Тау-кен ісінің даму тарихы. Пайдалы қазбаларды қазудың алдыңғы қатарлы тәжірибесі



Дата08.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#124398
Байланысты:
Иманғалиұлы Дамир ГДК-201 презентация
«Кері тригонометриялы функциялар» б лімі бойынша

Кеақ Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті

Тау-кен ісінің даму тарихы.

Пайдалы қазбаларды қазудың алдыңғы қатарлы тәжірибесі

Орындаған: Иманғалиұлы Дамир ГДК-201

Тексерген: Муканова А. К.

Жоспар

  • Тау-кен өндірісі дегеніміз не
  • Пайда бола бастаған уақыт
  • Қай елдерде алғашқы болып табыла бастады
  • Қазақстандағы жүргізілген алғашқы зерттеулер
  • Пайдалы қазбалар
  • Пайдалы қазбаларды өндіру жолдары

Тау-кен ісі дегеніміз не?

Тау-кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды.

Пайда бола бастаған уақыт

  • Тау-кен ісі адамзат қоғамы пайда болуымен байланысты тым көне заманнан басталады. Тау-кен ісінің алғашқы өндірген шикізаты кремний болды. Темір кенін қазу және өңдеу туралы алғашқы жазба мәліметтер 3-мыңжылдықтан орта шенін меңзейді. Біздің заманымыздан бұрынғы 6-5 мыңжылдықтарда мыс, алтын, қалайы, күшәла, қорғасын өндіріле бастаған, 9-8 ғасырларда темір кендері, антиквар кезеңде және орта ғасырларда мұнай мен көмір, ал 20 ғасырларда – радиоактивті кендер мен газ ерекше маңызға ие бола бастады.

Қай елдерде бастау ала бастады

  • Антиквар кезеңдегі елдерде (Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим және Жерорта т. б. елдерде) 100 м-ден астам тереңдіктен кенді көтеріп шығаратын күрделі механикалық тетіктер, су төгетін механизмдер пайда болды. Су ағысын пайдаланып алтын өндіру жұмысы (Колхида, Испания) 900 м-ге дейінгі тереңдіктен диам 12-15 см ұңғыма көмегімен тұз өндіру тәсілі едәуір жетілдірілді. Бу қазаңдарын, бу қозғалтқыштарын ойлап табу шахта жұмыстарының пайдалы қазылымдары жер бетіне көтеру, су төгу, желдету, ұғыманы бұрғылау сияқты қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға оң ықпал жасады. Тау-кен ісінің сапа жағынан дамуының жаңа кезеңі 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың басында болды. Қазақстанда 18 ғ-да Риддер, Бұқтырма, Зырян, Белоусов, Николаев т. б. кен орындары ашылып, өндіріле бастады. 18-19 ғ-да тек Кенді Алтайда ғана түсті металдардың 850-ге жуық тарта кен орындары ашылды.

1920-80 ж. Қазақстанда кен өндіру өнеркәсіп орындары қарқынды дамыды. Осы жылдарда барлау жұмыстарының көлемі ұлғайып, түсті және қара металдар, тау-кен хим. Шикізаттар, көмір мен мұнай, алтын және сирек металдар, хром т.б. Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындары ашылды. Сонымен қатар бұрынғы су басып қираған кеніштер қалпына келтірілді. 2-дүниежүз. Соғыс жылдары Қазақстан стратег. Маңызы бар металдар мен отындар – марганец, қорғасын, молибден, хром, көмір т.б. Пайдалы қазбаларды өндірудің негізгі орттарының біріне айналды. 1991-2000 ж. Пайдалы қазбалардың өндірілуі күрт төмендеді. Ал қазіргі уақытта пайдалы қазбаларды өндіру біртіндеп қалпына келтіріліп, мұнай өндіру қарқындап өсуде: тау-кен өнеркәсібі, тау-кен техникасы

Пайдалы қазбалар

  • Пайдалы қазбалар – техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнауында кезжесетін табиғи минералдық заттар. Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді.

Пайдалануына байланысты олар мынадай топтарға бөлінеді:
Жанғыш – көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақтатастар;
Құрылыстық – гранит, мрамор, утас, құм т.б.
Химиялық шикізат – күкірт, калий тұзы, апатит, графит т.б.
Отқа төзгіш шикізат – қара, түсті және сирек металл кендері т.б.

Пайдалы қазбаларды өндіру жолдары

  • Пайдалы қазбаларды өндіріп алудың бірнеше жолы бар. 1-ші ашық түрде руда табылған мекенді алқапқа айналдырып, қазып алу. Бұл экономикалық тұрғыдан өте үнемді тәсіл болып келеді. Себебі, бұл жолмен қазуға салыстырмалы тұрғыдан көп техникалық жабдықтар қажет болмайды. Көмір қазып алудағы шахта тәсілі біршама көп қаржыны талап етеді. Сондықтан көмірдің бағасы қымбаттау болып келеді. Сондықтан көмірдің бағасы қымбаттау болып келеді. Ал мұнайды алу тәсілі де өте тиімді ойластырылған. Оны мамандар труба арқылы сораппен (насос) шығару жолы да кең қолданысқа енген. Айта кетсек, пайдалы қазбаларды өндіруде қолданылатын ерекше әдіс-тәсілдер де бар. Олардың бірі геотехнологиялық әдіс деп аталады. Аталған әдіс көбіне руданы өндіруде қолданылады.

Пайдалы қазбаларға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар, минералды шикізаттар да күнделікті өнеркәсіпте тиімді пайдаланылып жатыр. Дегенмен, пайдалы қазбалар қайта қалпына келмейтін шикізат болғандықтан, олардың тек қажет кезінде ғана өндіріп алған дұрыс болады.
Ол үшін:
Қазып алу кезінде қазбалардың шығынын азайту;
Барлық компонентті қамтитын рудаларды ғана қазуға рұқсат ету;
Пайдалы қазбалардың жан-жақты қолданысқа енуіне жол беру;
Бір жерден қазып ала бермей, өзге кен орындарын табуға тырысу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет