30-мәтін
Ботагөз бен Қарагөз апалы-сіңлілі. Бір күні олар жаңа үйге көшетін болды.Әкесі бірнеше жігітті ертіп келіп, үлкен машинаға үй жиһаздарын тией бастады. Ботагөз бен Қарагөз де жүктерді тасуға көмектесті. Көңілдері көп нәрсені қимайды.
Олар жолға шықты. Бірер сағатта машина бейтаныс әсем үйдің ауласына келіп тоқтады.
- Міне, біздің үйіміз осы, - деді аналары. Ботагөз бен Қарагөз жаңа үйді тамашалап, аралауға кірісті. Бір кезде Қарагөз терезе жақтауындағы қарлығаштың ұясын көріп:
- Алақай! – деп қуана айқайлап жіберді. Аң-таң болған Ботагөз жүгіріп сіңлісінің қасына келді. Екеуі қарлығаш ұясын ұзақ тамашалады. Жып-жинақы. Тостаған секілді. Қандай шебер жасалған! Ішінде қарлығаш балапан басып отыр. Жәудіреп екі қызға кезек қарап қояды.
Әкесі:
- Қарлығаш – адамға ең жақын жүретін құс. Ұясына тиіспеңдер, қайта ертең балапандары шықса, жем-су құйып, қамқорлықтарыңа алыңдар,- деді.Осыдан кейін екеуі күн сайын ұя алдына жем -су қоятын болды. Мұны қарлығаш түсінді. Қыздарға бауыр басып кетті. Көп ұзамай балапандар да шыға бастады. Шиқ-шиқ етіп тамақ сұрайды. Ана қарлығаштың жұмысы тіпті көбейді. Күні бойы құрт-құмырсқа, шегіртке тасумен әуре.
Бір күні аулада ойнап жүрген қос қыз дәл жандарынан зу-зу етіп өте шыққан қарлығаштарды байқады. Қараса, аспанда төрт қарлығаш түгелімен ұшып жүр. Екеуі қол шапалақтап мәз болды. Қарлығаштар да оларды айнала ұшады. Қуанғаны болар.
Апалы-сіңлілі – сестры
Көшетін болды – переедут
Ертіп келіп – привел
Жиһаз-мебель
Тией бастады- начали загружать
Жүктер-собранные вещи
Көңілдері қимады – было тяжело расставаться
Жолға шықты – отправились в путь
Бірер сағатта – через несколько часов
Бейтаныс – незнакомый
Тамашалау – любоваться
Аралауға кірісті – начали ходить и рассматривать
Терезе жақтауы – подоконник
Жып-жинақы - аккуратно
Айқайлап жіберді – закричал (-а)
Алақай – ура
Қуана – радостно
Тамашалады – любовались,смотрели
Тостаған – пиала, кесе, чашка
Тиіспеңдер – не трогайте
Жем-су құйып – кормить
Қамқорлыққа алу – заботиться
Күн сайын – ежедневно
Ұя алдына – у гнезда
Бауыр басып кетті (фраз)- привык
Көп ұзамай – через некоторое время
Құрт-құмырсқа – насекомые, жуки, червяки
Шегіртке – кузнечик
Байқады – заметил (-и)
Қараса – когда посмотрели
Түгелімен – все, полностью
Ұшып жүр – летают
Қол шапалақтап – хлопая в ладоши
Мәз болды – были радостны
Айнала ұшады – летаят вокруг них
Қуананы болар – наверное, радуются
|