1 Менеджмент туралы түсінік Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»



бет5/7
Дата05.09.2020
өлшемі32,09 Kb.
#77173
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1мен

Әкімшілік басқару мектебі, менеджердің ролі мен функцияларын зерттеумен айналысқан мектеп түрі.

Бұл идеяның басқаруының бірі Анри Файоль болды. Ол басқару процесін бес негізгі функцияға бөледі:

а) Жоспарлау

ә) Ұйымдастыру

б) Мамандарды таңдау, орналастыру

в) Ынталандыру( мотивация )

г) Бақылау

Анри Файоль еңбегінің арқасында фирманың ұйымдастырушылық құрылымы деген ұғым қалыптасты. Файоль жасаған басқару пинциптері басқару қызметінің жекелеген нәтижесі деп саналады.

Ол ұсыннған басқұару принциптерінің мәні келесідей: еңбекті бөлу; бедел және билікке деген жауапкершілік; тәртіп; жетекшілік; әкімшілік; жалпы мүддеге бағыну; еңбекке сыйақы беру; орталықтандыру және орталықтандырылмау арасындағы теңгерім; үйлестіру; реттілік; әділдік; мейірімділік және әдептілік; персоналдардың тұрақтылығы; инициатива.

Әкімшілік мектептің тағы да бір өкілі М.Блюмфилд «персонал менеджментін» немесе жұмыс күшін басқару теориясын ұсынды.

М.Вебер, «оңтайлы бюрократия» тұжырымдамасын жасады. Ол өктемділіктің типтеріне сипаттама беріп, ол ережелер арқылы қойылатын тәртіп адамдардың жұмыстарын ұйымдастырудың ең тиімді формасы – бюрократия деген анықтама берді.

Менеджмент саласындағы «Адамгершілік қарым-қатынас мектебі» 20 ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның негізін психология мен әлеуметтанудағы жетістіктер қалады. Сондықтан бұл мектепте басқару процесі негізгі көңілді жұмысшыларға бөлді.

ХХ ғасырдың басында ғалымдар еңбек процесіндегі өнімділікті арттырудағы адамдардың мінез-құлықтарын зерттеді. Олар жұмысшыларға көңіл бөле отырып, олардың еңбектерін ынталандыруға болатындығын түсіндірді.

Р. Оуэн адамдарға алғашқы болып көңіл бөлген менеджменттің реформаторы. Оның идеясы бойынша: фирма станоктар мен машиналарды күтім жасауға көп уақыттарын бөледі, ал адамдар туралы аз ойлайды. Сондықтан осындай уақытты да адамдарға «тірі машиналарға» да бөлген дұрыс. Бұл күтім еңбек жағдайын жақсарту, демалу үшін жағдай жасау түрінде болса, онда адамдарды «жөндеу» қажет болмайды-деген ұстанымды алға қойды.

«Адамгершілік қарым-қатынас мектебінің» негізгі өкілдерінің бірі Элтон Мэйо. Ол адамдар тобы әлеуметтік жүйе, онда өзіндік бақылау жүйесі болатындығын атап өтті. Яғни мұндай жүйеге ықпал ете отырып, еңбек нәтижесін жақсартуға болады деп есептеді.

Бұл бағыттағы ғалымдардың ішінде М.П.Фоллетті бөліп көрсетуге болады. Ол жетекшілік стилін талдап, көшбасшылық теориясын ұсынды.

«Адамгершілік қарым-қатынас мектебінде» 40-60 жылдары мотивацияның бірнеше теорияларын ұсынған ғалымдарды да атап өту қажет.

Солардың бірі қажеттіліктер иерархиясын ұсынған А.Маслоу болып табылады. Ол адамдардың қаеттіліктерін 5 түрге бөлді:



  1. Физиологиялық: аштық, шөл, т.б.

  2. Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.

  3. Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.

  4. Абыройлық: өзін-өзі құрметтеу, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.

  5. Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.

«Адамгершілік қарым-қатынас мектебінің» тағы да бір өкілі Д.Макгрегордың Х және У теориясына сай жұмысшыларды екі топқа бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет