Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салық – мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат
Салық жүйесі
алымдар мен төлемдердің жиынтығы қағида, әдіс, тәсілдердің жиынтығы нормативтік актілердің жиынтығы; институттық инфрақұрылым органдар жиынтығы
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «ҚР салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат. Осы заңға сәйкес ҚР 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. 1995 ж 24 сәуірінде ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң қабылданды.

ҚР Салық кодексі, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды. ҚР 2008 ж 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі.
Салық
кодексіне сәйкес арнаулы салық режимдерін шағын кәсіпкерліктің субъектілері, шаруа (фермер) қожалықтары, заңды тұлғалар — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар қолдана алады.
Салық кодексіне сәйкес арнаулы салық режимдерін шағын кәсіпкерліктің субъектілері, шаруа (фермер) қожалықтары, заңды тұлғалар — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар қолдана алады.
Арнаулы салық режимiнің басқа бір түрі – патент(1%). Бюджетпен есеп айырысудың патент нысаны кәсіпкерлігі тұрақты сипаттағы жеке кәсіпкерлерге арналған. Патентті қолдану құқығын алу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері мынадай қажетті өлшемдерге жауап беруі тиіс: жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбау, жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асырмау (заңды тұлғалар қолдана алмайды), жыл iшiндегi табысы 2,0 миллион теңгеден аспауы. Есеп айырысудың мұндай нысаны кішігірім айналымы бар бастаушы жеке кәсiпкерлерге ыңғайлы.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi бюджетпен есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады. Бұл нысан жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін қолданатын кәсіпкерлерге арналған. Салық салудың осындай режиміне тоқсан басталғанға дейiн көшу үшiн салық төлеуші өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына белгiленген нысанда өтiнiш беруi керек. Қызметiн бір елді мекен шегіндегі деген әртүрлi аумақтық-әкiмшiлiк бiрлiктерде орналасқан бiрнеше объектiлерде жүзеге асырған кезде оған оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiш беру үшiн салық органын дербес анықтау құқығы беріледі.