1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты
1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:- Қожеке, алыңыз,алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып:- Же, шапаным, же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп: - Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді. Сонда Қожа: - Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің, ......жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.
Бай-богатый, богач Той жасапты-устроил той Келіпті-пришли Киім-одежда Ешкім-никто Елемепті-не замечал Тамақ же-кушай,ешь Төрге шық-садись на почетное место Ақырындап-потихоньку Қайта келіпті-пришел обратно Үй иесі-хозяин дома Алыңыз,алыңыз! – угощайтесь Қадірлепті – оказывал почет и уважение Шапан – чапан(казахский мужской длинный костюм) Жеңі – рукава Өкпелеп – обидевшись О, не қылғаныңыз? – что вы делаете Сыйламайсың – не уважаешь Жегізіп отырғаным - кормлю
2-мәтін Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны ана ағашқа байлап қойды. Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі-ақ. Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. «Жануар-ай, шөлдеген екенсің ғой» деп ойладым. Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын жасқана басып суға жақындады. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырынып шегінді. Суды азайтып ағыздым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. ......... екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады.
Атам-мой дедушка Құлынды бие- кобыло с жеребенком Ағашқа – к дереву Байлап қойды – привязал Қасында – рядом, возле Құлын-жеребенок Әдемі-ақ – очень красив, довольно красивый Қорықтым-я побоялся Біраздан кейін- спустя время, через некоторое время Тәуекел – риск Үркіп – испугавшись Ұзап барып – отдалившись Қайта – обратно, снова Шелек-ведро Иіскелей бастады – начал принюхиваться, начал нюхать Шөлдеген/шөлдеу – чувствовать жажду Құбыр – труба Жасқана – с испугом, неуверенно Жақындады – приблизился Танау – нос Пысқырынып – фыркать Шегінді – шагнул назад Азайтып – уменьшив, азайту-уменьшить Достасып кеттік-подружились Сүйсіне – с умилением
3-мәтін
Қазақстандағы ең тұнық көл – Марқакөл. Бұл Шығыс Қазақстанның Күршім және Азутау жоталарының арасында алып аруананың көзіндей мөлдіреп жатыр. Ол теңіз деңгейінен 14,85 метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы – 39, ені - 20 километр. Тереңдігі - 27 метр. Марқакөлге бірнеше өзен құяды да, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады.
1976 жылы Марқакөл ауданында жалпы көлемі 71359 гектар мемлекеттік Марқакөл қорығы құрылды. Қорық сұлулығы Швейцариямен теңдеседі.
Шығыс Қазақстанда үлкенді-кішілі 300-ден астам өзен бар. Мұнда 75 көл бар. Солардың ең үлкені – Зайсан көлі. Ол - тұщы көл. Ал Рахман бұлағы бәрінен биікте орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 1750 метр биікте тұр. Оның суы шипалы, емдік қасиеті мол.
Ең – самый Тұнық – чистый Көл – озеро Жота – холм Арасында – между Алып – огромный Аруана – одногорбая верблюдица Теңіз деңгейі – уровень моря Биіктікте – на высоте Орналасқан – расположен Ұзындығы (ұзындық) – длина Ені (ен) – ширина Тереңдігі (тереңдік) – глубина Бірнеше – несколько Өзен – река Ағып шығады – вытекает Жалпы көлемі – общий объем Қорығы (қорық) – заповедник Тұщы – пресная Бұлағы (бұлақ) - родник Шипалы - лечебный
4-мәтін Түс кезі. Екі дос мектептен қайтты. Қызу әңгімелесіп келеді, тым көңілді. Екеуінің қолында да ішінде шұжығы бар ақ тоқаш. Сөз арасында достар тоқаштарынан тістеп қояды. Қазыкен нанның бір кішкене қалдығын қағазға орап, сөмкесіне салып алды. «Үйге барған соң жеймін», - деп ойлады. Ал Қалкен өзі тойғаннан кейін тоқашының қалғанын бір кесек шұжығымен жолға қарай лақтырып жіберді. Оның үстіне тоқашты доп етіп тепті. Нанды домалатып біраз жерге апарып тастаған досын Қазыкен қуып жетті: - Қалкен, мұның не, нанды неге тебесің? – деп оның иығынан ұстай алды.
- Немене, нанның қалдығын жинап салып алатын өзің тәрізді сараң деп ойлап па едің? Жылда егін жақсы. Нан жетеді, - деп Қалкен иығын тартып алды. - Ағыл-тегіл байлық - мыңдаған адамдардың еңбегі, маңдай тері, оны бағалай біліп, нанға ұқыпты қарауымыз керек, - деді Қазыкен ашулы дауыспен. Қалкен үндемей, көңілсіз ғана, артта ілбіп кетіп бара жатты.
түс кезі – время обеда,обеденное время дос – друг қайтты – возвращались қызу әңгімелесіп келеді – идут и бурно беседуют шұжығы бар ақ тоқаш – сосиски в тесте шұжық – колбаса, сосиски тоқаш – булочка тістеп қояды – кушают қалдығын (қалдық)- остаток қағазға орап – завернув в бумагу сөмкесіне салып алды – положил в сумку тойғаннан кейін – после того как наелся лақтырып жіберді – выбросил, выкинул тепті – пнул, пинал қуып жетті – догнал мұның не?– что это такое, что ты делаешь? Неге тебесің? – почему пинаешь? Өзің тәрізді – как сам Сараң – жадный Егін - посев Жетеді – хватает Ағыл-тегіл – много Байлық – богатство Мыңдаған – тысячи Ұқыпты – аккуратно Ашулы – злой Ілбіп кетіп бара жатты – шёл очень медленно, вяло