Оқушылар еліміздегі пайдалы қазбаларды, оның ішінде жанатын пайдалы қазбалардың маңыздылығын, дүние жүзінде алатын орнын меңгерту.
Мақсаты:
Дамыту: Өз бетінше ізденіс пен шығармашылық
тұрғыда жұмыс істеуге, өз ойларын еркін
де сауатты, нақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа
баулу, тыңдай және сөйлей білу
мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Қазақстанның
пайдалы қазбаларының пайдасы
мен зиянын ажырата алады.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап
2. Топпен жұмыс
3. Кескін картамен жұмыс
4. Кестемен жұмыс
5. Бағалау критерийі
6. Қорытындылау
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, қосымша деректер, атлас, кескін карта т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын дайындап, зейіндерін сабаққа аударту)
ІІ. Сергіту сәті.
Бағалау критерийімен таныстыру.
«5» – 8-10 балл
«4» – 5-7 балл
«3» – 2-4 балл
«2» – 0-1 балл
Мұнай
Газ
Көмір
Уран
Топтарға бөлу: мұнай, газ, көмір, уран
Сұрақ-жауап.
1.1. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
1.2. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?
Жаңа сабақ.
Топтастыру әдісі:
Пайдалы
қазбалар
Мұнай
Көмір
Мыс
Уран
Газ
Темір
Алтын
Күміс
Баяндаушы – пайдалы қазба туралы айтады.
Сұрақ қоюшы – хат жазады.
Зерттеуші – бір пайдалы қазбаны зерттейді.
Сілтеме табушы – бір пайдалы қазбаның
пайдасы мен зиянын айтады.
Дәнекер – бүгінгі өмірмен байланыстырады.
Топтық жұмыс
Кестемен жұмыс.
Сарқылатын, қалпына келмейтін пайдалы қазбалар
Сарқылмайтын, қайта қалпына келетін пайдалы қазбалар
Жаңа сабақты бекіту.
1. Пайдалы қазбаны қалдықсыз өндіру және өңдеу дегеніміз не?
2. Қазбаны өндіргеннен кейін олардың бос орындарын сол бетінше қалдыру қажет пе, жоқ оларға қандай да бір іс-шараларды пайдаланып, бос орындарды әлденемен толтырып отыру керек пе?
Қорытындылау, бағалау
Бағалау критерийі
«5» – 8-10 ұпай
«4» – 5-7 ұпай
«3» – 2-4 ұпай
«2» – 0-1 ұпай
ІХ. Үйге тапсырма:
Қазақстанның пайдалы қазбаларының бір түріне жоспар бойынша сипаттама жазыңдар.