Менеджмент мағынасы – материалдық, адам, физикалық және ақпараттық ресурстарды басқару.
Менеджмент – нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Менеджмент – ұйым жұмысын ұйымдастыру
Менеджмент – фирманың басқарылуын ұйымдастыру процесі. Яғни ұйымның ішіндегі ұжымды, басшыларды, персоналды жүйелі, әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру процесі.
Менеджмент – ол шешім қабылдау процесі.
Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзінің «Европада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент – бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз- мағынасы сол қалпында сақталады. Менеджмент бұл басқару процессі.
Достарыңызбен бөлісу: |