Дүние жүзілік соғыс кезеңдегі халықаралық спорттық ҚОЗҒалысы ресей империясына қосылуға дейінгі қазақ халқының дене шынықтыру тəрбиесíнщ ерекшелігі оның жалпы халықтық мəдениет қазынасына кіруімен байланысты болды
ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС КЕЗЕҢДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ Ресей империясына қосылуға дейінгі қазақ халқының дене шынықтыру тəрбиесíнщ ерекшелігі оның жалпы халықтық мəдениет қазынасына кіруімен байланысты болды. Ол мəдениеттщ басқа да түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Қазақстан ежелгі дəуíрден бастап әртүрлі халықтардың өмір сүретін өлкесі болып саналды. Олардың көпшілігі өздерінің өзіндік мəдениетíн, соның ішінде дене шынықтыру мəдениетíн сақтап келді. Бұл тенденция Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін де Ресей тарабынан күшейтілді. Орыс халқының мəдениетí қазақ халқы арасында еніп, кейбір қазақ ойындары орыс халықтары өмірінің бір бөлігіне айналды. Кері жақтары ретінде оқу орындарының жоқ болуына байланысты дене шынықтыру мамандарын арнайы түрде дайындықтан өтпеуін жəне Қазақстандағы спорттың түрлері бойынша оқытушылар мен бапкерлерді даяралу бойынша курстардың болмауын атап көрсетуге болады.
Қорытындылай келе, Ресей империясының шенеуніктері халық бұқарасы арасында дене шынықтыру мен спорттың дамуына қызығушылық танытпаған деп атап көрсетуге болады. Жергілікті халықтың балалары үшін арналған аз санды оқу орындарында дене шынықтыру мəдениетí бойыншасабақтар жүргізілмеген. Ат ойындары, садақпен оқ ату жəне көптеген қимыл-қозғалыс ойындары сияқты спорттың ұлттық түрлері Қазақстан халқының дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі құралы болды. Өткізілген тойлар, ас берулер, тағы басқа бірқатар ұлттық салд-дəсдүрлер спорттың аталған түрлерінің дамуын қамтамасыз етті. Мемлекеттегі спорт пен дене шынықтыру мəдениетíн дамыту мен ұйымдастыруға қатысты орыс жəне қазақ шенеуніктерінің байланыстары кей кездері айтарлықтай емес алға жылжуларды қамтамасыз етсе, кейбір кездері жастардың физикалық тұрғыдан жаңаша түрінде тəрбиеленуíнщ дамуына кедергі жасады.
ХХ ғ. басында Қазақстанның дене шынықтыру мəдениетí мен спортында спорт пен ойындардың классикалық түрлері дəрíптеле бастады, спорттық командалар мен клубтар пайда бола бастады. Классикалық спорт түрлерінің дамыған орталықтарының бірі Семипалатинск қаласы болды. 1912 ж. бұл қалада «Нептун» деп аталатын алғашқы спорт клубы құрылып, онда спорттың классикалық түрлері дəрíптелдí. 1913 ж. құрамында əйгíлí қазақ жазушысы М. Əуезов ойнаған «Жарыс» футбол командасы ашылды [19]. Семипалатинск ауыр атлетиканың, күрестің, коньки спорты, жеңіл атлетика, жүзі, тағы басқа спорт түрлерінің дамуының алғышарттарын жасап берді.
Спорттың классикалық түрлерінің, əсíресе күрес пен ауыр атлетиканың дамуында əйгíлí қазақ батыры Қажымұқан үлкен рөл атқарды жəне оның жеке үлгісі спорттың бұл түрінің дамуына зор ықпал етті. 1915 ж. Троицкте күрес бойынша ірі чемпионатты жеңіп, Қазақстанда спорттың халықаралық түрлері бойынша ірі спорт жарыстарын өткізудің алғышарттарын жасап берді.
Революцияға дейінгі Қазақстанда дене шынықтыру жəне спортпен шұғылданудың мүмкіндіктері болған жоқ. Жекелеген спорт клубтарында буржуазия өкілдері, қызметкерлері жəне жартылай білім алушы жастары спортпен шұғылданды.
1917 ж. Ресей империясындағы саяси қайта құрулар спорттық ұйымдардың қызметіне толықтай əсер етті. 1918 ж. 22 сəуíрдегí Жалпы ресейлік орталық атқарушы комитетінің (ЖРОАК) Декіретіне сəйкес əскери істер жөніндегі Халықтық комитеттің жалпы ресейлік штабы жанында жастар арасындағы спорттық үйірмелер мен ұйымдарды қайта қалпына келтіру жəне қайта құру міндеті жүктелген Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасы құрылды. 1918 ж. аяғына қарай мемлекетте құрамында 38167 белсенді бүшесі бар 350 спорт ұйымдары қызмет жасады [21]. Бұл кезеңде спортты ортақ басқару қалалық жəне облыстық спорттық лигалар мен одақтарға жүктелді. Жалпы ресейлік спорт одағының функцияларын Мəскеулíк олимпиадалық комитет атқарды. Спорттың қарқынды дамуы басталады, тек қана спортық құралдардың, инструкторлардың, бапкерлер мен здебиеттердің болмауы бұл үрдісті тежеген болатын.
1919 ж. бастап Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасын Н.И. Подвойский басқарған. Дене шынықтыру тəрбиесí халықтың денсаулығын жақсартудың құралы ретінде əскери білім беру бағдарламасына енгізілді. 1920 ж. қазанда Жалпыға ортақ əскери білім беру Басқармасы жанындағы Дене шынықтыру мздениетінің Жоғарғы кеңесінің (ДШМЖК) құрылуының арқасында дене шынықтырудың мемлекеттік органын құруға деген алғашқы қадам жасалды. ДШМЖК-не сайыстар туралы ережелер, бағдарламалар, анықтамалар, жарғы, əртурл¡ ұйымдар арасында сайыстар өткізу жүктелді.
Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасының қызметі дене шынықтыруды əскери дайындық үшін қолданумен қатар, Басқармаға мемлекеттегі дене шынықтыру-спорттық қызметке басшылық ету жүктелді. Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасы 1917 ж. кейін қалыптасқан халыққа білім берудің жаңа жүйесіне дене шынықтыру тəрбиесíн енгізу мəселелерíмен айналысып, жаппай спорттың жандануына, пролетарлық спорттық ұйымдардың құрылуына ықпал етті. 1919 ж. мамырына қарай Ресейде Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасының 7 округтық, 39 губерниялық жəне 395 уездік бөлімшелері құрылды жəне бұлар əскерге дейінгілерге білім берумен шұғылданды. Жалпыға ортақ əскери білім беру басқармасының маңызды жетістіктерінің бірі — дене шынықтыру мен спортты тек қана ірі орталықтарға енгізіп қойған жоқ.