1. Берілген мақалдардың қайсысы мəтіннің түйінін ашып тұр?
A) Ерлік пен еңбек – егіз
B) Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
C) Талапты ерге нұр жауар
D) Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
E) Ерлік тəрбиеден туады
2. Мəтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
A) Мыңбұлақ
B) Айнабұлақ
C) Жүрек
D) Намыс
E) Махаббат
1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли
табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Əкесі жыртылған
туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш
көрінеді. Оны қарап тұрған əкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз əлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі.
Əшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды.
Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бəрі қарап отырғандай.
Партаның астына тығып əлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін
дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да
шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан
тапжылмай отырды.
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге
келді.Үйге кірсе, жаңа туфли əкеліп қойыпты.
3. Қандай мақал-мəтел Айдостың қылығына сəйкес келеді?
A) Базарда бəрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
B) Қалауын тапса қар жанар.
C) Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.
D) Өтірік айтқаннан өлген артық.
E) Қырсыққан жігіт мал таппас.
4. Айдос неліктен жылап жіберді?
A) Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
B) Туфлисіз қалғанына ренжіп.
C) Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
D) Жаңа туфли əпергеніне қуанып.
E) Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.
5. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
3. Айдос бүгінгі сабағын əдеттегідей оқыды.
A) Барлығы теріс
B) Екінші
C) Барлығы дұрыс
D) Үшінші
E) Бірінші
Достарыңызбен бөлісу: |