1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет10/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

24-мәтін
Тамақ жемеген адам бір айға дейін шыдай алады. ...... сусыз үш күнге ғана шыдайды. Шөлге ең шыдамды жануар - «шөл кемесі» атанған түйе. Ол сусыз сегіз тәулік қана шыдайды. Машинаның жүруіне жанармай қандай қажет болса, адам денесіне де су сондай қажет. Неге? Ересек адам денесінің жартысынан көбі судан тұрады. 70 килограмм ересек адамның бойында 50 килограмм су болады. Егер судың мөлшері кемісе адам өледі. Ал бала денесінде одан да көп. Қырық килограмдық дененің 34 килограмы су, тек 6 килограмы ғана басқа заттар.

Тамақ жемеген – непоевший
Бір айға дейін – до одного месяца
Шыдай алады – выдержит
Сусыз – без воды
Үш күнге ғана – только до трех дней
Шөл-жажда
Шыдамды –терпеливый
«шөл көмесі» - корабль жажды
Тәулік-сутки
Жанармай-топлива
Ересек адам – взрослый человек
Жартысынан көбі – больше половины
Судан тұрады – состоит из воды
Мөлшер – количество
Кемісе – если уменьшится
Басқа - другое

25-мәтін
Тіс өте маңызды жұмыс атқарады. Ол асты уатады. Ересек адамдарда отыз екі (32) тіс болады: үстіңгі жақ сүйегінде он алты (16), астыңғы жақ сүйегінде он алты (16). Ауызда сегіз күрек тіс бар. Олармен алманы, сәбізді оңай тістей аласың. Бұлардан кейін төрт мықты ит тіс орналасқан. Олармен қатты заттарды тістеп, үзіп алуға болады. Онан кейін азу тістер орналасқан. Олар асты шайнап жеу үшін қажет.
Тістің сыртын берік эмаль қаптап тұрады. Тістің ішінде жүйке және қан тамырлары бар. Қан тіске қоректік заттарды жеткізеді. Тісті күту аса қажет. Тамақ ішкен соң, ауызды жылы сумен шайқау керек.Тісті ертеңгілікте және кеште, ұйықтар алдында тіс пастасымен тазарту қажет.

Тіс-зуб
Өте маңызды – очень важный
Жұмыс атқарады – выполняет работу, функционирует
Уатады – измельчает
Үстіңгі жақ сүйегі – верхняя челюсть
Күрек тіс – резец
Оңай – легко
Тістей аласың – можешь кусать
Ит тіс- клык
Азу тіс – коренной зуб
Шайнап жеу – жевать
Берік-крепкий
Жүйке-нерв
Қоректік-птательные
Жеткізеді – доставляет
Тісті күту – ухаживать(уход) за зубами
Тамақ ішкен соң – после еды
Шайқау керек – полоскать
Ұйықтар алдында – перед сном
Тазарту - чистить




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет