1. Меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі қалай аталады
1. Меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі қалай аталады?
A) бизнес;
B) кәсіпкерлік;
C) кәсіпкерлік қызмет;
D) тәуекел;
E) дұрыс жауап жоқ
2. Дамыған елдерде шағын және орта бизнеске жатқызудың негізгі көрсеткіші қайсы?
A) тәуекел;
B) жарғылық капиталы;
C) активтерінің құны;
D) айналым көлемі;
E) жұмысшылыр саны.
3. Қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің орташа жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспаса онда ол мыналарға жатқызылады:
A) ірі бизнеске;
B) өте шағын бизнеске;
C) орта бизнеске;
D) шағын бизнеске;
E) дұрыс жауабы жоқ.
4. Жеке – дара кәсіпкерлік қандай бизнестің субъектісі бола алмайды?
A) орта;
B) шағын;
C) ірі;
D) шағын және орта;
E) орта және ірі.
5. Орта бизнес үшін активтерінің орташа жылдық құны келесі шамадан аспауы керек
A) 325 000 айлық көрсеткіштен;
B) 250 000 айлық көрсеткіштен;
C) 225 000 айлық көрсеткіштен;
D) 60 000 айлық көрсеткіштен;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
6. Жұмыскерлердің орташа жылдық саны 250 адамнан, активтердің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, онда ол – ...
A) өте шағын бизнес;
B) шағын бизнес;
C) орта бизнес;
D) ірі бизнес;
E) дұрыс жауабы жоқ.
7. Келесі қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды?
A) шыны ыдыстарын қабылдауды;
B) лицензияланған қызметті;
C) аудиторлық қызметті;
D) жер қойнауын пайдалануды;
E) барлық жауап дұрыс.
8. Шағын бизнестің артықшылығына төмендегілердің қайсысы жатпайды?
А) барлығы;
В) икемділік және тез бейімделушілік;
С) ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу;
D) жергілікті ресурстарды пайдалану;
Е) тәуекел деңгейінің жоғары болуы.
9. Шағын биснестің кемшіліктеріне төмендегілердің қайсысын жатқызамыз?
А) тәуекел деңгейінің жоғары болуы;
В) өткізу нарықтарының тарлығы;
С) қосымша қаражат тарту мүмкіндігінің төмендігі;
D) қызметкерлер біліктілігінің жоғары болмауы;
Е) барлығы.
10. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңы қай жылы қабылданды?
A) 2006 жылы 31 қаңтар;
B) 2006 жылы 7 ақпан;
C) 2005 жылы 11 желтоқсан;
D) 2004 жылы 3 қаңтар;
E) 2006 жылы 2 наурыз.
11. Шет елдік тәжірибе бойынша «өте шағын» кәсіпкерлікке жатқызу үшін қызметкерлер саны келесі шамада болу қажет:
A) 100 адамға дейін;
B) 50 адамға дейін;
C) 19 адамға дейін;
D) 39 адамға дейін;
E) дұрыс жауап жоқ.
12. Дара кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді:
A) жеке және біріккен;
В) өзіндік және бірлескен;
C) ерлі – зайыптылар, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік;
D) шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар;
E) барлық жауап дұрыс.
13. Жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілік арқылы табыс табуға бағытталған бастамашылық қызмет – бұл:
А) жай серіктестік;
В) отбасылық кәсіпкерлік;
С) бірлескен кәсіпкерлік;
D) дара кәсіпкерлік;
Е) шаруашылық серіктестік.
14. Жай серіктестік қалай жүзеге асырылады?
А) ортақ үлестік меншік ретінде;
В) ортақ бірлескен меншік ретінде;
С) тек мемлекеттік меншік негізінде;
D) мүліктік жарна негізінде;
Е) тікелей қатысу жолымен.
15. Дербес шешім қабылдай отырып, жоғары пайда табуға ынталанатын жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің ұйымдық-құқықтық формасы қалай аталады?
А) кәсіпкерлік қызмет;
В) маркетинг;
С) фирма;
D) кәсіпорын;
Е) менеджмент.
16. Бірлескен кәсіпкерлік қандай нысандарда жүзеге асырыла алады?
А) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, шаруы қожалығының ортақ бірлескен меншігі және өзіндік кәсіпкерлік;
В) өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік;
С) жеке, бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік;
D) жеке және өзіндік кәсіпкерлік;
Е) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік.
17. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу әдістері:
А) аумақтық салық органында тіркеу және келіп тіркелу;
В) өтініш жазу және мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеу;
С) мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылмайды;
D) келіп тіркелу және міндетті мемлекеттік тіркеу;
Е) дұрыс жауап жоқ.
18. Сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақша, валюта, құнды қағаздар (акция, вексель, облигация т.б.), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату кәсіпкерліктің қай түріне жатады?
А) өндірістік;
В) қаржылық;
С) кеңес беру;
D) коммерциялық;
Е) дұрыс жауап жоқ.
19. Кәсіпорын акцияларының бақылау пакетін иеленетін, олардың қызметін бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін бірыңғай құрылымға біріктірілген бас компания қалай аталады?
А) холдинг;
В) консорциум;
С) синдикат;
D) картель;
Е) концерн.
20. Мына берілген С = Мш + Те.а. + Тә.с. + Ат + Тн + Шб формула арқылы нені есептеуге болады?
А) шығынды;
В) калькуляцияны;
С) бағаны;
D) өзіндік құн;
Е) барлық жауап дұрыс.
21. Калькуляция дегеніміз не?
А) өндірістік фондтарды қалпына келтіруге кеткен амортизациялық төлемдер;
В) мемлекеттік және әлеуметтік сақтандыру төлемдері;
С) тауардық бағасын анықтау;
D) сандық және сапалық талдау;
Е) шығындар баптары бойынша өнімнің өзіндік бірліктерін анықтау.
22. Белгілі бір өнімнің рыноктағы жағдайын және кәсіпорынның рентабельділік деңгейін бейнелейтін не?
А) өзіндік құн;
В) баға;
С) калькуляция;
D) төлемдер;
Е) шығындарды есептеу.
23. Кеңес беру (консалтингтік) кәсіпкерлігіне қандай қызметтер жатады?
А) менеджмент пен маркетинг;
В) негізгі және арнайы қызметтер;
С) басқару, әкімшілік басқару, қаржылық қолдау, маркетинг, ақпараттық технология, арнайы қызметтер;
D) жаңа ақпараттық технологиялар;
Е) басқару, ұйымдастыру мен жоспарлау.
24. Жеке тұлға өзіне тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығымен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік:
А) өзіндік кәсіпкерлік;
В) бірлескен кәсіпкерлік;
С) жеке‑дара кәсіпкерлік;
D) ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі;
Е) жай серіктестік.
25. Қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер бойынша жұмыстар жүргізіліп, халыққа қызметтер көрсетілетін кәсіпкерлік қызмет түрі қайсы?
А) делдалдық;
В) сақтандыру;
С) кеңес беру;
D) қаржылық;
Е) коммерциялық.
26. Делдалдық кәсіпкерлік қызметінің басты мақсаты не?
А) пайда табу;
В) басқару мен ұйымдастыру;
С) жоспарлау;
D) тауар-ақша операциясын орындау;
Е) екі жақтың келісімін біріктіру, оларға көмек көрсету.
27. Нарықты сегменттеудегі мақсат не?
А) кәсіпорынның ауқымын, қызмет саласын, жұмысшының санын анықтау;
В) тұтынушылар мен пайдаланушыларды іздеп табу;
С) банктік қызмет көрсету;
D) жекелеген тұтынушы тобының нақты қызмет түріне қатынасын анықтау;
Е) барлық жауап дұрыс.
28. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі шарттары қандай?
А) экономикалық, әлеуметтік, құқықтық;
В) әлеуметтік, экономикалық;
С) экономикалық, құқықтық;
D) инновациялық, құқықтық;
Е) экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, инновациялық.
29. Экономиканың, маркетингтің теориялық негіздерін жасаған ағылшын ғалымы кім?
А) Роберт Хизрич;
В) Карл Веспер;
С) Альберт Шапиро;
D) Карл Менджер;
Е) Сайрес Маккромик.
30. Өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық бұлар кәсіпкерліктің қайсысына жатады?
А) кәсіпкерліктің әлеуметтік жағдайлары;
В) кәсіпкерліктің түрлері;
С) кәсіпкерліктің қызметтері;
D) кәсіпкерліктің формалары;
Е) кәсіпкерліктің белгілері.
31. Техника-экономикалық негіздеудің құрамы қандай көрсеткіштерден тұрады?
А) экономикалық, құқықтық, ұйғарымдық;
В) қаржылық және коммерциялық;
С) өндірісітік, қаржылық, әлеуметтік;
D) әлеуметтік және экономикалық;
Е) қаржылық, экономикалық, коммерциялық.
32. Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік:
А) қосымша жауапкершілігі бар;
В) сенім;
С) жауапкершілігі шектеулі;
D) толық;
Е) жай серіктестік.
33. Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін серіктестік қайсы?
А) жауапкершілігі шектеулі;
В) сенім (командитті);
С) толық;
D) қосымша жауапкершілігі бар;
Е) барлық жауап дұрыс.
34. Толық серіктестерден және командиттерден тұратын серіктестік?
А) жай серіктестік;
В) толық;
С) жауапкершілігі шектеулі;
D) қосымша жауапкершілігі бар;
Е) сенім.
35. Бизнес-жоспар дегеніміз не?
А) фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады;
В) техника-экономикалық негіздеуді жүргізу және барлық талдауды жасау;
С) жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат;
D) болашақтағы жағдайды талдауға мүмкіндік беретін құжаттың түрі;
Е) коммерциялық жобаны жүзеге асыру жоспары.
36. Бизнес-жоспарды құрудың мақсаты не?
А) рынок қажеттіліктері мен қажетті ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сай кәсіпорынның шаруашылық қызметін жақын уақытқа немесе ұзақ мерзімге жоспарлау;
В) кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, мақсатты рыноктарды және осы рыноктағы фирманың орнын анықтау;
С) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді фирманың мақсаттарын, стратегиясын және оған жету тактикасын мазмұндау;
D) тұтынушыларға фирмамен ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсету көрсеткіштерін анықтау және құрамын таңдау;
Е) рынокты, жарнаманы, сауданы жетілдіру, бағаның түзілуі, өтім жолдары және т.б. зерттеу бойынша фирманың маркетингтік шаралар құрамын анықтау.
37. Маркетингтің басты міндеті не?
А) рынокпен «қарастырылмаған немесе келісілмеген» өнімдерді тұтынушыға сатуға тырысу;
В) клиентті танып-білу мен оны жақсы түсіну, тауар мен қызмет соған нақты сай келетіндей және өзін-өзі сататындай ету;
С) қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған нарық әрекеті;
D) тауармен қанағаттандырылатын қажеттіліктерді анықтау;
Е) тауардың рыноктағы бәсекелік жақтарын қамтамасыз ету.
38. Толық серіктестік қандай жағдайда таратылады немесе басқа нысанда қайта құрылуы тиіс?
А) қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен;
В) барлық салымшылар шығып кетсе;
С) серіктестікте жалғыз қатысушы қалса;
D) қатысушылар саны 50 адамнан кем болса;
Е) ешқашан таратылмайды.
39. Рынок сегментациясы қандай мақсатта жүргізіледі?
А) маркетинг элементтерінің дұрыс үйлесімділігін таңдау үшін негіз болатын рыноктағы кәсіпорын шешімдерін қабылдау;
В) тауардың тұтынушылық қасиеттері мен тұтынушылар тобына байланысты дифференциалау (бөлшектеу) құрылысы ретінде қарастыру қажеттілігін болжау;
С) рынок бөлшектерін табуға арналған әдіс ретінде қарастырылып, кәсіпорынның маркетингтік әрекеті бағытталған объекттерді орнатуға қызмет етеді;
D) тауарлармен тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру, кәсіпорын-дайындаушылардың өңдеуге, шығаруға және тауарды жүзеге асыруға кеткен шығындарын есептеуге, жалпы өндіріс процесін жақсарту;
Е) барлығы дұрыс.
40. Сенім серіктестігінің ісін басқаруға қай уақытта қатыса алмайды?
А) қызметкерлер;
В) қатысушылар;
С) кәсіпорын басшысы;
D) кәсіпорын иесі;
Е) салымшылар
41. Сенім серіктестігінің толық серіктестіктен айырмашылығы неде?
А) салымшылар жауапкершілігі шектелгендігі;
В) салымшылар жауапкершілігі шектелмегендігі;
С) қатысушылар саны 100-ден кем болуы;
D) ең төменгі жарғылық капиталының аз болуы;
Е) ешқашандай айырмашылық жоқ.
42. Төмендегілердің қайсысы толық серіктестіктің негізгі ерекшеліктеріне кірмейді?
А) жеке тұлғалардың тікелей қатысуы;
В) серіктестікті бір адам құра алады;
С) барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болу;
D) борышы бойынша серіктестікке қай уақытта кіргеніне қарамастан жауап беруі;
Е) қызметті тоқтатылған күннен бастап 2 жыл бойы жауапты болуы.
43. Қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін серіктестік
А) толық серіктестік;
В) сенім серіктестігі;
С) ЖШС;
D) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
Е) жай серіктестік.
44. Өздері енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік:
А) ЖШС;
В) толық серіктестік;
С) сенім серіктестігі;
D) қосымша жаапкершілігі бар серіктестік;
Е) жай серіктестік.
45. Қайсысы рынок сегменті болып табылады?
А) тұтынушылар тобы;
В) білім беру қызметтері;
С) білім беру мекемелері;
D) жеке кәсіпкерлер;
Е) барлығы.
46. ЖШС –ның ерекшеліктеріне төмендегілердің қайсы кірмейді?
А) жеке тұлғалардың тікелей қатысуы;
В) қатысушылар басқа қатысушылардың келісімісіз шыға алады;
С) жарғылық капиталдағы өзүлесін басқа қатысушыға сатуға немесе беруге құқылы;
D) бір адам құралады ;
Е) дұрыс жауап жоқ.
47. Бизнес-жоспардың құрылымы мен көлемі неге байланысты анықталады?
А) ұйымдастыру формаларына;
В) мақсатына, кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің өзгешелігіне;
С) мақсаты мен міндеттеріне;
D) кәсіпорын қызметіне;
Е) жоспарлау мен басқаруға.
48. Өндірістік кооперативтің жарғылық қоры мен резервтік қорының мөлшері қайда белгіленеді?
А) азаматтық кодексте;
В) құрылтай шартында;
С) жарғыда;
D) салық кодексінде;
Е) дұрыс жауап жоқ.
49. Өндірістік кооперативтің негізгі қағидаларына төменгілердің қайсысы кірмейді?
А) өзара көмек;
В) мүшелікке кіру мен шығу еркіндігі;
С) мүліктік жарна енгізу міндеттілігі;
D) мүшелік жарнама көлемін анықтау міндеттілігі;
Е) дұрыс жауап жоқ.
50. Төмендегілердің қайсысы өндірістік кооперативтің ерекшелігіне жатпайды?
А) таза табыс еңбекке қатысуына қарай бөлінеді;
В) мүшелері екеуден кем болмауы тиіс;
С) акция шығаруға құқығы жоқ;
D) міндеттемелері бойынша қосымша жауапты болады;
Е) мүшелері барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болуы.
51. Өндірістік кооперативтің жарғылық қоры келесі түрде қалыптасады:
А) мүліктік жарналары негізінде;
В) салымшылардың салымы негізінде;
С) қатысушылардың үлестері негізінде;
D) жыл сайынғы табыстан аударымдар жасау арқылы;
Е) мемлекеттің қаржыландыруы арқылы.
52. Жұмыс күшіне жалпы қажеттілік, ұйымдастыру, іріктеу және арнайы даярлау, еңбек жағдайы мен оған ақы төлеу, материалдық және моральдық ынталандыру мәліметтері бизнес-жоспардың қай тарауында қарастырылады?
А) маркетингтік жоспар;
В) ұйымдастырушылық жоспар;
С) өндірістік жоспар;
D) қаржылық жоспар;
Е) барлығында.
53. Демографиялық принцип бойынша сегменттеуге қай көрсеткіштер жатады?
А) рынокты әр түрлі географиялық бірліктерге бөлуді жобалайды;
В) білім мен табыс деңгейі, қоғамның әлеуметтік және кәсіби жабдықтары;
С) жынысы, жасы, жанұя мөлшері, табыс деңгейі, білімі, діні, ұлты;
D) сатып алушылардың тәртіптік ерекшеліктері;
Е) білімі, тауарды қолдану сипаты, осы тауарға реакциясы.
54. Бизнес-жоспардағы өндірістік жоспар тарауының мақсаты не?
А) сұраныс, сату көлемі, өтімі сияқты нарықты талдау мен бағалау;
В) фирма қызметінің тәуекелділігін бағалау;
С) іске салынған қаржының рентабельділік деңгейін анықтау;
D) әлеуетті әріптестер мен инвесторларға, қажетті мерзімде, талапқа сай тауарлар мөлшерін шығаруға жағдайы бар екендігіне көз жеткізу;
Е) жобаны жүзеге асыруға байланысты төлемдер мен шығындарды есептеу.
55. «Баға – сапа – рентабельділік» параметрлері бизнес-жоспардың қай тарауын сипаттайды?
А) маркетингтік жоспар;
В) қаржылық жоспар;
С) өндірістік жоспар;
D) ұйымдастыру жоспары;
Е) барлығы.
56. Акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы:
А) мұндай құқық жоқ;
В) мүліктік құқық;
С) қатысу құқық;
D) дивиденд алу құқығы;
Е) жеке құқық.
57. Рынок сегментациясы дегеніміз не?
А) маркетингтік зерттеу әдістерінің маңызды бір бөлігі;
В) кәсіпкерлік қызметтің бір бөлімі;
С) рыноктағы қызмет түрі;
D) маркетингтік стратегиясы;
Е) экономика тарауы.
58. Сол немесе басқа да сегментті таңдаудың дәлелділігін бағалау үшін қандай көрсеткіштер бар?
А) сегменттің бар болуы (берілген сегменттеу белгісі бойынша бөлінген топ қаншалықты тұрақты және бар болуының шынайылығы);
В) сегменттің толықтық ақпаратты (берілген базаны құру үшін қажетті ақпараттың болуы);
С) сегменттің сандық шекарасы (осы рыноктың қызметі үшін қанша тұтынушылар және қандай ресурстар кірісуі керек);
D) сегменттің пайдасы (тек пайданы алу ғана емес, сонымен бірге қоғамдық пікірдің тілектестігі және оның беделі);
Е) барлығы.
59. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы соңғы рет қай жылы қабылданды?
А) 2003ж. 26 мамыр;
В) 2003ж. 13 мамыр;
С) 1998 ж. 10 ақпан;
D) 2004ж. 7 сәуір;
Е) 2005ж. 17 қаңтар.
60. Бизнес-жоспарда кәсіпорын немесе фирма қызметінің нәтижесін таныстыратын ең соңғы қорытынды бөлім қалай аталады?
А) маркетингтік жоспар;
В) ұйымдастыру жоспары;
С) өндірістік жоспар;
D) қаржылық жоспар;
Е) барлығы.
61. Бизнес-жоспардағы қаржылық жоспар тарауының мақсаты не?
А) тауар-ақша қарым-қатынасын сипаттау;
В) сату көлемін анықтау;
С) тауардың өзіндік құнын анықтау;
D) пайда түсіруді анықтау;
Е) ұсынылып отырған жобаның тиімділігін анықтау.
62. Бизнес-жоспарды құру неден басталады?
А) жоспарлаудан;
В) мақсат қоюдан;
С) резюмеден;
D) талдаудан;
Е) барлығы дұрыс.
63. Бизнес-жоспардың қосымшасында қандай мәліметтер келтірілуі мүмкін?
А) барлығы.
В) өнімдер бойынша техникалық мәліметтер;
С) келісімшарттар, патенттер, авторлық куәлік, лицензиялар көшірмелері;
D) маркетингтік зерттеулер нәтижелері;
Е) кәсіпорын және жоба басшыларының анкеталық мәліметтері.
64. Мемлекеттік тіркеуден және мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден заңды тұлға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын келесі тұлғалар босатылады:
А) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтындар;
В) мердігерлік келісімшарт негізінде бір реттік жұмыстарды орындаушылар;
С) комиссиондық дүкендерде сатумен айналысатындар;
D) шаруа қожалығының құрамындағы тұлғалар;
Е) барлық жауап дұрыс.
65. Статистика органы құжаттар тапсырылған соң статистикалық карточканы қанша күннен кешіктірмей береді?
А) 15 күннен;
В) 3 күнннен;
С) 10 күннен;
D) 5 күннен;
Е) 30 күннен.
66. Статистикалық код кәсіпорынға болашақта мынадай мақсатта қажет:
А) тиімілігін бағалау;
В) қаржылық есептерінде және әр түрлі ұйымдармен қарым-қатынасында пайдалану;
С) өнім өндіру көлемін анықтау;
D) сату көлемін ұлғайту;
Е) шығындарды азайту.
67. Банктік шот ашу кімдер үшін міндетті емес?
А) ЖШС;
В) толық серіктестіктер;
С) дара кәсіпкерлер;
D) акционерлік қоғамдар;
Е) өндірістік кооперативтер.
68. Кәсіпорынды таратуды тіркеу қанша күннің ішінде жүргізілуі керек?
А) 10 күннің;
В) 3 күннің;
С) 5 күннің;
D) 15 күннің;
Е) 30 күннің.
69. Тұтыну тауарларын сегменттеудің негізгі принциптеріне қайсысы жатады?
А) әлеуметтік-экономикалық және психографиялық;
В) бөлшектенген, бөлшектенбеген және байытылған;
С) демографиялық, психологиялық және тәртіптік;
D) географиялық, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, психографиялық;
Е) психографиялық және психологиялық.
70. Төменде келтірілгендердің ішінен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытуды жүзеге асыру жолдарына жатпайтынын анықтаңыз:
А) мемлекеттік органдар жанындағы сарапшылық кеңестерді ұйымдастыру;
В) мемлекеттік органдар жанынан ғылыми-зерттеу институттарын құру;
С) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
D) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;
Е) бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.
71. Шағын кәсіпкерлікті мемлекттік қолдаудың негізгі қағидаларын көрсетіңіз:
А) қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
В) ҚР-да шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
С) мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
D) инфрақұрылымның және қолджау шараларының қол жетімділігі;
Е) барлық жауап дұрыс.
72. Төмендегілердің ішінен индустриялық аймақтардың міндеттеріне жататынын көрсетіңіз:
А) барлық жауап дұрыс;
В) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу;
С) жаңа өндірістер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
D) өндіріс тиімділігін арттыру;
Е) халықты жұмыспен қамту.
73. Шаруашылық серіктестердің бір-бірінен негізгі айырмашылығы келесіге байланысты болады:
А) құрылтайшылар санына;
В) қатысушылар санына;
С) жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне;
D) жауапкешілік дәрежесіне;
Е) барлық жауап дұрыс.
74. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі қандай салықтарды қамтиды?
А) табыс салығы мен әлеуметтік салықты;
В) жер салығы мен табыс салығын;
С) акциз және әлеуметтік салықты;
D) тек жеке табыс салығын;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
75. Арнаулы салық режимін қолдану үшін дара кәсіпкерлер үшін қызметкерлер саны қанша болуы қажет?
А) 15 адамнан аспауы тиіс;
В) 50адамнан аспайды;
С) 25 адамннан аспауы керек;
D) кемінде 5 адам;
Е) 250 адамға дейін.
76. Егер заңды тұлғаның шекті табысы келесі сомадан аспаса, олар арнаулы салық режимін қолдангуға құқылы:
А) 18000 тг.;
В) 4500 тг.;
С) 6500 тг.;
D) 2000 тг.;
Е) 25 000 тг.
77. Арнаулы салық режимін қолдана алмайды, егер:
А) дара кәсіпкердің тоқсандық табысы 2 млн теңгеден көп болса;
В) заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері және еншілес ұйымдары болса;
С) автомобиль көлігімен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асырса;
D) заңды тұлғаның табысы 9 млн теңгеден кем болса;
Е) барлық жауап дұрыс.
78. Арнаулы салық режиміне жатпайтынын көрсетіңіз:
А) оңайлатылған декларация;
В) біржолғы талон;
С) патент;
D) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
Е) дұрыс жауап жоқ.
79. Арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрі:
А) алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату;
В) мұнай өнімдерін өткізу;
С) шыны ыдыстарын жинайтын және қабылдайтын;
D) жер қойнауын пайдаланатын;
Е) барлық жауап дұрыс.
80. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан жағдайда қанша уақыттан кейін арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады?
А) үш жылға дейін;
В) бір жылдан кейін;
С) тек екі жылдан кейін;
D) кез келген уақытта;
Е) үш айдан кейін.
81. Қандай қызмет түрлеріне арнаулы салық режимі қолданылмайды?
А) жер қойнауын пайдаланатын;
В) акцизделетін өнімді өндіретін;
С) мұнай өнімдерін өткізетін;
D) консалтингтік, бухгалтерлік қызмет көрсететін;
Е) барлық жауап дұрыс.
82. Арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және жеке табыс салығы бойынша есеп айырысу фактісін растайтын құжат:
А) оңайлатылған декларация;
В) патент;
С) лицензия;
D) біржолғы талон;
Е) табыс декларациясы.
83. Ара тұра (эпизодтық) сипаттағы кәсіпкерлік қызмет – ол:
А) жыл ішіндегі кәсіпкерлік қызмет;
В) жылына 90 күннен аспайтын қызмет;
С) жылына кемінде 60 күн қызмет етсе;
D) 30 күннен аспайтын кәсіпкерлік қызмет;
Е) дұрыс жауап жоқ.
84. Біржолғы талон бойынша есеп айырысуға рұқсат етілетін қызмет түрін таңдаңыз:
А) барлық жауап дұрыс;
В) базарларда тауар сату;
С) газет-журналдар сату;
D) саяжайдың, бау-бақшаның өнімдерін сату;
Е) көшеттерді сату.
85. Біржолғы талон қанша уақытқа беріледі:
А) 1 айдан астам уақытқа;
В) 1 күнге;
С) 1 жылға;
D) 1 тоқсанға;
Е) мерзімі белгіленбейді.
86. Біржолғы талонның құнын кім белгілейді?
А) Парламент;
В) салық органы;
С) кәсіпкердің өзі;
D) ҚР Үкіметі;
Е) жергілікті өкілді орган.
87. Біржолғы талон қолданылмайтын қызмет түрін көрсетіңіз:
А) көшеттерді, бақша дақылдарын сату;
В) базарларда тауар сату;
С) жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда өткізу;
D) қосалқы ауыл шаруашылық өнімдерін сату;
Е) дұрыс жауап жоқ.
88. Біржолғы талонды қолдану үшін келесі шарт сақталуы қажет:
А) мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болуы қажет;
В) тоқсандық табысы 2 млн теңгеден кем болмауы керек;
С) қызметкерлер саны 15 адамнан аспауы керек;
D) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбауы тиіс;
Е) дұрыс жауап жоқ.
89. Арнаулы салық режимінің қай түрінде әлеуметтік салық төлемейді:
А) біржолғы талонда;
В) патентте;
С) оңайлатылған декларацияда;
D) барлық түрінде;
Е) дұрыс жауап жоқ.
90. Біржолғы талонның нысаны мен берілу тәртібін, қызмет түрлерінің тізбесін кім белгілейді?
А) салық орган;
В) жергілікті өкілді орган;
С) уәкілетті мемлекеттік орган;
D) Әділет министірлігі;
Е) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.
91. Дара кәсіпкер арнаулы салық режимінің қандай түрімен жұмыс жасағанда мемлекеттік тіркеуден босатылады:
А) патент;
В) біржолғы талон;
С) оңайлатылған декларация;
D) босатылмайды;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
92. Патент қандай мерзімге беріледі?
А) бір жылдан көп мерзімге;
В) бір күнге;
С) кемінде бес жылға;
D) тоқсан күнге;
Е) кемінде бір айға.
93. Патент бойынша салық сомасы қалай анықталады?
А) мәлімделген табыстың 5%;
В) тоқсандық табыстың 3%;
С) бір айдағы табыстың 3%;
D) мәлімделген табыстың 2%;
Е) тоқсандық табыстың 5%.
94. Патент қажетті құжаттр өткізілгеннен кейін қанша күннің ішінде беріледі?
А) 1 күн ішінде;
В) 3 күн ішінде;
С) 5 күн ішінде;
D) кемінде 10 күн ішінде
Е) дұрыс жауабы жоқ.
95. Кәсіпкер патент алу үшін қандай табыс сомасын көрсетеді:
А) нақты жылдық табысын;
В) ұйғарылған тоқсандық табысын;
С) шамаланған жылдық табысын;
D) табыс сомасын көрсетпейді;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
96. Нақты табыс патент алған кездегі мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда кәсіпкер қандай әрекет жасайды?
А) келесі патент құнына қосып төлейді;
В) бес күн ішінде артық соманы мәлімдейді;
С) он күн ішінде хабарлайды;
D) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп бойынша төлейді;
Е) ешқандай әрекет жасамайды.
97. Сатылатын тауарларға салыстырмалы түрде тұрақты сұраныстың болуы және өндірушіден тауарды едәуір төмен бағаға сатып алу мүмкіндігі – бұл қай кәсіпкерлік қызмет түрінің шарттары?
А) қаржылық;
В) өндірістік;
С) кеңес беру;
D) коммерциялық;
Е) барлығына да қатысты.
98. Кәсіпкерлік қызметтің қайсысы тауар-ақша және сауда-айырбас операцияларымен сипатталады?
А) коммерциялық;
В) өндірістік;
С) кеңес беру;
D) қаржылық;
Е) барлығы.
99. Жеке тұлғалардың сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға салық ставкасы қандай?
А) 5%;
А) 5%;
В) 15%;
С) 13%;
D) 20%;
Е) 10%.
100. Жеке тұлғалардың дивиденттер түріндегі табыстарына қандай ставка бойынша салық салынады?
А) 8%;
В) 15%;
С) 5%;
D) 10%;
Е) 3%.