ОӘК 042-14 1 20. 39/03-2013 № басылым



бет1/13
Дата14.05.2017
өлшемі2,34 Mb.
#16246
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ОӘК 042-14.1.1.3.20.39/03-2013

№ ___ басылым

беттің -ші беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ОӘК 042-14.1.1.3.20.39/03-2013

ПOӘК

«Өндірістік желдету» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


№ ___ басылым





ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ӨНДІРІСТІК ЖЕЛДЕТУ»


5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»



мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013
Мазмұны


1

Глоссарий………………………………………………………………




2

Дәріс тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны.........................




3

Практикалық сабақтар тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны




4

Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар...............................





1. ГЛОССАРИЙ
Аспирациялық қондырғылар – өндірістік бөлмеге шаң шығуына кедергi келтiретiн машиналар қаптамасында вакуум тудыратын соратын қондырғылар.

Аэрация - ұйымдастырылған табиғи желдету.

Аэрогель - технологиялық жабдықтың бетіне шаңның қонуы.

Аэрозоль - ауада өлшенген күйде болатын шаң.

Барометр - атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.

Вакуумды қысым (вакуум) - атмосфералық және абсолюттiк қысым аралығында атмосфералық айырмаға дейiнгі қысымның жетіспеушілігі.

Желдеткiш - газды (ауалы) ортаның қысым ағынын тудыратын аэродинамикалық машина.

Дефлектор - жел түтiгiнде күштiң әсерiнен сиретiлу құрастыратын құрылғы.

Дифференциалды манометр - екi кез келген нүктелердегi қысымның айырмасын өлшейтін құрал.

Инфильтрация - ұйымдаспаған табиғи желдету.

Артықша қысым (манометрлік) - атмосфералық қысымның артықшылығы, яғни абсолюттi және атмосфералық қысымның аралығында айырым.

Манометр - артықша қысымды өлшейтін құрал.

Желдеткiш қуаты - желдеткiш тұтынатын қуат.

Желдеткiштiң ағыны - желдеткiштен шығатын және кiретін меншіктi энергиялар айырымасы.

Желдеткiштiң номиналды режимі - техникалық көрсеткiшті қамтамасыз ететiн желдеткiштiң жұмыс тәртiбi.

Желдеткiштiң көлемдiлігi - уақыт бiрлiгiне берiлетiн желдеткiштің газдық (ауалы) ортасының көлемі.

Желдеткiштiң оңтайлы режимі - пайдалы әсер коэффициентiнiң мәнi ең үлкен күйiндегі сораптың жұмыс тәртiбi.

Желдеткiштiң пайдалы қуаты - газдық (ауаға) ортаға берiлетiн желдеткiштің қуаты.

Ауаағардың сипаттамасы - шығыннан құбырдағы күштiң жиынтық жоғалтуының тәуелдiлiк графигi.

Желдеткiштің сипаттамасы - беруден желдеткiштiң артық қысымын графикалық түрiндегі тәуелдiлiгі.

2. Дәріс тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны



Дәріс 1. Бөлмелердегі ауа алмасу.

Дәріс жоспары.

1. Өндірістегі желдету жүйелерінің түрлері.

2. Сору қондырғылары.

3. Негізгі есептеулер.
Өндіріс процесі кезінде бөлменің ауасы әрдайым әр түрлі зиянды заттармен ластанады, адамдардың денсаулығына, кейде шығарылып жатқан өнімге кері әсерін тигізеді. Сондай зиянды заттарға әртүрлі түрдегі шаң, бу, газ, сонымен бірге артық жылу мен ылғал, химиялық бу, жалпы уытты заттектер немесе тітіркенгіштік әсері, улы және сусыз шаң, зиянды радиоактивті факторлар жатады.

Қоршаған ауаның ластануы жалпы жылудың бөлінуі, ылғалдылық пен көмірқышқыл газы, жылу мен ылғалдың бөліну мөлшеріне байланысты физикалық дәрежесі адамға артық жүктеме және қоршаған ортаның температурасына қатысты болады.

Қазіргі заман талабына сай адам өміріне жасанды құрал тиімділігі ауа ортасына қажет.

Техникалық желдету ауадан зиянды заттарды жою жолымен күресу және соңғы таза өтемақы жүйесін пайдаға асыру мақсатымен қызмет етеді.

Желдету жүйесі ұстаным әсеріне қарай: табиғи және механикалық болып бөлінеді. Табиғи желдету жүйесі сирек кездеседі, оның ерекшелігі жалпы ауа алмасу, яғни бөлмені барлық ауамен алмасуды қамсыздандыру.

Механикалық желдету жүйесі жалпы ауа алмасуда, жергілікті де бола алады. Жергілікті жүйеде құрылғы арқылы зиянның бөлінуіне қарсы әртүрлі қорғаныс түрін жасайды, ауа жергілікті ауа шығару нұсқауымен, яғни ауа өтемақысы, жергілікті ауа шығаруды жою, бөлме ішіне жаңа таза ауаның берілуімен жойылады.

Бидай өңдеу зауыттары мен нан шығару кәсіпорындарында негізінен сорғыш желдеткіш қондырғылары қолданылады. Ауаны сору кезінде машинаның қаптамасында вакуум пайда болады, ол шаңның бөлмеге таралмауын қамтамасыз етеді. Сору қондырғыларын көбіне аспирациялық деп атайды.

Алдымен ағынды ауаның көлемдік шығынын анықтайды (Vв.в.) м3 / сағ:



(1)

Q – жылу шығыны, кДж/сағ;

ρВ.В.енгізілетін ауаның тығыздығы, кг/м3

tуд. – шығарылатын ауаның температурасы, 0С

tВ.В. - енгізілетін ауаның температурасы, 0С
Механикалық сору желдеткішінің қозғаушы күші сыртқы және ішкі ауалар айырмасына тең болады (Δр):
Δр = g·h· (ρн - ρв) (2)
h – төменгі және жоғарғы тесіктер ортасындағы биіктік, м;

ρн – сыртқы ауа тығыздығы, кг/м3;

ρвішкі ауа тығыздығы, кг/м3.

Осы қысымдар айырмасы жергілікті кедергіні жоюға жұмсалады:


(3)
ξпр. – жергілікті кедергі коэффициенті, ξпр. = 1,0;

w - ауа қозғаласының орташа жылдамдығы, м/с.



(2) және (3) теңдіктерден ауа қозғаласының орташа жылдамдығын анықтаймыз (w):
(4)
Қажетті қима ауданы (F):
(5)

μ – ауа шығынының коэффициенті.


Табиғи желдету жүйесі бөлмеде болатын әртүрлі көлемі көп мөлшердегі сыртқы салқын ауа мен жылу, ауа алмасуымен жүзеге асады, сонымен бірге жел әсерінен де болуы мүмкін. Ал механикалық желдету жүйесіндегі ауа алмасу тек желдеткіш жұмысы арқылы жүзеге асады.

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Өндірістегі зиянды заттарға нелер жатады? 2. Ауадан зиянды заттарды жоюдың қандай жолдары бар? 3. Желдету жүйесінің негізгі ұстанымдары қандай? 4. Сорғыш желдеткіш қондырғылары қандай кәсіпорындарда қолданылады? 5. Желдеткіштер үшін ауа қозғаласының орташа жылдамдығының жалпы теңдеуі қалай жазылады?
Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.

4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.

4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет