Бұрынғы қимақ, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдiк. Этикалық триадасы.
Кіріспе.
11 ғасырдың басында Қыпшақ хандығына (11 ғасырдың басы — 1219 жыл) көштi. Қыпшақтар қимақтар құрған конфедерацияға, кейiн Қимақ қағандығы құрамына кiрдi.
11 ғасырдың басында Қимақ қағандығы ыдырағаннан кейiн, әскери-саяси жетекшiлiкке ие болған қыпшақтар биілікке келеді. Әуелі қыпшақтар қимақ шонжарларының билеп-төстеуіне көнуге мәжбүр еді.
Бірақ XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ қағанатының жерлеріндегі ахуал күрт өзгерді. Оңтүстік және батыс бағыттағы белсенді іс-қимылдың нәтижесінде қыпшақ билеуші әулеттік шонжарларының ықпалы артып, олар билікті өз қолдарына алды. Олар Шығыс Еуропа мемлекетiмен де саяси байланыстар орнатқан.
XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың оғыз жабғуларын Сырдарияның төменгі және орта аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан ығыстыруға экономикалық және саяси себептер мәжбүрлеген. Саяси себептер негізінен Орталық Азия тайпаларының XI ғасырдың басында батыс бағытта қозғалуына байланысты орын алған. Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін сауда кереуенінің ірі жолдарын бақылауға алып, ықпал етуге де талпыныс байқалған. Қыпшақтар Азия мен Еуропа арасындағы байланыс көпірін иелену арқылы экономикалық ахуалды жақсартуды көздеген. Себебі күре жолдың дәл осы бөлігінде алыс-беріс қызып тұрғандықтан, қаржы айналымы да қомақты еді. Көшпелі тайпалар негізінен ата кәсіпке бет бұрғандықтан, жайылымдардың тапшылығы да орын алған. Тығырықтан шығудың амалы оларды жаңа жерлерді басып алуға итермелеген көрінеді.
XI ғасырдың бірінші жартысында Сырдариядағы қыстақтарға көшуге тиым салынған, оның қолжетімсіздігінің кесапаты сезілді. Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдын 2-ширегінің басында қыпшақ ақсүйектерi оғыздарды Сырдарияның орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңiрi далаларынан тықсырып шығарды.
Аймақтағы этникалық-саяси ахуалдың өзгеруiне сәйкес, «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болды. Маңғыстауды, сондай- ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді.
Достарыңызбен бөлісу: |