2.3 Түзеу мекемелеріндегі жазаны өтеу түрлері мен әр түрлі режимдегі колониялық жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайы
ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабында «.. Қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады. Қылмыстық-атқару заңдарының міндеті жазаларды өтеу тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу амалдарын аныштау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау, оларға әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету болып саналады».
Түзеу шараларымен әсер етуге байланысты соттың жиірек тағайындайтын жазасы – бас бостанды-ғынан айыру. Осы жағдайды ескере отырып, бұл қылмысты орындайтын мекемелерінің ұйымдастыру құрылымын толығырақ қарау қажет сияқты. Түзеу мекемелерін арнайы бас бостандығынан айыру жазасын оряндату үшін мемлекет құрады. Түзеу мекемелері ұйымдастыру жағынан дербес болады жуне оның заңдық тұлғалық құқығы бар да асқадай функциясы жоқ болып келеді.
« Қамауда ұстау орны» мен « Түзеу мекемесі» түсініктерін ажырата білу керек. Қамауда ұстау орнына : тергеу қапасы, уақытша ұстау қапасы, әскери абақтылар кіреді. Түзеу мекемелерінің басқа қамауда ұстау орыньарынап айырмашылығы - бұларьа сот үкімінің заңды күшіне енгендер немесе тек қана бас бостандығынан айыруға сотталғандар ғана отырады. Тергеу қапасында, уақытша ұстау қапалары мен абақтыда сотталғанға немесе үкім заңды күшіне енгенге дейінгі күдіктілер мен айыптылар отырады, ал уақытша ұстау қапасы мен абақтыда оған қоса әкімшілік және тәртіптік реттерінде қамалғандар отырады.
Сотталғандар әр түрлі дәрежеде болатындықтан және олардың бір-бірінен бөлек ұстау тиістілігінен, мемлекет әр түрлі түзеу мекемелерін құрған. Қазіргі күші бар заң сотталғандардың жасына қарай түзеу мекемелерін екі топқа айыраьы : а) ересектер үшін (18 жасқа толғандар); ә) кәмелетке толмағандар үшкн ( 14-18 жас).
Түзеу мекемелерінің ересектер үшін бірнеше түрі болады. Олар жадасын өтеу жөніне, жағдайына ( ұстау режиміне), қоғамнан бөлу, оларла отырған адамдардың қауіптілігіне байланысты ұсталатындар, қоныстану колониясы, қатаң және ерекше ребимді колониялар болады.
Кәмелетке толмағандар үшін екі түрлі тәрбиелеу колониялары бар : а) жалпы режимді тәрбиелеу колониясы; ә) режимі күшейтілген тәрбиелеу колониясы (тек ер адамдар үшін).
Сот әрбір сотталғанға жынысына, жасына, жасаған қылмысыные ауырлығына, бұрын ас бостандығынан айыруға қанша рет сотталғанына және басқа да оның жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты түзеу мекемелерiнiң түрін белгілейді.
Режимнің түрі –түзеу колонияларының түрін білдіреді. Бас бостандығынан айыру жазасын атқаратын түзеу мекемлері төртке бөлінеді:
түзеу колониялары
түрмелер
тәрбиелеу колониялары
емдеу- түзеу мекемелері
Бұл түзеу мекемелері сотталғандардың қоғамға қауіптіліік деңгейіне, олардың жазасына, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өзара ажыратылады. Ересек, кәмелетке толған сотталғандар жазаны түзеу колонияларында немесе түрмелерде өтесек, ал кәмелетке толмағандар тәрбиелеу колонияларында өтейді. Денсаулығы нашарлағандар, науқасқа шалдыққан сотталғандар жазаны емдеу түзеу мекемесінде өтейді.Түзеу колониясында сотталғандардың жасаған қылмыстарының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатына және қылмыкерлердің жеке басының қауптілігіне қарай қоныстану колонияларына, жалпы, қатаң және ерекше режимдердедгітүзеу колонияларынан түзеу бағытына түскендігі үшін көтермелеу шарасы ретінде ауыстырылғандар өтейді. бірақ абайсыздықтағы қылмысы үшін сотталғандар мен түзеу колонияларынан қоныстану колонияларына ауыстырылғандар жазны бір –бірінен бөлек өтейді. барлық қоныстану колонияларында жаза өтеудің жағдайлары бірдей.
