Үшінші көрініс Сахнаға сурет кейпіндегі адамдар шығады. Қыз жігітті іздеп жүргенде, олар келеді. Қыз таңғалады. Қыз: Сіздер кімсіздер?
Бірге: Суреттер.
Ернар :Біз суретпіз.
Наргиза: Бізге қосылуыңды талап етеміз.
Қыз: Не үшін?
Нұрхат : Бізге бәрі шетінен қосылып жатыр.
Максат: Біз көбейіп келеміз.
Нұрдаулет :Бәріміз суретпіз.
Бағдат: Сен де суретсің.
Қыз: Жоқ, мен ешқандай сурет емеспін. Өздеріңіз қызық екенсіздер. (Күледі.) Мен бе сурет? Жоқ!
Бірге:Бізге қосылуыңды талап етеміз.
Қыз: Мен адаммын! Ия, адаммын. Міне, күлдім, жылай да алам. Міне, менің басым, аузым, шашым, жүрегім соғып тұр, бәрі орнында.
Тахмина : Қайталап айтамыз.
Бірге : Бізге қосыл!
Қыз: Жоқ, сіздер маған сенбейсіздер ме? Қараңыздаршы, міне, Сол үрей менде әлі бар. Сосын сол көлік ішіндегі белгісіз қара көздердің ішіне еніп кеттім.
Бірге: Бізге асығу керек.
Қыз: Жоқ, сіздер мені түсінбедіңіздер ме? мына бұрыштан тамшы ағып тұрады. Қайдан түсетінін білмеймін.
Бірге: Біз асығыспыз.
Қыз: Мен сол тамшыларды санап отырам, біреуін де мүлт жібермеймін. Сосын...
Алмаз:Бізге асығыспыз. Бол тез.
Қыз: Қайда?
Нұрлы: Нұх пайғамбарға
Қыз: Ол кім?
Нұрхат: Әлемді тағы топан су басқалы жатыр.
Алмаз: Топан судан бәрімізді құтқару үшін Нұқ пайғамбар келе жатыр.
Қыз:Осы жерге ме? Аа... анау аққан тамшы сол судан емес пе осы?
Бірге: Бізге қосылуыңды талап етеміз.
Қыз: Сонда бәріміз тізіліп қайда барамыз?
Ернар: Құдайдан Нұх пайғамбарды тағы жіберуін сұраймыз.
Бірге: Бәріміз тілейміз. Бізге қосылуыңды талап етеміз.
Қыз: Жоқ, мен ешқайда да бармаймын.
Нұрлы: Біз онда саған күш қолдануға мәжбүр боламыз.( қызға 1 қадам жақындайды)