29-мәтін Бір ауылда халықты әрдайым жаман сөзімен ренжітетін бір жігіт болған екен. Ауылдың жасы үлкен қариясы бір күні оны қасына шақырады.
- Сен өзіңнің орынсыз сөздеріңмен халықтың тыныштығын бұзады екенсің? Осы айтқаным рас па?-дейді.
- Оны мойындаймын. Сөзбен ренжіткен кездерім болды. Алайда мен олардан кешірім сұраймын ғой.
- Олай болса, сен мынаны жаса. Мына тақтайға осы уақытқа дейін қанша адамды ренжітсең, сонша шеге қақ,-дейді.
Жас жігіт тақтайға бірнеше шеге қағады.
- Ал енді осылардың қаншасынан кешірім сұрадың? Сұрамағандарыңнан кешірім сұра. Әрбір кешірім сұраған сайын, бір шегені жұлып таста,-дейді.
Көп ұзамай тақтайда шеге қалмайды. Қария кісі ол жігітті шақырып алып былай дейді:
- Жарайсың! Барлығынан кешірім сұрадың. Тақтайда шеге қалмады. Бірақ шегенің орнында қалған қара дақтарды көрдің бе? Адамдардан кешірім сұрасаң да ,олардың жүрегінде реніштің іздері қалады ол дақтар ешқашан кетпейді.
- Сондықтан бұдан былай сөздеріңе абай бол,-деді.
Ауыл – село, деревня Әрдайым – всегда Ренжітетін – обижающий Қария – старик Қасына шақырады – позвал к себе Орынсыз – непристойный Тыныштық – тишина Тыныштығын бұзу- нарушать покой, покоя не давать Мойындаймын – я признаю Кешірім сұраймын ғой – я же извиняюсь Олй болса – если это так Тақтай-доска Осы уақытқа дейін – до этого времени Шеге –гвоздь Сұрамағандарыңнан – у кого не просил Кешірім сұра – извинись, попроси прощения Сұраған сайын – каждый раз, когда будешь извиняться Жұлып таста – вытащи Жарайсың!-молодец! Қара дақ – черное пятно Реніш – обида Із-след Ешқашан – никогда Бұдан былай – впредь Абай бол-будь осторожен, будь внимателен