Қоныстану колонияларын былай елестетуге болады. Бұл колониялардың сытрты қоршаулы болады. Бірақ қарулы күзету сыттан да, іштен де қойылмайды. Колонияға кіре беріс қақпада, осы мекеменің әкімшілігі қызметкерлері кезекшілік қызметін жжүргізеді. Олар колония аумағына бөгде адамдарды кіргізбейді, сондай-ақ сотталғандарды жұмыс уақытынан кейін сыртқа шығармайды.Қоныстану колониясының аумағы тұрмыстық – коммуналдық қажеттілікпен, яғни тұрған үйлермен асханамен, мрншамен, кинозалмен,т.б. жабдықталады. Мұндай түзеу мекемесі жаза өтеушілерсотталғандар арнайы үлгідегі киімін кимейді, олар жай азаматтардың еркін киімін кимейді. Сотталғандар қоныстану колоониясынан сырт жерлердегі объектілерге еңбек етеді. Олар ұмыс объектілеріне топ күйінде де, жеке ретте де жіберіледі. Жұмыстан бос уақытта олар бірден жаза өтеу орнына қайту тиіс және кешкі-түнгі уақыттарда колония аумағынан сыртқа шығуға тыйым салынады. Ал қоныстану колониясының аумағында таңертеңгі уақыттан ұйқы уақытына дейін еркін жүріп тұра алады. Оларға өздерімен бірге ақша, қажетті заттар алып жүруге рұқсат етіледі. Жеке басын куәландыратын құжат ретінде арнайы анықтама беріледі, ал өзге ресми құжаттары жеке ісінде сақталады олар демалыс немесе мереке күндері колония әкімшілігнің рұқсатымен колония жерінен тыс жерлерде, қыдырстау –көтермелеу шарасы ретінде де беріледі.
Қоныстану колониясында жаза өтеушілер жақсы мінез–құқық көрсетіп, түзелгендігін байқатқан жағдайда жазадан шартты түрде ерте босатуға ұсынылады.
Жалпы режимдегі түзеу колонияларында маңызы ауыр емес, орташа ауыр және ауыр қылмыстарды қасақана жасағандары үшін, бас бостандығынан айыру жазасына бірінші рет сотталрғандар және абайсыздықта жасаған қылмысы үшін 7 жылдан астам мерзімге сотталғандар жаза өтейді. Мұнымен қатар, жалпы режимдегі түзеу колонияларында қоғамдық жұмыстар, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу жазаларын және қоныстану колониясында жазаны өтеудің тәртібін қасақана бұзғандығы үшін ауыстырлғандар, сонымен бірге 18 жасқа толғаннан кейін жазаны әрі қарай өтеу үшін тәрбиелеу колонияларынан ауыстырлғандар және түрмеде сот белгілеген мерзімді өтегеннен кейін жалпы режимгеауыстырылғандарда жаза өтейді. Жалпы режимдегі түзеу колонияларында жаза өтеудің жеңілдікті, жеңілдетілген, дағдылы және қатаң жағдайлары белгіленген. Жаза өтеудің мұндай жағдайларында, әртүрлі санаттарға жататын сотталған адамдар ұсталады. Жалпы ржимдегі түзеу колонияларында жаза өтеушілер жатаханаларда тұрады, себебі олардың қауіптілігінің аса жоғары болмауы камералық тұрғын жайды қолдануды қажет етпейді. Бұл жаза өтеу орындағы сотталғандардың санаттары әртүрлі болғанымен, олар жаза өтеужағдайынақарай бірдей дәрежеде жазаөтеп, бірдей талаптармен құқықтарды іске асырада. Жалпы режимде жаза өтеудіңқаталырақтүрі – қатаң жағдайда көзделген. Жазасын дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайлар өтеп жатқан сотталғандар жаза өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылғанда, қатаң жағдайда көшіріледі. Сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында жаза өтей жүріп, қасақана қылмыс жасағандар да бастапқы кезеңде қатаң жағдайда ұсталады. Жазасын қатаң жағдайда өтеуші сотталғандар жабық тұрғын –жайлардатұрады. Олар азық- түлік өнімдері дағынан айыр жазасын өтеу кезінде, ай бойғы тапқан қаражаты мөлшерінде сатып ала алады. Сонымен қатар, олар бір жыл ішінде 2 қысқа, 2 ұзақ мерзімді кездесулер өткізуге және жыл бойына 3 посылка немесе сәлемдеме және 3 бандероль алуға құқылы. Қатаң жағдайда жаза өтеуші сотталғандар, егер күніне бір жарым сағаттық сейілге шығарылады.
Қатаң режимдегі түзеу колонияларында аса ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасына бірінші рет сотталғандар және бұрын қасақана жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеген қылмыс тардың рецидивіндегілер мен қауіпті рецидивіндегі әйелдер өтейді. Мұныменқатар, қоныстану колониясында жаза өтеудің тәртібін қасақана бұзғандар және түрмеде жазаның сот белгіленген көлемін өтеп ауыстырылғандар қатаң режимдегі түзеу колонияларында ұсталады.
Қатаң режимдегі түзеу колонияларда қылмыстық қауіпті түрлерін жасағандар мен қылмыстық жолына түскендер, яғни бұрын бас бостандығынан айыру жазасына қасақана қылмыстары үшін тартылғандар жаза өтейді. Жалпы режимдегі түзеу колонияларына қарағанда қаталырақ белгіленген. Қатаң режимдегі түзеу колониялары да, жалпы режимдегі түзеу колониялары тәрізді,жаза өтеудің жеңілдікті, жеңілдетілген, дағдылы және қатаң жағдайларынан құралады. Қатаң режимдегі түзеу колониясында жаза өтеу белгіленген сотталғандар, әдепкіде колонияға келіп түскенде, жазаны дағдылы жағдайда өтеуден бастайды.Тек, бас бостандығынан айыру орындарында қасақана жасаған қылмыстары үшін қайта сотталғандар бастапқы кезеңде қатаң жағдайының 9 айында режим талабын бұзғандар мен жеңілдетілген жағдайда жаза өтеу тәртібін бұзғандар мен жеңілдетілген жағдайда жаза өтеу тәртібін бұзғандар дағдылы жағдайда ауыстырылады.
Жаза өтеудің әртүрлі жағдайларына ауыстыру мерзімі –бұл режим түрінде 9 айлық мерзімдермен белгіленген, қатаң режимде жалпы режимге қарағанда, ауыстырылу мерзіміне ұзағырақ 9 айдың қауіптілігінің жоғары болуына байланысты. Демек, қатаң режимдегі колонияларда жаза өтеушілер, өздерінің түзелу бағыты түскендігін дәлелдеу үшін 6 ай емес, 9 ай бойы байқатуы керек. Жаза өтеудің қатаң жағдайынан дағдылы жағдайда немеседағдылы жағдайдан жеңілдетілген жағдайға көшіру, сотталушы жаза өтеудің тәртібін қасақана бұзбаған жағдайда, 9 айдан кейін жүргізіледі. Ал, қатаң режимдегі басқа түзеу колониясынан ауыстырылған сотталғандар, жазасын ауыстырылып келгенге дейін белгіленген жағдайдан жалғастырып өтейді. Қатаң режимдегі түзеу колонияларының дағдылы жағдайында жаза өтеушілер түзеу колониясының аумағындағы жатаханаларда тұрады. Олар азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды өз есеп шотындағы қаражат есебінен 3 айлық есеп көрсеткішіне дейін жұмсай алады және 1 жыл ішінде 3 қысқа, 3 ұзақ мерзімдікездесулер өткізуге құқылы. Сонымен қатар, жыл бойына 4 посылка, 4 сәлемдеме және 4 бандероль ала алады. Қатаң режимнің жеңілдетілген жағдайынан жалпы режимнің жеңілдетіілген жағдайының айырмашылығы жазадан босатылуға 6 ай қалғанда қатаң режимде айдауыосыз жұмысқа жіберілмейді.
Заңның қатаң режимдегі түзеу колонияларында жаза өтеп жатқан сотталғандарға мұндай жеңілдік көрсетпеу себебі –осы режимдегі сотталғандардың қауіпьтілігінің жоғары болуына байланысты. Жазаны жеңілдікті жағдайда өтеп жатқан сотталғандар түзеу колониясы жағдайда өтеп жатқан сотталғандар түзеу колониясының бастығының қаулысымен шегінен тыс жердегі арнайы жатаханалараумағында еркін жүріп тұра алады және кездесулерінің саны, ақша қаражатын жұмсау көлемі мен посылка, бандерольдар алуыныңсанына қойылмайды. Қатаң режимдегі түзеу колонияларының жеңілдікті жағдайларында өзінің түзелгенін байқатқан және тағайындаған жазаның ¾ бөлігінің кемінде 6 айын жеңілдетіген жағдайда өткізген сотталғандар өтейді. Ерекше режимдегі түзеу колонияларында жаза өтеуді сотталғандар жалпы немесе қатаң режимдегілей қара түсті киімдер емес, ерекше ала түсті (көк, қара түстермен жолақтатылған) киім үлгісін киеді. Ерекше режимде жаза өтеудің жеңілдетілген, дағдылы және қатаң жағдайлары белгіленген. Ерекше режимдегі түзеу колонияларының дағдылы жағдайында, сот үкімінен кейін осы колонияға келіп түскендер, сонымен қатар қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан көшірілген соттлағандар жаза өтейді. Ерекше режимдегі басқа түзеу колонияларынанауыстырылғандар, жазаны келген колониясында ауыстырылғанға дейін белгіленген жағдайдан ары қарай жалғастырып өтейді,яғнидағдылы жағдайда жаза өтей жүріп ауыстырылса, барған түзеу мекемесінде жазаны дағдылы жағдайдан жалғастырып өтейді. Бас бостандығынан айыру жазасын өтей жүріп қасақанан жасалған қылмысы үшін қайта сотталғандар мен аса ауыр қылмыстар жасағандығы үшін сотталғандар, бастапқы кезеңде жазаны қатаң жағдайда өтейді.Ерекше режимдегі сотталғандарға жаза өтеу тәртібін бұзушылығы болмаған жағдайда жеңілдік жасалып жеңілдетілген жағдайда ауыстырылады. Қатаң режимдегі түзеу орындарына қарағанда, ерекше режимнің бір айырмашылығы –мұнда жеңіл жағдайларға ауыстыру үшін сотталушы 1 жыл бойына жаза өтеудің белгіленген тәртібін бұзбаған болып саналуы керек. Яғни, жазаны өтеудің қатаң жағдайынан дағдылы жағдайда, дағдылы жағдайдан жеңілдетілген жағдайда көшіру үшін сотталушы 1 жыл бойына тәртіп бұзушылық жасаған болуы керек.Жаза өтеушілер жатаханаларда тұрады. Олар тамақ өнімдері мен қажетті заттарды жеке есеп шотындағы қаражатынан ай сайын 2 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде сатып ала алады. Сондай-ақ олар 1 жылдың ішінде 2 қысқа және 2 ұзақ мерзімді кездесулер өткізуге, жылына 3 посылка, 3 сәлемдеме және 3 бандероль алуға құқылы. Дағдылы жағдайда жаза өтей жүріп, 1 жыл бойына жаза өтеудің белгіленген тәртібін бұзбағанда және еңбекке адал қараған жағдайда, сотталушы жеңілдетілген жағдайда ауыстырылады.
Сотталған жеңілдетілген жағдайда жаза өтей жүріп, режимнің талаптарын бұзғанда, тәртіп бұзушылығының түрімен қауіптілік деңгейне қарай, ерекше режимнің дағдылы немесе қатаң жағдайларына ауыстырылады. Сотталған жеңілдетілген немесе дағдылы жағдайлардан қатаң жағдайға ауыстырылғанда, оның құқықтары мен жағдайлары елеулі көлемде төмендейді. Қатаң жағдайда жаза өтеуге ауыстырылған сотталғандар камералық үлгідегі тұрғын –жайларда тұрады.Олар азық –түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды бас бостандығынанайыру жазасын өтеу кезінде ай бойына тапқан қаражатты мөлшерінде сатып ала алады және жыл бойына 1 посылка, 1 сәлемдеме және 1 бандероль алуға құқықлы. Оларға ұзақ мерзімді кездесулер өткізуге рұқсат етілмейді, тек жыл ішінде 2 қысқа мерзімді кездесу өткізе алады, сонымен қатар, күніне бір жарым сағаттық сейілдеу өткізуге шығарылады.
Ерекше режимдегі түзеу мекемелерінде қылмыстық аса қауіпті рецидивіндегілерден басқа, өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен өлім жазасы бас ббостандығынан айырылумен ауыстырылғандар жазаөтейді. өмір бойына бас бостандығынан айыру – 1998 жылы күшіне енген ҚК бойынша жаңа жаза түрі басып табылады. Бұл жаза түрі өлім жазасына балама ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |