ОӘК 042-14 1 20. 39/03-2013 № басылым


Дәріс 6. Инерциялық шаң ажыратқыштар



бет3/13
Дата14.05.2017
өлшемі2,34 Mb.
#16246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Дәріс 6. Инерциялық шаң ажыратқыштар. Маталы жеңді сүзгiлер.

Дәріс жоспары.

1. Инерциялық шаң ажыратқыштардың түрлері.

2. Маталы жеңді сүзгiлер.

3. Сүзгілердің негізгі есептеулері.
Инерциялық шаң ажыратқыштарды, эжекторлы шаң жинағышты, бұрыштық инерциялы бөлгiштi, сақиналы инерциялық бөлгiштердi қолданылады.

Инерциялық шаң ажыратқыш негiзінің диаметрi бiртiндеп кiшiрейтiн конусты сақиналардан тұрады. Конустылық бұрышы 600. Бiр өстегі сақиналар адымы 12-16 мм. Ауа конус негiзiне тесіктер арқылы кіріп, сақиналар арасындағы саңылау арқылы сыртқа шығады (90-94%). Ауадағы шаң ағын қозғалысының күрт өзгеруінен инерция күштерінiң әсерiнен бөлiнедi. Шаң бөлшектерi конустық сақиналардың көлбеу беттерiне соғылып, шағылысып шаң ажыратқыш өсіне қарай қозғалады, онда ол ауа ағыны арқылы шаң ажыратқыш саңылауына орын алмастырады да циклонға келіп түседі.

Эжекторлы шаң жинағышта тура осы принцип бойынша жұмыс iстейдi, айырмашылығы шаң бөлшектері екi сатылы шағылысудан өтеді.

Екi шаң ажыратқышта тиiмдi, шағын, аз габариттi. Артықшылықтары: материалдың үздiксiздігі мен тұрақты кедергiсі, өндiрiстiк аудандарды талап етпейдi, өйткенi оларды аспирациялық ауақұбырларында тiкелей орнатады.

Маталы жеңді сүзгiлер. Осы сүзгiлер ауаны тазартуда (99% және одан да көп) жоғарғы тиiмдiлiктi болып табылады. Бұдан басқа, мұндай сүзгiлер нақты тығыздықтағы сүзу маталарын таңдап алуда тазалау дәрежесiн, сонымен бiрге тазаланған ауада (10 мг/м3-тен аспайтын) шаңның шоғырлануын реттеу мүмкiндiгімен ерекшеленеді.

Сүзу маталарда тозаңды ауаның кiретін жағында бiржақты түгi болады. МЕСТ 7715-70 бойынша лавсанды матаны қолданады. Синтетикалық маталар статикке қарсы өңделеді.

Сiңіру сүзгiсінiң сүзу матасына берiлетiн меншiктi жүктеме 90-150 м32·сағ. құрайды.

Сүзгiнiң кедергiсiн (қысым шығынын) график бойынша анықтайды.

Сору (ФВ) сүзгiлерінiң кемшiлiктерi: матаның бiтелiп қалуында қысым шығындарының жоғарлауы, циклондармен салыстырғанда пайдаланудағы ыңғайсыздығы.

Сору (ФВ) сүзгiлерінiң металды шкафты төрт өлшемдi түрлерiн ФВ-30, ФВ-45, ФВ-60, ФВ-90 қолданады.

Пневмокөлiк қондырғылары үшiн жоғары вакуумды ФВВ-45, ФВВ-60, ФВВ-90 жеңді сүзгiлердi қолданады. Бұл сүзгiлер тұрығының берiктiлігiмен және тығыз бекiтiлгендігімен ерекшеленеді. Сору сүзгiсінiң сүзу матасына түсетін меншiктi жүктеме 90 м3 / м2·сағ.

Сүзгiні ауа шығынының қосындысы VФ3/сағ) мен меншiктi жүктеме VУ32·сағ) бойынша таңдап алады. Ауа шығынының қосындысы бойынша сүзгi бетiнiң ауданын Fф, м2 есептейді:


Fф = VФ / VУ
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Инерциялық шаң ажыратқыштардың қандай түрлерін білесің? 2. Қандай шаң ажыратқыш тиімді болып табылады? 3. Маталы жеңді сүзгiлердің жіктелуі? 4. Сору (ФВ) сүзгiлерінiң қандай негізгі кемшiлiктерi бар? 5. Сүзу бетiнiң ауданы қалай есептеледі?


Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.

4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.

4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.


Дәріс 8. Ауаны екiншiлік тазартуға арналған шаң ажыратқыштар

Дәріс жоспары.

1. Ауа алмасудың санитарлы-гигиеналық нормалары.

2. Циркуляциялы және ауа тазартуы бар желдету қондырғылары.

3. Ауаны екiншiлік тазартуға арналған шаң ажыратқыштардың түрлері.

Нан қабылдау кәсiпорындары мен астық өңдеу зауыттарында бөлмелердегі ауа алмасу желдету қондырғылары арқылы бөлме ішіндегі ауа сорылу бекітілген нормадан біршама ауытқуы байқалады.

Жұмыс бөлмелерiндегi ауа алмасу санитарлы-гигиеналық нормалар деңгейінде ауа ылғалдылығы мен температурасын, сонымен бiрге технологиялық процестің шарттарын қолдануға мүмкiндiк бермейдi. Әсiресе қысқы мерзiмде жоғарғы ауа алмасулар кәсiпорындардың жұмыстарында кездеседі: еңбек жағдайлары нашарлайды, жұмысшылардың сырқаттануы жоғарлайды, өрт қауiпсiздiгiнiң орындалуы қиындайды, жылыту тиiмсiздеу болады.

Циркуляциялы және ауа тазартуы бар желдету қондырғыларын жылдың барлық мезгілдерінде қолдана отырып, өндiрiстiк бөлмелердегi жоғарғы ауа алмасу мен вакуумды жояды. Cанитарлық нормалардың орындалуы жоғарғы дәрежелі тазартуды, сонымен бiрге өрт - және жарылыс қауiпсiздiгін қамтамасыз ететiн ауаны екiншiлік тазартуға арналған шаң ажыратқыштарды таңдаумен байланысты. Ауаны екiншiлік тазартуға арналған шаң ажыратқыштарды құрғақ және ылғалды деп бөледі.

Жуу-сүзу камераларын, гидродинамикалық шаң ұстағыштарды, өздiгiнен тазаратын сүзгiлерді, циклонды сүзгiлерді, ауалы салқындатқыштарды қолданады.

Гидродинамикалық шаң ұстағыштарды ауаны шаңнан екiншiлік тазарту үшiн қолданады. Оның тозаңды ауаны өткiзу қабiлеттiлігі 10000 м3/сағ.

Ауалы салқындатқыштарды бiр үлгiдегi секциялардан жинап жасайды. Кемшiлiктері: өлшемдері үлкен, пайдалануда сенiмсiздiгі, су шығыны, құнының жоғары болуы.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Жұмыс бөлмелерiндегi ауа алмасудың санитарлы-гигиеналық нормалары қандай? 2. Ауаны екiншiлік тазартуға арналған шаң ажыратқыштардың қандай түрлерін білесің? 3. Гидродинамикалық шаң ұстағыштар қандай қондырғыларда қолданылады? 4. Салқындатқыштардың кемшіліктері туралы не білесің?


Ұсынылатын әдебиет:

4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.
Дәріс 9, 10. Желдеткiштер

Дәріс жоспары.

1. Желдеткiштер. Олардың жіктелуі.

2. Жлдеткіштердің негізгі түрлері мен есептеулері.


Желдеткiштер – ауа мен газдардың орын ауыстыруына арналған аэродинамикалық машиналар. Желдеткiштердiң жұмысшы органы – қалақтары бар ортадан тепкiш дөңгелектер. Желдеткiштерге 15 КП-дан аспайтын қысымды ауа үрлегiш машиналар жатады.

Артықша қысымы бойынша желдеткiштер келесідей жіктеледі:

1. төмен қысымдағы желдеткiштер (1000 Па-ға дейiн).

2. орташа қысымдағы желдеткiштер (3000 Па-ға дейiн)

3. жоғарғы қысымдағы желдеткiштер (3000 Па-дан астам).

Желдеткiштiң аэродинамикалық қасиеттерi жылдам айналу критериімен және қысым коэффициенттерiмен сипатталады. Жылдам айналу критериі меншiктi айналу жиiлiгiмен өрнектеледi: (nу):




мұнда n – жұмысшы дөңгелектің айналу жиiлiгi, айн/мин;

Vс – ауаның көлемдiк шығыны, м3/с;

Δр – желдеткiштiң қысымы, Па.

Жылдам айналу критериі осы топтаманың барлық нөмiрлерiнде тұрақты, өлшемдерде әртүрлi, бiрақ геометриялық ұқсас және осы желдеткiштердiң аэродинамикалық қасиеттерiн сипаттайды.



Қысым коэффициентi КР:

мұнда u - қабырғалардағы айналу жылдамдығы, м/с.

Ортадан тепкiш желдеткiштер үшiн КР = 0,4 – 1,5.

Өстік желдеткiштер үшiн КР = 0,05 – 0,2.

Әртүрлi күйдегі қаптамасы бар ортадан тепкiш желдеткiштерді дайындайды және сыртқы тесігінің бағытына қарай келесідей белгiлейді: В - жоғары; Н - төмен; П - оңға; Л – солға. Бұдан басқа, 450 жағдайында ВЛ, ВП, НЛ, НП деп белгіленеді.

Сонымен қатар желдеткiштердi оңға айналатын және солға айналатын деп бөледі.

МЕСТ 10616-63 сәйкес желдеткiштер өлшемінiң сипаттамасы үшiн олардың әрқайсысына нөмiрлер тағайындайды, яғни № 5 - D=500 мм; № 6,3 - D=630 мм.

Ц - ортадан тепкiш. ЦП - шаңды ортадан тепкiш. Әрiптiң жанындағы цифр - 10• Кр.

Мысалы, Ц4-70 №6 маркалы желдеткiш, 1 орындау, оң: ЦВ Кр=0,4; меншiктi жылдам айналуы nу = 70; D=600 мм; 1 сұлба бойынша орындалған, оңға айналатын.

МЕСТ сәйкес жаңадан шыққан желдеткiштерде ПӘК= 0,6 – 0,7 болуы керек.

Төмен қысымды ЦВ-ға ВРН № 2,5, орташа қысымды ЭВР, Ц9-57, Ц9-55, ВРС жатады. Сонымен бiрге арнайы шаңды ЦВ шығарады: олар максималды қысымды ВЦП, ЦП6-46, ЦП7-40.

Шаңды желдеткiштердiң 6-8 қалақтары болады. 45-50 м/с желдеткiштiң шеңберлік жылдамдықтарында ЦП6-46 желдеткіші 2000-2500 Па қысымды тудырады. ЦП7-40 желдеткіші 69 м/сқа дейiн шеңберлік жылдамдық кезінде 4000 Па-ға дейiн қысым тудырады, сондықтан оны қалдықтар тасымалдау үшiн қолдануға болады. Ц 10-28 желдеткiші 1000-нан 7500 дейінгі аралықтағы қысымды тудырады. Жұмысшы дөңгелегі 48 қалақты екi жазық дискілерден тұрады.

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Желдеткіштер дегеніміз не? 2. Артықша қысымы бойынша желдеткiштер қалай жіктеледі? 3. Желдеткiштiң аэродинамикалық қасиеттерi қандай коэффициенттермен сипатталады? 4. Қысым коэффициентiнің жалпы теңдеуі қалай жазылады?


Ұсынылатын әдебиет:

4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.

4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет