1. Металдарды, бейметалдарды алу жолдары Галогендерге жалпы сипаттама. Галогендерді алу Металдарды, бейметалдарды алу жолдары



бет2/4
Дата13.12.2021
өлшемі26,67 Kb.
#125625
1   2   3   4
Байланысты:
металдар бейметалдарды алу

Таза металдарды алу.

Қазіргі металлургияның аігдында түрған басты міндеттердің бірі — кейбір металдарды аса таза күйінде бөліп алу. Оның себебі, олар бүгінгі техникада шекген асқан таза күйінде қолданылады. Мәселен, жартылай (шала) өткізгіштерде ядролық реакторлар мен қазіргі аса төзімді болаттың арнайы түрлерінде металдардың тазалығы өте жоғары болуы талап етіледі. Осыған орай өнеркәсіп кейбір металдардың тазалығын 99,999999%-дан астам етіп отыр.

Металдарды тазалаудың әр түрлі әдістері бар. Мәселен, вакуумда айдау мен қайта балқыту арқылы металдардың өртүрлі үшқыштығына сай қоспадан беліп алады. Ал, кейбір металдар төменгі температурада аса үшқыш қосылыстар түзеді, оларды қатты қыздырса, ыдырап таза металл бөледі. Зоналап балқыту әдісі қоспаның қатты және балқыған металда әртүрлі еруіне негізделген. Өте жоғары қызуы бар зонадан әрлі-берлі баяу жылжып өтіп түратын металдың таза кристалдары ортасына шоғырланып, қоспасы шеттеріне ығысады. Осылайша көптеген қайталаулардан соң өте таза металл алынады.

Өте таза күйдегі металдардың қасиетгері қалыпты жағдайдағыдан біршама өзгеше болады. Мысалы, олардың серпімділігі, иілгіштігі те жоғары болып, электр, жылу өткізгіштігі артады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет