Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Қызығушылықты ояту
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
ә) Балалар, тақтада ілініп тұрған мына бір ағашқа қараңыздаршы. Әдемі ме? Әрине жоқ. Себебі, жапырақтары жоқ, безендірілмеген.
Ендеше осы ағашты алдарыңызда жатқан түрлі-түсті жапырақтардың, гүлдердің т.б. ішінен өздеріңізге ұнаған түсті алып, ағашты безендіре қойыңыздаршы.
Үй тапсырмасы
|
Ағашты безендіруге таңдаған түстері бойынша топқа бірігеді
Деберейнер химиялық элементтерді қалай жіктеді?
Ньюлендстың «октавалар заңының мәні неде?
Химиялық элементтерді жіктеу не үшін керек
|
Мадақтау
|
|
5 мин
|
Жаңа сабаққа кіріспе
«ТРИЗ» технологиясы бойынша сабақ тақырыбын анықтау мақсатында құрастырылған шағын әңгіме оқылады:
Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбын жазып алыңыздар:
|
ХІХ ғасырдың бірінші жарты жылдығында зерттеушілер 25 тұрғыннан тұратын шағын мемлекетті ашты. ХІХ ғасырдың ортасында атаулы мемлекет тұрғындарының саны 60-қа жетсе, қазіргі уақытта тұрғындар саны 118-ге жеткен. Бұл мемлекет қандай атауға ие болды және мемлекет президенті кім?
Химиялық элементтердің периодтық кестесінің (ХЭПЖ) құрылымы
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
|
Сабақтың ортасы
|
Мағынаны ашу.
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
|
|
|
Топтық жұмыс
|
1 топ: «Период» (79 бет) «Топ» (80 бет)
2 топ: «Сілтілік металдар» (83 бет) «Галогендер» (84 бет)
3 топ: «Инертті газдар» (84 бет) «Ауыспалы металдар» (85 бет)
Әр топ мүшелері жоғарыда аталған тақырыптар туралы постер құрып, қорғайды.
|
Топ бірін – бірі бағалау
|
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Жұптық жұмыс
|
Келесі сөйлемдерді дәптерге жазып толықтырыңдар:
Периодтық жүйедегі барлық элементтер ____________________________________ артуы бойынша орналасқан. Элементтердің горизонталь қатарлары _____________ деп аталады. Тік қатарлар ________________ деп аталады. Төменгі сол жағында ________________ орналасқан, ал жоғары оң жағында _______________ орналасқан. Элементтердің көпшілігі __________________.
|
Әр жұп тақтадағы жауаппен өзара бағалайды
1 2 3 4 5
«Сызғыш»арқылы бағалау
Тізбектің барлығы дұрыс «үш» балл.
Анықтамада 1-2 қате тізбек болса «екі» балл,
1 2 3
Металдар мен бейметалдарды ажыратуда қате болса «бір» балл
|
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Жеке жұмыс
|
І деңгей
Кестені толтыр:
Атом
|
гелий
|
хлор
|
азот
|
?
|
Атом нөмірі
|
2
|
|
|
18
|
Атомдық массасы
|
4
|
|
|
40
|
Протон саны
|
|
17
|
|
|
Нейтрон саны
|
|
18
|
7
|
|
Электрон саны
|
|
|
|
18
|
Дескриптор:_-_атомдық_нөмірі_мен_массасы_арқылы_белгісіз_элементті_анықтау;_-_бос_ұяшықтарды_толтыру___ІІ_деңгей'>Дескриптор:
- атомдық нөмірі мен массасы арқылы белгісіз элементті анықтау;
- бос ұяшықтарды толтыру
ІІ деңгей
Периодтық кестеден натрий, аргон, мырыш, бром, рутений, платинаны табыңдар.
Олардың рет нөмірін, атомдық
массаларын, сондай-ақ период және топ нөмірлерін
көрсетіңдер.
Дескриптор:
-берілген элементтердің периодын табады;
Берілген элементтердің топ нөмірін анықтайды
ІІІ – деңгей
Элементтердің периодтық кестесін пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер: а) ең жеңіл элементті;
ә) рет нөмірі 12-элементті;
б) 3-периодтағы металдарды;
в) 2-периодтағы бейметалдарды;
г) атомдық массасы 80-ге тең элементті;
ғ) 4-период, 1-топтың қосымша топшасында орналасқан элементті атаңдар.
Дескриптор:
-периодтық кестені пайдалана отырып, элементтерді анықтайды;
- негізгі және қосымша топша элементтерін ажыратады;
|
Жалпы балл-2 балл
Жалпы балл-2 балл
Жалпы балл – 2 балл
|
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
Сабақты бекіту
«Кім артық?» ойыны
Үйге тапсырма:
«Бес саусақ» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
|
Негізгі белгілері бойынша басқаларға ұқсамайтын топты табу керек.
Химиялық элементтердің символдары жазылған карточкалар:
Әр карточкадағы металл/бейметалл сипаты бойынша артық элементті анықтаңдар.
Жауабы: а) гелий; б) натрий; в) хлор.
Периодтық жүйенің фрагменттері берілген карточка:
Әр карточкадағы артық элементті атаңдар. Басты белгі – осы элементтер тобына тиістілік. Жауап: а) кальций; б) углерод; в) йод.
Периодтық жүйенің фрагменттері берілген карточка: Әр карточкадағы артық элементті атаңдар. Басты белгі – осы периодқа тиістілік. Жауап: а) фосфор, гелий; б) калий, азот.
Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Мадақтау
|
|