Қазақ хандығының құрылуы.
( көрініс)
Қатысушылыр:
Әбілқайыр хан –
Керей мен Жәнібек -
Моғолстан ханы Есен бұға –
Уәзір
Дауыстар –6
Ақсақал 1-
Ақсақал 2 -
Ақсақал 3 -
Автор: Әбілқайыр хан 1456-1457жылдары ойраттардан жеңілістен кейін өзін мойындамаған ақсүйектер мен сұлтандарды қуғын- сүргінге ұшырата бастады. Бұндай жағдай Керей мен Жәнібек сұлтандарға да әсерін тигізді.
Керей мен Жәнібек сахнаға шығады.
Керей: Ал, ағайындар бұл Әбілқайыр ханнан бізге еш пайда түспеді. Көзіміз соғыстан ашылмады. Жерге талас толастамады, елде бей- берекетсіздік өршіді.
Жәнібек: Дұрыс айтасың Керей ендігі саяси бытыраңқылықты жойып , біртұтас мемлекет құруымыз қажет. Еліміз тыныш, малымыз аман болуы үшін Жетісу жеріндегі тайпалармен бірігуіміз қажет.
Осыған Сіздер қалай қарайсыздар?
Дауыс'>(Керей мен Жәнібек жан- жағындағы адамдарға қарайды.)
Дауыс: - Дұрыс айтасың Керей
Дауыс: - Енді тыныш өмір сүруіміз қажет
Дауыс: - Әбілқайырдың Езгісінен құтылуымыз қажет.
Дауыс. – Жеке өз мемлекетімізді құрайық. Ағайындар! Жиналайық Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтанның ізіне ерейік!
Автор: Керей мен Жәнібек өздерін қолдайтын ақсүйектер мен сұлтандарды ертіп Моғолстан ханы Есенбұғаға жолға шықты.
Автор: Моғолстан ордасы.
Төрде Есенбұға хан отыр.
Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.
Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға: Кірсін!
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.
Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
1 Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2 Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3 Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.Есен-бұға:Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Керей мен Жәнібек сахнада қалады ізінде ерген 5-6 адам бар.
Керей: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткен арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!
Жәнібек: Ендігі « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман туды, еліміз тыныш, малымыз аман жайылып, өсіп – өнеміз. Біз аңсаған көксеген күнімізге жеттік
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.
(Ұлттық киім киген қыздар шашу шашады, сахнада күй орындалады да қыздар би билейді)
Автор: Бұл оқиға 1465-1466жылдар еді. Қазақ хандығының іргетасы осылай қаланған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |