1. Жалпы ережелер



Дата03.02.2017
өлшемі172,5 Kb.
#8671
БЕКТЕМІН

РМҚК «П.Чайковсий атындағы Алматы

музыкальный колледжінің » директоры

Калиева А.Ж. ______________


___________2011 жыл.
РМҚК «П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің»
СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР



1. Жалпы ережелер

1.1. “П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің”(ары қарай Колледж) студенттік жатақханасы туралы бұл ережелер Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары жайлы” Заңының 113-шы бабы “Студенттік жатақхана туралы ережелер” атты 16-шы пунктіне, сонымен қатар ҚР “Білім туралы”Заңы, Колледждің Жарғысы мен өзге де құқықтық-нормативті құжаттарға сай жасалған.

1.2. Студенттік жатақхана (ары қарай- жатақхана) Колледж жанындағы құрылымдық бөлім болып табылады. Ол Колледжге бөлінетін мемлекеттік бюджет қорынан, жатақхананы пайдалану ақысы және Колледж қызметінің пайда әкелетін бюджеттен тыс өзге қаржы көздері тарапынан қаржыландырылады.

1.3. Бұл ережелер Колледж және студенттер, талапкерлер, сонымен қатар жатақханадан орын алатын, жатақханадан шығарылатын өзге де тұлғалардың ара-қатынасын реттейді. Сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың жатақханада тұрған кезеңіндегі қарым-қатынастарын қарастырады.

1.4.Колледж жатақханасы мына мекен жайда орналасқан: Алматы қ. Манас көшесі, 11. Жатақхананың алып жатқан жалпы аумағы- 6254,0 шаршы метр. Онда Колледжге сырттан оқуға келген студенттердің, талапкерлер мен Колледждегі белгіленген тәртіпке сәйкес өзге де адамдардың тұруына арналған 80 бөлме бар. Жатақханадағы орындар саны – 170.

1.5.Жатақханадан орын беру мәселемен Колледждің әкімшілігі және Әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комиссия айналысады.

1.6. Жатақхананың материалдық базасын, ғимараттың шаруашылық қызметі мен қолданысқа берілуін, жатақханада тұрушылардың тұрмыстық қызметтерін ұйымдастыруды дамыту және нығайту мәселелерімен директордың ұйымдастыруқ және шаруашылық істер жөніндегі орынбасары айналысады.

1.7. Жатақхананы тікелей басқару ісімен директор тағайындаған комендант айналысады.

1.8. Жатақханада студенттердің тұруы, өз бетімен сабақтарына дайындалуы мен демалуына қажетті жағдайлар жасалаған.

1.9. Жатақханада белгіленген тәртіп пен ережелерге сәйкес өз бетімен сабаққа дайыналатын бөлмелер, музыкалық инструменттермен жабдықталған бөлмелер, тұрмыстық қызметтерді өтеуге және ас әзірлеуге арналған (тұрмыстық бөлмелер, жуынатын бөлмелер, дәретханалар, душ бөлмелері) бөлмелер қарастырылған.

1.10. Помещения санитарно-бытового назначения выделяются и оснащаются в соответствии с санитарными правилами устройства, оборудования и содержания общежития.

Санитарлық-тұрмыстық қажеттер үшін бөлінген бөлмелер мен ондағы қондырғылар, құрал-жабдықтар жатақхананы ұстау жөніндегі санитарлық ережелерімен жарақталады.

1.11. Жатақханада тұратын студенттердің арасынан өздерінің мүдделерін қорғайтын Жатақхана студенттерінің Кеңесі құрылған. Кеңес қолдағы Ережелерге сәйкес қызмет етеді.
2. Колледж бен жатақхана әкімшілігінің міндеттері

2.1. Колледж әкімшілігі міндетті:



  • тұрғындармен студенттік жатақханадағы бөлме және төсек орынды жалдау жөнінде келісім- шартқа келіп, оны орындауға;

  • қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулар беруге;

  • жатақхананы ұстауға арналған қаржыны дер кезінде бөліп тұруға;

  • жатақхананы санитарлық ережелерге сай жиһаздар және құрал жабдықтармен жарақтандыру. Сонымен қатар жалпы студенттік жатақханаға қажет заттар туралы ережелерге сай мүліктермен қамтамасыз етуге;

  • жатақханада тұрушыларға қажетті коммуналдық-тұрмыстық қызметтер және өз бетімен сабаққа дайындалуға арналған бөлмелермен қамтамасыз етуге;

  • жатақханада қызмет көрсетуші жұмысшыларды белгіленген тәртіп бойынша жасақтауға;

  • еңбекті қорғау ережелері мен санитарлық талаптарға сәйкес барлық бөлмелерді қажетті жылу және жарықпен қамтамасыз етуге;

  • жатақхана аумағында күзет қойып, рұқсатнамалық режимінің орындалуын қадағалау;

  • тұрғындардың жатақханада өз бетімен тазалық жұмыстар жүргізуіне қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етуге;

2.2. Жатақхана әкімшілігі міндетті:



  • жатақхана бөлмелерін белгіленген санитарлық талаптар мен ережелерге сай ұстауға;

  • жатақхананы қажетті жиһаздар, қондырғылар, музыкалық аспаптар және басқа да мүліктермен жабдықтауға атсалысуға;

  • жатақханада және ондағы зат-мүліктер, музыкалық аспаптарды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге;

  • жатақхана тұрғындарына арналған коммуналдық-тұрмыстық қызметтердің, өз бетімен сабаққа дайындалатын бөлмелердің, мәдени іс-шаралардың белгілі бір тәртіппен жүргізілуін ретке келтіріп, сондай-ақ оның орындалуын бақылауға;

  • тұрғындар үшін өзіне қызмет көрсету, еңбек, тұрмыс пен демалыс шарттарын жақсарту мәселелерінде өзін-өзі басқаруды дамыту үшін жатақхананың кеңесіне көмек беруге;

  • жатақханада баспаналық-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға байланысты іс-шараларды жүзеге асыруға, сонымен қатар жатақхананы ұстау жөніндегі ескертулерге құлақ асуға, тұрғындардың баспаналық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту туралы ұсыныстарын ескеруге;

  • Ауруға жедел медициналық көмек көрсету, қажет болса ауруханаға жатқызу шараларын қабылдауға;



  • 2.3. Колледж әкімшілігіне тұрғын үйді ұстау және жөндеу талаптары мен ережелеріне сәйкес жүктелетін міндеттер;

  • жатақхана мен оның бөлмелерін жүйелі түрде аралап көру, сонымен қатар ондағы санитарлық-техникалық және өзге де қондырғыларды алдын-ала тексеруден өткізіп тұру;

  • жатақхана мен ондағы құрал-жабдықтарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын уақтылы жасап тұру, санитарлық-техникалық және өзге де қондырғылардың үздіксіз жұмыс жасап тұруын қамтамасыз ету;

  • көпшілік пайдалану орындарының қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ету;

  • жатақхананы, сонымен қатар ондағы санитарлық-техникалық және өзге де қондырғыларды қысқы жылыту мерзіміне алдын-ала дайындау.


3. Жатақхана тұрғындарының құқықтары мен міндеттері.

3.1. Жатақханада тұрушылардың құқы бар:

а) жатақханадағы бөлме мен төсек орынды жалдау жөніндегі келісім- шарттың мерзімі біткенше белгілі бір бөлмеде тұруға;

б) колледж әкімшілігіне жатақханада бөлмені жалға алу жөнінде келісім- шартқа өзгертулер енгізу туралы ұсыныс жасауға;

в) Колледж алдындағы барлық шығындарды өтеген жағдайда жатақханадағы бөлмені жалға алу жөніндегі келісімнен өз еркімен бас тартуға;

г) колледж әкімшілігінің келісімімен жатақхананың басқа бөлмесіне қоныстануға;

д) оқуға және мәдени-тұрмыстық қажетке арналған бөлмелерді пайдалануға, жатақханадағы музыкалық аспаптар мен құрал-жабдықтарды қолдануға;

е) жатақхана кеңесіне сайлап, өзінің де сайлануына;

ж) тұрғындардың тұрмыстық-баспаналық жағдайларын көтеру,тәрбие істері мен демалысты ұйымдастыру, жатын бөлмелер мен сабаққа дайындалатын бөлмелерді жабдықтау және безендіру мәселелерін жатақхананың кеңесімен бірлесіп шешуге;
з) Жатақхана әкімшілігімен алдын-ала келісіп ата-аналарын шақыру. Ата-аналары мен олардың заңды өкілдерінің аз уақыт аралығында жатақханада қалуларының басты шарты-олардың қысқа мерзімге баспана беру туралы келісім-шартқа сәйкес жеке бөлмеде (ата-аналар бөлмесі) тұру мүмкіндігі. Ата-аналар жатақханада үш тәулік қана қала алады. Ал егер олар шеткері аймақтардан келген жағдайда, жатақханада қалу мерзімі жеті күнге дейін созылады.

и) Колледж әкімшілігінің заңдық құжаттарымен таныс болуға;

к) Колледж әкімшілігіне жатақхананың қызметкерлерінің үстінен шағым беруге.

3.2. Жатақханада тұрушылар міндетті:

а) бөлме/ төсек-орынды жалдау туралы Колледж әкімшілігімен жасаған келісім- шартты, қолдағы Ережелерді, Коллдж бен студенттік жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерін орындауға;

ә) тұратын бөлмені тікелей мақсатта қолдануға;

б) тұратын бөлмеге, музыкалық аспапқа, жатақхананың санитарлық-техникалық, және басқа да дүние-мүлкіне ұқыпты қарауға;

в)қауіпсіздік техникасын, санитарлық-гигиеналық тәртіпті, жатын бөлмелерді пайдалану, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық және өзге де құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін орындауға;

г) бөлмелер мен көпшілік пайдалану орындарында тазалық сақтауға;

ғ) тұрғын бөлмелерде күн сайын тазалық шараларын жасауға;

д) тұрғын бөлмелердегі бір заттың бұзылғандығын байқаған кезде бірден оны жөндеу шараларына кірісу, комендант немесе құтқару қызметіне хабарлауға;

е) ҚР заңнамалары мен Колледж жатақханасында бөлме/төсек-орынды жалдауға байланысты жасаған келісім-шартқа сәйкес, Колледжге келтірген материалдық шығынды өтеуге;

ж) Бөлмедегі санитарлық техникалық немесе өзге де құралдарды сындырып алса, оларды өз қалтасынан жөндетеді. Жатақхана коммендантының рұқсатымен тұрғын, санитарлық-техникалық және құралдарды сапасы жақсысына өзгетуге, бөлмеге косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

з) баспалдақтар мен қоғамдық жалпы орындарда тазалық пен тәртіп сақтауға;

и) су, электр жарығы мен жылуды үнемдеп қолдануға;

к) баспаналық төлем ақыны, тұрғындардың қалауы бойынша ұсынылатын өзге де қызметтер мен коммуналдық қызметтер үшін ақыны уақтылы төлеп тұруға;

қ) жатақхананың рұқсатнамалық тәртібін орындауға, бөлмесінің қосымша кілтін жатақхананың әкімшілік өкіліне тапсыруға;

л) жатақхана әкімшілігінің рұқсатынсыз қосымша электр жылыту құралдарды орнатуға;

м) жатақхана әкімшілігінің (комендант) талаптарын орындауға;

н) Жатақханадан біржолата шыққанда өзінің атына жазылған барлық құрал- жабдықтарды тапсыруға.


4. Жатақханаға қоныстану және пайдалану ережелері

4.1. Студенттер, талапкерлер мен өзге де тұлғалар жатақханаға Колледждің әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комиссиясының шешімімен қоныстана алады.

4.2. Колледж жатақханасына қоныстану үшін бөлме/төсек-орынды жалдау туралы келісім-шарт жасалып, онда бөлменің нөмірі, жатақханада қалу мерзімі мен ақы көлемі көрсетіледі. Бөлме/төсек-орынды жалдау туралы келісім-шартқа отыру үшін директордың атына жатақханадан орын алу туралы арыз, жеке куәлік, РНН мен денсаулығы туралы анықтаманы ұсыну қажет.

4.3.Бөлмелерге қоныстандыру Колледждің әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комиссиясы бекіткен және Колледж директоры бекіткен қоныстандыру жоспарының тізімі бойынша жүргізіледі.

4.4. Жатақханадағы орындар алғашқы кезекте жетім балалар, мүгедектер мен Қазақстан Республикасының заңнамаларында анықталған өзге де жеңілдіктерге ие тұлғаларға беріледі.

4.5. (Шетел азаматтарын қосқанда) Алған білімінің ақысын толығымен қайтару жөніндегі келісіммен оқуға қабылданған студенттер, кәсіби деңгейін көтеру курстары мен кәсіби білім берудің басқа да түрлерінің тыңдаушылары жатақханада бос орындар болса ғана қоныстана алады.

4.6. При прочих равных условиях, преимущественным правом заселения в общежитие пользуются студенты с наивысшим средним баллом (по итогам вступительных экзаменов и экзаменационной сессии). При одинаковом среднем балле успеваемости преимущественным правом пользуется студент, имеющий более высокие оценки по специальности.

Сонымен қатар жатақханадан алғашқы кезекте орын алу құқығына ие азаматтардың қатарында жоғары баллы бар (қабылдау емтихандары мен емтихандық сессия қорытындысы бойынша) студенттер де кіреді. Оқудағы үлгерімі бірдей студенттердің арасында мамандығы бойынша жоғары бағаға ие болғаны алдыңғы кезекке шығады.

4.7.Студенттік жатақханада тұрушыларды тіркеу Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ішкі істер органдары белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі. Тіркеуге паспортист-құжатшы қызметкер жауапты. Жатақханаға қоныстанған студент үш күннен асырмай жатақхананың құжатшы қызметкеріне барып тіркеуден өтуі қажет.

4.8. Қабылдау емтихандары кезінде талапкерлер студенттік жатақханада Колледж белгілеген шарттар негізінде ақысын төлеп қала алады. Егер жатақханада бос орындар болса, онда кәмелетке толмаған талапкерлермен қоса оның ата-аналарының бірі немесе оның орнындағы тұлға да қала алады.

4.9. Академиялық демалыстан шыққан білім алушыны жатақханаға қоныстандыруды әлеуметтік мәселелер бойынша Комиссия шешеді. Бұл ретте Комиссия студенттің академиялық демалысқа шығу себебін, демалысқа шыққанға дейінгі оқу үлгерімін назарға алады.

4.10. Студенттік жатақханада тұрушыларға типтік нормаларға сай құрал- жабдықтар қолданысқа беріледі.

4.11. Жатақханада тұрушылар қауіпсіздік техникасының жайттарымен, электр-тұрмыстық құралдарды қолдану туралы нұсқаулармен, қолдағы Ережелер және Колледж жатақханасының ішкі тәртіптерімен танысулары қажет.

4.12. Бөлмеге қоныстанғанда студент бөлме кілтінің бір данасын апта аралығында жатақхана әкімшілігінің өкіліне тапсыруы қажет.

4.13. Апатқа байланысты бөлмеде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталғанша, Колледж әкімшілігі студентті санитарлық, техникалық талаптарға сай келетін өзге бір бөлмеге көшіруге міндетті.

4.14. Егер бөлмеде одан әрі тұруына кедергі келтіретін себептері орынды деп табылса, Колледж әкімшілігі студентті басқа бөлмеге ауыстыру туралы шешім шығаруы мүмкін.


5. Жатақханадан шығару реттері

5.1. Білім алушы Колледждегі оқудан шығып қалғанда, жатақханадан да шығарылады.

5.2. Жатақханадан шығарылу студенттің өз еркімен, әкімшіліктің бастамасымен директорды хабардар ету барысында немесе оқу аяқталғанда жүзеге асырылады.

5.3. Жатақханадан шығарылу студенттің Колледж директорының атына жазған жеке арызының негізінде жүзеге асырылады.

5.4. Колледж әкімшілігінің бастамасымен:

5.4.1. Оқу орнынан шығып қалғанда.

5.4.2.Колледждің студенттік жатақханасының ішкі тәртіп Ережелерін, қолдағы Ережелерді, бөлме/төсек-орынды жалға алу туралы келісім- шартты бұзғаны үшін.

5.4.3. Студенттік жатақханада бөлме/төсек орынды жалға алу жөніндегі келісім- шартты бұзғаны үшін.

5.4.4. ҚР заңнамасындағы белгіленген басқа да себептер бойынша.

5.5. Қабылдау емтихандарында қанағаттанарлықсыз баға алған немесе кезекті емтиханға келмеген талапкер қабылдау емтихандарының аяғына дейін немесе аяқталып, соң емтихан нәтжелері жарияланғаннан кейін үш күн аралығында босатуы керек. Ал аппеляцияға бергендер бағасы расталғаннан кейін үш күн аралығында, оқуға қабылдау байқауынан өтпей қалғандар,- қабылдау жөнінде бұйрық шыққаннан үш күн өткен соң.


5.6. Жатақханадан шығару шығарылатын адам мен себептері көрсетілген (талапкерлерден басқа) Колледж директорының бұйрығы негізіде жүзеге асырылады.

5.7. Жатақханада тұрушы шығарылу туралы бұйрыққа қол қойғаннан кейін үші күн аралығында:

а) қолхатпен алған жатақхананың мүлкін тапсыруы керек;

б) шығарылу кезінде тұрғын алүй ақысы мен өзге де төлемдерді өтеуі керек;

в)бөлмені үш күн аралығында жеке заттарынан босатып беру. Жатақханада тұрушы бөлмені комендантқа таза, ал мүліктерін сынбаған бүтін күйінде өткізуі тиіс;

г) рұқсат қағаз бен бөлменің кілтін жатақхана комендантына өткізу;

д) тіркеуден шығу керек.

5.8.Колледжден шығарылғанда (оны бітірген кезде) жатақханада тұрушы бөлмені жалға алу келісім-шартына сәйкес үш күнде босатып шығуы керек.

5.9. Жатақханадан шығарылғанда студенттерге Колледж әкімшілігі бітіру қағазын тапсырады. Коменданттың қолын қойдырған қағазды білім алушы оқу бөліміне өткізуі тиіс.
6. Жатақханада тұру ақысы

6.1. Жатақханада тұру ақысы Колледждің ұсынған қызметтерінің негізінде анықталады.

6.2. Жатақхананы пайдаланғаны үшін төленетін ақы тұрғындардан бөлме/төсек-орынды жалдау туралы келісім- шартқа сәйкес алынады.

6.3. Колледж әкімшілігі тұрғындарға олардың келісімімен қосымша (ақылы) қызметтер көрсетуге құқы бар. Қосымша қызметтердің ақы көлемі мен көрсету реттері Колледждің студенттік жатаханасында тұрушыларға қосымша қызмет көрсету туралы арнайы келісім шартына сәйкес анықталады.

6.4.Жатақхананы пайдаланғаны үшін төленетін ақы Колледждің есеп-шотына аударылады.

6.5. Қабылдау емтихандары кезінде жатақханада тұрған талапкерлер ақыларын ҚР заңнамасына сүйене отырып Колледждің шарттарына сәйкес өтейді.


7. Студенттік жатақхананы басқаратын қоғамдық органдар

7.1.Жатақхана кеңесі ҚР заңнамасы, қолдағы Ережелер және өзге де заң құжаттарымен жетекшілік етеді.

7.2. Жатақхана кеңесінің өкілдері Колледж студенттерінің өкілеттік органдарының құрамына кіреді.

7.3. Жатақхана кеңесі жатақхананың жалпы жиналысы мен қабаттар старосталарының жиналысында сайланған адамдардан тұрады.

7.4. Жатақхана Кеңесі:


  • қабаттар мен бөлмелердегі старосталардың қызметтерін реттейді;

  • жатақханадағы өз-өзіне қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;

  • тұрғындарды жатақхана мен оның төңірегінде қоғамдық пайдалы жұмыстарды (бөлмелерде тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу, жиһаздарды жөндеу) атқаруға өз еріктерімен қатысуға жұмылдырылады;

  • тұрғындарды жатақханадағы қоғамдық пайдалы жұмыстарды(бөлмелерде тазалау және жөндеу жұмыстарын жасау) өз еріктерімен атқаруға тартады;

  • жатақхана әкімшілігіне тұрғындарға берілген материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауға көмектеседі.

  • тұрғындардың мүддесін қорғайды;

  • мәдени іс-шараларды ұйымдастырады.

7.5. Жатақхана кеңесі жатақхана әкімшілігімен бірлесіп тұрғындардың бөлмелерді, ондағы жиһаздарды қабылдап алу шараларын өз құзыреті аясында ұйымдастырады. Бұл жатақханадағы бөлмені жалдау туралы келісімнің қолданыс мерзіміне қатысты болады.


  • 7.6.Жатақхана кеңесімен төмендегідей мәселелер міндетті түрде келісілуі керек:

  • тұрғындарды әкімшілік бастамасымен бір бөлмеден екінші бөлмеге ауыстырғанда;

  • тұрғындарға қолданатын алғыс білдіру және жауапқа тарту шаралары;

  • жатақханадағы сабақтан тыс шаралар жоспары;

  • Сонымен қатар, Колледждің заң құжатында тікелей көрсетілген өзге де мәселелер. Колледж әкімшілігі жатақхана кеңесінің мүшелерін жемісті еңбегі үшін материалдық және моральдық жақтан қолдау үшін шаралар қолданады.

7.7. Жатақхананың әр тұрғын жайында (бөлмеде, қабатта) староста сайланады. Қабат старостасы бір қабат тұрғындарының жалпы жиналысында сайланады. Тұрғын жай старосталары қызметтерін атқарғанда Колледждің заңдық құжаттарын, студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, қолдағы ережелерді, сонымен қатар жатақхана кеңесі мен Колледж әкімшілігінің шешімдерімен жетекшілік етеді.

  • 7.8. Тұратын бөлменің старостасы:

  • тұрғындардың бөлмедегі (қабаттағы) мүліктерге ұқыпты қарауын қадағалайды;

  • бөлменің (қабат) таза да жиналып тұрғанын қадағалайды.


8. Алғыс білдіру және тұрғындардың жауапкершілігі

8.1. Жатақхананың тұрмыс- тіршілігінде белсенділік танытып, әлеуметтік маңызды бастамаларды өткізуге атсалысқан тұрғындарға:



  • Алғыс жарияланады;

  • Мақтау қағазымен марапатталады;

  • Құнды сыйлықпен марапатталады және т.б.

8.2.Жатақхана мүлкіне нұқсан келтірген тұрғындар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мүліктік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

8.3.Осы Ережені, Жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін тұрғындарға төмедегідей жаза түрлері қолданылады:



  • ескерту;

  • сөгіс;

  • қатаң сөгіс;

  • жатақханадан шығару.

8.4. Ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін тұрғын үш күн аралығында жазбаша түсініктеме беруі керек. Одан бас тартқан жағдайда бұл туралы жатақхана кеңесінің екі өкілінің көзінше белгі жасалуы керек.

8.5. Жауапқа тарту студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережесін, қолдағы Ережелер мен бөлме/төсек –орынды жалға алу туралы келісім-шартты бұзғаннан кейін 30 күн аралығында жүзеге асырылады.

8.6. Тұрғынға тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданатыны туралы Колледж директорының нұсқауы жарияланып, ол үш күннен соң жүзеге асырылады. Тұрғынның бұйрыққа қол қоюдан бас тартқан жағдайында жатақхана кеңесінің екі мүшесі растайтын белгі жасалады.

8.7. Егер 6 күн аралығында тұрғын тәртіптік жауапкершілікке қайтадан тартылмаса, ол жауапкершілікке тартылған болып саналмайды.

8.8.Тұрғындар жатақханадан төмендегідей жағдайларда шығарылуы мүмкін:

а) қолдағы ережелерде, студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережелерінде және бөлме/төсек –орынды жалға алу туралы келісім- шартта қарастырылған міндеттерді бір мәрте немесе жүйелі түрде орындамағаны үшін;

ә) тұратын бөлмені тікелей мақсатта қолданбаса;

б) тұрғын жайды тұрғындар немесе басқа азаматтар қиратса немесе зиян келтірсе;

в) екі ай бойы тұрғын үй ақысын төлемеу;

г) көршілердің құқы мен мүдделеріне үнемі зиянын келтіру олардың бір бөлмеде тұруын мүмкін емес қылады;

ғ) жатақханада мас күйінде немесе есірткі заттардың әсерінде келуі;

д) тұрғындардың жатаханада бір ай немесе одан да көп мерзімде орынсыз себептермен тұрмауы;

ж) тұрғындардың мекен-жай бойынша тіркелмеуі;

з) естірткі заттарды сақтау, тарату;

и) тұрғындардың жарылғыш, химиялық қауіпті заттар немесе оқ дәрі қаруларын сақтауы,

к) Колледжден шығарып тастау;

қ) ҚР заңнамасында көрсетілген өзге де жағдайларда,

8.9. Жауапқа тарту Колледж директорының бұйрығынан кейін жүзеге асырылады.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет