32-мәтін Айша ұйқысынан бір түрлі мазасызданып тұрды. Оның бұл халін сезген анасы маңдайынан ұстап, қызуын тексеріп еді, денесінің қызып тұрғанын көріп, оны дереу дәрігерге алып бармақшы болды. Айша дәрігерден қатты қорықса да баруына тура келді. Себебі: “Егер мектепке бармасам достарымды, ұстаздарымды қалай көретін боламын?” деген үреймен тез жазылып, мектебіне оралғысы келді. Дәрігер ағай Айшаны тексеріп жатқанда, ... қатты қорқудың аса қажеті жоқ екенін түсінді. Өйткені, дәрігер ағай оның температурасын ғана өлшеп, тамағын тексеріп, жүрек қағысын тыңдап көрген болатын.
Негізінде Айша ауруының себебін өзі де білетін. Анасы мен ұстазы: “Терлеп тұрып су ішуге болмайды. Әйтпесе ауырып қаласың” деп үнемі айтса да, кеше мектепте әбден ойнап жүгіріп, терлеп тұрып мұздай су ішкен болатын. Енді міне ауырып отыр. Өзі де айтқанды тыңдамағанына қатты өкінді. Бұл ауру – оған бір сабақ болды. Дегенмен дәрігердің жазып берген дәрілерін ішіп, жақсылап тынығып, бірнеше күннен кейін оқуына оралды. Айша толық жазылып, достарына және ұстаздарына қауышқанына өте қатты қуанды.
Бір түрлі – как-то необычно; не так, как обычно Хәл-состояние Сезген – почувствоващий (-ая) Маңдай – лоб Қызу-температура Тексеріп еді – проверила Денесінің қызып тұрғаны – поднялась температура тела Дереу – немедленно Алып бармақшы болды – решила повести Баруына тура келді – пришлось пойти Себебі, өйткені - потому что Егер – если Үрей-страх Тез жазылып – быстро вылечившись Оралғысы келді – хотела вернуться Тексеріп жатқанда – когда проверял Аса қажеті жоқ – особо не надо Түсінді – понял Тамағын тексеріп-проверил горло (тамақ - горло) Жүрек қағысы – сердцебиение Негізінде – вообще-то Ауруының себебін – причину болезни Терлеп тұрып – попотевший Болмайды – нельзя Әйтпесе - иначе Ауырып қаласың - заболеешь Үнемі - постоянно Мұздай –очень холодный (как лёд)
Енді-теперь Міне –вот Дегенмен - однако Дәрі - лекарство Жақсылап тынығып – хорошенько отдохнув Бірнеше – несколько Оралды – вернулась Толық - полностью