№1 Мәртөк орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Бисенова Алия Арслановна Сынып:3 «А»
Тақырыбы: Сынып оқушылары
Мақсаты: Білімділік: Өз сыныбы, сынып оқушылары жайлы қазақша айта білу дағдыларын қалыптастыру.Сан есімді пысықтау. .Тақырып бойынша жаңа сөздерді үйрену.Ойын еркін жеткізу.Берілген тапсырмаларды орындау. Дамытушылық: Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Өзара сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, сергіту, оқылым, жазылым, сөйлесім іс-әрекеттері Көрнекілік: «Даналық ағашы», презентация,ребустар, суреттер. Сабақтың түрі: аралас сабақ
Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыппен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру арқылы еркін сөйлейді. Берілген тапсырмаларды түсүнеді және тапсырмаларды қатесіз орындайды. Өз сыныбы туралы айта алады.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу Психолгиялық көңіл-күйі Амансыз ба алтын күн .! Амансыз көк аспан!. Сабағымызды бастаймыз. Жалқаулықты тастаймыз. 2 Үй тапсырмасын тексеру.183 бет,1- тапсырма . Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы тексеру.. Сынып нешінші қабатта? Неше парта мен орындық бар? Терезе алдында не бар? Қабырғада не ілулі тұр? Сынып қандай? 3.Жаңа тақырып. «Сынып оқушылары» Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы). Суретпен жұмыс. Сурет бойынша сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды. «Даналық ағашы» Даналық ағашта берілген сұрақтарға жауап береді Сұрақтар : -Сыныпта неше оқушы бар? - Сыныпта неше ұл бар? - Сыныпта неше қыз бар? -Сынып жетекшісі кім? – Сен қалай оқисың? – - Сыныпта үздік оқитын оқушы бар ма? - Биыл сыныбыңызға жаңа оқушы келді ме? - Сыныпта кіммен достасып жүресің? Сөздікпен жұмыс. Танысу-знакомиться ұл- мальчик қыз- девочка , биыл- в этом году ұқыпты- аккуратный әдепті- вежливый 1).Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.
2).Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау . Топпен жұмыс. Тапсырма. Неше? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек,нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастыр. Жиырма екі,тоғыз, сегізінші, он, алтыншы,отыз,үшінші. Отыз бес, төртінші,екі,екінші, елу, тоғызыншы Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу, орыс тіліне аудару. Менің атым –Марат. Мен Ақтөбеде тұрамын.Мен үшінші сыныпта оқимын. Біздің сыныпта 18 қыз 12 ұл бар. Биыл біздің сыныбымызға жаңа оқушы келді.Оның аты –Самат. Ол Тараздан келді. Ол көңілді,ұқыпты, жақсы оқушы.. Біздің сыныбымыз тату. Сергіту сәті. Топпен жұмыс.
1- топ .Мәтіннің ішінен сан есімді теріп жазу. 2 топ. Зат есімнің кім? сұрағына жауап беретін сұздерді теріп жазу. Шығармашылық жұмыс. Мәтін бойынша сөйлесуді құрастыру. Әр топ жұп- жұбымен сөйлесуді құрастырады. «Ребустарды шешу» Сан есімге байланысты ребустарды шешу. - «Кластер жасау». Оқушының портретін салу. Қорғау . Сабақты қорытындылау:
Рефлексия.
Мен бүгін не үйрендім?
Сабақ маған ұнады ма?
(қолдарымен көрсету, бас бармақты төмен «сабақ ұнамады», жоғары «сабақ ұнады»)
Үйге тапсырма беру: 193 бет,3- тапсырма
6-тапсырма.
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысымдылығына, белсенділіктеріне қарап бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |