Павлодар қаласы
№ 25 жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Абилкасимова А.Н.
Пән: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар деген не?
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аймағында таралған пайдалы қазбалар, оларды пайдалану туралы түсінік қалыптастыру. Пайдалы қазбалар картасымен жұмыс жасауға үйрету. Топпен бірігіп жұмыс істеуге, бір - бірімен сыйластық қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, Қазқстанның географиялық атласы, «Пайдалы қазбалар» топтамасы, кестелер, қосымша материалдар, құм, сазбалшық.
Сабақтың әдіс-тәсілі: орталықтарда жұмыс істеу, жұппен, топпен.
Сабақта қолданылған технология: step by step технологиясы
Сабақтың барысы:
Миды шынықтыру:
- Балалар, бүгінгі сабақты «Денелер неден жасалады?» деген ойыннан бастайық. Интербелсенді тақтада шығып отырған денелерді атап, олардың неден жасалғанын айтып отырасыңдар.
- Осы металл, балшық, құм, темір бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атауға болады?
- Пайдалы қазбалар туралы біз қай сыныпта оқып едік?
- Неліктен ол заттарды пайдалы қазбалар деп атайды?
- Сабағымыздың тақырыбы «Пайдалы қазбалар деген не?» деп аталады, яғни сұрақ түрінде тұр. Ендеше, бүгін біз 4 орталықта жұмыс істеп, пайдалы қазбалар туралы білімімізді толықтыра түсеміз.
- Алдымен жұмыс істеу ережелерін қайталайық.
Әрбір оқушының қолында бағыт парағы бар. Өз аттарын жазады.
- Бүгін төрт орталықта жұмыс істейміз.
Мағынаны тану кезеңі:
Белсенді орталықтар
«Ғылыми-ізденіс» орталығы
|
Бағыт парағы
Аты:______________________________________
-
«Дүниетану» орталығы
Оқулықтағы 28 – беттегі мәтінді оқып, талда.
Кестені жұптасып толтыр.
-
«Ғылыми-ізденіс» орталығы
Энциклопедияны, геграфиялық атласты, қосымша кітаптарды қарап, пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныс.
Жұптасып кескін картаға мұнай, табиғи газ, тас көмір, темір, мысты шартты белгілермен белгіле.
-
«Сарамандық» орталығы
Пайдалы қазбаларды қара, салыстыр. Берілген суреттердің ішінен жанғыш пайдалы қазбаларды топтастыр.
-
«Шығармашылық» орталығы
Ұжымдасып Берілген құмнан өздерің қалаған суретті салыңдар. Ақ бордың түсін өзгерт. Түрлі-түсті борды қалай жасайтынын түсіндір.
Қосымша мәлімет
1. «Дүниетану» орталығы
Жұптағы оқушылардың аты___________________________________
Пайдалы қазбалар и атауы:
|
Кен орны бұл ...
|
Кен деген не?
|
Пайдалы қазбалардың түрлері:
|
Кенді пайдалы қазбаларға мыналар жатады ...
|
Кенге жатпайтын отын ретінде қолданылатын пайдалы қазбалар:
|
Сабақ соңында оқушылардың білімін тексеру мақсатында тест жұмысы жүргізіледі.
Қатесіз жазса «5»
Бір қате болса «4»
Екі қатеден асса «3»
Бағалау: Спикерлерге сөз беру
Рефлексия:
- Бүгін сабақта нені білдік?
- Сабақ ұнады ма?
- Сендерге қай орталықта жұмыс істеу қызықты болды?
- Ал қай орталықта қиын болды?
Достарыңызбен бөлісу: |