Металдардың физикалық қасиеттері. Металдарды сипатгаушы қасиеттерінің бастьшары — олардың электр және жьшуөткізгіштігі, бүлар бүрында айтылған бос электрондардың болуынан. Металдардың бүл қасиетін элекгртехникада, қыздырғыш және суытқьгш аспаптар жасауда кең қолданады. Электрөткізгіштік пен жылуөткізгіштік пропорциялы, бір бағытга өзгереді. Жылуды да, электр тогын да жақсы өткізетін элементгер — күміс, мыс, алтын мен алюминий болып есептеледі.
Кейбір металдар абсолютгік нөл температурасына жуық суығанда, асқынөткізгіштік деп аталатын қасиет керсетеді. Бұл кезде металдар электр тогының өтуіне ешбіркедергі келтіре алмай, іс жүзінде өзінің бойынан кез келген мелшерлі токты өткізіп жіберіп отырады. Металдардың асқынөткізгіштік қасиеті температура төмендеген сайын туа бастамайтын, белгілі бір кризистік температурада бірден пайда болатын қүбылыс.
Металдардың барлығы жалтырайды, оның себебін былай түсіндіреді. Жарық сәулесі жалынында кездескен заттан бөгелмей өтіп жатса, ондай зат біздід көзімізге мөлдір (шыны) болын көрінеді, сәуле түгел сіңіп жатса, зат қара (күйе) болып керінеді, шағылысып бетінен қайтып жатса-ақ, ақ жалтыр болып көрінеді. Демек, металдардың жалтырауы түскен сәуленің шағылуынан. Металдар тек кесек, тұтас күйінде жалтырайды, ұнтақ түрінде, алюминий мен магнийден басқасы, жалтырамайды. Металдардың өте жалтырауығы күміс, одан кейін палладий; бұлардың ол қасиеттерін айна жасауға пайдаланады.
Металдардың пласгикалық-созылғыш, иілгіш, созылғыш қасиеті де ішкі құрылымымен байланысты. Сырттан механикалық әсер еткенде ион қабаттары жанасқан жерлерінде ығысып, сәл ауысады. Ертедегі адам металды балқытудан бұрын оны соғып, керекті балға, балта, садақ жебесін т.т. жасауды білген. Пластикалық жағынан металдарда бірінші орынды алтын алады — алтыннан тартқан сым қылдан жікішке, көзге көрінер көрінбес болады. Сурьма мен висмут морт келеді.
Әдетте металдардың балқу температурасы 800°-тан кем болса, оңай балқитындар 800°-тан жоғары болса, қиын балқитындар деп бөледі. Бу күйіне ауысқанда металдар жекежеке атомдардан түрады.
Металдардың сынаптан басқасы қатты болғанымен, қаттылығы әр түрлі, мысалы, хромға алмаздан басқа еш қатты зат батпайды, ал калийді саз балшықтай саусақпен илеуге болады.
Меншікті салмақ жағынан да металдардың айырмашылығы үлкен, жер бетінде белгілі қатты затгардың ең ауыры осмий, ең жеңілі литий, екеуі де металл, бірінен бірі 40 есе ауыр.
Достарыңызбен бөлісу: |