«Армысың, әз Наурыз!» ертеңгілігінің сценарийі



Дата17.06.2018
өлшемі321,3 Kb.
«Армысың, әз Наурыз!»

ертеңгілігінің сценарийі.
Ертеңгілікте балаларға мерекелік жақсы көңіл-күй сыйлаумен бірге қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Сонымен қатар балаларды ұлттық салт-дәстүрмен таныстырып, оны терең түсіне сезіне білуге мән беріледі.

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар:

Залдың ортасында түрлі-түсті ленталармен әшекейленген шаңырақ ілулі тұрады. Киіз үй, жайылған дастархан, суреттер көрмесі.


Үнтаспадан «Наурыз» әнінің әуені мен ұлттық киімдегі балалар мерекеге лайық безендірілген залға кірген соң, үш қатарға бөлініп тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қауым! Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып, жадырайық бәріміз.

Күннің жаңа нұры бар, мұнын ғажап сыры бар,

Халық сүйген мейрамды қарсы алайық - Наурыз!


Қымбатты ата-аналар, балалар, қонақтар, көптен күткен Наурыз, жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз-мұсылман қауымының ұлттық мейрамы. Наурыз-жыл басы. Наурыз-ұлыстың ұлы күні.

Бұл күні ата-аналарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді.Тойдың көркі ән дейді халқымыз.

Сіздерге арнап дайындаған балалаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Балалардың орындауында «Наурыз» әні (хор)

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық.



Би: «Шашу»

Орындайтын «Ботақан» тобының биші қыздары.


Тәрбиеші: Бүлдіршіндеріміздің, Ұлыстың ұлы күніне арнап дайындаған тақпақтарын тындайық.
Алдияр:

Қыста өтті, қар кетті,

Ұлыс мейрамы жетті.

Жақсылыққа кенелген,

Наурыз-мейрам ежелден.
Жансая:

Салтымен ата-бабаның,

Жаңғырды қайта заманым.

Жаңа жыл басы-бұл Наурыз,

Қайырлы болсын қадамың.
Ельназ:

Наурыз келді құс болып,

Мына бізге сүт болып.

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.
Алихан:

Наурыз келді тамаша,

Ән айтады таласа.

Атам, әжем той тойлап,

Қуанып жүр балаша.
Жарқынай:

О, ағайын, ағайын,

Думанға толы маңайың.

Мереке болып келіп тұр,

Наурыз айы-бал айы.
Жүргізуші:

Ұлы тойда әдемі

Әннен шашу шашады.

Мың бұралып, қыздарымыз

Наурыз биін бастайды.

Мың бұралған биші қыздарымыздың орындауында «Домбыра» биін тамашалаңыздар.



Жүргізуші: Наурыз-салт-дәстүр мерекесі! Қазақ халқының балаларды жақсы әдетке, адамгершілікке баулуға арналған, тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлері де жетерлік.

Салт-дәстүріміздің бірі - «Атқа мінгізу». Ұл баланы атқа мінгізген кезде оған садақ, қамшы сыйлап ер бол, батыр бол, үлкен азамат бол деген тілек айтылады. Осы атқа мінгізу дәстүрін бүгін бізде көрсетейік деп ойладық.

Аманжанды атқа мінгізіп, қолына қамшы ұстатып, ауылды аралатамыз. (Музыка әуенімен Аманжан шапқылап бір шеңбер жасап аралап шығады.

Ауылды аралап жүрген кезде шашу шашылады).


Кашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу-шашу салты елімнің.

Уа халайық,теріп ал шашуыңды,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.

Батамен ел көгерер

Жаңбырмен жер көгерер-дегендей, Қыдыр ата, өзіңізден бата күтеміз.

(Ата батасын береді)

Жүргізуші:

Шалқып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл». (хор)

Жүргізуші:
Күлімдеп қарап күміс күн,

Шуағын шашар.

«Адай»биін билейік,

Күнінде Ұлы Ұлыстың.



Ербалдардың орындауында «Адай» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:

Келіңіздер,келіңіздер,

Қазақтың ұлттық ойыны болады.

«Арқан тартыс пен «Теңге ілуді»

Тамашалап көріңіздер.
Ойын: «Арқан тартыс», «Теңге ілу».

Балалар, мінеки, Наурыз мерекесінің шаңырағы да көтерілді, өзінің сыйлығын да әкелді (табақта бауырсақ).



Жүргізуші: Наурыз мерекесінің жалғасы-үлкен үйден барып, дәм татамыз. Қалған тамашаны сол үлкен үйде қызықтаймыз. Ән «Наурыз-біздің жаңа жыл».

Жүргізуші:

Дастарқаны халқымның тола берсін,



22 наурыз мерекесіне арналған сценарий.

«Наурыз-думан

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер.
Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!»
Әуен ойналып тұрады.

Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!


Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1 - жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,


Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

2 - жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.


Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Абсаттар ағайға беріледі.

ІІ жүргізуші:


Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
І жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.

1 - жүргізуші: Алқа - жұртым, той - думан,


Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән орындалады.

2 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,


Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
1 - жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

Туа сала атандым Қожанасыр,


Мендей аңқау болмас - ау басқа сірә.
Наурыз тойы мектепте болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп.
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын?
Досымын адал жандардың.
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)

1 - жүргізуші: Наурызда әндер шырқайық,


Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: «» 11 сынып орындауында
2 - жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
1 - жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән:
2 - жүргізуші: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша –
1 - жүргізуші: Күй де шертіп, ән салып,
Наурыз тойды қарсы алып.
Болсын дейміз шаттық мол,
Бейсен апай ән салып – дей келе келесі әнді әжелердің орындауында тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші: - Мол, мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.
1 - жүргізуші: Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі кезекті қонақтарымызға
шашу ретінде әсем ән сыйлаймыз.

І жүргізуші:


Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

7-8 сынып оқушыларының биі


ІІ жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!

5-6 сынып оқушыларының «Беуайдай» әні


І жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.

ІІ жүргізуші:


Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.

Алдар көсе Наурыз бата беру


Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!

І жүргізуші: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!



Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.

1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2- жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып. Жақсылыққа жаршы болған Наурызым! Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)

2- жүргізуші: Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:

1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады. Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек: 2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді. 1-жүргізуші: Құтты болсын әр күнің, Сыйла, бақыт баршаға. Сәбидің әсем шат үнін Тыңдат абзал анаға. Наурыз – достық, Наурыз – күн. Барша халық бірлігі. Тағы келді ұлыс күн. Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады. 2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі): «Қамажай» биі биленеді. 1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады). 1. Асық ойынынан жарыс 2. Арқан тартыстан жарыс 3. Қол күрестен жарыс 4. Наурыз көже ішуден жарыс. Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. "Алға, қазақ жігіттері" әні орындалады. 2-жүргізуші: Ерітіп қарын даланың, Жинатып гүлін саланың. Жетелеп жұмсақ самалын, Келді Наурыз – жыл басы. Күлімдеп қарап күміс күн, Аспаның бүркіп пүліш түн. Ұлы күні Ұлыстың, Келді Наурыз – жыл басы! Кезекті қазақша күйге берейік. Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады. 1-жүргізуші: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір! 2 -жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! (Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады



Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама.

"Достық" алаңы мерекеге сай безендірілген. Сахна үстінде «______» фольклорлық ансамблі (жүргізушілер, салтанатты кештің құрметті қонақтары). Алаң ортасында би ансамблдері жетекшілерімен сап түзеп тұрады.  (Музыка ойналады. Шашу шашылады).



  1. жүргізуші: Қайырлы күн, қасиетті ел, Жерұйығы _____ жайсандары.

2-жүргізуші: Армысыздар, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.

1-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.

2-жүргізуші: Қазақ халқы маусымдық мерекелерге бай халық. Ол мерекелерді атап өтсек: Жыл басы тойы – Наурыз, Жаз тойы – Қымыз мұрындық, Күз мейрамы – Мизам, Қыс тойы – соғым. Сондай-ақ, бие бау, тулақ шашар, шашыратқы, сірге тағар, сірге жияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу сияқты қазақ халқының көнеден келе жатырған дәстүрлі мерекелері де бар.

1жүргізуші: Біз дәл осы жерде 29 желтоқсан күні жаңа жылдың бастауы - шыршамыздың ашылу салтанатына жиналған болатынбыз. Ал бүгін қадірлі жамағат! Жыл басы көрісу айттан басталып, «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» ұлттық мерекеміздің ашылу салтанатында  бас қосып отырмыз.

2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының ашылу рәсімі жылма жыл жалғасын тауып келеді. Мейрамның ашылу салтанатын құттықтау үшін сөз ауыл әкімі  __________ беріледі.

1-жүргізуші:     Үш жүз алпыс бес баласы                             Он екі ауыл шамасы,                              Отыз ор дуадақ,                              Бес балақ сан,                              Елу екі қарақшы, – деп халық жұмбағында айтылғандай қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған бесінші күн "Бес қонақ" деп аталған екен

. 1-жүргізуші:     Малдар төлдеп қой қоздап,                             Сүттен бұлақ ағызған.                             Жаңа жылдың сипаты                             Молшылаққа аңыз боп,                             Басталыпты Наурыздан – демекші, көшпелілер де жыл басын Наурыздан бастаған екен. Ендеше сахнаға  "Аластау" рәсімін жасау үшін "______" әжелер клубын шақырамыз. 2-жүргізуші: Күн менен түн теңелді,                          Жер шуаққа кенелді,                          Қуанышта ел енді.                          Наурыз келді салтымыз:                          Көгерсін деп халқымыз,                          Көшеге тал егеді.                          Наурыз тойы - береке,                          Наурыз тойы – жыр – аңыз.  Қазақтар Ұлыс күнін "Жыл басы" деп санайды. Тілімізде Наурызға қатысты "Жер бетінде жақсылық ұялаған күн", "Ұлыстың ұлы күні - Ұлыс күн", "Ұзақ ұшып келген күн", "Жыл басы – жылқышы торғай келген күн", "Көк құт көзін ашқан күн", "Жылдың жерге түскен күні" - деп бет қойып, айдар таққан. 1-жүргізуші: "Жер ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн, Самарқанның көк тасы еріген күн" деп халықымыз бұл мерекені ерекше қастер тұтқан. Ендеше бәріміз ұлыстың ұлы күніне орай көктем аруларымен бірге келе жатқан, халқына ақ батасын жолдар Қыдыр атаны қарсы алайық! Ұлыстың ұлы күні Қыдыр атамыз еңбек жане соғыс ардагері ________ атамыздың шаңырағында, аудандық орталық ауруханада және биылғы жылы отау тіккен жас жұбайлардың шаңырағында болып келе жатқанын қатерлеріңізге береміз. Қыдыр ата халыққа бата береді: Құтты болсын Жаңа жыл! Басталды бүгін мереке. Жана жылда тілейміз, Халқымызға молшылық. Жеріміз биыл көркейіп, Болсын дейік молшылық. Бақыт қонып еліме, Жауын жауып жеріме, Аулақ болсын қуаншылық. Бәле-жала алыстап, Қауіп-қатер қалыс қап, Ортақ дінде бас қосып, Барша ұлттың баласы, Көтерілсін қарыштап. Әумин! Сонымен бірге Аудандық мәдени демалыс орталығының _______ клубының мүшелері ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, шашу шашады.

2- жүргізуші:     Домбырам, қасиеттісің сен не деген.                             Үнің шықса халық қазақ елеңдеген.                             Сан ғасырды түсіресін сен есіме.                       Қыл құйрықтың тұяғы дүбірлеген, - демекші _________ өңірінде небір дауылпаз, дарабоз күйшілер өткені баршаға аян. Олай болса «__________» фольклорлық  ансамблінің мерекелік сазды сәлемін қабыл алыңыздар.

1. Сейтектің күйі «Тойбастар».

2. Халық әні «Көш қызығы». Орындайтын: _____

3. Құрманғазының күйі «Балбырауын».

1-жүргізуші: Қадірлі Алаш жұрты! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Мемлекетіміз –тұғырлы. Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!

2-жүргізуші: Әз Наурыз әр шаңыраққа құт береке ырыс әкелсін! 

22-наурыз мерекесіне сценарийі

1-жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар! Наурыз думан басталды

, Бір сәт зейін салайық. Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар, Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың Жарапазан жыры бар.  

2-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ағайын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!   1-жүргізуші: Ұлыс күні кәрі-жас Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай Жамырасып өріскен. Ұлыс күні қар еріп, Сай-салалар гүрілдер. Көк шөбі шығып желкілдеп, Дүние біткен күлімдер.   2-жүргізуші: Наурыз тойын жұп жазбай Қошеметпен қарсы алайық. Досқа құшақ ашайық. Өлең-жырға басайық. Қазақтың бір салты деп Тойға шашу шашайық.

1-жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда 4 киіз үй тігіліп, яғни, төрт ауыл салтанат құрып отыр. Бүгін осы төрт ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі: І. Ұлттық киім ІІ. Ұлттық тағамдар ІІІ. Ұлттық өнер ІV. Наурызға байланысты сұрақтарға жауап беру. V. Салт-дәстүрді сахнада көрсету.  

2-жүргізуші: Ауылдарымызға «Бәйшешек», «Наурызша», «Қызғалдақ», «Рауғаш» деген аттар бердік.   1-жүргізуші:  Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:

Төле би рөлінде: Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің! Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекті төгейін. Дастарханың мол болсын, Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде: Өрендерің ер болсын, Көре алмаған бағыңды, Сындыра алмаған сағыңды Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде: Жарылқа, Алла, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет! Ізет, абырой, бақ-дәулет, Қызыр қарап бақ қонып, Жақсылық үшін қызмет ет!  

2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызда «Наурыз думан» әнімен Бақбергенова Арайлымды шақырамыз.  

1-жүргізуші: Алғашқы кезеңімізді бастаймыз. Әрбір ауыл өздері дайындағын киім үлгілерін ортаға шығарса екен (қазақ күйлері қойылады)

Көрініс. (Күн мен түн ортаға шығады) Күн: Сәулесі мол күнмін. Түн: Жұлдызы көп түнмін. Екеуі: Бірдей болып біздер Теңелеміз бүгін. Түн: Ал ертең күн ұзақ, Күн: Түн қысқарар бірақ. Екеуі: Ұйқы қанбай қалып Жүрмеңдер тек жылап.  

2-жүргізуші: Бауырласқан тәнтіміз, Бұзылмаған салтымыз. Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып келесі кезеңді бастайық. Әділ-қазы алқасы әрбір ауылды аралап, ұлттық тағамдарға баға қояды. Олар өздеріне берілген тапсырманы орындап болғанша өнерпаздарымыздың өнерін тамашалайық: «Наурыз көктем», «Наурыз тойы» әндері орындалады.

  1-жүргізуші: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам, Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам. Қайта оралған намысымдай Наурызым, Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

  2-жүргізуші: Жақындатып өткенге, кеткенге енді, Көктем келді балбырап, көктем келді. Суық сорған жаныма шуақ құйған, Осы еді ғой күткенім көптен бері.

  1-жүргізуші. Ауылдарымыз өз өнерлілерін бәйгеге қосады! Бірге тамашалайық! (Төрт ауыл би, ән, күй өнерін көрсету керек)  

2-жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке, Қастерледік, қадіріңді білдік те. Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!  

1-жүргізуші: Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. Олар Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап береді. Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар) Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні) Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек) Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ) Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз) Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек) Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже) Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу) Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар) Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек) Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек) Келесі кезеңде ауылдар белгілі бір салт-дәстүрді көрініс етіп қояды: «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Келін түсіру», «Бата беру» т.б.  

2-жүргізуші: Барлық кезеңнің тапсырмаларын сәйкесінше орындадық деп ойлаймыз, ендеше әділ-қазылардың бағасын білейік.  

1-жүргізуші:  Шыға келді сыланып сылаң келер, Қияңдағы қиылды қыранға ерлер. Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.  

2-жүргізуші: Арда өсіп, адал емген ақ уызың, Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін. Көк бөрілі байрағын желбіретіп, Көк түріктер тойлаған Наурызым!  

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!

Тақырыбы: Әз Наурыз, берекелі болсын!

 

Наурыз мерекесіне арналған концерттік іс шараның сценарийі

 

Жүргізуші :

Армысыздар, құрметті көрермен қауім. Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен  құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.
Оркестр «Наурыз- біздің жаңа жыл»

2- оркестр

 

жүргізуші:

Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар

Келген мына мерекеге қараңдар

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар

Тойла бүгін тауларым мен боз далам

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам

Қайта оралған намысымдай наурызым

Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым

Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін мектебіміздің директоры  Тлеужанов Т Б береміз

 

Ән 6 сынып «Наурыз»


жүргізуші:

Бір анадан туғандай,


Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!

жүргізуші:

Қуаныш бақ тілеп еліме

Мереке құт тілеп жеріме

Әлемді аралап шарқ ұрып

Келдің бе Әз бабам төріме, деп біздің наурыз мейрамымызға алыстан ат терлетіп қыдыр атамыз келіп қалыпты.

қыдыр ата (Нұрдәулет)

армысыңдар халайық

Наурыз құтты болсын

Көктем келді наурыз келді

Жер көгерді тал гүлдеді

Дастарханын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан

Наурыз келді тойға ұласқан

Наурыз тойы  құтты болсын

Жер көгеріп малға толсын

Мінгендерің балалар,
Жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде,

Көптің көңілі жай болсын!


деп жасөспірімдерге батасын беріп, көжені ішеді.

жүргізуші:

қыдыр ата, қош келдіңіз, рахмет, тілегіңіз қабыл болсын, бүгінгі осы мерекенің қадірменді қонағы  болып төрге жайғасыңыз.

 

Биылғы  2015 жыл ерекше жыл.  Биылғы Наурыз тойымыздың өзі ерекше сән салтанатпен, ерекше құрметпен өтіп жатыр. Олай айтуымыздың себебі Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуымен қатар , тағы да бірнеше атаулы мерейтойлар өтілгелі отыр.



Қазақ халқының тағдыры таразыға тартылған ауыр кезеңдердің бірі – ХҮІІІ ғасырда ел бостандығы үшін қаны мен терін бірдей төккен батыр бабаларымыздың арқасында біз осындай күнге жетіп, алаңсыз өмір сүрудеміз.

Осы қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына, батыр бабаларымызға  арнап мектеп ұжымы ұйымдастырған көрмені назарларыңызға ұсынамыз.

 

Наурыз тойын жұп жазбай



Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық

(Шашу)  шашу шашылады.

 

Би «Домбыра»



Жүргізуші:

Ендігі мерекеге құттықтау тілегін ылғи мектеп өмірімен тығыз байланыста жүретін, мектепішілік іс- шаралардан тыс қалмайтын, әрқашанда қандай істе де мектеп ұжымын қолдап, ұстаздарға, оқушыларға қолдау көрсетіп отыратын  ата аналарымыз білдірсін.

 

Жүргізуші:

Ұлыс тойы басталды.


Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне

Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал басқаға  демеу болу – жомарттық.  Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!


үнемі  бізге, біздің  мектебімізге  демеушілік көрсетіп, қолдап жүретін демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз. Ендеше наурыз мерекесімен құттықтау  сөзін осы келіп отырға демеушілерімізге береміз.

 

 



Ән  Ақерке «наурыз думан»
жүргізуші:
«Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық-құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
Аққар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!

Енді назарларыңызыға жас ақындарымыздың айтысын ұсынамыз.



Айтыс
1 жұп Марғұлан  мен Аида

2 жұп Арман мен Айпірім

Ұлттық киімдерін киген балалар бір-бірлеп сахнаға көтеріліп, той бастаған ақын атасына тостаған толы наурыз көже ұсынады.
Қыдыр ата:  Әп, бәрекелді, жасың ұзақ болғыр! – деп риза болған ақсақал микрофон арқылы баршаға естірте
жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдікте.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.


көрініс: Күн мен түн (Айгерім мен Сымбат)

күн:


сәулесі мол күнмін

Түн:


Жұлдызы көп түнмін

Екеуі:


Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін

Түн:

Ал ертең күн ұзақ



Күн:

Түн қысқарар бірақ



Екеуі:

Ұйқы қанбай қалып, жүрмеңдер тек жылап

Ал балалар,  біз сендердің жыл басы туралы қаншалықты білімдерің бар екенін көрейік.

1.Жыл басының алғашқы күні (Ұлыс күні)

2.Жыл басының алғашқы төлі(дүбір аяқ)


  1. алғашқы сүті(уыз)

  2. алғашқы гүлі(бәйшешек)

  3. алғашқы асы(наурыз көже)

6.Сый тамағы(ұйқы ашар)

  1. жігіттердің қыздарға беретін сыйы(селт еткізер)

  2. ұшып келетін құс(наурызек)

Ой, балалар рахмет, сендердің наурыз тойы туралы білімдерің біздің көңілімізден шықты.

(Түн  алдымен, аспанның біресе оң жағына, біресе сол жағына дүрбісін салып, жыл қарайды.)

Күн:Түн, сен не қарап тұрсың? Көңілің басқа  жақта тұр ғой.

Түн:  тоқта Күн мен бір жұлдызшыны көріп тұрмын, бізге қарай жақындап келе жатқан сияқты.

Күн: иә, иә солай екен ғой

Күн: жүр қарсы алайық жұлдызшыны

 

жүргізуші:
он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар «жылың не» деп сұраған.
Әрбір жылдың өзіне тән сыйы бар,
Ниет қойып білу керек мұны адам.

жұлдызшы: (Еламан)
— Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі – қой екен, жерге қонуға жақындап қалыпты.

жүргізуші:
— Әрбір Жаңажылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы, сый-сияпаты болады емеспе, жұлдызшы? Қой жылының қадір-қасиеті жайында мына жиналған барша қауымға көрген-білгеніңізді айтып берсеңіз
жұлдызшы:
— Әлбетте, қарағым, — деп, киіз кітабын парақтап жіберіп, — Егер Жаңа жыл иесі қой болса, онда туар жылдың жазы – ыстық, қысы – суық болады. Көктемде кейбір жеміс-жидектерді үсік шалады.
— Бірақ соған қарамастан халқымыздың дастарқаны берекелі боп, ел ішін тоқшылық жайлайды.

жүргізуші:
— Жұлдызшы, қой  жылы туғандардың тал бойындағы мінез-құлқының ерекшелігін айтып жіберіңізші.

жұлдызшы:
Ұлыс күні не сұрасаң да жарасады,  — деп, киіз кітабының беттерінен әрі-бері аударыстырып жіберіп, — биыл дүниеге келген ұл балардың көзі үлкен, мінезі ашық-жарқын, кез-келген кісімен тіл табыса білетін әңгімешіл болады. Жастары ұзақ боп, дәулетті болады.
Ал қой  жылы туған әйел затының бет жүзі аппақ, көзі қарақаттай қара, тұлға бітімі сымбатты болып келеді. Туыстары көп болып, тұрмыс тауқыметін көрмейді, — деп оқыған соң, дүрбісімен аспанға қарайды.

жүргізуші:
— Жыл иесі – қой , бақыт әкел еліме,
Құт, береке, молшылық дари берсін жеріме.
Тарылмасын табиғаттың тынысы,
Тазалықты тарту ет, өзендер мен көліме.
Құт иесі қой, суыңды әкел көгіме,
Көлдерімді толтырып, Бақыт сыйла еліме.
ЖҰЛДЫЗШЫ:
— Бүгін жер бетіне жақсылық ұялаған күн.

— Бүгін – көк құт көзін ашқан күн:


— Бүгін – Жаңа жылдың жерге түскен күні
— Бүгін – Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн.
— Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.
— Бүгін – Береке мен Бірліктің, Игілік пен Теңдіктің туын көтерген Наурыздың туған күні.

Ән  Арман Ислам (Наурыз той)

 

жүргізуші:


биыл  2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көтергеніне 550 жыл толады.

Жәнібектің сардары

Әскер бас сардары

Сарыайшықтың ақ тағын

Ұлытауға қағады

Басын қосып қазақтың

Шекараны  таңдады

Қазақ хандық елінің

Ұлы ханы сұлтаны

Биыл кірген қой жылы

550 жыл толады.

Әз Жәнібек Керейлер

Әділ өмір сүргендер

Қазақ атты хандықтың

Қасіретін білгендер

 Көрініс: «Абылай ханның түсі»

 

Би  (0,3,4 сыныптар)  дәстүрлі «Ұршық» биі биленеді

 

Жүргізуші:

Алтын күні шуақ шашып аспаннан

Жаңа жылым жыр думанмен басталған

Ақ дастархан жайып қазақ төріне

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған, Уа ағайын «наурызым- бабамның сөзі, наурызым- анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз

 

Бата беру үшін  Қыдыр атаға сөз беріледі.

Ал, тыңдаңдар батамды

Ардақтаңдар атаны

Тойсаңдар тасып бөспеңдер

Топастықты кешпеңдер

Ананың  сүтін ақтаңдар

Арларыңды сақтаңдар

Жалқаулық жаудан жаманды

Жеңіңдер оны күреспен

Жеңіске жетер бірлескен

Кең пейіл дархан халқымыз

Кеңейді дәстүр салтымыз

Дәстүрін елдің сыйлаңдар

Дәстүрлі салтты тойлаңдар

Орындалсын ойларың

Тойға ұлассын тойларың Әумин

 

Жүргізуші:

Батаңыз қабыл болсын.

Өлкеме наурыз келді  көктем келді

Құлпырып, гүлге орап көк пен жерді

Халқымның салт дәстүрін аялаған

Арманы асқақтады көптен бергі

 

 



Ән  11 сынып оқушыларының орындауында «Наурыз той»

 

Жүргізуші:

Қазағым наурызың құтты болсын

Көтерген шаңырағың биік болсын

Тілектері ұлтымның қабыл болып

Жақсылығын бір алла иіп тұрсын

 

Жүргізуші: осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс шарамыз  аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ! Қош сау балыңыздар!



Мерекелік іс шарамызды ары қарай ұлттық ойындармен жалғастырамыз. Ол үшін ұл балаларды ортаға шақырамын.

Ойындар

Қол күрес: 0,1,2 сыныптардың ұлдары

 

Көтермек: 3,4,5 сынып ұлдары Ортаға екі бала шығып, бір- бірлерін арқаларын тіреп, қолдарын шынтақтастырады. Жүргізуші белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншісін көтеріп аласыңдар,  ұтқан болып есептесесіңдер. Жеңіске жеткенше ортада қалып, келесі баламен сайысқа түсесіңдер.

 

Оқтау  тартыс: 6,7,8,9 сынып ұлдары

 

Атбақыл: ойынға екі бала қатысады. Біреуі сақаны иіріп, екіншісің сол сақаны атыңдар. Егер сақаға тигізсеңдер, атқан бала сол жерден сақа жатқан жерге дейін екінші баланы көтеріп апарады. Біріңнің сақаңды бірің атып екеуің алға қарай жылжи бересіңдер. 6,7,8,9 сынып ұлдары

 

Мақтау қағаздарымен марапаттау.

Бекітемін

Мектеп директоры

Тлеужанов Т Б

 

 



Сейфуллин орта мектебі бойынша

22 Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары

2017-2018 оқу жылы

 




Іс-шаралар

Уақыты

Өткізілетін орны

Жауапты

1

«Наурыз тойы – дәстүрлі мереке» салтанатты линейка

12 наурыз 2018 ж

2 қабат

ТЖО Шокаева С Б

2

«Қош  келдің, Әз

Наурыз!»плакаты



13 наурыз 2018 ж.

2 қабат

7 сынып жетекшісі

3

«Ұлттық дәстүр» көрмесі

14 наурыз 2018 ж

1 қабат

«Жас суретші», «Шебер қолдар» үйірмелері

жетекшісі



4

«Ұлттық ойындар» қол күресі, күрес, кір көтеру, арқан

тарту.


15-17 наурыз 2018 ж.

спортзал

«Күрес» үйірмесінің жетекшісі, дене шынықтыру пәні

мұғалімі



5

Сахнаны безендіру (ұлттық нақышта)

18 наурыз 2018 жыл

2 қабат

7, 9 сыныптар және сынып жетекшілері.

6

«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!».Тәрбие сағаттар, 


19 наурыз 2018 жыл

2 қабат СОМ

сынып жетекшілер

7

«Наурыз той думан!» 

мерекелік іс-шара




20 наурыз

2018 ж


Мектептің салтанат ордасы

ТЖО Шокаева С Б

 

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі:                        Шокаева С Б



қтөбе қаласының білім бөлімі бойынша 

«Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз» мерекесіне 

арналған іс-шаралар 

ЖОСПАРЫ 

№ 



Өткізілетін іс-шаралар атауы 


Мерзімі 


Жауаптылар 


«Киелі жерге саяхат», «Наурыз аруы-2011» «Жігіт сұлтаны-2011» ұлттық көкпар, қыз қуу байқаулары 

19.03-21.03.

2011 

БМ басшыларына 



«Қазақтың салт дәстүрлері», «Ұлттық ойындар», «Ғажайып алаң» ойындар, жарыстар, тоғызқұмалақ, қазақша күрес

17.03.2011

21.03.2011

БМ басшыларына 


3. 

«Жыл басы Наурыз» , «Наурыз думан», «Наурыз келсе, құт келгені» мерекелік іс-шаралар, танымдық бағдарламалар 

17.03.2011

21.03.2011

БМ басшыларына 


4. 

«Атадан қалған асыл сөз», «Ата салты ардақты» үлкендер кеңесі, әңгіме сұхбаттар 

17.03.2011

21.03.2011

БМ басшыларына 


5. 

«Табиғат наурызымен ажарлы», «Жыл он екі ай», «Наурыз көктем» мерекесі, сурет байқаулары 

17.03.2011

21.03.2011

БМ басшыларына 


6. 

«Бармағынан бал тамған», «Жігітке жеті өнер де аз», «Қазақ халқының қол өнері» шебер қолдар үйірмесінің көрмесі 

16.03.2010

20.03.2010

БМ басшыларына 


7. 

«Ұлағатты ұлттық ұғымдар», «Наурыз көктем», «Жыл басы Наурызға тартар сыйымыз» құттықтау хаттар байқауы 

19.03.2010

21.03.2010

БМ басшыларына 


8. 

«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!».Тәрбие сағаттар, құттықтау сазды бағдарламалар 

19.03.2010

21.03.2010

БМ басшыларына 


9. 

Қазақ халқының салт-дәстүрлерінен байқаулар

-қыз бен жігіт айтысы

-құда түсу

-қыз ұзату

-бесікке салу

-тұсау кесер



19-20.03.2010 


БМ басшыларына 


10 

«Наурыз –думан» фестиваль байқауы (ұлттық дәстүлі ойындар) 

18.03.2010 


ҚЖТС Е.Х.Қартанова 


11 

Наурыз мейрамына арналған «Жас талант-2010» қалалық көрмесі 

19-21.03.2010 


ҚТШО А.А.Пашкеевич 


12 

«Қош келдің, Наурыз» театрландырылған көрініс, қала мектептерінің оқушыларына арналған қалалық көрініс 

16-20.03.2010 


ҚБЖЖШО Б.Д.Шалқарова 


13 

«Бейнелеу студиясы» бөлімі оқушыларының наурыз атты қалалық сурет байқауы (5-8 класс оқушыларына арналған) 

14.03.2011 


ҚБЖЖШО Б.Д.Шалқарова 


14 

«Наурыз нұры» атты концерттік бағдарлама 

19.03.2011

Сағ 12: 00

«Ақ желкен» аула клубы

Абдрахманов А.С

15 

«Қош келдің Наурыз» 22 наурыз – наурыз мерекесіне арналған мерекелік концерт 

19.03.2011

Сағ 11: 00

Қазанғап атындағы өнер мектебі Аймағанбетова С.С 


16 

«Міне, біз қандаймыз» 8 класс оқушыларына арналған байқау (орыс мектептері үшін) 

17.03.2011

Сағ 12:00

ҚОС


Құрманбаева С.А

17 

«Күншуақ»- 4-5 класс оқушыларына және ата- аналарға арналған мереке.18 наурыз 

18.03.2011 


ҚОС


Құрманбаева С.А


Орындаған: Г.Ш.Бақытжанова
Каталог: B3F3A99DB222216B
B3F3A99DB222216B -> Алтын ұям – ақ ордам!
B3F3A99DB222216B -> Псиxологиялық жасыңыз нешеде?
B3F3A99DB222216B -> Тепе‑теңдік. Ұлыс тойы Күн мен Түн, Қыс пен Жаз тепе‑теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Осыған сәйкес наурыз тойы жаратылысты қоршаушы күштердің, алдымен Табиғат пен Қоғамның, екіншіден, Ел мен Елдің, үшіншіден
B3F3A99DB222216B -> Тепе‑теңдік. Ұлыс тойы Күн мен Түн, Қыс пен Жаз тепе‑теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Осыған сәйкес наурыз тойы жаратылысты қоршаушы күштердің, алдымен Табиғат пен Қоғамның, екіншіден, Ел мен Елдің, үшіншіден
B3F3A99DB222216B -> «Қазақстан біздің ортақ үйіміз»
B3F3A99DB222216B -> Алтын ұям – ақ ордам!
B3F3A99DB222216B -> Өнерде, ғылымда қастерлі ұғым!


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет