«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.а) I2 молекуласының кристалдық торын және байланыс түрін көрсетіңіз.
А) Иондық кристалдық тор мен сутектік байланыс
B) Молекулалық кристалдық тор мен коваленттік полюссіз байланыс
C) Металдық кристалдық тор мен коваленттік полюсті байланыс
D) Атомдық кристалдық тор мен иондық байланыс
[1]
2.а) Галогендерде топ бойынша фтордан йодқа қарай тотықтырғыш қасиеттер кемиді. Себебін түсіндіріңдер. Фтордың тотықтырғыш қасиетінің жоғарылығын дәлелдейтін химиялық реакция теңдеулерін жаз. [1]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
b) Галогендер сілтілік және сілтілік жер металдарымен әрекеттескенде иондық байланыс түзіледі. Металдардың белсенділігі төмендеген сайын химиялық байланыс қалай өзгереді.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
3. а) VI A топ элементтерінің тотықтырғыш қасиетінің арту ретімен орналастыр.
Po, S, Se, O, Te
[1]
b) Кристалдық күкірттің кристалл торы сегіз буынды сақина тәрізді S8 молекулалардан құралған. Кристалдық торы молекулалық, оңай балқиды. Егер температураны 150оС-тан жоғарылатқанда жүретін өзгерісті анықта. [1]
c) Өзгерістегі Х затын тауып мүмкін болатын химиялық реакцияларды жүзеге асыр.
S SO2 X Na2SO4
_______________________________________________________________________ [1]
4.a) Концентрлі күкірт қышқылы түссіз, ұшпайтын зат. Оның ылғал тартқыш қасиеті бар. Егер концентрлі күкірт қышқылын бар стаканды біраз уақыт бойы ашық қалдырса, байқалатын үдеріс ?
________________________________________________________________________________________[1]
b) Концентрлі күкірт қышқылына мыс жаңқаларын салып қыздырғанда химиялық реакция соңына дейін жүргенде байқалатын құбылыс?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
5. Зат мөлшері 3 моль натрий тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген ас тұзының массасын есепте. Өнімнің шығымы 75% -ға тең.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]
6. Химиялық диктант.
Аммиак ------------------және -------------- молекулаларының коваленттік полюсті байланысы арқылы түзілген.Себебі азоттың ----------------- басым.Аммиак молекуласының пішіні------------тәрізді. [1]
7.Төменде суретте аммиакты өндіру жолы берілген.
a). Суретте жүріп жатқан құбылысты реакция теңдеуі арқылы жүзеге асыр.
__________________________________________________________________________
[1]
b) Аммиактың суда ерігенде аммоний гидроксиді түзіледі NH3+H2O=NH4OH. Аммиактың сулы ерітіндісі сілтілік орта көрсетеді. Сілтілік орта көрсету себебін түсіндір және қандай механизм бойынша түзіледі?
________________________________________________________________________[2]
8.Төмендегі айналдыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жаз.
a)N2 NH3 NO NO2 HNO3
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]
b) Азот қышқылы металдармен әрекеттескенде сутек газы бөлінбейді. Себебі сутек иондарына қарағанда нитрат ионның тотықтырқыш қасиеттері анағұрлым жоғары, сондықтан азот қышқылы Au мен Pt басқа металдармен әрекеттеседі. Салқын концентрлі азот қышқылы темір,хром және алюминийдің белсенділігін төмендетеді. Себебін анықта.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________
c) Патша арағы барлық заттарды ерітеді тіпті Au мен Pt ериді.Патша арағының құрамы қандай [2]
9.а) Фосфордың оттекпен,сутекпен және фосфор V оксидінің сумен әрекеттескенде түзілетін заттарды тап.
1.Натрий фосфаты
2.Фосфин
3.Аммоний сульфаты
4.Бертолле тұзы
5.Фосфор V оксиді
6.Кальций дигидрофосфат
7.Фосфор қышқылы [1]
b) Фосфор тыңайтқыштарын атауына байланысты сәйкестендір.
№
|
Формуласы
|
Атауы
|
1
|
А.Ca(H2PO4)2
|
1.Калий фосфаты
|
2
|
В.Ca3(PO4)2
|
2.Преципитат
|
3
|
С.K3PO4
|
3.Қос суперфосфат
|
4
|
Д.CaHPO4*H2O
|
4.Фосфорит ұны
|
А----------------- В--------------------- С--------------- Д----------------[1]
10. Тамақтану адамға негізгі биологиялық қажеттілік болып табылады.Себебі оның өмірі тұрақты түрде тін элементтерінің шығынымен, жаңа жасушалардың және тіндердің, гормондардың, ферменттердің т.б синтезімен байланысты.Егер осы шығындары тағам арқылы өтеліп отырмаса,өмірлік үдерістер тоқтап қалған болар еді.
а).Сауатты тамақтанудың бес негізін ата және рационды тамақтанудың тиімді тәртібін құр.
[2]
b). Кальцийдің мен темірдің адам ағзасы үшін маңызы зор.Олар тіршілік элементтері болып табылады.Ересек адамдағы кальцийдің тәуліктік мөлшерін және темірдің адам ағзасында жетіспегенде туындайтын ауруларды ата. [2]
Достарыңызбен бөлісу: |