Жоба деректері негізінде тұрақты шығындар кестесі



бет4/5
Дата17.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#191870
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
АрайСабина (копия) (копия) (копия)

Әлеуметтік салық – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық субъектілерге қатысы бар салық. Бұл жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін төлейтін салық, сондықтан салық салу объектісі – қызметкерін тапқан табысы болып табылады. Қорларға төленетін жарналар сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады. 54 тарау, 482 бапқа сәйкес, ҚР-да әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады:

Әлеуметтік салық – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық субъектілерге қатысы бар салық. Бұл жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін төлейтін салық, сондықтан салық салу объектісі – қызметкерін тапқан табысы болып табылады. Қорларға төленетін жарналар сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады. 54 тарау, 482 бапқа сәйкес, ҚР-да әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады:

Әлеуметтік салық 1999 жылдан бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетте 6,2%-ды (2008 ж.) құрады. Салық жұмыс істеген жылдары оның мөлшерлемелері өзгеріп отырды, әр түрлі салық телеушілер үшін 26%-дан 6,5%-ға дейін сараланды, онан кейін оның мөлшерлемесі 21%-ға дейін төмендетілді; 2008 жылдан салық салу объектінің мөлшеріне қарай 13%-дан 5%-ға дейін жаңа салық мөлшерлемелері белгіленді. Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар, Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі.Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет