Кіріспе. 11 ғасырдың басында Қыпшақ хандығына (11 ғасырдың басы — 1219 жыл) көштi. Қыпшақтар қимақтар құрған конфедерацияға, кейiн Қимақ қағандығы құрамына кiрдi. 11 ғасырдың басында Қимақ қағандығы



бет2/3
Дата28.02.2023
өлшемі18,9 Kb.
#170551
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Тарих. Баяндама
6 Серпiн осн каз
XI ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші токсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударды.

  1. Негізгі ой

Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді.
11 ғ-дың орта тұсында қыпшақ тайпалары Едiлден өтiп, Еуропа халықтарымен қарым-қатынас жасай бастады.
Оның даму жолынан үш кезең айқын көрiнедi.

  • Бiрiншi кезең қимақ (кимек) тайпалық бiрлестiгi өзегiнiң құрылуымен тiкелей байланысты, онда 7 ғасырдың ІІ жартысынан бастап, 8 ғасырдың аяқ кезiне дейiн қыпшақтар елеулi рөл атқарды.

  • Екiншi кезең 8 ғасырдың аяғынан 11 ғасырдың басына дейiнгi уақытты қамтиды. Бұл кезеңде қыпшақтар мекен еткен аумақ шығысында Алтай мен Ертiстен бастап, батыста Оңтүстік Орал таулары мен Едiл өңiрiне дейiн жетедi. Қыпшақтармен бiрге Батыс Қазақстанды, орталығы Мұғалжар тауларында болған кумандар жайлаған.



Негiзгi үш этникалық-саяси бiрлестiк — қимақ, қыпшақ және кумандардың өзара бiрiгуiнде қимақ тайпалары үлкен рөл атқарды. Сондай-ақ, қыпшақ этносының iшкi этн. даму жолы сол араның байырғы тұрғындарын өз арасына сiңдiрiп, қыпшақтандыруға бағытталды. Қыпшақ этносы қандас туыстық байланыстар емес, аумақтық-шаруашылық қарым-қатынастар негiзiнде қалыптасқан-ды.



  • 11 ғасырдың басынан 13 ғасырдың басына дейiн қыпшақтардың этн. қауымдастығының құрылуы өз дамуының үшiншi кезеңiне өтедi. Бұл уақытта қыпшақ хандарының құдiретi артты, ел-бөрiлi руының әулеттiк билiгi заңдастырылды. 11 ғасырдың орта тұсында қыпшақтар қазiргi Қазақстанның шығысында Алтай мен Ертiстен бастап, батысында Едiл мен Оңтүстік Оралға дейiн, оңтүстінде Балқаш көлінен солтүстігіндегi оңтүстік-батыс Сiбiрдiң орманды далаларына дейiнгi ұлан ғайыр өлкеге тарады. 11 ғасырдың ІІ-жартысында Маңғыстау мен Үстiрт жерлерiне орнықты. Қыпшақ хандары мұрагерлiк жолмен билiк құрған “орда” деп аталған хан қосынында ханның дүние-мүлкi сақталып, әскер iсiн жүргiзетiн басқару аппараты жұмыс iстеген. Хандық оң және сол қанаттарға бөлiндi. Оң қанат қосынымен Жайық өз. бойында, Сарайшық қ-ның орнында, сол қанат қосынымен Сырдария аумағындағы Сығанақ қаласыннда тұрған. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік жағынан әркелкi болды. 11 ғасырдың аяғы мен 12 ғасырдың бас кезiнде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның басқа да қалалары қыпшақ көсемдерiне бағынды. Бұл қалалар үшiн 12 ғасырдың 1-жартысында Орта Азияның мұсылман әулеттерi де күрес жүргiздi. Ислам дiнiн таратуды ту етіп ұстаған олар Дештi Қыпшаққа iшкерiлей енедi: 1133 жылы Хорезм шахы Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңдi. Хорезм шахы Текеш (1172 — 1200) қыпшақтармен жақындасып, көшпендi тайпалардың басшыларын қызметке тартты. 13 ғасырдың бас кезiнде Сығанақ қаласының аймағы Хорезм шахы Мұхаммед (1200 — 20) мемлекет құрамына кiрген. Моңғол басқыншылығы қыпшақ мемлекетiн құлатқанымен, оның даму үрдiсiн бiржолата күйрете алған жоқ, тек уақытша тұншықтырды. Олар 15 ғасырда қазақ халқы мен мемлекетiнiң қалыптасу кезеңiнде қайта өрледi. Қыпшақ бірлестігінің құрамындағы тайпалардың құрылымы әр текті еді. Олардың арасында қыпшақтар, түркі тілдес қимақтар, кумандар, печенегтер, ежелгі башқұрттар, оғыз тайпалары, сонымен қатар иран тілді этникалық топтың түркі тілдес элементтері кездеседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет