1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет29/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591

4-мәтін


Құстар ауыл шаруашылығына зиян тигізетін кішкентай тышқандар мен шегірткелерді, кеміргіш жәндіктерді жояды. Құбылтып, құйқылжытып шырқайтын әнші құстар қонақтаған бақ ішінде жемістерге құрт түспейді. Сондай–ақ, қырғауыл, шіл, шағала және ұзақ, қарға сияқты құстар мекендеген далада егінге түскен зиянды жәндіктер жойылып құриды. Құс аулау - аңшылықтың әсерлі түрі. Құстардың балапандарын өсіріп, ұшыратын уақыттарында оларға тыныштық беріледі.
Жануарлар мен аңдардың адамға тигізетін пайдасы бар. Осыған орай оларды қорғау керек. Шаруашылыққа, егінге зиянкестер мен арамшөптерді жойып, пайда тигізетін кірпі мен жарқанат, құмырсқа сияқтыларды қорғау керек. Табиғатта сирек кездесетін ақбөкен, киік, марал сияқты аңдарды көбейту керек.
5-мәтін
Ерте заманда күннің аптабынан, ылғалдың тапшылығынан жан біткен қатты тарығады. Сол кезде тіршілік үшін жанталасқан басқалар сияқты бір құмырсқа шөлдеп өзенге барады. Суды ағынның қатты жерінен іше берем дегенде, толқын оны жағаға ағызып алып кетеді. Сол маңдағы ағашта отырған бір көгершін мұны көріп, жаны ашиды. Ол бір жапырақты тұмсығымен жалма – жан бұтақтан жұлып алып, суға тастайды. Құмырсқа сол жапыраққа жармасып жағаға шығады. Арада бірнеше күн өткеннен кейін көгершін баяғы ағашқа келіп тағы да қонады. Сол мезетте құс торушы жасырынып келеді. Ол көгершінге торын тастауға ыңғайланған екен. Көгершін бұл қауіпті сезбей бұтақта бейқам отыра беріпті. Ал құмырсқа сол маңда жүрген екен. Ол көгершінге қауіп төнгенін сезіп, жорғалап барып, құс торушының аяғын шағып алады. Оның қатты шаққаны соншалық тіпті құс торушының жалғыз аяғы емес, қолы да қалтырап кетеді. Сол кезде ... оны көріп қалып, ұша жөнеліпті. Достықтың арқасында көгершін өлімнен аман қалыпты.

6-мәтін
Мен мектепке аптасына алты күн барамын. Менің демалысым тек – жексенбі. Жексенбі күні басқа күндерге қарағанда кешірек тұрамын. Қыста таңертеңгі астан кейін шаңғы тебуге барамын. Серуеннен түскі тамаққа бірақ ораламын. Кейде достарыммен кездесіп, ән тыңдаймыз, бейнетаспа көреміз. Жазғы демалысымды таза ауада қызықты өткізуге тырысамын. Сенбі күні кешке ата-анаммен, бауырларыммен саяжайға кетемін. Біздің саяжайымыз өзенге жақын.Өзеннің жанында орман бар. Мен орманда саңырауқұлақ, жидек теремін. Егер далада жауын жауып тұрса, үйден шықпай, кітап оқып, теледидар көремін, үй шаруасына көмектесемін. Бос уақытымда өнердің қыр-сырын танып білгім келеді.


7-мәтін
Отанға жау шапты. Өткен ғасырдың 1941-ші жылы маусымның 22-сінде фашистер
түн жамылып келді.Соғыс – бұл қайғы, қасірет, қан, көздің жасы, маңдайдың тері, өлім, әкесінен айырылған бала, бауырынан айырылған қарындас.
Осы соғыс жылдары әрбір бесінші қазақстандық соғысқа аттанды. Батыр жерлестеріміз өмірін де аямай дұшпанмен алысты. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының тарихына талай қаһармандық беттер қосты. Батыр ағаларымыз бен аталарымыз ержүректік, ерлік және жоғары жауынгерлік шеберлік көрсетті. Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталды.
Батырларымызды келер ұрпаққа үлгі-өнеге етуіміз керек. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.
Соғысқа аттанған әкесін, ағасын, бауырын, сүйген жарын, баласын күткен тылдағы жас балалар мен әйелдер күн-түн демей еңбек етті. Қан майданнан келер бір жапырақ хатты күтті. Хат келсе, хабар келсе, бәрі жиналып қуана-қуана оқитын еді. «Қара қағаздар» қаншама отбасының күлін көкке ұшырды. Сонда да «келер, келеді» деп үміттенген жүректер армандаумен, зарығумен үміттерін үзбеді...
... Міне, бізге Жеңіс осындай жолмен келді. Сол үшін біз ата-бабаларымыздың ерлігін мақтан етуіміз керек. Жеңіске өз үлесін қосқан батырларымызды әрқашан жадымызда ұстауға тиіспіз. Олардың рухына мың тағзым!!!
Біз – бақытты ұрпақпыз. Ержүрек аталарымыздың арқасында, міне, бүгін тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.

1-мәтін

Наурыз келісімен балалар да, үлкендер де Қыдыр атаны сағына күтеді. Қыдыр ата елге, жерге, адам баласына барша жақсылықты сыйлайды екен. Ол аппақ киім киіп, Наурызда елді мекендерді аралап, тыныштық болуын, адамдардың мейір – шапағатқа бөленуін, Жер Көктің жасыл желекке, гүлге орануын тілеп, ақ батасын беретін көрінеді.


«Жыл он екі ай» журналынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет