26.09.16ж.Сабақтың тақырыбы: Мәтін Сабақ мақсаты:а) Оқушыларды мәтіннің түрлерімен таныстыру. Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. ә) Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту. б) Табиғатты зерделей білуге, қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, Көрнекілігі: суреттер, тірек - сызба, оқулық,тест. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Мынау менің жүрегім-Бәрі осыдан басталған. Мынау ақылды басым- Бәрін-бәрін ойлаған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым- Барлық істі атқарған. Қолымыздан ұстайық, Жылуымызды сыйлайық. Бір-бірімізге жылуымызды сыйлап, сабағымызды бастайы ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Көркем жазу. . Қызығушылықты ояту
Сандарды өсу ретімен қойсақ, бүгінгі сабақ тақырыбының аты шығады. Нәтімегденен? 5 2 3 4 1 7 8 6 9 10 12 11 13 ІІІ. Мәтін . Сұрақ – жауап: - Мәтін дегеніміз не? - Мәтіннің қандай бөліктері болады? - Мәтін дегеніміз- жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Мәтін бірнеше сөйлемнен құралады. Мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады. Мәтінге ат қоюға болады. Мәтіннің үш түрі болады. Әңгімелеу.Сипаттау.Пайымдау Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Проблемалық әдіс:
Бақытжан мен Қазбек әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып жан - жағына қарады. Көрші үйдің қорасы, өртене бастағанын көрді. Екеуі солай қарай жүгірді.
Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.
Екі баланың ісіне ел риза болды.
1. Бұл тыңдағандарың не? 2. Мәтінде неше сөйлем бар? 3. Әр бөлік неден басталған?
4. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма? 5. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?Мәтіннің үш бөлімі болады: Басы Негізгі бөлімі Соңы
Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу.Ауызша орындау. 2-жаттығу."Ормандағы оқиға" мәтінін құрастыр. 3-жаттығу. Көшіріп жаз. Сөйлемдердің бір-бірімен байланыстырып тұрған сөздердің астын сыз. 4-жаттығу.Ауызша орындау. ІV.Сергіту: Ойын: «Кім тез табады?» Ойын шарты: көп нүктенің орнына қажетті тірек сөздер қою, бірінші болып орындаған оқушы жеңімпаз болады. Сөз, қыз, ұл, бұлақ, асқар, жауса, батыр. 1. Көз жетпеген жерге ... жетеді. 2. Әке ... тау, шеше мөлдір ... . 3. Жаңбыр ... жер ырысы, ... туса ел ырысы. 4. Әкеге қарап ... өсер, шешеге қарап ... өсер. V. Бекіту.Тест :1.Мәтін неше сөйлемнен тұрады?А) екі Ә) бір Б) бірнеше 2. Мәтіннің түрлерін белгілеңдер.А) басы, соңы, әңгімелеу.Ә) әңгімелеу, сипаттау, пайымдау. Б) хабарлау, аяқтау, жазу. 3.Артық сөзді табыңдар.А) Астана Ә) Алматы Б) саябақ 4. Мәтін дегеніміз...А) бір нәрсе жайында айтылатын сөйлем Ә) жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу . Б) бір ғана сұраққа жауап беретін сөздер. 5.Мәтінге ат қойыңдар.Кітап –адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы, оқу-тәрбие құралы. А) байлық Ә) өнер Б) кітап Топпен жұмыс. Үш топқа үш жануардың суретін беремін, соған мәтін құрастырып жазажы. VII. Үйге тапсырма беру. 5- жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |