспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүгемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қымысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады. Сондай – ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстың ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уде береді.
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяталған қылмыс.
Қылмысқа дайындалу – бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеу, дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға сөз байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән – жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе.
Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы мүмкін: қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу,немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.
Дайындау – бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау. Бейімдеу – затарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).
Қылмыс жасауға оқталу деп – адамның еркінен тыс мән – жайларға байанысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.
Аяталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар бегілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғанда ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Бөлімді қорытылай келгенде қылмыс – бұл Қылмыстық кодекспен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс - әрекет.
Барлық қылмыстар сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай төртке бөінеді: онша ауыр емес қылмыс, орташа ауыр қылмыс, ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс. Қылмысқа қатысу, бірнеше адамның біртұтас қоғамға қауіпті нәтижеге жету үшін өз күш әрекеттерін біріктіруін білдіретін қылмыстық әрекеттердің ерекше нысаны. Қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыстарда ғана болады, қылмысқа қатысушылардың барлығы қасақаналықпен әрекет етеді. Қылмыс жасау салалары – бұл адамның қылмысты қасақана жүзеге асыруының белгілі бір сатылары боып табылаы. Жоғарыда қарастырылған мәселелер, қылмыстың түрлері мен оған қатысты жағдаяттар, қылмыстық жаза түрі ретінде бас бостандығынан айырудың тиімділігін арттырудың бірден бір өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
2. Түзеу мекемелерінде сотталғандардың жазаны өтеу жағдайлары
2.1 Жалпы, қатаң және ерекше режимдегі түзеу мекемелеріндегі режим түсінігі
Түзеу мекемелерiндегi режим сотталғандарды күзету мен оқшаулауды қамтамасыз ететiн заңда және заңға сәйкес нормативтiкқұқықтық актiлермен белгiленген жазаны атқару мен өтеу тәртiбi; оларды ұдайы қадағалау; өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару; олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру; сотталғандар мен қызметкерлердiң қауiпсiздiгi; сотталғандардың түрлi санаттарын бөлек ұстау; сот тағайындаған түзеу мекемесiнiң түрiне қарай ұстаудың түрлi жағдайлары; жазаны өтеу шарттарын өзгерту.Режим сотталғандарды түзеудiң басқа құралдарын қолдануға жағдайлар жасайды.
Түзеу мекемелерiнде сотталғандар нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалатын белгiленген үлгiдегi киiмдi киiп жүредi.Сотталғандар, олардың заттары мен киiм-кешегi, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң үй-жайы тiнтiледi және тексерiледi. Жеке тiнтудi сотталғандармен бiр жыныстағы адамдар жүргiзедi. Тұрғын үй-жайды оларда сотталғандар болған кезде тiнтуге кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайда жол берiледi.Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi мекеменiң аумағындағы және оған жапсарлас режимдiк талаптар белгiленген аумақтардағы адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ тiзбесi ҚР-ның заңдарымен және түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiмен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға құқылы.Түзеу мекемесiне iргелес аумақтың шекарасын оның әкiмшiлiгi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiм бойынша белгiлейдi.
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының түзеу мекемелерiндегi сотталған адамдарға қадағалауды және тексерулер жүргiзудi жүзеге асыру қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн ҚР ІІМ айқындайды. Сотталғандардан табылған ақша, бағалы қағаздар мен өзге де бағалы заттар алынып, түзеу мекемелерiнiң Iшкi тәртiп ережелерiне сәйкес түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi сотталушы босатылғанға дейiн жазасын өтеу кезiнде оларды пайдалану және билiк ету құқығынсыз сақтап қояды. Сотталғандардан алынған және тыйым салынған нәрселер, заттар мен тамақ өнiмдерi сақтауға өткiзiледi не соттың шешiмi бойынша жойып жiберiледi.Сотталғандардың белгiленген тәртiппен сатып алған бағалы қағаздарын сақтауды түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi қамтамасыз етедi.Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi қашып шығу мен басқа қылмыстардың, жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзудың алдын алу, сотталғандардың мiнез-құлқы туралы қажеттi ақпарат алу үшiн дыбыстық-бейнелiк (бейнелiк қадағалау жүйесi), электронды және өзге де техникалық құралдарды пайдалануға құқылы.Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi сотталғандарға қадағалау мен бақылаудың бiр мезгiлде қорғау мiндетiн атқаратын, бұзылған жағдайда сотталғандардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруi ықтимал техникалық құралдары қолданылатыны туралы хабарлауға мiндеттi.Техникалық қадағалау мен бақылау құралдарының тiзбесiн ҚР-ның Үкiметi айқындайды, оларды пайдалану тәртiбiн ҚР ІІМ белгiлейдi.ҚР-ның заңдарына сәйкес түзеу мекемелерiнде жедел-iздестiру қызметi жүзеге асырылады, оның мiндетi мыналар болып табылады:жазаларды атқарудың тәртiбi мен ережелерiн, сотталғандардың, түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi мен өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;түзеу мекемелерiндегi әзiрленiп жатқан және жасалмақшы қылмыстар мен жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзуды анықтау, ашу, жолын кесу және алдын алу;түзеу мекемелерiнен қашып кеткен сотталғандарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыруды өтеуден жалтарып жүрген сотталғандарды белгiленген тәртiппен iздестiру;сотталғандардың түзеу мекемесiне келгенге дейiн жасаған қылмыстарын анықтау мен ашуға жәрдемдесу.Жедел-iздестiру жұмысын түзеу мекемелерiнiң оралымды қызметтерi жүзеге асырады.
Табиғи апат, түзеу мекемесi орналасқан ауданға төтенше, ерекше жағдай немесе соғыс жағдайы енгiзiлген, сотталғандардың топтасып бағынбаушылығы жағдайларында, сондай-ақ жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде түзеу мекемесiнде ерекше жағдайлар режимi енгiзiлуi мүмкiн.
Ерекше жағдайлар режимi қолданылған кезеңде түзеу мекемесiнде сотталғандардың осы Кодексте көзделген кейбiр құқықтарының жүзеге асырылуы тоқтатыла тұруы, күзет пен қадағалаудың күшейтiлген нұсқасы, объектiлерге жiберудiң ерекше тәртiбi енгiзiлуi, күн тәртiбiнiң өзгертiлуi, өндiрiстiк, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-ағартушылық, медициналық-санитариялық және өзге қызметтердiң жұмысы шектелуi мүмкiн.Ерекше жағдайлар режимi ҚР-ның IІМ ҚР-ның Бас прокурорымен келiсе отырып отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге енгiзiледi. Ерекше жағдайлар режимiн енгiзу тәртiбiн ҚР ІІМ белгiлейдi. Айрықша реттерде ерекше жағдайлар режимiнiң қолданылу уақыты осы бапта белгiленген тәртiппен қосымша отыз тәулiкке ұзартылуы мүмкiн.Егер сотталғандар түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне қарсылық көрсетсе, олардың заңды талаптарына қасақана бағынбаса, бой бермеушiлiк танытса, жаппай тәртiпсiздiктерге, аманаттар басып алуға қатысса немесе осы секiлдi өзге де iс-әрекеттер жасаса, азаматтарға шабуыл жасаса, сондай-ақ түзеу мекемелерiнен қашып шығу немесе қашқандарды ұстау кезiнде сотталғандарға аталған құқыққа қарсы әрекеттердi тыю, сондай-ақ бұл адамдардың айналасындағыларға немесе өздерiне өздерi зиян келтiруiне жол бермеу мақсатында дене күшi, арнаулы құралдар мен қару қолданылады.Өмiрiне нақты қатер төнгенi туралы деректер түскен сотталушылардың сазайын тарттырудан қорғау қажет болған жағдайда мұндай адамдарды жалпы негiздерде бiр айға дейiнгi мерзiмде жеке камераларда ұстауға рұқсат етiледi.
Режим — қылмыстық-аткару кұкығыньщ нормаларымен реттелген тәртіп пен орындау жағдайы және бас бостандығы-нан айыру түріндегі жазаны өтеу деп түсініледі. Режим жазалаудын мәні мен манызын білдіреді, сондык-тан мұнда сазайын тарту іске асырылады, яғни сотталғанға қол-данылатын кұкык шектеулердің жі-ынтығы. Ол бас бостанды-ғынан айыру орындарында сотталғандардын түрмысын үздіксіз және жазалаудың барлык мерзімін реттейді. Оның көмегімен мінез-құлык ережесі белгіленеді. Оны орындау барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандйрға, мекеме әкімшілігіне, сотталғандарды түзеуге қатысатын және түзеу мекемелеріне бакылау жүргізетін қоғамдык ұйымдар өкілдеріне, бұл меке-меге келген мешекеттік мекемелердін лауазымды адамдары-на, түзеу мекемелерінін объектілерінде және аумагында жүрген азаматтардың бөріне бірдей міндетті. Сонымен режим барлык субъектілердің және жазаны орындау мен еткеру жөніндегі кылмыстык-атқару құқык катынастарына қатысушылардың құқықтық жағдайын белгілейді.Режимнормаларықыл.мыстык жазалауға тән кұкык шектеулердің ретін жүзеге асыруды қам-тамасыз етеді.
Жазаны өткеру режимі түзеуге әсер етудің негізгі амадда-рынын бірі болып есептедеді. Оның түзеуге әсер етудің амалы ретіндегі басты міндеті — сотталғандарды тәртіпке тәрбиелеу болып есептеледі, немесе бәріне бірдей тиісті ортак тәртіпке бағындыру. Режим ережелері бас бостандығынан айыру орын-дарында сотталғандардың өмірінің барлык жағын өне бойы жазаны түгелдей атқарьш шыкқанша реттейді. Режим сотталғандардын ерік берілген мінез-құлқына ғана шек қоюды белгілейді, сонымен олардың кұкыктық дәрежесін калыптастырады. Бұл дәреже оларды қорғайды, сондықтан режим ережесінің өлшемі тең, әрбір сотталғанға да және түзеу мекемелері әкімшілігінің өкілдеріне де бірдей міндетті. Ківдекім онын ережесін сакта-ғысы келмесе оны сақтауға мәжбүр етуге режим мүмкіндік береді. Қорытындысында сотталғандардың мінез-қүлкы жәнге салынады да, уакыт өткен сайын оларда тиісті бір мінез-кұлык ережесіне ұстану әдеті туындайды. Режим маңызының қорытындысы, сонымен бірге түзеу әсерінің басқа да амалдарын пайдалануға, яғни коғамдық пайдалы еңбек етуге, тәрбие жұмысына, жалпы білім мен кәсіптік үйретуге жағдай жасау, егер де түзеу мекемесінде тиісті тәртіп болмаса, онда олардың біреуі де тиімді бола алмайды.
Түзеу мекемелерінде режим талабын сақтау — сендіру мен мәжбүр ету (мадақтау мен жазалау) шараларымен, өне бойы бақылау мен сотталгандардың мінез-кұлқын кадағалаумен, жазалауды тиісті орындауды және әкімшілік іс-әрекетінде зандылықты сақтауды бакылау (соттық, ведомстволык, қоғамдық бақылау, прокурорлык қадағалау) жүйесінің шараларымен қамтамасыз етіледі.
Түзеу мекемелерінде жазаны атқару режимі оның кұқықтық принциптеріне сәйкес ұйымдастырылады. Олардын маңызы жазаның мақсатымен белгіленеді де қылмыстық-аткару құкығынын нормаларында бекітіледі. Режимді ұйымдастыру принциптері мыналар болып табылады; зандылығы, жөнділігі, адамгершілік, даралап сеніммен жазаны қоддануды үйлестіре білу.
Ұстау режимін үйымдастырғандағы заңдылық принципі дегеніміз — ол сотталғандарға талап етілетін барлық талаптардың нормативті табиғаты болады немесе мекемелер әкімшілігінің өз бетімен істейтіні емес, қайта қылмыстық-атқару құкығының нормативтік актілерінде белгіленеді. Олардың талабын бір жағынан сотталғандар, екінші жағынан мекеме әкімшілігі де сақтаулары тиіс.
2.2 Түзету мекемелерінде бас бостандығынана айырылғандардың жазаны орындаудағы матеириалдық – тұрмыстақ жағдайлары
Түзеу мекемесінде материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің қажеттігі, ол ьас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару әр түрлі жағдайда өтеді. Олар сотталғандардың денсаулығына, еңбек жарамдылығына әсер ететіндігіне байланысты. Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерiнде жалпы жағдайлары, ішкі тәртіп, бас бостандығынан айыру орындарының емдеу мекемелерінде сотталғандарды орналастыру және ұстау жағдайларының ерекшелігі, тәртіптік айып қапастарында, түрме карцерлеріне,т.б. белгіленген. Онда таны да қоректенетін тағамдар мен бірінші қажетті заттар, аяш киім, сырт киім, басқа да сотталғандарға посылкамен алуға және өзіне ұстауға рұқсат етілген өндіріс тауарларының, зат тағамьар алып беруге, бандеролдар алып жіберу және түзеу мекемелері дүкендерінен сатып алатын заттардың ткзімк берклген.
Сотталғандарды материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудің негізі мақсаттары:
Сотталғандарды құрал-сайманмен, азық-түлік қорегімен, зае мүліктерімен, жөндеу және тұрғын үй, коммуналдық-тұрмыстық сауда, мәдени ағартуға бағытталған объектілерді жоспарлауды қамтамасыз ету;
Тұрғып жай, коммуналдық-тұрмыстық бөлмелерді және алажащты зат үлесі нормаларып сақтауды бағалау;
Түзеу мекемелерінің бар обьектілерін тиісті техникалық жағдайда ұстау;
Монша, кір жуу, шаштараз, тігін, кептіру, асхана орындарының бірқслыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Алам денесіне керекті ұсыныстарға сәйкес тағамның килкалорияларын сақтап тамақты ұйымдастыру;
Ерікті жалдама қызметкерлерден түзеу мекемесiнiң асхана басқарушыларын, сотталғандардың ішінен аспазшыларды дайындау;
Азық-түлікпен, тиісті даттармен, коммуналдық-тұрмыстық құрал-саймандармен, сотталғандарды саудамен жабдықтауды ұйымдастыру;
Интенданттық пен шаруашылық жабдықтау бзлімдеріне ысылған қызметкерлердi іріктеп алу;
Санитарлық-тұрмыстық секцияларды және қоғамдық тағам секцияларып басқару.
Сотталғандарды оларға тиесклі заттардың барлық тгркмен қамтамасыз ету оларна заңба көрсетілген игіліктерді беру түзеу мекемесі әкімшілігінің назарында болуы керек.
Колонияларда, түрмелерде жазаны щтеп жүрген сотталғандар мен тазалық ережнлеріне сәйкес қажетті материалдық-тұрмыстық жағдайлармпн қамтамасыз етіледі. Тиксті мекен-жай жағдайы түсінігіне : түзеу мекемесiнiң тұрғын аумағында жатақхана, дүкен, монша, кір жуу орны, зат щоятып бөлме, сыртқы аяққиімдер кептіргко,т.б. жабдықтавлар кіредк.Жатақхапа кшінде радио орнатылнан болуы тикс, табиғи немпсе электр жарығымен, жиһаз және құралмен жабдықталған болуы керек.Әр сотталушыеа жататып орын, төсек беріледі.
ҚР ҚАК 97-98 баптарында қылмыстық атқару жүйесінде сотталғандарға медициналық қызмет көрсету үшін емдеу-профилактика мекемелері, ал туберкулездің ашық түрімен, маскүнемдікпен және нашақорлықтың зардабынан ауыратын сотталғандарды, ВИЧ дұқтырған сотталғандарды ұстау және амбулаторияда емдеу үшін мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын түзеу мекемелерін ұйымдастыру қаралған. Бұл жұмыстар денсаулық сақтау заңдарына сәйкес ұйымдастырылады да, түзеу мекемелерiнiң ішкі тәртіп ережелерiмен басқа да ведомстволық мөлшерлейтін актілермен реттеледі.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы медицина бөлімдерінің негізгі міндеттерінің бірі - ол сотталғандарға керекті медицина көмегін көрсету, санитарлық бақылау жүргізу және ҚР ІІМ мекемелерінде, бөлімшелерінде эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар жүргізу; қоршаған ортаня ластауды болдырмау мен оны жоюға, еңбек тұрмыстық жағдайын сауықтыруға және үйретуге, аурвды алдын алулы ескертуге бағытталған.
Медицина бөлімінің қызметінің бір бағыты – еңбекке жарамдылығын белгілеу және оларды еебекке дұрыс орналастыру. Олардың міндетіне маскүнемдіктен, нашақорлықтан емделуге мұқтаж сотталғандарды табу және тиісті медициналық шара қолдану кіреді. Түзеу мекемесі әкімшілігі сот органдарына сотталғандарға ықтиярсыз емдеу тағайындау жөнінде кезінде материалдар беріп тұруға міндетті.
Сотталғандардың денсаулығын қорғау міндетін орындау, оларға медициналық қызмет көрсету үшін медициналық бөлкмдерден басқа ҚР ІІМ -нің емдеу мекемелері құрылаьы, ол мынандай топтарға бөлінуі мүмкін : а) аумақта қызмет кқрсету үшін : облыстық, мамандырылған ауруханалар; ә) құқықтық мәртебесі бойынша: заңдық ұйым құқымен пайдаланатын да, пайдаланбайтып да емдеу мекемесі; б) профилі бойынша: жалпы профилді емдеу мекемесі; мамандандырылған ауруханалар (туберкулездік, венерологиялық,т.б.) мамандандырылған колониялар.Емдеу мекемелерінде жазаны атқару режимін сүйемелдеу, сотталғандардың қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастыру, олармен тәрбие шараларын жүргізу үшін тиісті қызмет ұйымдары құрылады.
Емдеу мекемелеріне ауруларды қабылдау бұйрық негізінде тәулік бойы жүргізіледі. Жұмыс күні мезгілінде түскен ауруларды комиссия қабылдайды, оның құрамына кіретіндер : Түзеу мекемелерiнiң бастығы, оперативті кезекші, кезекші дәрігер, арнайы есептеу, қауіпсіздік және оперативтік қызмет бөлімдерінің қызметкерлері.Демалыс, мейрам, мейрам алды күндері, түнгі уақытта ауруларды емдеу мекемелерінің оперативті кезекшісі, кезекші дәрігер, кіші инспекторлар қабылдайды. Медицина мекемесіне жаңадан келгендердің бәрі есепке алынады Сотталғандарға олардың мкндеттері мен құқы түсіндіріледі, егер де құқыққа қайшы мінез көрсетсе, тәртіптік немесе қылмыстық жауапқа тартылатыньығы ескертіледі.
Барлық емдеу мекемелерінде қатаң реттелген ішкі тәртіп белгіленеді.Онда процедура қабылдайтын уақыт, ал кейбір сотталғандарға жұмыс және оқу уақыты көрсетіледі Сотталғандардың тәртібін бақылауды бақылаушы қызмет бөлімі, медицина және басқа емдеу мекемелерінің қызметкерлері жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |