23-мәтін
Атасы он жасар ұлымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көрдің бе, не істеп жүр?
- Көрдім, өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көрдің бе?
- Көрдім,
аузында нанның қиқымы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қарашы, аспанда не көрінеді?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
- Көрдің бе, балам, ол кішкентай жәндіктердің бәрі еңбек етіп жүр. Өрмекші өзіне азық ету үшін маса, шыбынға тұзақ құрып жүр. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ іздеп,
нанның қиқымын тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп барады. Ал қарлығаш балапандарына ұя істеу үшін шөп жиып жүр. Байқадың ба, балам жұмыссыз жүрген ешкім жоқ. Сен де осылардан үлгі ал, жұмыс істеуді үйрен» - деді.