Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі.Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына сәйкес (Парламентке енгізілу жоспарланып отыр) медициналық сақтандыру мәселелері бойынша келесі жарналар мен төлемдер қарастырылған: - - жұмыс берушілер: 2017 жылдың 1 шілдесінен-1% ;2018 жылдан бастап -1,5%,2020 жылдан бастап - 2% , 2022 жылдан бастап -3%;
- - жұмыскерлердің жарнасы: 1% - 2019 жылдан бастап, 2020 жылдан - 2%;
- - жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, келісім-шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарнасы – 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап табысына қарай, бірақ ең төменгі 2 жалақының 5%-нан кем емес;
- - жұмыс күшіне жатпайтын тұлғалар үшін (өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) жарна көлемі – 2018 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі 1 жалақының 5%-ы;
- - мемлекет халықтың осал топтары үшін 2018 жылғы қаңтардан – 3,75%, 2019 жылдан -4%, 2022 жылдан -4,5 %
Салық төлеушінің міндеті - уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
- мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
- белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
- атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
- салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға.
Салық төлеушінің құқығы 1. салық жөнінде жеңілдіктерге деген құқығын растайтын құжаттарды табыс етуге; 2. жүргізілген тексерулер актлерімен танысуға; 3. салық органдарына салықтарды есепеу мен төлеу және жүргізу мен тексеру актлері жөніндегі түсіндірмелерді ұсынуға; 4. заңға сәйкес тәртіппен салық органдарының шешімдеріне шағымдануға; 5. салық салуға қатысуы деп саналатын ақпаратпен құжаттарды тапсырмауға құқы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |